Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / Материал тану.doc
Скачиваний:
190
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать

10.4.2. Титан негізді қорытпалар

Техникалық титанға қарағанда титан негізді қорытпалар едәуір көп қолданыс тапты. Fe, Al, Mn, Cr, Sn, V, Si, титанды қосындылау (10.4-суретті қараңыз) оның беріктігін (в, 0,2) арттырады, бірақ бір мезгілде созымдылық (,) пен тұтқырлықты (KCU) төмендетеді. Қызуға беріктігін Al, Zr, Mo, ал қышқыл ерітінділерде коррозияға беріктігін –Mo, Zr, Nb, Ta, мен Pd арттырады. Титан қорытпаларының жоғары тиісті беріктігі в/ бар. Темір қорытпаларындағы сияқты қосынды элементтер титанның көптеген айналуларына үлкен ықпал жасайды.

Al, N, O сияқты элементтер көп пішінді айналудың  температу-расында көтереді, - фазаның аймағын кеңейтеді (10.5,а-сурет); оларды - тұрақтандырғыш деп атайды. Mo, V, Mn, Fe, Cr сияқты элементтер көп пішінді айналудың  температурасында төмендетеді, - фазасының болу аймағын кеңейтеді; оларды - тұрақтандырғыштар деп атайды. Кейбір -

10.5-сурет. Титан негізді қорытпалардың күй-жайы диаграммалары (шартсызбалары): а -  айналу температурасында көтеретін элементтер ( - тұрақтандырғыштары); ә -  айналу температурасында төмендететін

элементтер (-тұрақтандырғыштары)

------------------------

1Кернеу астында NaCl болуымен, сондай-ақ сүйір тіліктер мен қажу жарықтарының барында коррозияға бейім – “тұзды” коррозия.

2Титанның үлкен химиялық пәрменділігінен, оның түйірінің өсуіне бейімділігінен және фазалық айналуларынан пісіру қиындайды.

тұрақтандырғыштар (Cr, Mn, Fe, т.б.) титанмен металаралық TixMy қосылыс-

тар түзеді.Суынғанда -фазасы эвтектоидтық айналуға +TixMy (9.5, ә-сурет). Мұндай - тұрақтандырғыштарды эвтектоид түзетіндер деп атайды. Эвтектоидтық айналу жай жүреді және әдеттегі суыну жылдамдықтарынан кейін қорытпа +эвтектоид ( + TixMy) емес және -фазалардан тұрады.

Қорытпалардағы  айналу температура аралығында жүреді. Әдетте титанның барлық өнеркәсіптік қорытпалары алюминийден тұрады.

Құрылымына сәйкес титан қорытпалары мынандай түрлерге бөлінеді: - қорытпалар - -титанда қосынды элементтердің қатты ерітіндісі құры-лымы бар; - қорытпаларда негізгі қосынды элемент алюминий, бұдан басқа бейтарап элементтерден (Sn, Zr) және - тұрақтандырғыштардың (Mn, Ғе, Cr, Mo) аздаған мөлшерінен тұруы мүмкін;  және  – тұрақтандырғыштардан (Mn, Fe, Cr, т.б.) тұратын + қорытпалары .

Титанның өнеркәсіптік қорытпалары. Титан қорытпалары аз тығыз-дылығы, жоғары беріктігі, жылуға тұрақтылығы және коррозияға жақсы қарсыластығы басты маңыз атқаратын жерлерде қолданылады. Титан қорытпаларын авиацияда, зымыран техникасында, химиялық машина жасауда және шаруашылықтың көптеген басқа салаларында қолданады.

10.5-кестеде қысыммен өңделетін ең көп тараған титан қорытпаларының құрамы мен химиялық қасиеттері келтірілген.

Қорытпа

Элементтер мөлшері (қалғаны Ті), %

Жарақтылық қасиеттері

Жарты өнім түрі

Al

V

Mo

Басқа элемент-тер

y,

МПа

 кем емес

KCU МДж/ м2 кем емес

-1, МПа кем емес

 - қ о р ы т п а л а р ы

ВТ5

5

-

-

-

750-950

10

0,5

-

Пішіндер, құймалар, шыңдалма-лар. Табақтар, пішіндер, құбырлар

ВТ5-1

5

-

-

2,5 Sn

800-1000

10

0,4

400

ОТ4

4

-

-

1,5 Mn

700-900

11

0,4

420

Табақтар, тілімдер, таспалар

 - қ о р ы т п а л а р ы

ВТ6

6

4,5

-

-

950-1170

8

0,4

530

Шыңдалма-лар, табақ-тар, құбыр-лар

ВТ14

5,5

1,3

3,0

-

900-1050

10

0,5

400

Шыңдалма-лар, метал-қалып дайын-дамалары

ВТ8

6,5

-

3,5

0,3 Si

1050-1250

11

0,3

530

-//-

1 жалған қорытпа; оның құрылымында - күйтүрі +(1-5%) -күйтүрі


10.7-сурет. Титанның молибденмен (а) және хроммен (ә) қорытпаларының - аймағының температурасынан шынықтырудан кейінгі механикалық қасиеттері

Деформацияланған - қорытпасы ВТ5 ыстықтай күй-жайында қысыммен жақсы өңделеді және пісіріледі; коррозияға жоғары қарсыластығы бар, бірақ сутегілік морттылыққа бейім. ВТ5 қорытпа қосымша қалайымен қосындылау (ВТ5-1) қорытпаның технологиялық және механикалық қасиеттерін жақсар-тады.

ОТ4 түрдегі қорытпалар ыстықтай және суықтай күй-жайында қысыммен жақсы өңделеді, пісірудің барлық түрлерімен пісіріледі, бірақ сутегілік морт-тылыққа бейім.

Қасиеттерінің ең жақсы үйлесімі  - қорытпаларда жетіледі.

ВТ6 қорытпасы жақсы механикалық және технологиялық қасиеттеріне ие және жылумен өңдеу арқылы нығаяды (900-9500С шынықтырумен және 400-5000С ескірумен). Шынықтырудан кейін y=1000-1050МПа, ал 2-8 сағат бойы ескіруден кейін y=1200-1300МПа. Жасыту 750-8000С жүргізіледі. Пісірмелі қондырғылар үшін аз алюминийден (5,5%) тұратын ВТ14С қорытпа қолда-нылады.

ВТ14 қорытпасы ауыр жүктелетін тетікбөлшектерді, сондай-ақ, ұзақ уақыт 4000С немесе қысқа уақыт 5000С жұмыс істейтін тетікбөлшектерді жасау үшін қолдануға ұсынылады. Қорытпа 850-8800С суда шынықтырумен және 480-5000С 12-16 сағат келесі ескірумен нығаяды. Толық жасыту 750-8000С, толық емес 600-6500С жүргізіледі.

10.5- кесте

Жасытылған күй-жайында кейбір титан қорытпаларының1 химиялық құрамы (қосындылау элементтер бойынша) мен механикалық қасиеттері

ВТ8 қорытпасын тең жылулық жасытудан кейін қолданады. Қорытпа үздіксіз созымды деформацияға жоғары қарсыластыққа, ұзақ беріктікке ие, сондықтан қызуға берікті (450-5000С дейін) сияқты қолданылады. Қорытпа нашар пісірімді, көбінесе шыңдамалар мен металқалып дайындамалары түрінде пайдаланылады. Үлгілі құю үшін ВТ5Л, ВТ6Л, ВТ14Л қорытпалары қолданылады, олар жеткілікті жақсы құйылу және механикалық қасиеттерге ие.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07