Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

ал кәрі тауықтарда баяу өсетін өспелерді туындатады. Өспе туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді:

бірінші сатысында жасуша ішіне еніп, онда ДНҚ

молекуласымен бірігіп кетеді де, жасушаның тектік ақпаратын өзгертеді;

екінші сатысында өзгерген тектік ақпарат бойынша онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады;

үшінші сатысында онконәруыздар жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, өспе жасушасына айналдырады.

391 Өспе өсуіне әкелетін биологиялық факторларға, келтірілген вирустармен қатар, He-licobacter Pylori бактериясын жатқызуға болады.

Осы көрсетілгендермен бірге өспе өсуіне әкелетін көптеген қауіп-қатерлі ықпалдарды ажыратады. Оларға:

зиянды әдеттер:

темекі шегу;

маскүнемдік;

насыбай ату;

бейберекет жыныстық қатынастарда болу (промискуитет);

тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу, ысталған

тамақты артық пайдалану,

тағамда

витаминдер,

қанықпаған

май қышқылдары жетіспеуі т.т.);

 

 

● қоршаған ортаның

химиялық

заттармен,

иондағыш

сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады.

Өспенің пайда болуы немесе болмауы көпшілік жағдайда организмнің, ең алдымен реттеуші жүйелерінің жағдайларымен, оның даралық реактивтілігімен өте тагыз байланысты. Өспе дамуында жүйкелік-эндокриндік және иммундық жүйелердің маңызы өте үлкен.

Жүйке жүйесінің өспе дамуындағы маңызы.

Тіпті XIX ғасырдың өзінде. дәрігерлер өспе пайда болуын жүйке жүйесінің жағдайымен байланыстырған. Ал, бұл сұрақ алғашқы эксперименттік дәлелдеуді И. П. Павловтың

зертханасында

алды.

М. К.

Петрова

эксперименттік

неврозбен

ауыратын

иттердің

арасьшда

жиі

өспелер

дамитынын байқады. Артынан

ол, Л. М. Шабадпен бірігіп,

бұл жануарларда химиялық

канцерогендердің

әсерлерінен

өспе дамуы жеңілдейтінін дәлелдеді.

 

 

Соңғы жылдардағы зерттеулерге

қарағанда

созылмалы

невроздық жағдайлар, көңіл-күйдің тұнжырауы, ұзақ жан күйзелісгері өспе дамуына әкелетін демеуші ықпал болатыны күмән шақырмайды. Өспе дамуында организмнің дене бітім ерекшеліктері, әсіресе жоғары жүйке әрекеттерінің түрлері маңызды орын алады.

Өспе дамуында симпатикалық және парасимпатикалық

 

жүйкелердің маңызы үлкен. Дистрофиялық үрдіс ежелден обыр

 

алды жағдай деп есептеледі. А. Д. Сперанскийдің

 

зертханасында жүйке жүйесінің әр түрлі құрылымдарына

 

бүліндіргіш әсер еткенде нейрогендік дистрофия дамитыны

 

көрсетілді, Содан 15-20% жағдайларда жиі ауыз қуысында

 

папилломалар дамиды. Өспелердің орналасу орындары ағзаның

 

жүйкеленуі бұзылыстарымен анықталады. Егер көкбауырдың

 

жүйкелерін кесіп, қоянның тамырына Браун-Пирс карцино-

 

масының жасушаларын енгізсе, онда бұл өспе көкбауырда

392

дамитыны

 

көрсетілді.

 

Осыған

байланысты

алдын

ала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бүйректің, асқазанның жүйкелерін кескеннен кейін өспе

 

жасушаларын организмге енгізгенде сол өспе жүйкелері

 

кесілген ағзаларда дамитыны байқалады.

 

 

 

 

 

Шеткері

 

 

жүйке

құрылымдарының

 

ішкі

 

ағзаларда

 

хирургиялық өрекеттер кездеріндегі бүліністері өспенің

 

метастаза таратуында және оның қайталануында маңызды рөл

 

атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осымен бірге өсіп келе жатқан өспе организмнің жүйке

 

жүйесінің

жағдайына

үлкен

әсер

етеді.

