Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / МЕТОДИЧКА.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
27.04.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

2.15 Мәдениет және өркениет

1 Мәдениетті философиялық тұрғыдан түсіндіру және оның тарихи типтері.

2 Қоғамдық танымдағы мәдениет және өркениет ұғымдарының маңыздылығы.

3 Әлемдік өркениеттегі Қазақстанның орны.

Студенттердің өздік жұмыстары

1 Мәдениет пен өркениетке берілген танымал анықтамалар мен концепцияларды баяндаңыз.

2 Мәдениеттің құрылымы және қызметі.

3 Өркениеттің түрлері.

4 Ақпараттық-техникалық өркениеттің сипатты белгілерін көрсетіңіз.

5 Батыстық және Шығыстық өркениеттердің өзіндік даму жақтары және диалогы, өзара қатынастары.

6 Өркениет және әлеуметтік даму туралы: Морган, Ф.Энгельс, О.Шпенглер, Н.Данилевский, А.Тойнби, Ф.Фукуяма және т.б.

Білуге қажетті түсініктер мен терминдер

Мәдениет, өркениет, материалдық мәдениет, рухани мәдениет, ұлттық мәдениет, әлемдік мәдениет, субмәдениет, контрмәдениет, бұқаралық мәдениет, элитарлық мәдениет, интерпретация, аграрлық өркениет, индустриалдық өркениет, техногендік өркениет.

Тақырыпты қорытындылауға арналған кесте

19-кесте Мәдениеттің негізгі екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттердің сипатты белгілерін анықтап, мысалдар келтіре отырып кестені толтырыңыздар.

Материалдық мәдениет

Рухани мәдениет

Әлеуметтік философия бөлімін (2.11 – 2.15 тақырыптары) қорытындылау мақсатында 35-40 сұрақтан құралған сөзжұмбақ (сканворд) құрастыру.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

1 Барулин В.С. Социальная философия. Ч 1, 2. –М., 1993.

2 Горбачев В.Г. Основы философии. –М., 2003.

3 Горюнов В.П., Гавришин В.Н. Философия науки и техники. –СПб., 2000.

4 Ғабитов Т., Ж.Мүтәліпов., А.Құлсариева. Мәдениеттану. – А., «Қаржы-қаражат», 2003.

5 Ғабитов Т. Философия. –А., «Раритет», 2005.

6 Ерасов Б.С. Кульура, религия и цивилизация на Востоке. –М., 1990.

7 Запад и Восток. Традиции и современность. –М., 1993.

8 Крапивенский С.Э. Социальная философия. –М., 1984.

9 Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. –А., «Ғылым», 2005.

10 Мырзалы С. Философия. –А., «Бастау», 2008.

11 Нұрышева Г.Ж. Философия. –А., «Зият пресс», 2006.

12 Ракитов А.И. Философия компьютерной революции. –М., 1991.

13 Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. –М., 1992.

14 Тойнби А.Дж. Постижение истории. –М., 1991.

15 Философия. Под ред. Кохановского В.П. –М., 1998.

3 Аттестациялық қорытындылау тесттері

3.1 Аттестациялық қорытындылау тесті і – нұсқа

1 Дүниетаным анықтамасы

A) Қоғам туралы білімдердің жиынтығы

B) Дүниеге, адамның өмірдегі орнына деген көзқарастар жиынтығы

C) Адамгершіліктік принциптердің жүйесі

D) Дүниені танып-білуге болатындығын білдіретін ұйғарымдар қосындысы

E) Жоғарғы болмыстың дүниені жаратқандығын мойындайтын ілім

2 Дүниетаным типтерінің тарихи тізбегі

A) Философия, аңыз, дін

B) Аңыз, философия, дін

C) Дін, философия, аңыз

D) Философия, дін, аңыз

E) Аңыз, дін, философия

3 Анимизмге анықтама беріңіз

А) Сенімдер мен рәсімдердің жүйелілігі, олардың негізінде адамдарға ықпал жасау мүмкіншілігіне сенім, сонымен қатар әлемді қоршайтын заттар мен құбылыстарға жаратылыстан тыс ықпал жасау, оған әртүрлі тәсілдер қолдану, дұға оқу, рәсімдер, би, т.б

