Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / Материал тану.doc
Скачиваний:
190
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать
  1. Темір-көміртегі күй диаграммасы. Фазалар және құрылымды құраушылар.

Диаграмма құрамында 6,7 % дейін көміртегі бар к-міртекті темір қорытпаларының қасиеттерін сипаттайды. Құрамында6,7 % тен 100% ке дейін көміртекті темір қорытпаларының практикада маңызы жоқ. 2,14 % дейін құрамында көміртегі бар көміртекті темір қорытпалары – болат. ал одан жо5ары бослса шойын.

  1. Болатты шынықтыру және босату

Шынықтыру -металды жоғарғы темп.дейін қыздырып, үлкен жылдамдықпен суыту.

Шынықтыру арқылы болат, шойын, дюраллюминий , қола сияқты қорытпаларды шынықтыру арқылы олардың беріктік қасиетерін жоғарылатуға болады.

Боату (жұмсарту) – еталды фазалық өзгерту температурасынына төмен температураға дейін қыздырып, сол температурада біраз уақыт ұстап тұрғаннан кейін баяу жылдамдықпен суыту. . Жұмсартылған метал теңсіздік күйден тепе теңдік күйге өтіп, оның қаттылығы мен беріктіг төмендеп, пластикалық қасиеті артады.

  1. Сұр шойындар. Қасиеттері, таңбалануы және қолданылуы.

Сұр шойынның құрамында көміртегі темірмен механикалық қоспа- графит – түрінде кездеседі. Сұр, жоғары берікті және соғылғыш шойындар өнеркәсіпте кеңінен қолданылады, олардың көпшілігі барлық көміртек немесе оның бөлігі графит түрінде болады. Графит төмендетілген қаттылықты, кесумен жақсы өңдел-гіштігін және де үйкелу коэффициентінің төмендігінен жоғары үйкелуге қарсы қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге графит қосымшасы беріктік пен созымдылықты төмендетеді, өйткені қорытпаның металдық негізінің тұтастығын бұзады. Сұр, жоғары берікті және соғылғыш шойындар графит қосымшаларының түзілу жағдайларымен және олардың пошымымен ерекшеленеді, ол құймалардың механикалық қасиеттеріне әсер етеді.

Сұр шойын. Қаңылтақты пошымымен графиті бар шойын сұр деп аталады.

Химиялық құрамы бойынша сұр шойын әдеттегі (қосындыланбаған) және қосынды болып бөлінеді. Әдеттегі сұр шойын – күрделі құрамымен қорыт-палар, Ғе-С-Sі негізгі элементтерінен және тұрақты қоспалардан Мn, Р, S тұрады. Сұр шойындардағы бұл қоспалардың мөлшері мына шекте болады: 2,2-3,7%С, 1-3%Sі, 0,2-1,1%Мn, 0,02-0,3%Р, 0,02-0,15%S. Аздаған мөлшерде әдеттегі сұр шойындарда Сr, Nі, Сu-ң болуы мүмкін, оларды кеннен өндіреді. Бұл элементтердің барлығы дерлік графиттендіру жағдайларына, графит қосымшалар мөлшеріне, металдық негіздің құрылымына, демек шойынның қасиеттеріне ықпалын тигізеді.

Сұр шойынның механикалық қасиеттері металдық негіздің қасиеттеріне, ең бастысы, графит қосымшаларының мөлшеріне, пошымына және өлшем-деріне тәуелді. Шойындардың беріктігі, қаттылығы және тозуға беріктігі металдық негіздегі перлит мөлшерінің жоғарылауымен өседі, ол құрылымы бойынша болаттарға ұқсас. Графиттің шешуші ықпалы мына төмендегілерге байланысты, беріктігі өте аз, оның қаңылтақтары тілік немесе жарықтар сияқты металдық негізді тесіп өтіп оны әлсіретеді. Созғанда (жүк түсудің ең қатал түрінде) графит қосымшаларының шеттері бойынша қирау ошақтары оңай қалыптасады. Сол себептен сұр шойын созуға нашар қарсыласады, беріктігі мен созымдылығы төмен. Созғандағы салыстырмалы ұзаруы () негіздің құрылымына байланыссыз 0,5 аспайды. Неғұрлым графит қосым-шалары ірі және пошымы тура сызықтылау болса, солғұрлым сұр шойынның үзілуге қарсыластығы төмен болады. Және, керісінше неғұрлым графит қосымшалары ұсақ және бытыраңқы болса, солғұрлым олардың теріс ықпалы аз болады. Сұр шойынның ентаңбасы СЧ әріптерінен (серый чугун) және санбелгі-лерден тұрады, санбелгілер созғандағы уақытша кедергінің мәнін көрсетеді, МПа (5.3-кесте).

Ферритті сұр шойындар СЧ10, СЧ15, СЧ18 әлсіз- және орташа күш түсетін тетікбөлшектер үшін пайдаланады: қақпақтар, қосу бөліктері, реттеуіш дөңгелектер, беріліс тұрқылары, ішпектер, сораптар және бекіткіш тораптар, тежеуіш барабандар, ұстастыру тегершіктері, т.б.

Феррит-перлитті сұр шойындар СЧ20, СЧ21, СЧ25 көтеріңкі тұрықтық және өскелеңдік жүктемелерде жұмыс істейтін тетікбөлшектер үшін қолда-нылады: цилиндрлер жиынтығы, қозғалтқыштардың картерлері, цилиндр піспектері, ұстау барабандары, әртүрлі станоктардың табандары, тісті доң-ғалақтар, т.б. құймалар.

Перлитті түрлендірілген сұр шойындар СЧ30, СЧ35, СЧ40 СЧ45 ең жоғары механикалық қасиеттерге ие, ең бастысы, ұсақ бытыраңқы графит қосымшаларынан тұрады. Олардағы графит қосымшаларының ұсақталуы сұйық шойынды темірлі силициймен немесе силикокальциймен (0,3-0,6 қосынды қоспа массасынан) түрлендіру арқылы жетіледі. Түрлендірілген шойындар жоғары жүктемелерде немесе тозудың ауыр жағдайларында жұмыс істейтін тетікбөлшектер үшін пайдаланылады: тісті доңғалақтар, цилиндрлер жиынтығының қауыздары, жалғаусырықтар, тартқыш біліктер, т.б. Бұл ентаңбалы шойындар жоғары саңылаусыздыққа ие. Осы себеппен де оларды сораптардың, сыққыштардың (компрессоры), тежеуіш ауа қысымы (пневматика) ұсақ аспаптарының және сулы жетектердің тұрқылары үшін кеңінен қолданады.

Көтеріңкі температураларда жұмыс істейтін тетікбөлшектер үшін қосын-ды сұр шойындар қолданылады: қызуға тұрақтылар (қосымша Сr, Аl тұрады), қызуға беріктілер (Сr, Nі, Мо). Магнитті емес, аустенит құрылымымен хромникельді шойындар да қолданыс табуда. Олардан магниттер үшін тіреуіштер, ажыратқыштардың қақпақтары, т.б. жасалынады.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07