Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / МЕТОДИЧКА.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

155

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ........................................................................................................................ 4

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері және оның оқу үрдісіндегі орны .................... 5

2 Семинар сабақтарының мазмұны және студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары ............................................................................................................ 7

3 Аттестациялық қорытындылау тесттері ............................................................ 31

4 Реферат тақырыптары........................................................................................... 58

5 Ұғымдар мен анықтамалар................................................................................... 63

6 Пән бойынша білімді пысықтауға арналған схемалар .................................... 150

Әдебиеттер тізімі ................................................................................................... 161

КІРІСПЕ

Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге рухани-адамгершіліктік және әлеуметтік келбетінің де биік болуы бүгінгі күнде ерекше қажет, әрі, өзекті. Осы тұрғыдан алғанда жоғарғы оқу орнының қабырғасында білім алушы студент жастардың қарапайым индивид-пенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымының маңызы зор.

Философия бүгінде адамзаттық қоғамның аса маңызды құрамды бөлігі ғана емес, қоғам дамуын анықтар және бағыттар күштердің бірі болып табылады. Ертеден қалыптасып дамып келе жатқан философиялық дүниетаным жалпыадамзаттық мәселелері, адам мен қоғам арақатынасы сұрақтарына жауап іздеп, жауабын тауып келді. Қоғам күрделенген сайын философияның рөлі де жоғарылай бермек. Бұл жағдайды өмірдің өзі де, қоғам дамуының бет алысы да дәлелдеп отыр. Адам болмысы рухани дүниесінің өзегі ретінде философияның дүниетанымдық маңызды қызметі, ол – жоғары және арнаулы орта оқу орындарында теориялық тұрғыдан оқытылуы.

Философия адам және дүние, таным процесі мен болмыс мәселелері туралы ғана жалпы білім бермей, сонымен қатар қисынды ойлау дағдыларының қалыптасуына, рухани мәдениетінің құрылуына жағдай жасайды. Философияны шығармашылық тану – адамның қоғамдағы тәртібінің түрлі стратегиялық бағыттардағы өз өмірлік жолын табуға көмектеседі.

Сонымен қатар философия курсы алдыңғы уақытта студенттерге оқытылатын әлеуметтану, саясаттану, психология, магистранттар үшін ғылым философиясы сияқты аса қажетті пәндерге теориялық бастама болып табылады.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің 1 және 2 курс студенттеріне философия пәнін оқыту үшін дайындалынған бұл әдістемелік нұсқау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сай етіп жасалынған. Бұл әдістеме студенттерге теориялық тұрғыда философия курсының философия тарихы, философияның теориялық және методологиялық негіздері және әлеуметтік философия бөлімдерінен дәріс алуларына бағдар бола алатын көмекші құрал. Аталмыш пәннің мазмұнымен, мақсатымен, құрылымымен, тарихымен, заңдары мен категорияларын студенттер оқытушының беретін дәріс сабақтарынан таныса алады. Сонымен қатар, студенттер семинар сабақтарында және оқытушылардың басшылығымен жүргізілетін өздік жұмыстарымен өз білімдерін жетілдіре түседі, және де студенттердің жеке тапсырмалар орындап, реферат түрінде зерттеу жұмысын жазып, оны қорғап білімдерін одан әрі шыңдауларына мол мүмкіндіктер қарастырылған.

Қорыта келе, философия пәнін теориялық тұрғыда оқып-біле отырып, түсініп, оны күнделікті өмірде қолдануды үйренуге тырысамыз. Бүгінгі философиялық дүниетанымы кең, терең ойлы студент, ертеңгі білікті маман, халқының қалаулы азаматы болары әбден мүмкін. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге философия ғылымы маңызды роль атқарады.

1 Пәннің мақсаты мен міндеті және оның

ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ

1.1 Пән мазмұны: адамзат тарихының ажырамас бөлігі философия еш уақытта өз құндылығын жоғалтпайды. Философияның бай мазмұнын әр тарихи кезеңдердегі озық ой-танымдар мен ілімдер, ағымдар мен мектептер тарихы құрайды. Философияның адам өміріндегі рөлі әр уақытта жоғары бағаланып келгені де сондықтан. Аталмыш пән болашақ техника және экономика салаларында еңбек етер жас буындарға, студенттерге философиялық дүниетанымның теориялық негізін бере отырып, оларды рухани құндылықтар дүниесін құрметтеуге және бағалауға тәрбиелейді.