Аурулардың

 

психикасы өзгереді, қозу, тежелу үрдістерінің арақатынасы

 

бұзылады, созылмалы күйзеліс жағдайы дамиды.

 

 

 

 

 

Эндокриндік жүйенің өспе дамуындағы маңызы.

 

Өспенің дамуы эндокриндік жүйенің жағдайымен тығыз

 

байланысты.

Эндокриндік

жүйенің

онкогенезде

қатысу

 

дәрежесіне байланысты дисгормондық және эндокриндік емес

 

өспелер болып бөлінеді. Дисгормондық өспелердің дамуында

 

организмнің

гормондық жағдайының бұзылуы маңызды орын

 

алады. Бұл өспелерге гормондардың артық түзілуінен пайда

 

болатын нысана ағзаларда (жатыр, сүт безі, қуық асты безі)

 

дамитын өспелер және эндокриндік жүйенің кері байланыстары

 

бұзылуынан бездердің өздерінде дамитын өспелер жатады.

 

Өспелердің, соның ішінде сүт бездері мен жатырдың өспелері

 

дамуында организмде эстрогендердің артық өндірілуі немесе

 

сырттан

 

көп

енгізілуі

маңызды.

Эстрогендердің

 

канцерогендік әсері негізінде олардың нысана ағзалар

 

жасушаларының өсіп-өнуін, көбеюін сергітетін әдеттегі

 

қабілеті жатады. Фолликулды жетілдіретін гормонда (ФЖГ)

 

сүт бездерінде өспе дамуына әкеледі. Ол: біріншіден,

 

эстрогендер өндірілуін арттырады, екіншіден, сүт бездеріне

 

тікелей әсер етеді. Кексе әйелдерде климакс дамуына

 

байланысты жыныс гормондары түзілуін реттеуді қамтамасыз

 

ететін эндокриндік жүйе (гипоталамус - аденогипофиз) ұдайы

 

жоғары қызмет атқарады. Осының нәтижесінде гонадотропты

 

гормондардың артық түзілуі әйелдердің жыныс бездерінде

 

жетілмеген стероидтардың көптеп түзілуіне әкеледі. Олар

 

гормондық

қасиетін жоғалтады,

бірақ

жасушалардың

өсіп-

өнуін арттыратын қабілетін сақтап қалады.

Өспе дамуына жыныстық бездерден басқа бездер де әсер етеді. Қалқанша бездердің гормондары организмде өспе дамуын бөгейді. Бірақ олар сүт бездерінің обыры мен хорионэпителиома дамуын арттыруы мүмкін. Гипотиреоз кезінде өспе жиі дамиды. Басқа бездердің өспе дамуындағы орны аз зерттелген. Бұл сүрақ бойынша зерттеулердің нәтижелері қарама-қайшы болып келеді. Глюкокортикоидтық гормондар химиялық канцерогенезге әлсіретуші әсер етеді,

393бірақ дамып келе жатқан өспелердің метастаза таратуын, оның өсу жылдамдығын күшейтеді.

Иммундық жүйенің өспе дамуындағы маңызы.

Тұқым қуалайтын иммундық жүйенің жеткіліксіздігі бар адамдарда өспе сау адамдарға қарағанда 10000 есе жиі кездеседі. Ағзалары ауыстырылып отырғызылған адамдарға иммундық тежегіштер енгізілудің нәтижесінде оларда өспе дамуы 80—100 есе жиі байқалады.

Организмде иммундық шабуылдың нәтижесінде обыр алды жағдайлардың обырға айналуы алдын ала ескертіледі. Жорамал бойынша әрбір адамда кемінде бір жасуша болса да өспе жасушасына айналып тұрады. Бірақ көпшілік жағдайларда олар организмнің иммундық шабуылына ілініп, жойылып отырады. Ал, иммундық жүйенің жеткіліксіздігінде өспеге айналған жасуша көбейіп, өспенің түйіні пайда болуына әкеледі.

