Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / Материал тану.doc
Скачиваний:
190
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать
  1. Металдар мен қорытпаларды дәнекерлеу. Дәнекерлеудің мәні.

Дәнекерлеу процесінде металдар сұйық күйде балқу температурасы төмен және химиялық құрамы негізгі қосылыс түзетін металдардың құрамынан бөлек дәнекер деп аталатын қорытпалармен бекітіледі. Дәнекерлеу арқылы көбінесе бірі екіншісінде ерімейтін материалдарды қосады.дәнекер балқып , қосылатын екі металмен де диффузияланып, берік қосылыс түзеді. Дәнекерлеу көміртекті , легрленген болаттар мен түсті металдар және олардың қорытпаларын қосу үшін қолданылады.

Дәнекерлеу процесінде екі түрлі дәнекер қолданылады:1. Жұмсақ дәнекер, олардың балқу температурасы 673К (400С ка дейін), беріктігі 50-70 Мн/м2 ;

  1. Қатты дәнекерлер, олардың балқу температурасы 1173К .беріктігі 400-500 Мн/м2;

  1. Болатты жасыту және қалыптандыру.

Болатты қажетті темп-ға дейін қыздырып, сол температурада ұстап, тұрақты құрылымды алу мақсатында баяу салқындату термиялық өңдеу процесін жасыту д.а.

Жасыту 1 ретті,2 ретті б-і.

1 ретті жасыту- жасытудың бұл түрінде фазалық түрлену болмайды.

1-ретті жасыту түрлері:гомогенезациялы . рекристализациялы, қалдық кернеулерді төмендететін жасыту.

Гомогенезациялы жасыту 1100-1200 С аралықта өтеді.Мақсаты: дендритті ликвацияны жою.

Рекристализация 650-760 С ар жүреді.салқындай деформациядан кейін кристалл торының бұрмалануын жою үшін және илемділікті жоғарылату үшін .

Қалдық кернеулерді төмендетіп жасыту- түрлі технологиялық проц. Кейін (кесу, пісіру, құю т.б. )пайда болған кернеулерді төмендету мақсатында өтіледі.760-700 аралығында болады.

2 ретті жасыту –жасытудың бұл түрі фазалық түрленуге негізделген. Ол болатты метал кескіш станоктарда кесіп өңдеудің алдындағы бастапқы термиялық өңдеу ретінде қоданылады.Екінші текті жасытудың келесі түрлері ажыратылады: толық, шала, изотермиялық жасыту .

Толық жасыту ұсақ түйіршікті құрылым алу , қаттылықты төмендету және ішкі кернеулерді жою.

Шала жасыту- пластина тәрізді перлитті түйіршік тәрізді перлитке айналдыру.

Изотермиялық жасыту- эвтектоидқа дейінгі болатты АС3 нүктесінен 20...30 С жоғары қыздырып, сол темпта ұстап, тез АС1 нүктесінен 50-100 С төмен темпқа дейін суытады.

Қалыптандыру – эвтектоидқа дейінгі болатты АС3 нүктесінен эвтектоидтан кейінгі болатты АСт нүктесінен 30...50 С жоғары қыздырады.

  1. Титан және оның қорытпалары, қолданылуы.

Титан элементінің қоры жер қыртысында жеткілікті мөлшерде болса да оны сирек ұшырайтын элементтер қатарына қосады. Өйткені бұл элемент алу қиын.

Менделеев таблицасында титан -4 –ші периодтың 4-тобында орналасқан , реттік саны 22, атомдық салмағы 47.9 , балқу температурасы 3533, тығыздығы 4.5 тең элемент.

Титан Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің IV –тобында орналасқан, сұр түсті металл, реттік саны 22, атомдық массасы 47,9. Балқу температурасы (16655)0С. Екі аллотропиялық түрленуі бар: 8820С дейін - титан (тығызды-лығы 4,505 г/см3), алты бұрышты тығыз жайласқан торда кристалданады, a=0,2951 нм, c=0,4684 нм (с/а=1,587) периодтарымен, ал жоғарырақ темпера-тураларда - - титан (9000С тығыздылығы 4,32 г/см3), көлемге кіндіктелген текше (ккт) торы бар, оның периоды a= 0,3282 нм. 20-1000С температуралар аралығында сызықтық кеңею коэффициенті – 8,3•10-60С-1, жылу өткізгіштігі 500С 0,045 кал/(см•с0С). Техникалық титан екі ентаңбамен жасалынады: ВТ1 –00 (99,53% Ti); ВТ 1-0 (99,46% Ti).

Азот, көміртек, оттегі және сутегі титан үшін зиянды қоспалар болып табылады. Олар титанның қаттылығы мен беріктігін өсіреді, бірақ созымды-лығын төмендетеді, пісірілгіштігін нашарлатады және коррозияға қарсылас-тығын төмендетеді (10.4-сурет). Әсіресе, сутегі зиянды, гидридтердің бөлінуінен титанды мортты жасайды. Қорытпаларда сутегінің мөлшері 0,015% аспауы тиіс.

10.4-сурет. Титанның механикалық қасиеттеріне әр түрлі элементтердің ықпалы:

а –ендіру қатты ерітіндісін түзетін элементтер; ә - алмасу қатты ерітіндісін түзетін элементтер.

Техникалық титанның (ВТ1-00, ВТ1-0) y =300-550 МПа,  = 60-80% KCU 1,0-1,2 МДж/ м2, -1=160-225, E=14•104МПа.

Титанның бетінде берік тотық үлпегі жеңіл түзіледі, ол теңіз суында кейбір қышқылдарда және басқа зиянды орталарда коррозияға қарсыластығын арттырады. Титан кернеу астында ойылып коррозияға тұрақты1.

Техникалық титан қысыммен өңделеді, қорғауыш газдар қабатында доға-лы пісірумен және түйіспелі пісірумен2 пісіріледі, бірақ кесумен нашар өңделеді.

Титан табақ, құбыр, шыбық, сым және басқа жарты өнімдер түрінде пайдаланылады.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07