Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
д.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
03.05.2015
Размер:
2.28 Mб
Скачать

5.1-Сурет. 1 және 2 мысалдарға найзағайдан қорғану сызбасы

Cебебі N<1 болғандықтан Б типті қорғау аймағы бар найзағай қайтарғышты орнату керек.

Найзағай қайтарғыштың керекті биіктігін 5.1-сурет бойынша ғимарат биіктігі деңгейінде қорғау радиусын алып (8) формула бойынша анықтаймыз: Rх=3+14=17 м:

м.

Үлкен жағына қарай дөңгелектей отырып, найзағайдың талап етілетін биіктігін аламыз h=18 м.

Қорғау конусының биіктігін h0 және оның радиусын R0 (5) және (6) формулалар бойынша анықтаймыз:

м; м

Сонымен, найзағайдан қорғанудың берілген сызбасында найзағай қайтарғыштың биіктігі 18 м кем болмау керек.

Бұл бөлімде Электромагниттік өрістердің табиғи көздері мен сәулелену болып, ең бірінші: атмосфералық электр, күннің және галактикалардың радиосәулеленулері, Жердің электрлік және магниттік өрісі. Барлық өндірістік және тұрмыстық электр және радио қондырғы жасанды өрістер мен сәулелену (әртүрлі қарқындағы) көздерін көрсетеді.

Электр қондырғылардың ережелері 500 кВ дейінгі қайта жасалатын және құрастырылатын электр қондырғыларға, соның ішінде арнайы электр қондырғылаға да тарайды. Олардың жеке талаптарын, егерде олар электр қондырғыны ыңғайлы жасаса, ал қайта жасау бойынша шығындар техникалық-экономикалық есептеулермен негізделсе немесе бұл қайта жасаулар істегі электр қондырғыларға таралатын қауіпсіздік талаптарына бағытталған жағдайда қолдануға болады.

6 Радиожүйелердің жаңа технологияларын ендіру тиімділігінің экономикалық маңызы

6.1 Күрделі салымдарды есептеу

Жобаны іске асыру үшін күрделі салымдар өзіне негізгі жабдықтарды алуды, құрылғыларды монтаждау, көліктік шығындар мен жобалауды көздейді. Ол келесі формуламен есептелінеді:

, (6.1)

мұндағы – негізгі құрылғыны алуға жұмсалған күрделі салым;– құрылғыны монтаждау шығындары;– көліктік шығындар;– жобалауға жұмсалған қаржы.

Негізгі құрылғыларға керек құрылғылар мен олардың бағалары 6.1 кестеде келтірілген.

Көліктік шығындар құрылғылардың толық бағасының 3%-ын құрайды жіне келесі формуламен есептелінеді:

теңге

Құрылғыларды монтаждау, жөндеу инженер-монтажшылардың көмегімен іске асады, шығындар құрылғылардың толық бағасының 1%-ын құрап, келесі формуламен анықталынады:

теңге

Жобалау мен жобаны әзірлеу құрылғылардың толық бағасының 0,5%-ын құрап, келесі формуламен анықталынады:

теңге

Жобаны іске асыру үшін жұмсалған толық күрделі салымның жалпы сомасы:

теңге

6.1-кесте. Жобаны іске асыру үшін қажет негізгі құрылғылар мен олардың шығын сметасы

Аталуы

Саны, дана

Бір данасының бағасы, теңге

Сома, теңге

DWL-8600AP сымсыз қолжетімділік нүктесі

6

110 000

660 000

ADSL D-Link 2500U

2

10 000

20 000

DWS-4026 сымсыз коммутатор

1

200 000

150 000

Fujitsu-Siemens PRIMERGY TX200 S3

2

400 000

800 000

UTP 5e кабельдік өнімі

200 м

35

7 000

Басқа материалдар

100 000

БАРЛЫҒЫ:

1 737 000

6.2 Қолдану кезіндегі шығындар

Берілген байланыс жүйелерін қолдануда ағымды шығындар келесі формуламен анықталынады:

, (6.2)

мұндағы ЕТҚ – еңбекақы төлеу қоры; Ом – әлеуметтiк мұқтаждарға ақша аудару; – амортизациялық аударым; Э – өндірістікке қажетті электр энергиясы; Т – үстеме шығыны.

