Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / Материал тану.doc
Скачиваний:
190
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать
  1. Баспалау. Баспалаудың мәні мен түрлері.

  2. Мыс және оның қорытпалары. Олардың қасиеттері, жіктелуі және қолданылуы.

мыс ең үлкен (күмістен басқа) электр өткізгіштікке және жылу өткізгіштікке* ие.

Тазалығына байланысты мыс мына ентаңбалармен жасалынады: МОО (99,99% Cu), MО(99,95% Cu), M1(99,9% Cu), M2(99,7% Cu), M3(99,50% Cu). Мыстағы қоспалар оның қасиеттеріне ықпал жасайды Мыс қысыммен тез өңделеді, бірақ нашар кесіледі, көп отырудан құйылу қасиеті жоғары емес. Нашар пісіріледі, бірақ тез дәнекерленеді. Оны табақ, шыбық, құбыр және сым түрінде қолданады.

Электр техника өнеркәсібінде, электроникада және электр боссиреу техникада оттегінсіз мыс қолданылады. Мыс негізді қорытпалар. Мыс қорытпаларының екі негізгі тобы бар: 1) жез – мыстың мырышпен қорытпасы; 2) қола –мыстың басқа элементтермен қорытпасы, соның ішінде мырышта болуы мүмкін, бірақ тек басқалармен қатар. Мыс қорытпалары жоғары механикалық және технологиялық қасиеттерге ие, тозуға және коррозияға берік

  1. Алюминий және оның қорытпалары. Олардың қасиеттері, жіктелуі және қолданылуы.

Алюминий Д.И. Менделеевтің элементтер кезеңтық жүйесінің ІІІ тобының химиялық элементі, реттік саны 13, атомдық массасы 26,98; балқу темпера-турасы 6600С. Алюминийдің қ.к.т. кристалдық торы бар, периоды a= 4,0412 тең. Алюминийдің ең маңызды ерекшелігі тығыздылығының төменділігі 2,7 г/см3 болып табылады (темірдің –7,8 г/см3, мыстың – 8,94 г/см3 қарағанда). Алюминий жоғары электр өткізгіштікке ие (2,6548 Ом•м/мм2), мыстың электр өткізгіштігінің 65% құрайды. Тазалығына байланысты алюминий ерекше тығыздылығымен: А999(99,999%Al), жоғары тазалығымен А995 (99,995%Al), A99(99,99%Al), A97(99,97%Al), A95(99,95%Al) және техника-лық тазалығымен А85, А8, А7, А6, А5, АО (99,0%Al) бөлінеді.

Техникалық алюминий (АД, АД1) конструк-циялық элементтері мен күш түспейтін тетікбөлшектер жасауда, жоғары созымды-лық, жақсы пісірлуі, коррозияға қарсыластығы, жоғары жылу-, электр өткіз-гіштігі қажет болғанда қолданылады. Сонымен, мысалы, техникалық алюминийден әртүрлі, құбыр жүйесі, темір құрсау, теңіз және өзен кемелер-інің үстіңгі бөлігі, желі сым, электр сымы, қойылтқыш, сағат тұрқы, қабыр-шық, бөлме қалқандары, есік, кәсек, ыдыс, сүт ыдыстары, т.б. жасауда қолда-нылады. Жоғары тазалығымен алюминий қабыршық, ток өткізгіштер және желі сым бұйымдарына арналған. Алюминийдің қорытпалары кеңінен пайдаланылады.

Алюминий қорытпаларының сыныпталуы. Ең көп тараған қорытпалар: Al-Cu, Al-Si, Al-Mg, Al-Cu-Mg, Al-Cu-Mg-Si, Al-Mg-Si, Al-Zn-Mg-Cu.

Алюминийдің барлық қорытпаларын үш топқа бөлуге болады: 1) жарты-лай өнім алу үшін арналған деформацияланғандар (табақ, тақтайша, шыбық, құбыр, пішіндер, т.б.), сондай-ақ шыңдалғандар және қақтау, жомдау, соғу, металқалыптау арқылы металқалыпталған дайындамалар); 2) құймаға арналған құйылатындар; 3) ұнтақ металлургия әдісімен алынатын [ЖАҰ(САП)-жымдасқан алюминий ұнтақтары ЖАҚ-жымдасқан алюминий қорытпалары].

Деформацияланған қорытпалар жылумен өңдеу арқылы нығаятын және нығаймайтын болып бөлінеді.

Машинаның (конструкциялықның) массасын азайту қажет болғанда алюминийдің қорытпалары кеңінен қолданылады.

------------------------

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07