Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / МЕТОДИЧКА.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

3.1 Аттестациялық қорытындылау тесті іі – нұсқа

1 Дүниетанымды анықтау

А) Қоғам жөніндегі білімдердің жүйелілігі

В) Дүниеге деген көзқарастардың жүйесі және ондағы адамның алатын орны

С) Моральдік нормалардың жүйесі

D) Әлемді тануын білдіретін білімдердің жүйеліліг

Е) Дүниеге діни көзқарас

2 Философияның айрықшылығы мынада

A) Өмір тәжірибесінің нақты талаптарына сәйкестігінде

B) Жалпылығында, әмбебаптылығында, өмірмәнділік толыққандылығында

C) Сезімдік-эмоциялық нақтылығында

D) Абстрактылы теориялылығында

E) Реалдылықты объективті бейнелеу әдістерінің көптігінде

3 Философиялық танымның негізгі бөлімдері

А) Онтология, гносеология, әдіснама

В) Өнертану, лингвистика, шығыстану

С) Софистика, эклектика, догматизм

D) Идеология, космология, аңыз

E) Әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану

4 Мына ұғымдардың қайсысы философияның негізгі мәселесін қарастырады?

А) Ойлаудың болмысқа қатынасы

В) Бостандық пен өмір арақатынасы

С) Әлемдегі кеңістік қандай

D) Жасанды интеллект деген не

E) Адам дегеніміз не

5 Махавира Вардхамана қай мектептің негізін қалады

A) Буддизмнің

B) Классикалық йоганың

C) Индуизмнің

D) Кришнаизмнің

E) Джайнизмнің

6 Көне Үнді философиясындағы ортодоксалды мектеп, йоганың теориялық негізі

А) Ньяя

В) Буддизм

С) Чарвака-локаята

D) Джайнизм

Е) Санкхья

7 Көне үнді философияда адамды сипаттайтын ерекшеліктер неде

А) Еркіндікке, құмарлықтан азат болуға ұмтылыс

В) Танымға құштарлық

С) Қоғамдық қатынасты сынға салу талабы

D) «Дао» заңына сай өмір сүру құштарлығы

Е) Бақыттылыққа құштарлық

8 У-вэй (әрекетсіздік) адамның өзін-өзі ұстау принципі ретінде қайда қалыптасты?

A) Араб-мұсылман философияда

B) Антикалық философиясында

C) Көне Үнді философиясында

D) Көне Қытай философиясында

E) Ортағасырлық батыс философиясында

9 «Ізгі адам өзіне талаптар қояды, төмен адам басқаларға талаптар қояды» деген Көне Қытай философы?

А) Конфуций

В) Ле-Цзы

С) Лао-Цзы

D) Мо-Цзы

Е) Хань Фэй-Цзы

10 Дао дегеніміз

А) Бәрін қамтитын дүниетанымдық ұғым, бәрінің де басы, түпнегізі

В) Қытайдың даму жолы

С) Адамның адамгершілік-саяси мінез-құлқы

D) Адам және оның мәдениеті жөніндегі ілім

E) Әлеуметтік-экономикалық даму жолы

11 «Космос», «Логос», «Архе», «Эйдос», «Сан», «Өлшем»... қандай философияның маңызды ұғымдары?

A) Көне Үнді философиясының

B) Қытай философиясының

C) Грекия философиясының

D) Бүкіл Көне Шығыстың

E) Көне әлемнің

12 Фалес іліміндегі дүниенің алғы бастамасы

A) Ауа

B) Су

C) От

D) Идея

E) Апейрон

13 Сыртқы формалды түрде дұрыс, шындығында пайданы көздеп құрастырылған ой түйін қате дәйек, қылық қалай аталады:

A) Парадокс

B) Софизм

C) Апория

D) Силлогизм

E) Антиномия

14 Орта ғасырлар философиясында барлық мәселелер қандай тұрғыдан шешіледі?