1.2 Курс мақсаты: философиялық дүниетанымның тұлғаның қалыптасып, дамуында маңызды роль атқаратындығын ескере отырып, әр адамға, әр студентке бұл пәнді оқып, меңгеруінің мақсаты және курстың маңызды қырларын төменде көрсете кетелік:

- Қоғамның әр саласында қызмет етуге өзін рухани тұрғысынан дайындай отырып, студенттерге өзінің қоғамдағы орны мен атқаратын ролін түсініп, бағалауға дағдылану, іскерлікті қалыптастыру;

- Өмірде өз көзқарасын білдіре отырып, оны тұрақты ұстануға өзін-өзі тәрбиелеуге үйрену;

- Басқа қоғам мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру;

- Басқа адамдардың көзқарастарын бағалауға, құрметтеуге үйрену.

1.3 Курс міндеті: Өмірге, қоғамға және айналасына көзқарасын дұрыс, гуманды бағытта тұрақтандыру әдістерін танып, қабылдауға және оны ары қарай дамытуға үйренуді философия курсы қамтамасыз етуге тиісті. Студент пәннің төмендегі сұрақтардың жауабын қалтқысыз білуі керек:

- Дүниетаным дегеніміз не және түрлері қандай?

- Дүниені танып білу үшін не қажет?

- Дүние бірлігі мен бастамасын түсіндірудің неше жолы, әдісі бар?

- Не алғашқы болу мүмкіндігі мәселесінің шешімдері қандай?

- Философия дегеніміз не? Оның қызметі қандай?

- Адам дүниені танып біле ала ма? Бұған адамзат тарихы қалай жауап береді және қазіргі көзқарастар қандай?

1.4 Курстың құрылымы

Философия пәнін қазіргі заманда оқыту барысында, оның адамзат мәдениетінің ерекше де дербес саласы және заманымыздың әлеуметтік-мәдени тұтастығының ажырамас бөлігін құрайтын дамушы жүйе екендігін ескеру аса қажет. Философия курсы екі үлкен бөлімнен тұрады: философия тарихы және философияның теориялық және методологиялық негіздері. Дүниетаным және оның адамзаттық типтерінің құнды жақтарын тану; философиялық дүниетанымның негізгі ұғымдары мен қағидаларын білу. Философияны теориялық тұрғыдан түсіне, қабылдай отырып, оны өмірде де қолдануға үйрену. Философия курсының құрылымына студенттердің ғылыми ізденістері, мақалалары мен баяндамалары да кіреді.

1.5 Талаптар

Лекция және семинар сабақтарына уақыт бөлінеді. Барлық аудиториялық сабақтарға әрбір студент кешікпей келіп, қатысып отыруға міндетті. Сабаққа екі рет кешігу сабақты бір рет босатқанға тең болып есептелінеді. Сабақты себепсіз босатқан жағдайда студент сол тақырыпты өтеуге тиісті. Ал себепті босатқан жағдайда анықтама қағазын көрсеткені дұрыс. Әрбір семинар сабағына студент дайындалып келуі қажет. Оқытушы сабақты орындаудың жазбасын тексеруге құқылы. Лекциялық материалды тест алу арқылы ешбір ескертусіз тексере алады. Тест нәтижесінде алынған бағалар қорытынды бағаға әсер етеді. Студент жұмысын өз уақытында өткізіп отыруы тиіс. Уақытынан кешіктіріліп өткізілген жұмыстардың бағасы төмендетіледі. Бақылау жұмысы және емтихан уақытында басқа біреуден көшіру тыйым салынады. Студент сабаққа дұрыс киіммен келуі тиіс, студентке тән ішкі және сыртқы мәдениетті сақтауға міндетті.

Егер сұрақтар туындайтын болса Г – 1 – 325 «Философия және адамзатты дамыту мәселелері» кафедрасына келіп, сұрауларыңызға болады.