Өспе ауруымен ауыратын организмде өспе жасушаларын жойып отыратын лимфоциттер және олармен арнайы байланыса алатын антиденелер болатыны дәлелденді. Былайша айтқанда пайда болған өспеге жауап ретінде организмде иммунитеттің жасушалық және гуморалдық факторлары дамиды.

Сонымен, организмде өспеге жауап ретінде иммундық серпілістер бар. Бірақ, соған қарамай өспе дамиды және организмнің тіршілігін тоқтатады. Тіпті жануарларды алдын

ала

өспе

жасушаларымен

иммундап, содан кейін организмге

сол

өспе

жасушаларын

ауыстырып отырғызса, ол тым тез

дамиды. Жоғарыда келтірілген деректерден өспеге қарсы иммунитет бір жағынан одан қорғанудың негізгі тетігі болады, екінші жағынан ол, керісінше, өспенің дамуын күшейтеді.

Өспеге қарсы организмнің төзімділігі қалыптасуында жасушалық факторлар өте маңызды. Көптеген өспелер антиденелердің немесе антиденелер мен комплементтердің әсерлеріне өте төзімді, ал киллер (ағылш. killer - жендет) жасушаларының әсерінен тез ыдыратылып жіберіледі. Организмнің өспеге қарсы қорғанысында табиғи киллерлер немесе NК-жасушалары, Т-жендет жасушалары және макрофагтар үлкен қызмет атқарады (13-сурет). Бүдан басқа антидене

тәуелді жасушалардың {К-жасуша) қатысуымен болатын цитотоксиндік әсер өспе жасушаларын ыдыратады (14-сурет).

Организмде өспе өсуі иммунитеттің әлсіреуінен болады. Өспе туындататын көптеген химиялық, физикалық (иондағыш сәулелер) ықпалдардың әсерлеріңен немесе жастың ұлғаюына байланысты иммундық жүйенің тежелуі (депрессиясы) болатыны белгілі. Сонымен бірге өсіп келе жатқан өспе жасушалары иммундық тежегіш әсер етеді деген пікір бар. Бұл пікірді жақтаушылар, өспе жасушаларында және басқа тіндерде

394иммундық тежегіш ретінде әсер ететін заттар өндіріледі деп болжайды. Бұл заттарға шағын молеку-лалық өнімдер (қанықпаған май қышқылдары, олигопептидтер), протеазалар, ұрықтық антигендер (α-фетопротеин, трофобластық глобулин) полиаминдер, Т- және В-лимфоциттердің супрессорлық факторлары, глюкокортикоидтар т. б. жатады.

Өспеге организмнің иммундық жауабы әлсіреуінде супрессор жасушаларға маңызды мән беріледі. Өспе өсуі кезінде Т-және В-супрессор жасушаларының әсерлілігі күшейеді. Олар хелпер жасушаларына қарағанда антигенге өте сезімтал болады. Сондықтан, антигеннің шамалы мөлшеріне супрессорлардың белсенділігі артады, жәрдемші (хелпер) жасушалардың белсенділігі төмендейді.

Өспе дамуындағы тұқым қуалаушылықтың маңызы.

Өспе пайда болуында организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің маңызы бар екені даусыз. Оның дамуында тұқым қуалаушылық түрлерін денежасушалық және гаметалық деп ажыратады. Денежасушалық тұқым қуалаушылықтың түріне дене жасушаларының өздерінің қасиеттерін туынды жасушаларға бере алуы жатады. Гаметалық тұқым қуалаушылықтың түрі деп организм белгілері жиынтығының кейінгі ұрпаққа жыныс жасушаларымен тасымалдануын ұғады.

Өспенің пайда болуыннда және дамуында денежасушалық тұқым қуалаушылық біршама жақсы зерттелген. Бүгінгі күні өспе өсуі дене құрылымы жасушаларының геномындағы өзгерістермен түсіндіріледі.