Еңбекақы төлеу қоры

Осы жобаның штатында 2 инженер-техник жұмыс жасайды. Әр инженер-техниктің айлық еңбекақысы 70 000 теңгені құрайды. Жұмысшылардың айлық еңбекақылары 6.2 кестеде көрсетілген.

6.2-кесте. Жұмысшылардың айлық еңбекақылары

Лауазымы

Саны

Айлық еңбекақы мөлшері, теңге

Жылдық еңбекақы мөлшері, теңге

Инженер-техник

2

70 000

1 680 000

Еңбекақы төлеу қоры негізгі және қосымша еңбекақыдан тұрады және келесі формуламен анықталынады:

, (6.3)

мұндағы - негізгі еңбекақы; -қосымша еңбекақы.

Жылдық негізгі еңбекақы:

=1 680 000 теңге.

Ал қосымша еңбеақы негізгі еңбекақының 10%-ын құрап, келесі формуламен есептелінеді:

, (6.4)

теңге

Жылдық жалпы еңбекақы төлеу қоры:

ЕТҚ=1 680 000 + 168 000 =1 848 000 теңге.

Әлеуметтiк мұқтаждарға ақша аудару

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 385 бабында көрсетілгендей әлеуметтік салық есепке түсетін табыстың 11%-ын құрайды. Оны төменде көрсетілген формуламен анықтаймыз:

, (6.5)

мұндағы ЗА – зейнетақы қорына аударылатын қаржы; ЕТК – еңбекақы төлеу қоры; 0,11 – әлеуметтiк мұқтаждықтар мөлшерлемесі.

Зейнетақы қорына аударылатын қаржы көлемі ЕТҚның 10%-ын құрайды және келесі формуламен есептелінеді:

, (6.6)

теңге

Онда әлеуметтік салық аударылымы тқмендегіндей болады:

теңге.

Амортизацияға жұмсалған шығынды есептеу

Амортизациялық аударылымдар құрылғыға жұмсалған амортизация нормасының 25%-на тең болады. Сонымен қатар келесі формуламен есептелінеді:

, (6.7)

мұндағы НА- норма амортизации; ∑К – құрылғының бағасы;

Сонда амортизациялық аударылымдар тең болады:

тенге

Өндіріске қажетті электр энергиясын есептеу

Жылдық өндіріске қажетті электр энергия өзіне бүкіл электр энергия шығындары мен қосымша қажеттіліктерді өзіне қосады, келесі формуламен анықталынады:

, (6.8)

мұндағы – құрылғыларға жұмсалған электр энергия шығындары; – қосымша қажеттілікке жұмсалған шығындар.

Құрылғыларға жұмсалған электр энергия шығындары мына формуламен есептелінеді:

, (6.9)

мұндағы W – қолданылатын қуат, W=16,8кВт; Т – жұмыс істеу уақыты; S – тариф, 1 кВтч=12тг тең; 24 – бір айдағы жұмыс жасайтын күн саны; 12 – бір жылдағы ай саны.

теңге

Қосымша қажеттілікке жұмсалған шығындар құрылғыларға жұмсалған электр энергия шығындарының 5%-ын құрап, келесі формуламен анықталынады:

, (6.10)

мұндағы – құрылғыларға жұмсалған электр энергия шығындары.

Қосымша қажеттілікке жұмсалатын электр энерия шығындары:

теңге

Сонда электр энергия шығыны:

теңге.

Үстеме шығыны

Үстеме шығындар бүкіл шығындардың 75 %-ын құрайды, келесі формуламен есептелінеді:

, (6.11)

мұндағы ЕТК – еңбекақы төлеу қоры.

Сонда ұстеме шығындар тең болады:

тенге

Wi-Fi желісін құру кезіндегі жылдық қолдануға жұмсалған шығындар 6.3 кестеде көрсетілген.

