Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / Материал тану.doc
Скачиваний:
190
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать
  1. Болатты оттегілі конверторларда өндіру.

Болат өндірудің конвертерлік тәсілінің басқа тәсілдерге қарағанда бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Артықшылықтары:

  1. Өнімділігінің жоғары болуы.Конвентерде көміртегінің тотығу жылдамдығы мартер пешіндегіге қарағанда 10-100 есе , өнімділігі 5-7 есе артық.

  2. Конвертер процесі кезінде отынның керек болмауы. Процестің жүруіне қажетті жылу шойынның құрамындағы Si, Mn, P т.б қоспа элементтерінің тотықтану реакцияларының нәтижесінде бөлініп, конвертердің температурасы 1963 К –қа дейін көтеріледі.

  3. Конвертердің құрылысы қарапайым болғандықтан, оның өзіндік құнының арзан болуы.

Кемшіліктері:

  1. Конвертер болатының мартен , электр болаттарына қарағанда сапасы төмен және құрамындағы газ мөлшері, мартен болатымен салыстырғанда , едәуір жоғары болуы.

  2. Конвертер процесінің өңделетін шойынның химиялық құрамына күшті талап қоятындығы.

  3. Конвертер тәсілімен жеткілікті мөлшерде металл сынықтары мен руданы өңдеуге болмайтындығы.

  4. Конвертер процесінің жүру жылдамдығы өте жоғары болғандықтан, процесс барысын реттеуге келмейтіндігі

6.Металдарды химия-термиялық өңдеу түрлерінің жіктелуі.

Қалыпты немесе жоғары температурада, диффузия құбылысы арқылы металдың сыртқы қабатының химиялық құрмын өзгертуді химия- термиялық өңдеу деп айтады. Өндірісте термиялық өңдеудің бұл түрінің цементтеу, азоттау, циандау, алитирлеу деген т. б түрлері қолданылады.

Химия – термиялық өңдеу деп болаттың бетінің химиялық құрамы мен құрылысын және қасиетін өзгертетін термиялық өңдеуді айтады, Химия – термиялық өңдеуден өткен болат бетінің қасиеті(қаттылығы , үйкеліске беріктік т,б қасиеттері артады.)

Химия – термилық өңдеу цементтеу, азоттау, циандау, диффузиялық м еталдау болып бөлінеді. Темір – көміртекті болат бетін 1123- 1223К (850С -950С )температурада көміртекті ортада көміртегімен қанықтыруды цементтеу д. а. Цементтеудің нәтижесінде көміртегі болаттың бетіне 0.5- 2 мм тереңдікке дейін еніп, оның мөлшері 0.1- пр-тен 1.0- ке дейін жетеді.

Азоттау процесі 773- 873К (500-600С) темп аммиак (MN3)атмосферасында жүргізіледі.Бұл температура аммиак мына 2NH3 =2N+3H2 реакциясы бойынша ыдырайды. Азоттау процесі шынықтыру, жұмсарту, механикалық өңдеу , кейде шлифтеу процестерінен соң жүргізіледі.

Циандау деп металдың бетін азот және көміртегімен қанықтыру процесін айтады.Циандау процесі 1123- 1173 К температурада жүргізіледі.

Диффузиялық металдау процесінде болаттың беті алюминий , хром, кремний, бор, берилий т,б элементтерімен қанықтырылады. Мұндай өңдеуден өткен болаттың отқа, қышқылға төзімділігі, коррозияға, үйкеліске беріктігі артады.

7.Болат қасиеттеріне легірлеуші элементтердің тигізетін әсері.

Құрамына арнаулы элементтер (Cr, Ni, Mn, Si, W, Ti,Nb, Cu, V, т.б.) енгізу арқылы өзгертілген көміртекті темір қорытпасы легрленген болат д.а.Легрленген болаттың құрамына қоспа ретінде енгізілген элемент легрлеуші элемент деп аталады.Легрлеуші элементтер қасиетіне қарай болатқа түрліше әсер етеді.

Хром үйкеліске берік карбид түзеді. Fe –де еритін негізінен легрлеуші элемент болып табылады. Хром ферритті нығайтып , болаттың суарылғыштық және тотығуға қарсы қасиетін арттырып , шынығушы кризистік жылдамдығын арттырады.

Марганец болаттың шынығушы кризистік жылдамдығын кемітіп , шынығушылық қасиетін арттырады және ол ең арзан легрлеуші элемент болып табылады.Марганец қыздырған кезде болат түйіршіктерінің ұлғаюына әсер етеді.

Кремний болаттың беріктік шегін, меншікті элементтер келергісін жоғарылатып, құйынды токтар шығынын көміртегі , ферритті нығайтып, онда толық ериді. Егер кремний элементінің болат құрамындағы мөлшері 1.5-2 пр.тен асып кетсе , онда болаттың тұтқырлығы төмендеп, морттық қасиеті артады.

Молибден және вольфрам қатты карбид т8зуш3 элементтер болып табылады.Олардан түзілген карбидтер болаттың шынығушы кризистік жылдамдығын төмендетіп , шыныққыштық қасиетін арттырады, аустенитте еріп, оның тұрақты күйге өтуіне әсерін тигізеді, болат түйіршіктерінің өрбуін баяулатып, оның жұмсаруға қарсы тұрақтылығын арттырады.

Молибден мен вольфрам болатқа 0.5 молшерінде қосылады, олар қымбат бағалы элементтер болып табылады.

Ванадий болатқа 0.2- 0.3 пр. Мөлшерінде қосылады, болатты қыздырған кезде оның түйіршіктерінің өрбуін баяулатады, темірмен қосылып карбид түзеді. Болаттың шынығушы кризистік жылдамдығын кемітіп, шыныққыштық қасиетін арттырады.

Титан, ниобий – қатты карбид түзуші элементтер, болатты қыздырқан кезде түйіршіктер мен интеркристалдық коррозияның өрбуін баяулатады.

8. Металдар мен қорытпалардың механикалық қасиеттері.

Таза металдың өзіне тән физика-механикалық қасиеттері болады, ал қорытпалардың бұл қасиеттері олардың химиялық құрамына байланысты. Металдан жасалған детальдар мен конструкциялардың жұмыс процесі кезінде сынып, майысып қалмауы үшін, алдын ала сынап олардың беріктік (Механикалық) қасиеттерін анықтайды.

Металдардың механикалық қасиеттері тәжібе жүзінде арнаулы сынаушы машиналардың жәрдемімен анықталады. Сынаудың механикалық әдісінде металға статикалық, динамикалық және айнымалы күш түсіруі мүмкін.

Металға әсер еткен күштің шамасы тұрақты мөлшерде немесе баяу өсетінболса, сынау статикалық сынау деп, жылдам өсетін болса, динамикалық сынау деп , ал металға түсірілген күш шама және бағыт жағынан өзгеріп отырса, сынау – айнымалы күшпен сынау д.а.

Механикалық сынау әдісінде металдар созу , сығу, ию, соғу, қажыту арқылы сыналады.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07