Жыныстық жасушалармен ұрпаққа өспе өсу жолдарының тасымалдануы әлі шешімін толық тапқан жоқ. Дегенмен, кейбір келесі деректер өспелердің ұрпақтан ұрпаққа ауысу мүмкіншіліктерін көрсетеді. Мәселен, жануарлардың кейбір түрлерінің (ақ тышқандар т. б.) ішінде өспемен жиі немесе сирек ауыратын гендік таза тұқымдары болатыны белгілі. Кейбір отбасыларында қатерлі өспелер жиі кездесетіні анықталған. Бір ұрықтан дамыған егіз адамдарда, екі ұрықтан дамыған егіздерге қарағанда, өспе екі есе жиілікпен кездеседі. Сонымен бірге хромосомалық аурулары бар адамдарда өспе жиі дамитыны байқалған. Бұл келтірілген

деректер өспенің пайда болуында және дамуында тұқым қуалаушылықтың белгілі маңызы бар екендігін көрсетеді. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша жыныстық жасушалар арқылы ұрпаққа өспе дамуына 90-95% жағдайларда бейімділіктің гені беріледі. Тұқым қуалау бойынша канцерогендердің әсерлеріне өспе дамуымен жауап қайтаратын организм реактивтілігінің ерекшелігі берілуі мүмкін. Бұл кездерде организмде ДНҚ молекуласының репарациялық ауытқулары, иммундық, жүйкелік және эндокриндік жүйелердің

395ерекшеліктері өспе дамуына бейімдеуі ықтимал. Ал 5-10 % өспелердің ұрпақтан ұрпаққа тікелей тарауы, бүгінгі күні дәлелденген. Мәселен, ретинобластома Rb-генінің жоғалып кетуінен, тоғышектің полипозы Эй-Пи-Си генінің болмауынан, нейрофиброматоз NF-генінің делециясынан, пигменттік ксеродерма ДНҚ молекуласының репарациялық гендері болмауынан дамиды. Сондай-ақ, ата-аналарынан ұрпаққа өспе дамуына қарсы жоғары төзімділік немесе тұрақтылық та берілуі мүмкін.

Сыртқы орта ықпалдары мен организмнің даралық реактивтілігі өспелердің пайда болуын тездетуі немесе баяулатуы мүмкін.

Сонымен, өспелердің этиологиясы себепкер ықпалдармен, олардың макрорганизммен арақатынасымен және өзара әсерлерімен байланысты. Өспе даму үшін көптеген ықпалдар бірігіп әсер өтуі мүмкін. Өспе дамуы өзгеріп тұратын динамикалық үрдіс болғандықтан, ол кездегі себеп-салдарлық

арақатынастардың үдайы өзгеріп тұруы маңызды орын алады.

Өспе өсу патогенезі.

Өспе өсу патогенезі осы күнге дейін ең бір күрделі және әлі толық шешілмеген мәселе. Дегенмен, соңғы жылдары өспе өсу патогенезі әжептәуір зерттелді. Әсіресе қальшты жасушалардың өспе жасушасына айналуының бастапқы және шешуші сатылары анықтала түсгі. Ол жасушалардың өсуін, көбеюін және жетілуін қадағалайтын гендердің тұрақты өзгерістерінен болатыны күмән шақырмайды.Өспе өсу патогенезінде үш кезеңді ажыратуға болады:

сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, трансформация немесе бастама (инициация) кезеңі деп аталады;

өспе жасушаларының әсерленіп, қарқынды өсіп-өніп, көбеюі және алғашқы өспе түйінінің пайда болуы, промоция кезеңі делінеді;

өспе жасушаларының тұрақты сапалық өзгерістерін және қатерлі қасиеттер қабылдауын, немесе өспе өсуінің үдеуін (өршуін), прогрессия кезеңі дейді.

Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы мына себептерден болуы мүмкін:

протоонкогендердің белсенді онкогендерге айналуынан; оны онкогеннің әсерленуі деп те атайды;

жасушалардың өсіп-өнуін, бөлініп көбеюін тежейтін нәруыздардың түзілуін қадағалайтын тежегіш (супрессор) гендердің белсенділігі жоғалуынан немесе тым қатты азайып кетуінен;

жасушалардың тектік ақпарат бойынша өздерінің тіршілігін жоғалтуының немесе апоптоз дамуының бұзылыстарынан;

396

♣ жасушалардың ДНҚ молекуласының бүлінген жерлерінің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қалпына

келу

(репарациялық)

мүмкіншіліктерінің

 

бұзылыстарынан.