А) Теоцентризм, софистика, диалектика

В) Теоцентризм, креационизм, провиденциализм

С) Эклектика, креационизм, првиденционализм

D) Метафизика, диалектика, креационизм

Е) Материализм, диалектика, метафизика

15 «Байқаңдар, ешкім сендерді философия арқылы осы дүниенің тылсымына алып кетіп жүрмесін» деп үйреткен

A) Тит Ливий

B) Марк Аврелий

C) Тертуллиан

D) Августин

E) Фома Аквинский

16 Орта ғасырлық философтардың жалпылықтың, жалпы ұғымдардың табиғаты туралы айтысындағы қарама-қарсы позициялар

А) Реализм және номинализм

В) Материализм және идеализм

С) Рационализм және иррационализм

D) Диалектика және метафизика

E) Монизм және дуализм

17 «Шіркеу әкелерінің» ілімі қалай аталады?

А) Патристика

В) Апологетика

С) Евгеника

D) Схоластика

E) Аскетика

18 Сопылық ілім сатысының реті

A) шариат, тариқат, хақиқат

B) шариат, джихад, тариқат

C) шариат, ақиқат, маслихат

D) шариат, маврихат, хақиқат

E) маврихад, шариат, хақиқат

19 Қ.А.Йассауидың ұстазы

А) Арыстан бап

В) Қорқыт Ата

С) Тұрхан бей

Д) Әл-Фараби

Е) М.Қашқари

20 Адамды түсінудегі Қайта өрлеу дәуірі философиясына тән ерекшелік

A) адам -қоғамдық тіршілік иесі

B) адам -ойлаушы тіршілік иесі

C) адам -жанға ие қоғамдық жаратылыс

D) адам -жаратушы, суретші

E) адам -микроғарыш

21 Эпикур ілімдерін жалғастырушы және әрі танымал етуші Қайта өрлеу дәуірі философиясының көрнекті өкілі

А) Лоренцо Валла

В) Николай Кузанский

С) Авиценна

D) Фома Аквинский

Е) Н.А. Бердяев

22 Жаңа заман философиясындағы қай ағым барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеп, дүниені қатып қалған құбылыс деп қарастырады?

А) стихиялық материализм

В) метафизикалық материализм

С) механистік материализм

D) диалектикалық материализм

Е) антропогендік материализм

23 Таным жолындағы кедергі болып табылатын дұрыс емес сөздерді қолданудың арқасында пайда болған, жиі жәрмеңкелер мен қоғамдық жерлерде таралған ұғымды, Бэкон қалай атады?

A) Тектік елес

B) Үңгір елес

C) Театр елес

D) Алаң елес

E) Плюрализм

24 Төменде келтірілген философтардың қайсысы дуализмнің өкілі болып табылады?

А) Р. Декарт

В) Д.Юм

С) Т.Гоббс

D) П. Гольбах

E) Г.Лейбниц

25 «Адам-машина» кітабының авторы, ХVIII ғ. француз материалисі

А) Гольбах

В) Гельвеций

С) Ламетри

D) Дидро

Е) Кондорсе

26 Адамның танымдық мүмкіндіктерін сынай бағалауды міндет еткен неміс классикалық философиясының өкілі

А) Фихте

В) Кант

С) Шеллинг

D) Гегель

Е) Фейербах

27 Диалектикалық-материалистік философияның негізін салушылар

A) Левкипп және Демокрит

B) К.Маркс және Ф.Энгельс

C) Ф.Бэкон және Р.Декарт

D) Г.В.Плеханов және В.И.Ленин

E) П.Гольбах және К.Гельвеций

28 Ф. Ницшенің «Құдай өлді» - дегені нені білдіреді?

А) Барлығы мүмкін принціпін бекіту

В) Нигилизмді өмірлік ұстаным ретінде бекіту

С) Атеизмді бекітуге шақыру

D) Волюнтаризмді бекіту

Е) Өмір философиясының бастамасы

29 Славяншылдар мен Батысшылдар арасындағы пікірталас нысанасы

А) Ресей және орыс халықының тарихи тағдыры

В) Қоғамдық болмыстың қоғамдық санамен арақатынасы

С) Жалпы түсініктер табиғаты

D) Әлем танымдылығы мәселесі

Е) Экологиялық мәселе

30 Қазақ дүниетанымның “ дүние” категориясының философиялық мағынасы:

A) Болмыс, өмір, әлем

B) Материалдық байлық

C) Өнер

D) Дін

E) Өмір сүру