Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика-1 дәрістер.docx
Скачиваний:
1282
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
1.09 Mб
Скачать

12.1 Сурет

Электронның энергиясы ең аз мәнге ие болатын күйі негізгі күй деп аталады және ол стационар болып табылады. Алкүйлердің барлығы қозған күй деп аталады. Қозған күйге өту күйі – еріксіз процесс. Атом қозған күйде белгілі бір уақытта ғана бола алады, содан кейін ол негізгі күйге (немесе энергиясы аз басқа күйге) өздігінен (спонтанды) өтеді. Ол атомның энергия жұтуы арқылы жүреді. Атом осы кезде өзінен квант түрінде электромагнитті сәуле шығарады.

12.2 Орбиталды және магнитті кванттық сандар

Сутегі атомындағы электрон энергиясы тек бас кванттық санға ғана

тәуелді. Бірақ Шредингер теңдеуінен электронның күйін анықтайтын меншікті функция мәндері үш кванттық сандармен анықталады: n- бас кванттық сан, l – орбитальдық кванттық сан және m – магниттік кванттық сан. Барлық кванттық сандар - функциясының қасиеттерінін анықталады.

Орбиталды (немесе азимуталды) кванттық сан электронныңорбиталды импульс моментін анықтайды

. (12.2)

12.2 сурет

Бас кванттық санның берілген мәндеріндесанымәндерін қабылдай алады.

Кванттық механикада орбиталды импульс моментінің өзіне тән қасиеттерге ие: бірмезгілдеимпульс моментінің және оның проекцияларының бірі (мысалы,) берілуі мүмкін, қалған екі проекциясы анықталмаған.

Магниттік кванттық сан орбиталдықимпульс моментінің кеңістіктің таңдап алынған бағытындағы проекциясын анықтайды

. (12.3)

Орбиталды кванттық санның берілген мәндерінде олмәндеріне ие болады.

Импульс моментінің проекциясының бүтін сандығын (бірлікте) кеңістіктің таңдап алынған бағытындағы импульстік моменттің бағдарлануының квантталуымен түсіндіруге болады (12.2 суретті қараңыз). Сонымен Шредингер теориясы бойынша сутегі атомындағы электронның күйіүш кванттық сандармен анықталады.Әрбір меншікті мәнге, энергиядан басқа,орбиталды жәнемагниттік кванттық сандары әртүрлі бірнеше меншікті функциялар сәйкес келеді. Яғни ол сутегі атомы бірнеше әртүрлі күйде энергияның бір мәніне ие бола алатынын білдіреді. 12.1 кестеде алғашқы екі энергетикалық деңгейлерге сәйкес келетін күйлер көрсетілген.

Энергиялары бірдей күйлер азғындалған күй, қандай да бір энергия мәнінде әртүрлі күйлердің саны, энергетикалық деңгейге сәйкес келетін азғындалу еселігі деп аталады. Кванттық жәнесандарының мүмкін мәндері үшін азғындалу еселігін есептеу қиын емес

. (12.4)

12.1 к е с т е

Азғындалу еселігі

1

0

0

1

2

0

1

1

1

0

4

+1

0

-1

12.3 Сутегі атомының оптикалық спектрі

Сутегі атомының оптикалық спектрі (электромагнитті сәуле шығару спектрі) қарапайым. Ол атомның энергетикалық спектріндегі энергетикалық деңгейлерге сәйкес келетін жағдайлармен байланысты жиілік шкаласы жағдайындағы бірнеше жеке спектрлі сызықтардан тұрады

,

мұндағы - қозған күй энергиясы;

- қозған немесе негізгі күй, және де .

Сутегі атомының спектрінің негізгі ерекшелігі, бұл спектр заңдылықпен топталған сызықтар сериясынан тұрады. Есептеулер нәтижелері эксперименттермен жақсы сәйкес келеді.

12.4 Электрон спині

Шредингер теориясында кванттық бөлшектердің кеңістіктегі орнын сипаттаудан өзгеше еркіндік дәрежелері ескерілмейді. Осы қосымша еркіндік дәрежелерге байланысты моментті бөлшектің спині деп аталады. Спин – классикалық физикада аналогы жоқ кванттық шама. Спин –масса немесе заряд сияқты кванттық бөлшектің ішкі қасиеті.

Спиннің болуы және оның барлық қасиеттері салыстырмалы теория талаптарын қанағаттандыратын кванттық механикадағы Дирактың теңдеуінен шығады. Спин сонымен қатар протон, нейтрон, фотон және басқа элементар бөлшектерде де болады( мезондардан басқа).

Электронның меншікті импульс моментінің модулі кванттық механиканың жалпы заңы 1/2-ге тең спиндік кванттық санмен анықталады.

. (12.5)

Спиннің орбиталды моменттен маңызды ерекшелігі спиннің абсолютті мәнінің сақталуы. Оның тек берілген бағыттағы проекциясы ғана өзгеруі мүмкін

, . (12.6)

Сонымен, сутегі атомындағы электрон күйі төрт кванттық сандармен n,l,m және ms толық анықталады. Энергияның меншікті мәніне (-ден басқа)орбиталды жәнемагниттік кванттық сандары өзгеше бірнеше меншікті функциялар сәйкес келеді.

Электронның спині болғандықтан азғындалу дәрежесі (12.4) тағы екі есеге көбейеді.