 

 

 

 

 

 

 

 

Протоонкогендердің белсенді онкогендерге айналуы.

 

Бүгінгі

күні, жасушалардың

өсіп-өнуін

қадағалайтын,

 

50-ден астам протоонкогендер болатыны белгілі. Олар

 

жарақаттардан

немесе

қабынудан

кейінгі

бүлінген

 

жасушалардың орнын толтырып тұру үшін сау

жасушалардың

 

өсіп-өнуін

 

арттырады.

Протоонкогендерді

тәжірибелік

 

жануарларда болатын өспелердің ағылшынша атауларының

 

бастапқы әріптерімен белгілейді. Мәселен, протоонкоген erb

 

– эритробластома, ras – егеуқұйрықтарда болатын саркома,

 

abl – тышқандардағы Абельсон лейкемиясы, myc – құстардың

 

миелоцитоматозы, sis – маймыл саркомасы, fes – мысық

 

саркомасы, src – Раус саркомасы т.с.с. белгіленеді.

 

Эпидермистің

 

өсу

 

факторының

рецепторы

 

erb-B

 

протоонкогенімен,

тирозиндік

протеинкиназа

src

 

протоонкогенімен,

G-нәруыздар

ras

протоонкогенімен

 

қадағаланады.

Протоонкогендер

fos,

jun,

myc

 

ядрода

транскрипциялық факторларды қадағалайды. Бұл қалыпты жағдайларда болатын протоонкогендер әртүрлі себептерден әсерленіп кетуі ықтимал. Ол мына себептерден болады:

нүктелі мутация немесе гендік мутация хромосоманың белгілі жерінде ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтік негіздердің орналасу тәртібі өзгеруінен дамиды. Ол гендерге уытты ықпал ететін көптеген канцерогендердің немесе оттегінің бос радикалдарының әсерлерінен дамиды;

протоонкоген орналасқан бір хромосоманың локусы белсенді гені бар екінші хромосоманың бөлшегіне ауысып

қонуынан

(транслокация);

мәселен, Беркитт

лимфомасы

кезінде

8-жүп

хромосоманың

протоонкогені

14-жұп

хромосомаға ауысады. Онда

ол

белсенді күшейткіштің

(промотордың) ықпалында болады. Миелолейкоз кезінде 9-жұп хромомосаның ұзын иық бөлшегі 22-жұп хромосомаға ауысады. Бұндай хромосоманы Филадельфиялық хромосома дейді;

● жасушаларда протоонкогендердің көшірмелерінің тым көбеіп кетуінен; оны амплификация дейді.

ДНҚ молекуласының бөлікшелеріне көрші орналасқан

гендерді әсерлендіретін күшейткіш

(промотор) (мәселен,

өспе туындататын вирустың гені)

қосылып кетуінен

протоонкоген белсенді онкогенге айналады.

Осыдан жасушаның бөлініп көбеюі артып кетеді. Мәселен, қалыптыдан ауытқыған эпидермистің өсу факторының рецепторы ұдайы белсенді жағдайда болады да, жасушалардың бөлінуін арттыратын жалған хабар жеткізіп тұрады. Қалыптыдан ауытқыған G-нәруыздар ГТФ молекуласын ыдырату қабылетінен

