Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабатар 2.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
212.99 Кб
Скачать

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Халықтың дәстүрлі өнеріне не жатады?

2) Дәстүрлі өнер қалай басталған?

3) Тас өңдеу өнерінің туындылары қазір бар ма?

4) Тұрмысты әшекейлеу өнеріне нелер жатады?

5) Қазақтың дәстүрлі өнерінен сізге не ұнайды?

6) Өз туыс-таныстарыңыздан өнерлі адамдарды білесіз бе?

5.Өнер туралы қанатты сөздерді жаттап алыңыз.

Ер қадірін ер білер,

Зер қадірін зергер білер.

Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл еркем өнерімен көркем.

 

Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.

Болат біз қап түбінде қалмас.

 

Алтынды ала білген бөле де біледі.

 

Шеберлікке шек жоқ.

Қазаншының өз еркі

Қайдан құлақ шығарса.

Ата өнері - балаға мұра.

6.Мәтінді оқып, қысқаша өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Қазақтың ұлттық қолөнері (қосымша оқуға)

Оюлап өрнек салу - халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері көп. Халық арасында кеңінен тараған кесте өнерінде де ою-өрнектің сан түрі қолданылады. Қазақтың халықтық қолөнерінде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-өрнек. Арқар мүйіз, қошқар мүйіз оюлар халқымыздың күнделікті тұрмыстағы тұтыну заттарында жиі кездеседі.

Ертедегі ою-өрнектердің халық арасында көп қолданылатын түрлері «Ай»- өрнектері аспандағы айға ұқсас етіп жасалған. «Айыр»-айырдың өрнекте берілетін түрі көбінесе айыр тұяқты малдардың бақайын бейнелейді. «Алақан» өрнегі сырмақ, сырмақ, алаша, бау өрнектерінде кездесіп отырады.

Ши тоқу өнері де ерте заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнердің түрі. Сан-алуан әдемі өрнектермен оралып тоқылған шилер, киіз үйдің керегесіне тартылып, үйге өзгеше сән беретін болған. Шиді үйдің аяқ-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап кою үшін, киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген.

Қазақтың үй кәсіпшілігінде өрмек тоқу кең таралған. Өрмек арқылы бау-басқұрлар, алаша токылады. Арқан, жіп, баулар, негізінен, түтіп, шүйкелеп, есіп, бұрау арқылы, кейде жіптен өру, тоқу тәсілдерімен жасалады.

Кілем тоқу. Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі - кілем тоқу. Кілемнің екі түрі - түкті кілем және тақыр кілем болады. Түкті кілем көбінесе оңтүстік аймақтарда таралса, тақыр кілемді, негізінен, солтүстік өңірде тоқыған.

Киіз басу. Киіз басуға қойдың күзде кырқып алынған жүнін пайдаланған. Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады.

Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілу үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.

www.topreferat.com/

7.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Мал терісі қазақ ... өте кең қолданылған шикізат. Әрбір іске әр түрлі ... пайдаланылған. Шеберлер оның ... өзінше атау берген. Мысалы, қара мал ... сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөлген. Жылқы ... - бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлген. Түйе терісін - атан терісі, бота терісі деп ... бөлген. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары ... өте кең қолданылған.

Керекті сөздер: тұрмысында, , әркайсысына, қазақ қолөнерінде, терілерін, екіге, терілер, терісін.