В) Рухты негіздерге сену, олар заттарда немесе олардан тыс жерде орналасады

С) Әртүрлі шындық объектілерді таңдау, оларға жаратылыстан тыс қасиеттер жатады, көмектесуге, емдеуге, жауларынан қорғайды

D) Жаратылыстан тыс байланысқа сену, адам топтарының қандай да бір жануар немесе өсімдікпен байланыстыру, тіршілік пен аң аулаушылықпен байланысы

Е) Бір бастауға сенушілік, барлығында анықтаушы фактор, ол дүниені және дүниедегі барлық заттарды өзіне бағындырады

4 Философия –

A) Қоғам туралы ғылым

B) Ашылу ақиқаттарына сену

C) Табиғат заңдарына жету

D) Болмыстың мәні туралы ілім

E) Аспан денелері қозғалысының теориясы

5 Тотальдық негізден азаптану және одан құтылу қай философияның орталық мәселесі?

A) Көне Үнді философиясы

B) Көне Грекия философиясы

C) Көне Қытай философиясы

D) Көне Иран философиясы

E) Бүкіл Көне Шығыс философиясы

6 Упанишадалардағы абсолютті рухани субстанция

A) Пуруша-Дхарма

B) Индра-Агни

C) Шива-Вишну

D) Брахман-Атман

E) Майя

7 Дүниенің алғашқы бастамасы от, су, жер, ауа деп санаған Көне Үнділік ортодоксалды емес мектеп

А) Буддизм

В) Йога

С) Вайшешика

D) Веданта

Е) Чарвак-локаята

8 Адамды сүю идеясын ұстанған бағыт

А) Даосизм

В) Конфуции мектебі

С) Легизм

D) Моизм

Е) Веданта

9 Конфуцийшылдардың негізгі көңіл аударған, айналысқан қоғамдық мәселелері

А) Адамдар арасындағы қатынас, басқару мәселесі

В) Адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі

С) Мемлекетті басқару және мәдениетті өркендету мәселесі

D) Тәрбие мәселесі, оқу-білім және оны ұйымдастыру жұмыстары

E) Адам және табиғат арасындағы қатынас

10 Әлемнің өзіндік алуан өмірлік энергиямен толығуы туралы көне қытай ілімі -

А) Инь-ян

В) Дэ

С) Жэнь

D) Бес элемент

Е) Увэй

11 Демокриттің пікірінше дүниедегінің барлық негізі

А) Сансыз көп атомдар

В) Сансыз көп сандар

С) Сансыз көп адамдар

D) Сансыз көп оттар

E) Сансыз көп құдайлар

12 Антикалық диалектиканың түрі қандай?

А) Тұрпайы

В) Софистикалық

С) Идеалистік

D) Натуралистік

Е) Эклектикалық

13 Логикалық қателіктерді табу арқылы ғана теріске шығаруға болатын апориялардың авторы кім?

A) Эмпедокл

B) Зенон

C) Ксенофан

D) Парменид

E) Платон

14 Теология не жайындағы ілім?

A) Логос туралы ілім

B) Таным туралы ілім

C) Құдай туралы ілім

D) Адам туралы ілім

E) Табиғат туралы ілім

15 Номинализм мен реализм арасындағы күрес немен байланысты?

А) Универсалийлер мәселесімен

В) Материалдық және рухани субстанциялардың арақатынасымен

С) Жақсы мен жаманның арақатынасымен

D) Философия мен теологияның арақатынасымен

Е) Дін мен білімнің арақатынасымен

16 Ф.Аквинскийдің 5 рационалды дәйегіне жатпайтын құдай болмысының дәйегін таңдаңыз:

A) Әлемдегі барлық тіршілік атауы қандай да бір деңгейде тұтастыққа ие, ал негізгі мақсат – Құдай;

B) Әлемдегі барлығының себебі бар, ал бірінші себеп - Құдай

C) Адам тәні мен жанының бірігуі – бұл ғажап, себеп бұған – Құдай

D) Әлемдегі заттардың барлығы қозғалыста, ал қозғаушы күш – Құдай

E) Әлемдегі шексіз мүмкіндіктер мен кездейсоқ оқиғалар абсолюттік қажеттілікпен басқарылады, яғни Құдаймен

17 Исламдағы аскеттікті уағыздаушы ортағасырлық діни-мистикалық ілім

A) джайнизм

B) перипатетизм

C) пантеизм

D) «Тазалық ағайындары» ілімі

E) суфизм

18 «Арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие болған орта ғасыр мұсылмандық Шығыс ойшылы?