397айырылады да, бұл молекула жасуша бөлінуін ұдайы сергітіп тұрады. Жасуша ядросында транскрипциялық факторлар көбейіп немесе олардың белсенділігі артып кетуінен жасушалардың бөлінуін сергітетін гендердің өршіп кетуі болады. Онкогендердің қадағалауымен жасушалардың өсіп-өнуін арттыратын онконәруыздар түзіле бастайды. Осылардың нәтижесінде жасушалар бақылаусыз өсіп-өніп кетеді. Бұндай жағдай организмнен аластанған тіндерді жасанды жағдайда өсіргенде айқын байқалады. Ал, тұтас организмде өспе даму үшін тек бір немесе екі онкогеннің әсерленуі әлі жеткіліксіз болады. Өйткені қалыпты жағдайда жасушалардың бөлініп көбеюін тежейтін нәруыздар бөгеп тұрады. Олардың түзілуін қадағайтын гендерді тежегіш (супрессор) гендер дейді. Тұтас организмде өспе өсуі үшін осы гендердің белсенділігі жоғалып немесе тым қатты азайып кетуі қажет.

Жасушалардың өсіп-өнуін, бөлініп көбеюін тежейтін нәруыздардың түзілуін қадағалайтын тежегіш (супрессор) гендердің белсенділігі жоғалуы немесе тым қатты азаюы.

Бұндай гендердің болуына мынадай дәлелдер келтіруге болады:

тәжірибеде өспе жасушасын сау жасушамен біріктіріп

жібергенде өспе дамымайды. Бұл дерек біріншіден, сау жасушада жасуша бөлінуін тежейтін фактор болатынын көрсетеді; екіншіден, жасуша бөлінуін қадағалайтын онкоген гетерозиготтық жағдайда бәсеңкі екенін және өспе жасушасына айналу үшін ол ген гомозиготтық жағдайда болуын немесе екі аллельдің бірдей бүлінуі қажеттігін көрсетеді.

өспе

жасушаларында әрдайым

хромосомалардың

бір

бөлшегі

жоғалған

(делециясы)

болады.

Мәселен,

ретинобластома өспесі кезінде 13-жұп хромосоманың ұзын иығында ақау болатыны байқалды. Артынан осы хромосоманың иығында ретинобластоманың тежегіш-гені болатыны анықталды.

Ол генді Rb-гені дейді.

 

 

Тежегіш-гендер

жасушалардың

бөлінуін

әртүрлі

сатыларында тежейтін

нәруыздардың

түзілуін қадағалайды.

Бұл нәруыздарға:

 

 

 

♣ геномның негізгі тұрақтылығын «қорушысы»

- протеин

53 (р53); бұл нәруыз геномның тұрақтылығын қадағалайды және ДНҚ молекуласының қайтымсыз бүліністерінде апоптоз дамуын жұмылдырады;

жасуша бөлінуінің ДНҚ түзілу фазасына енуін (G1/ S фазаларының аралығында) тежейтін Rb-нәруызы;

циклин-циклинтәуелді киназа кешенінің белсенділігін тежейтін протеин 16 (р16) және протеин 21 (р21) нәруыздары;

ішектерде аденоматоздық полипоздар дамуын тежейтін

398Эй-Пи-Си (ағылш. Adenomatosis Poliposis Coli) нәруызы;

нейрофиброматоз дамуын тежейтін нейрофибромин (NF-

1)нәруызы;

емшек обыры дамуын тежейтін BRCA-1 (breast cancerемшек обыры) нәруызы т.б. жатады.

Бұл тежегіш нәруыздардың түзілуін қадағалайтын гендердің жоғалып кетуінен (делециясынан) олардың болмауы онкогендердің өршіп кетуіне, сау жасушаның өспе жасушасына айналуына әкеледі. Содан онконәруыздар түзіледі. Олар:

өсу факторы ретінде;

өсу факторын қабылдайтын рецепторлар ретінде;

жасушаның митоздық бөлінуіне дабыл тарататын екіншілік дәнекерлер ретінде;

транскрипциялық фактор ретінде әсер етеді. Осыдан жасушалардың бақылаусыз өсіп-өніп кетуі байқалады.

Сау жасушаның өспе жасушасына айналуының келесі бір маңызды тетігі болып апоптоз дамуының бұзылыстыры саналады.

Апоптоз дамуының бұзылыстары.

Апоптоз – жасушалардың өздерінің тектік ақпараты бойынша, бағдарланған түрде, тіршілігін жоюы (толығырақ жасуша патофизиологиясын қараңыз).

