Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / Материал тану.doc
Скачиваний:
190
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать
  1. Темір-көміртегі күй диаграммасы және оның іс жүзінде қолданылуы.

Диаграмма құрамында 6.7 пр-ке деін көміртегі бар көміртекті темір қорытпаларының қасиеттерін сипаттайды.Құрамында көміртекті темір қорытпаларының қасиеттерін сипаттайды. Құрамында 6,7 тен 100пр –ке дейін көміртегі бар көміртекті темір қорытпаларының практикада маңызы жоқ.Диаграмманың абцисса осінде 0-тен 6,67-ке дейінгі көміртегі С немесе 0-100-ке дейінгі цементит, ал ордината осіне температура салынады,Практикада Fe-C диаг қарағанда Fe3 C диаграммасының маңызы зор болғандықтан , екінші диаграмманы қарастырады.А- аустенит, Ц-цементит, Ц1-бір ретті цем., Ц2 ек. Р.ц., Л-лидебурит, Ф-феррит, П-перлит,- қатты ерітінді.Көміртекті темір қорытпаларының диаграммасы бір- бірінен белгілі шамаға ығысқан екі диаграммадан тұрады.

  1. Ағаштың құрылысы мен қасиеттері. Ағаш материалдарының түрлері.

Ағаш негізгі үш бөліктен : тамыр, сабақ, бұтақтан құралады. Ағаштың бағалы бөлігі сабағы болып табылады.Ағаштың көлденең қимасынан ағаштың жыл сайын пайда болған сақиналарын көреміз. Бұл сақиналар ағаштың жыл сайын өсуінің нәтижесінде оның сабағына ағаш клеткаларының жиналуынан пайда болады. Сақинаның ені қысқа болған сайын ағаштың сапасы арта береді. Көлденең қимадан оның өзегін , ядросын, шел қабағын , камбий қабатын , өзек сәулелерін және қабағын көруге болады.

Ағаш материалдары өндіріске бөрене, шпон, тақтай, фанера және престелген шикізат күйінде жіберіледі. Бөрене деп бұтақтары мен ұшы кесіліп , қабығынан ажыратылған ағаш сабағын айтады. Қалыңдығы енінің 3/1 нен кем , екі жағы өңделген ағаш материалдары тақтай деп аталады.

Арнаулы немесе жону арқылы жасалған жұқа ағаш табағын шпон д.а. Талшықтары бір – біріне перпендикуляр бағытта желімделген бірнеше шпон қабатынан құралған ағаш материалын фанера д,а.

Шайырға батырылған шпон, тақтай сияқты ағаш материалдарының бірнеше қабатын престеу арқылы жасалған бұйымдарды ағаш қабатты пластмассалар д.а.

Қабық ағашты әр түрлі сыртқы күштер мен кебуден сақтайды.

  1. Композитті материалдар. Композитті материалдардың жіктелуі.

Құрамына қасиеттері бойынша күшті айрықшаланатын, бір-бірінде ері-мейтін немесе аз еритін, материалда анық көрінетін шекараларымен бөлінген құрама бөліктерден тұратын күрделі материалдар құрасжиындар деп аталады.

Құрасжиын материалдарын жасау ұстанымы табиғаттан алып пайда-ланылған. Табиғи құрасжиын материалдарының мысалы ретінде өсімдік-тердің діңі мен сабақтары, адам мен жануарлардың сүйектері бола алады. Ағашта целюллозаның талшықтары созымды лигнинмен (ағаш қабығын қатайтатын зат), сүйектерде фосфат тұздарының жіңішке мықты жіптері созымды коллагенмен қосылған.

Бытыраңқы нығайтылған құрасжиын материалдар

Бытыраңқы нығайтылған құрасжиын материалдарда баяу балқитын фазалардың – тотықтардың, нитридтердің, боридтердің, карбидтердің (Al2O3, SiO2, BN, SiC, т.б.) бытыраңқы бөлшектері толтырғыштар қызметін атқарады. Баяу балқитын қосылыстардың артықшылықтарына серпімділік мөлшерінің жоғары мәндері, аз тығыздылығы, ұя материалдары мен әрекет-тесуге бәсеңдігі, алюминий мен кремний тотықтары сияқтылардың табиғатта көп тарағандағы және оларды түзетін элементтер бағасының жоғары еместігі жатады.

Никель негізді бытыраңқы нығайтылған құрасжиын материалдар. Ұя ретінде никель мен қатты ерітінді құрылымымен оның хроммен () қорытпалары пайдаланылады. Хромникель ұясымен қорытпалардың ең жоғары қызуға төзімділігі бар. Торий, гафний, т.б. тотықтардың бөлшектері нығайтқыштар қызметін атқарады.

Талшықты құрасжиын материалдары

Талшықты құрасжиын материалдарында талшықтар немесе таза элементтер мен баяу балқитын қосылыстардың (B, C, Al2O3, SiC, т.б.) жіп тәрізді кристалдары және металдар мен қорытпалардың (Mo, W, Be, жоғары берікті көміртекті болат, т.б.) сымдары нығайтқыштар қызметін атқарады. Құрасжиын материалдарын шыбықтау үшін үлестерден жүздеген микро-метрге дейін диаметрімен үздіксіз және үздікті талшықтар пайдаланылады.

Құрасжиын материалдары өнеркәсіптің көптеген салаларында қолданы-лады, бәрінен бұрын авиацияда, зымыран және ғарыш техникасында, әсіресе конструкциялардың беріктігі мен қатаңдығының арттырылуымен бірге олардың массасының төмендетілуі үлкен мән алатын жерлерде.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07