6.3-кесте. Жылдық қолдануға жұмсалған шығындар

Көрсеткіш

Сома, теңге

ЕТҚ

1 848 000

әлеуметтiк мұқтаждарға ақша аудару ()

182 952

Амортизациялық аудырым (Аа )

453 791,25

өндірістікке қажетті электр энергиясы (Э)

60 964

Үстеме шығындар (Т)

1 909 280

Барлығы

4 454 987

6.3 Табыстарды есептеу

Желіні енгізгеннен кейінгі шартты табысты есептейік.

Megaline Wi-Fi қызметі Wi-Fi порты бар ноутбуктар, дербес қалталы компьютерлер мен смартфондарды сымсыз қолжетімділік нүктесі арқылы Ғаламтор желісіне қосады. Megaline Wi-Fi қызметінің ақысын Tarlan + төлем картасы арқылы «Ғаламтор аймағы» атты қызметі бойынша төменде көрсетілген тарифтер бойынша төленеді. Tarlan картасы 500, 1000, 2000 және 5000 теңге көлемінде сатылады.

6.4-кесте. «Wi-Fi ғаламтор аймағы» тарифтерінің қызметі

Уақыт

Әрбір толық немесе толық емес минуттар үшін төлемақы, теңге

Жұмыс күндері:

08.00 ден 18.00 дейін;

1,34

18.00 ден 23.00 дейін;

1,68

23.00 ден 08.00 дейін.

0,65

Демалыс және мейрам күндері:

08.00 ден 23.00 дейін;

1,24

23.00 ден 08.00 дейін.

0,59

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек. әрбір Желіні қолданушы бір айда орта есеппен Tarlan картасының 1000 теңге сомасын қолданады.

Қызметті іске асырудан түскен табыс келесі формуламен есептелінеді:

, (6.12)

мұндағы – клиенттің айлық абоненттік төлемақысы; N – клиенттер саны. n – ай саны.

теңге

Жобны іске асыруының тиімділік бағасы келесі көрсеткіштерге байланысты болады::

  1. Таза табыс

  2. таза көрсетілген табыс;

  3. дисконттаусыз өтелімділік мерзімі;

  4. дисконттауды есептегендегі өтелімділік мерзімі.

Өтелімділік мерзімін анықтау үшін таза табыс пен салық төленгеннен кейінгі кәсіпорынның табысын есептеу қажет.

Қызметтерді көрсеткеннен кейінгі табыс келесі формуламен анықталынады:

, (6.13)

мұндағы Т – қызметті көрсеткеннен түскен табыс; КТС – заңды тұлғалардан алынантын корпоративті табыс салығы.

Салық сомасы кәсіпорынның таза табысының 20%-ын құрайды. Салықты төлегеннен кейінгі кәсіпорынның таза табысы келесі формуламен анықталынады:

, (6.14)

Қызметті көрсеткеннен түскен табыс мына формуламен анықталынады:

, (6.15)

мұндағы - бір жыл ішіндегі қызметтерді енгізгеннен кейінгі таза табыс; ∑П – пайдалануға кеткен шығындар.

КТС (5.14) формула бойынша тең болады:

теңге

Ал қызметті көрсеткеннен түскен табыс

теңге

Осыдан таза табыс тең болады:

теңге.

6.1-суретте көрсетілген графиктен жобаға салынған қаржының өтелімділігін анықтауға болады. Дисконттаусыз өтелімділік мерзімі 13 айға тең. График 6.5 кестеде мәндер бойынша тұрғызылған.

6.5 кесте. Дисконтауды есептемегендегі табыс көрсеткіштері

Көрсеткіштің аты

1 жыл

2 жыл

Қызметті іске қосқандағы табыс, теңге

6 000 000

6 000 000

Қолдануға кеткен шығын, теңге

4 454 987

4 454 987

Табыс, теңге

1 545 013

1 545 013

Таза табыс, теңге

1 236 010

1 236 010

Амортизациялық аударымдар А0, тенге

453 791

453 791

Таза ақша ағымы, теңге

1 689 801

3 379 602

Күрделі салымдар, теңге

1 815 165

0

Таза түсулер, теңге

-125 364

3 254 238

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]