Апоптоз дамуын тежейтін (bcl-2) және оны сергітетін (bax) гендердің мутациясы нәтижелерінде жасушалар тіршілігін жоғалтпай, ұдайы өсіп-өне береді де, өспе жасушасына айналады. Бұл кезде bax генінің белсенділігі

төмендеп, керісінше, bcl-2 генінің белсенділігі

өршіп

кетуі ықтимал.

 

 

 

 

Жасушалардың

апоптозы

дамуында

екі

түрлі

рецепторлардың маңызы бар. Біріншісі CD95 рецепторы, екіншісі өспені жоятын фактордың (TNFRағылш. tumor necrosis factor receptor) рецепторы. Осы рецепторлармен CD95-L, өспені жоятын фактор (TNF) байланысудан жасуша ішіне апоптоз дамуына бағытталған хабар жеткізіледі. Бұл рецепторлардың өзгерістері де апоптоздың бұзылыстарына әкелуі мүмкін. Сонымен бірге р53 нәруызының болмауы да апоптоз дамуын жоғалтады (жоғарыдан қараңыз).

Жасушалардың ДНҚ молекуласының бүлінген жерлерінің қалпына келу (репарациялық) мүмкіншіліктерінің

бұзылыстары.

ДНҚ молекуласы қоршаған ортаның көптеген ықпалдарынан күнделікті бүліністерге ұшырап тұрады. Ол бүліністер дер кезінде байқалып, жойылып, ДНҚ молекуласы қалыпты жағдайға келтіріліп тұрады. Осы жағдайды ДНҚ молекуласының репарациясы деп атайды. Оны қадағалайтын гендер болады.

399Олар ДНҚ молекуласын екі түрлі жолмен қалпына келтіретін гендер болып ажыратылады. Біріншісі ДНҚ молекуласының бүлінген жерін кесіп алып, оның орнын толтыратын (эндонуклеаза, ДНҚ-полимераза, лигаза т.б.) ферменттердің түзілуін қадағалайтын гендер, екіншісі ДНҚ молекуласындағы жұпталмаған сыңар азоттық негіздерді қалпына келтіретін (mismatch repair) гендер делінеді. Бірінші гендердің мутациясы нәтижесінде, эндонуклеаза т.б. ферменттерінің белсенділігі төмендеуінен, ДНҚ молекуласының бүлінген жерлерін кесіп алып жою мүмкіншілігі жоғалады. Содан ультракүлгін сәулелердің әсерлерінен теріде обыр өспесі дамуына қатер төнеді. Сыңар азоттық негіздердің қалпына келтірілуін қадағалайтын гендердің (hMLH1, hPMSI, hMSH2, hPMS2) ауытқуларынан аденин, гуанин, тимин және цитозин негіздерінің байланысу қателіктерін байқап, түзеу мүмкіншіліктері жоғалады. Осыдан геномның қатты тұрақсыздығы байқалады.

Осы себептерден қоршаған ортаның ықпалдарынан пайда болған ДНҚ молекуласының ақаулары және жасуша бөлінуінің S-фазасында бұл молекуланың түзілуі кезінде пайда болған қателіктерді түзету мүмкіншіліктері қатты азайып кетеді. бар жасушалар апоптозға ұшырап, жойылмай, өзгерген тектік

ақпаратымен сақталып қалады. Олар ары қарай өсіп-өніп, өзгерген ақпаратын туынды жасушаларға бере береді. Сөйтіп өспе жасушасына айналады.

Өспе

дамуы

үшін

жекелелен

жасушалардың

өспе

жасушасына

айналуы (трансформациясы) әлі жеткіліксіз

болады.

Бірен-саран

өспе

жасушалары

дер

кезінде

организмнің қорғаныстық

күштерімен

жойылып

отырады. Өспе

дамуы үшін бұл жасушалардың қарқынды өсіп-өніп, көбеюі және алғашқы өспе түйінінің пайда болуы қажет.

