Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / НүркеевҰ / диплом НүркеевҰ (Восстановлен).doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4.4 Сыртқы әсер факторларына орнықтылыққа қойылатын сапа талаптарын талдау

1) ОК механикалық әсерлерге орнықтылығын сипаттайтын параметрлердің мәндері ТШ-да (Кесте Ә.1) сәйкес нақты маркалы кабельдерге талаптар қояды.

2) ОК орауға да берік болуы керек. Орауларға қойылатын талаптар ТШ-да нақты маркалы кабельдерді тағайындайды.

3) ОК климаттық факторлардың әсеріне орнықтылығын сипаттайтын параметрлердің мәндері ТШ-да (Кесте Б.1) сәйкес нақты маркалы кабельдерге талап қояды.

4) ОК зең саңырауқұлақтарының әсеріне орнықтылығына қойылатын талаптар ТШ-да нақты маркалы кабельдерді тағайындайды.

5) З және Н типті ОК кеміргіштердің әсеріне де төзімді болуы керек.

6) Жұмысшы ерітінділердің, зиянды, арнайы және сынаушы орталардың әсеріне орнықтылыққа қойылатын талаптар ТШ-да ОК қолданылу аясына сәйкес нақты маркалы кабельдерді тағайындайды. Ескерту – Тапсырыс берушімен келісе отырып, нақты маркалы кабельдерге берілетін ТШ-да параметрлерге өзге де талаптар беріледі және аталмыш стандартта көрсетілмеген сыртқы әсер факторларының түрлері келтіріледі.

4.5 Сенімділікке қойылатын сапа талаптарын талдау

Нақты маркалы кабельдердің ТШ-да қызмет ету мерзімін қалыпты климат жағдайлары үшін тағайындайды. Қызмет ету мерзімінің мәндерін мына қатардан таңдайды: ОК құрылысы мен оның қолданылу аясына сәйкес 2, 5, 8, 10, 12, 15, 20, 25, 30, 35 және 45 жыл. [9]

5 «Псц» жшс сынау орталығында кабельдерді сынау

5.1 Сынау жүргізу шарттары

Сапаны басқаруда өнім сапасын бақылау ерекше орын алады. Бақылау – алға қойылған мақсатқа жетудің ең тиімді құралдарының бірі және басқарудың басты функциясы ретінде, жоғарғы сапалы өнім шығару шарттарын дұрыс пайдалануға әсер етеді. Ал осы бақылаудың ерекше түрі – дайын өнімді сынау.

Сынау (МСТ 16504-81) – сынау объектісінің қасиеттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспериментальды анықтау.

Сынау кезінде объект қасиеттерінің сипаттамалары: егер, сынау мақсаты сандық және сапалық баға беру болса – бағалануы, ал егер, сынау мақсаты тек объект сипаттамаларының белгіленген талаптарға сәйкестігін бекіту болса – бақылануы мүмкін. Екінші жағдайда сынау бақылауға жақын келеді. Мысалы, қабылдап өткізу, кезеңдік, сертификациялық сынаулар.

Қабылдап өткізу сынауларыәрбір өнімнің тапсырыс берушіге жеткізу мүмкіндігін анықтау үшін жүргізілетін сынаулары.

Кезеңдік сынаулар - өндіріс технологиясының тұрақтылығын тексеру мақсатында белгілі бір кезеңде (мысалы, жылына 1 рет) өткізілетін сынаулар.

Сертификациялық сынаулар өнімді талап етілген қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғау талаптарына, кей жағдайда, өнімнің маңызды көрсеткіштерін: сенімділігін, үнемділігін анықтау үшін жүргізіледі.

Сертификациялық сынаулар – бұйымның сипаттамаларының НТҚ талаптарына сәйкестігін нақтылап растау бағытындағы іс-әрекет жүйесінің элементі.

Сынау объектісі – бұл сынауға ұшырайтын өнім. Сынау үлгісі – сынау кезіндегі тәжірибе объектісі болып табылатын өнімнің бірлігі немесе оның бөлігі. Мысалы, өнім партиясы сыналады, яғни сынау объектісі – бұл барлық партия, бірақ бұл кезде сынау процесінде тек осы партиядан таңдап алынған өнімдердің сипаттамалары бағаланады немесе бақыланады, нақ осы өнімдер сынау жүргізуге арналған үлгілер болып табылады және олардың табылған сипаттамалары объект сынауларының толық нәтижелерін алу үшін қолданылады.

Сынау объектісінің басты белгісі – сынау нәтижелері бойынша осы объектіге қатысты шешім қабылданатындығымен түсіндіріледі (жарамды немесе жарамсыздығы, келесі сынауларға ұсынылуы, сериялап шығарылуға жіберілуі, т.б.). Өнім түріне және сынау бағдарламасына байланысты жаппай немесе таңдамалы бақылауға ұшырайтын өнім партиясы немесе бірлік өнім, өнім сынамасы немесе сынама алынатын партия болуы мүмкін.

Өнімнің макеті немесе моделі сынау объектісі болуы мүмкін және сынау нәтижесі бойынша қабылданған шешім тікелей макетке немесе модельге қатысты болады.[10]

Соседние файлы в папке НүркеевҰ