А) Әл-Фараби

В) Әл-Кинди

С) Ибн-Сина

D) Ибн-Рушд

Е) Әл-Кинди

19 Ренессанстағы ойлаудың, идеологияның, мәдениеттің негізгі тенденциясы – бұл:

A) Әлемді түсінудің теоцентірліктен антропоцентрлікке көшуі

B) Антропоцентризімге қарсы күрес

C) Бейбіт өмір сүруге талпыну

D) Космоцентрлік дүние танымға оралу

E) Обскурентизм

20 Пантеизм – нелердің максималды жақындасып теңестірілуі туралы ілім?

A) Ойдың және материяның

B) Құдай мен табиғаттың

C) Сана мен еркіңдіктің

D) Білім мен сенімнің

E) Кеңістік пен уақыттың

21 Жаңа дәуір философиясындағы эмпирикалық бағыттың (тәжірибелік-индуктивтік) өкілдері

А) И.Кант, И.Г.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Ф.Гегель

В) Ф.Бэкон, Г.Гоббс, Дж.Локк

С) Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.В.Лейбниц

D) Демокрит, Эпикур, Тит Лукреций Кар

Е) Т.Браге, И.Кеплер, Н.Коперник

22 Субстанция ол «өзінен өзінің себебі» деген тұжырымның авторы, «Барух» есімді ойшыл:

A) Спиноза

B) Лейбниц

C) Бэкон

D) Локк

E) Юм

23 Жаңа заман философиясының таным теориясындағы сенсуализм дегеніміз не?

А) Сезімдік танымды абсолюттендіру

В) Таным теориясын абсолюттендіру

С) Болмыс туралы ілімді абсолюттендіру

D) Материя туралы ілімді абсолюттендіру

Е) Ақиқат туралы ілімді абсолюттендіру

24 И.Кант бойынша «өз-өздігіндегі заттар» әлемін тануда, әлемді бір бүтін деп ойлауға ұмтылыста пайда болатын шешуін таппас қайшылық

А) антиномия

В) апория

С) дилемма

D) антитезис

Е) триада

25 Философия тарихында алғашқы болып категориялар жүйесін, диалектикалық логиканың принциптері мен заңдылықтарын қалыптастырушы философ

А) Р. Декарт

В) Аристотель

С) Г.В.Ф.Гегель

D) Г. Лейбниц

E) Ж.Ж.Руссо

26 Маркстік-лениндік философиядағы материяның өмір сүру тәсілі

A) Кеңістік

B) Уақыт

C) Қозғалыс

D) Өзара шарттылық

E) Себептік

27 Марксизм бойынша мемлекет тағдыры, тарих барысы немен анықталады?

А) Діннің дамуымен

В) Моральдың дамуымен

С) Экономика дамуымен

D) Танымал тұлғалардың әсерімен

Е) Идеялар дамуымен

28 Рационализм принцпі мен ақылды сынауды алға тартушы XIX ғ. философтары

A) Г.В.Ф.Гегель, Л.Фейербах

B) И.Кант, И.Фихте

C) А.Шопенгауэр, Ф.Ницше

D) К.Маркс, Ф.Энгельс

E) Ф.Шеллинг, И.Гердер

29 Экзистенциализмнің негізін салушы, XIX ғ. дат философы, жазушы

А) С.Кьеркегор

В) Б.Спиноза

С) Г.-Х. Андерсен

D) В. Дильтей

Е) О.Конт

30 «Белдеулік уақыт» қағидасының авторы?

А) Ф.Ницше

В) А.Шопенгауэр

С) М.Хайдеггер

D) С.Кьеркегор

Е) К.Ясперс