Өспе жасушаларының әсерленуі және алғашқы өспе түйіні

 

 

пайда болуы (промоция).

 

 

 

Эксперименттік

жануарлардың

қанына

енгізген

аз

мөлшердегі

өспе

жасушалары өспе

дамуына

әкелмейді,

Ол

даму үшін

қосымша

түрткілердін

әсерлерінен

өспеге

айналған жасушалардың

әсерленуі

және қарқынды

көбеюі

 

қажет.

Бұл

кезде

қатерлі

өспе жасушаларының

өскіндері

 

(клондары)

пайда

болады.

Осындай

жағдайды

промоция

 

(ағылш. promotion – қолдау, күшейту) деп атайды. Өспе

 

жасушасының қарқынды өсіп-өнуіне қолдаушы ықпал ететін

 

экзогендік және эндогендік заттарды промоторлар дейді.

 

Бұлардың көпшілігі өспе жасушасының қарқынды өсіп-өнуіне

 

протеинкиназа С ферментінің белсенділігін арттырып,

 

нәруыздық

фосфатаза

тобына

жататын

ферменттердің

 

белсенділігін төмендетіп әсер етеді.

 

 

 

 

 

400

Сау

жасушаны

өз

 

беттерінше

өспе

 

жасушасына

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

айналдырмайтын кейбір ықпалдар организмде бұрын пайда

 

болған өспе жасушаларының бөлінуін арттырып, өспе түйіні

 

пайда болуына әкеледі. Мәселен, егеуқүйрықтардың терісіне

 

бір рет диметилбензантрацен (ДМБА) жағу өспе дамуына

 

әкелмейді. Ал, осы ДМБА теріге жаққан соң іле-шала, өз

 

бетінше өспе туындатпайтын кротон майымен майласа, онда

 

теріде обыр дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кротон майын ДМБА-нің алдында немесе одан кейін көп

 

кешеуілдетіп жақса да өспе дамымайды. ДМБА-нен кейін

 

скипидармен майлауда өспе дамуына әкелмейді. Сонымен ДМБА

 

сау жасушаны өспе жасушасьша айналдыратын ықпал болса,

 

кротон майы өспе жасушаларын әсерлендіріп,

олардың

 

бөлініп-көбеюін күшейтетін ықпал.

 

 

 

 

 

 

 

Уокер карциномасының 50 жасушасын егеуқүйрықтың

 

көктамырына енгізгенде өз бегінше өспе дамымайды, Ал, осы

 

егеуқұйрықтардың іш қуысын ашып, бауырын

 

бірнеше

рет

 

қолмен уқалап тітіркендірсе, онда оларда бауырдың

 

карциномасы дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асқазан

 

обыры

дамуында

соматостатин

 

промоторлық

 

(күшейткіш)

 

әсер

ететіні

жануарларда

 

өткізілген

 

тәжірибелерде дәлелденді. Тоғышек обырына өт қышқылдары,

 

қуық обырына натрий сахарині промоторлық әсер етеді.

 

Биттнер вирусымен зарарланған ақ тышқандарға эстрогендік

 

гормон енгізгенде емшек обыры дамиды. Ал вируспен

 

зараланбаған тышқандарда бұл гормон өспе дамытпайды.

 

Сонымен эстрогендік гормондар өспе өсуіне промоторлық әсер

 

етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен өспе даму үшін қосымша түрткі қажет. Дегенмен,

 

кейбір канцерогендік заттар толық канцерогендер болып, әрі

 

жасушалардың трансформациясын, әрі әсерленуін туындатады.

 

Олар үшін қосымша түрткілердің қажеті жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өспе өсуінің үдеуі

(өршуі).

 

 

 

 

Өспе жасушаларының тұрақты сапалық өзгеруі және

 

үдемелі

түрде

қатерлі

қасиеттерін

күшейтуін

 

өспе өсуінің

 

үдеуі немесе прогрессиясы дейді. Ол өспе дамуының үшінші

 

сатысы.

Өспе

түйінінің

көлемі

ғана

ұлғайып

қоймай,

ол

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]