Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / МЕТОДИЧКА.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

3.2 Аттестациялық қорытындылау тесті і – нұсқа

1 Болмыс туралы философиялық ілім

A) гносеология

B) онтология

C) антропология

D) социология

E) аксиология

2 Материяның философиялық түсінігі

А) материя дегеніміз – атом

В) материя – объективтік реалдылықты бейнелейтін категория

С) материя – түйсіктер комплексі

D) материя дегеніміз зат

Е) материя дегеніміз өріс

3 Танымның формалары

A) Қарапайым және ғылыми

B) Сезімдік және рационалдық

C) Теориялық және прагматикалық

D) Ақыл – ес және сезіну

E) Бақылау және тәжірибе

4 Адамның өзін ойлаушы, сезуші және әрекеттенуші субъект ретінде бағалауы

A) көзқарас

B) бейнелеу

C) психика

D) ойлау

E) өзіндік сана

5 Танымның негізі зерде деп санайтын гносеологиялық концепция қалай аталады?

A) сенсуализм

B) рационализм

C) эмпиризм

D) скептицизм

E) агностицизм

6 Агностицизмге тән пікір

А) таным шексіз

В) адам дүниені танып-біле алады

С) дүниені танып-білу мүмкін емес

D) түйсіктер жүйесінде энергияның саны сақталады

Е) дүние сезімдердің көмегі арқылы танып білінеді

7 Диалектика туралы философиялық ілім

A) Күн жүйесінің пайда болуы

B) Ғарыштың мәнгі өзгермеуі

C) Дамудың жалпылама заңдылықтары

D) Болмыстың танымдылығы туралы

E) Кеңістіктік пен уақыттың салыстырмалылығы

8 Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңын айқындаушы категориялар

A) Субстанция, себептілік, өзара әрекет

B) Айырмашылық, қарама-қарсылық, қайшылық

C) Терістеу, терістеуді терістеу, терістемеу

D) Сапа, сан, өлшем

E) Мүмкіншілік, шындық, ықтималдық

9 Сандық пен сапалықтың диалектикалық өзара байланысын айқындайтын категория

A) Мән

B) Форма

C) Нақтылық

D) Құбылыс

E) Өлшем

10 Бейнелеу дегеніміз

А) танымның негізі

В) танымның бөлігі

С) ақиқаттың негізгі компоненті

D) материяның жалпы қасиеті

Е) қызметтің негізі

11 Қозғалыстың міндетті түрде себебі бар екендігін мойындайтын концепция

А) Кондиционализм

В) Конвенционализм

С) Фатализм

D) Индетерминизм

Е) Детерминизм

12 Диалектиканың негізгі тарихи формалары

A) Стихиялық, идеалистік, материалистік

B) Объективтік, субъективтік

C) Сезімдік, логикалық, интуитивтік

D) Ежелгіқытайлық, ежелгіүнділік, ежелгігректік

E) Ғылымға дейін, ғылыми, ғылымнан кейінгі

13 Қозғалыс философиялық категория ретінде – ол

А) бір нүктеден екіншісіне ауысу

В) механикалық өзара әсерлер

С) сапалы өзгерістер

D) материяның өмір сүру әдісі

Е) пайда болуы және күйреуі

14 Сан - нені сипаттайтын философиялық категория?

А) зат қасиеттерінің жиынтығын

В) заттың интенсивті дамуын

С) заттың мазмұны мен көлемін

D) зат дамуының белгісін

Е) оның қасиеті басқа емес, осы болатын зат белгісін

15 «Өмір сүретіннің бәрі үнемі бір күйден басқасына өтеді», «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деп айтқан антик әлемінің ұлы диалектигі

А) Фалес Милетский

В) Гераклит Эфесский

С) Диоген Лаэртский

D) Ксенофонт Афинский

Е) Филон Александрийский

16 Философиялық антропологияның пайда болуына және құрылуына көп үлес қосқан

A) М.Шелер

B) О.Шпенглер

C) М.Вебер

D) Р. Дарендорф

E) К.Г.Юнг

17 Қоғам мен табиғаттың арасындағы қатынас жайында бірінші орынға адамзат перспективаларының мәселелерін алға қойған философиялық бірлестікке кіргендер неге қатысты болды?

А) Тендік ұйымға

В) Львов-Таршава мектебіне

С) Марбург мектебіне

D) Франкфурт мектебіне

Е) Рим клубына

18 Экзистенциалдық мәселесіне қатысты.

А) Мидың құрылымына қатысты мәселе

В) Санасыздыққа қатысты мәселе

С) Өмір мен өлімнің мәселесі

D) Экологиялық мәселе

Е) Адамның космосқа ұшу мәселесі

19 Адам және қоғам өмірінің абсурдтылығы кімнің шығармашылығындағы басты идея болып табылады?

А) К.Ясперс

В) К.Маркс

С) О.Конт

D) М.Хайдеггер

Е) А.Камю

20 «Техника философиясының негіздері» еңбегінде техниканы философиялық білімнің ерекше саласы ретінде зерттеудің негізін салған ойшыл

А) К.Ясперс

В) К.Маркс

С) Э.Капп

D) М.Вебер

Е) Г.Спенцер

21 Сциентизм - бұл

A) Қоғамның әлеуметтік және рухани өміріндегі ғылымның рөлін абсолюттендіретін философиялық тұғырнама

B) Индивидтің ғылыми білімдерді игеруге ұмтылысы

C) Ғылым тарихын зерделеумен айналысудың пайдасы туралы ұйғарымдардың жиынтығы

D) Математиканың басқа ғылымдар алдындағы басымдылығы туралы ұйғарым

E) Ғылым мен техника мүмкіндіктеріне деген скептикалық қатынас

22 Хайдеггер философиясындағы DASEIN категериясының мәні неде?

А) Табиғат болмысы

В) Қазіргі болмыс, болмыстың қатысуы

С) Адам болмысында

D) Таза болмыс

Е) Рухани болмыс

23 Қоғам дегеніміз не?

А) Қоғам – бұл қоғамның институттардың жиынтығы

В) Қоғам – бұл көптеген адамдар

C) Қоғам – бұл халық

D) Қоғам – адамдардың қоғамдық қатынастары

E) Қоғам – бұл ұлттардың бірлігі

24 Қоғамның басты құндылығы

A) Билік

B) Табиғат

C) Техника

D) Демократия

E) Адам

25 Өмір, денсаулық, экология және тағы басқалар төмендегі көрсетілген құндылықтардың қай түріне жатады?

А) Діни

В) Витальді

С) Саяси

D) Әлеуметтік

Е) Моральді

26 Әрбір қоғамдық экономикалық формацияның негізгі құрылымдық элементтерін сипаттау үшін қолданылатын тарихи материализм категориялары

А) Базис пен қондырма

В) Материя және форма

С) Мақсат және мүдде

D) Қажеттілік пен кездейсоқтық

E) Мазмұн мен форма

27 Тарихи үрдістің формациялық тұғырнамасының авторы

A) К. Ясперс

B) К. Маркс

C) О. Шпенглер

D) П.А. Сорокин

E) Гегель

28 Ноосфера терминінің мағынасы

А) Ақыл-ой сферасы

В) Еңбек сферасы

С) Тірі мақұлықтар өмір сүретін сфера

D) Оттегі бар сфера

Е) Элемантарлық бөлшектер өзара әсер ететін сфера

29 Мәдениет философиясының пәні

A) Мәдени этностардың көптүрлілігі

B) Әмбебап феномен ретіндегі мәдениеттің мәні мен маңызы

C) Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің сұхбаты

D) Мәдениеттердің қақтығысын, олардың бір-біріне қарсы тұруы

E) Әлемдік мәдениет тарихы

30 Мәдениеттің негізгі қызметтері

A) Реттеушілік, коммуникативтік, әлеуметтендіру

B) Танымдық, түсіндірмелік, миф туғызарлық

C) Ойындық, көңіл көтерерлік, шоу-бизнес индустриясының

D) Экономикалық, экологиялық, энергетикалық

E) Білім беру, тәрбиелеу, спорттық, денсаулықты жөндеулік