Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / НүркеевҰ / диплом НүркеевҰ (Восстановлен).doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.59 Mб
Скачать

5.2 Өнімді сынау әдістері

ОК қабылдау шарттары ГОСТ 15.309, аталмыш стандарт пен нақты маркалы кабельдердің ТШ-нда көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

ОК аталмыш стандарт пен нақты маркалы кабельдердің ТШ-ндағы талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қабылдау-өткізу (4-кесте), мерзімдік, типтік сынаулар және сенімділікке сынаулар жүргізіледі.

Қабылдау-өткізу сынаулары

Сынақтардың құрамы, сынақ құрамын кіші топтарға жіктеу, таңдау көлемі мен сынақтарды әрбір кіші топ шеңберінде өткізудің жүйелігі 3- кестеде көрсетілген және нақты маркалы кабельдердің ТШ-да көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

ОК партияларды қабылдау кезінде ұсынылады. Партия үшін бір марка өлшеміндегі бірмезгілде қабылдауға қойылатын бір ғана ОК қабылдайды. Партияның ең кіші және ең үлкен шекті көлемін нақты маркалы кабельдерге қойылатын ТШ-да көрсетіледі.

Сынақтарды қабылдау саны мынадай тұтас бақылау жоспары бойынша жүргізеді: А2 түрі үшін С = 1 және С = 0 қалған сынақ түрлері үшін.

4- кесте. Қабылдау-өткізу сынақтарының құрамы

Сынау-дың шағын тобы

Сынау түрі

Сынаулар немесе тексерулер аты және оларды жүргізу реті

Пункт нөмері

Техникалық талаптар

Бақылау әдістері

А

А1

Конструкцияның тексеруi және конструктивтiк өлшемдер

5.4

7.6.1

А2

Таңбалау және ораудың тексеруi

5.11,5.12

7.14

А3

Үзiктердiң жоқтығының тексеруi және

олардың арасындағы байланысулар және OK металлдық элементтермен

5.4.4

7.6.3

А4

Құрылыс ұзындығын өлшеу

5.2

7.6.1

4-кесте (жалғасы)

В

В1

ОТ-тың бүтiндiгiнiң тексерулерi

5.4.1

7.6.2

В2

Басылу коэффициентiнiң өлшемi

5.5

7.3

В3

Қорғағыш

шлангінің электр кедергiсi

5.8.1

7.8.1

В4

Электр

кернеумен OK шлангiсін сынау

5.8.2

7.8.2

В5

Ток өткiзетiн талшықтар изоляцияның электр кедергiсi

5.8.3

7.8.3

В6

Тұрақты тоққа талшықтың электр кедергiсiнiң өлшемi

5.8.4

7.8.4

В7

Кернеумен талшық изоляциясының сынауы

5.8.5

7.8.5

5.3 Оптикалық кабельді оқшаулағыштың электрлік кедергісіне сынау әдісі

1. Үлгіні талдау

1) Өлшеулер үшін кабельдердің, өткізгіштер мен баулардың барабанға оралған құрылыс ұзындықтары немесе 10 м кем емес ұзындықтағы үлгілер таңдап алынады, егер стандарттарда немесе кабельдерге, өткізгіштер мен бауларға қойылатын техникалық шарттарда өзге ұзындықтар қарастырылмаған болса.

2) Өлшеу үшін құрылыс ұзындықтары мен үлгілердің саны стандарттарда немесе кабельдерге, өткізгіштер мен желілерге қойылатын техникалық шарттарда көрсетілуі тиіс.

2. Сынау жабдығы

1) Оқшаулағыштың электрлік кедергісін өлшеу 100-ден 1000 В дейінгі диапазонда жүргізеді, егер кабельдерге, өткізгіштер мен желілерге қойылатын стандарттарда немесе техникалық шарттарда өзге мәліметтер көрсетілмеген болса.

Өлшеулерді өлшеу сүлбелері мен қателігі 10%-дан аспайтын өлшеулерді қамтамасыз ететін приборлардың көмегімен жүргізеді. Олардың өлшеу аралықтары 1105 -тен 11010 Ом дейін болады. 20%-дық өлшеу қателігі үшін өлшеу диапазоны - 11010 - 11014 Ом және 25%-дық өлшеу қателігі үшін - 11014 Ом. Егер кабельдерге, өткізгіштер мен желілерге қойылатын стандарттар немесе техникалық шарттарда бұйымдардың қысқа үлгілеріне өлшеу жүргізуге рұқсат етілетін болса (10 м кіші), онда мұндай өлшеулердің қателігі оқшаулағыштың кез келген өлшенген кедергі мәні үшін 10%-дан кем болмауы тиіс.

2) Өлшеу сүлбесінің байланыс желілерінің оқшаулануының электр кедергісі мәні сыналатын бұйымның оқшаулануының электр кедергісінің минимал рұқсат етілетін мәнінен 20 реттен аспауы тиіс.

3) Өлшеулер жүргізуге арналған қондырғы (10-сурет) 1000 В дейінгі кернеуде жұмыс істейтін құрылғыларға қатысты талаптарды ескере отырып, жасалуы тиіс және өлшеулерді жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

10-сурет. Оқшаулағыштың кедергісіне өлшеу схемасы

а-электроқозғалтқыш;б-кабель;1-клемма қалқаншасы;2-катушка шығысы;3-металдық қабық;4-оқшаулағыш;5-экран;6-ток өткізетін өзек.

3. Сынау жүргізу

1) Қажетті жағдайларда өлшеу алдында сыналатын бұйымның ұштары ажыратылған болуы тиіс.

Өлшеулердің дәлдігін арттыру үшін ұштарына қорғаныш сақиналарын кигізу керек, олар өлшеу кезінде жерлендірілуі немесе өлшеу сүлбесінің экранына жалғанған күйде болуы тиіс.

2) Өлшеулерді қоршаған ортаның температурасы (20±15) °С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан аспайтын жағдайда жүргізу керек. Егер кабельдерге, өткізгіштер мен желілерде берілетін стандарттар немесе техникалық шарттарда немесе суда өзге шарттар көрсетілмеген болса.

3) Қоршаған ортаның температурасын сыналатын бұйымнан 1 м-ден аспайтын қашықтықта ± 0,5 °С-тан аспайтын қателікте жүргізіледі.

Барша көлемдегі судың температурасын өлшеудің қателігі ±2 °С-дан аспауы керек, егер өлшеулерді 20 °С-тан аса температурада және ± 1°С-тан аспайтын қателікте жүргізген болса, сонымен қатар өлшеулер 20 °С температурада жүргізілген болса.

Өлшеу кезіндегі судың температурасы барша көлемде бірдей болуы керек.

4) Үлгілерді сынау алдында шыңдау уақыты қоршаған орта температурасында кемінде 1 сағат болуы керек, егер нақты желілік бұйымдарға берілетін стандарттарда немесе техникалық шарттарда өзге шыңдау уақыты көрсетілмеген болса.

5) Кабельдердің, өткізгіштер мен желілердің оқшаулануының электрлік кедергісін өлшеу металл серіппе үшін қарастырылған болса, онда сыналатын үлгі бір-біріне және серіппеге орамдарының желінің номинал қимасының 1 мм2 мөлшеріне сәйкес келетін тарту күші 20 Н мәнімен оралуы тиіс.

Серіппенің диаметрі кабельдерге, өткізгіштер мен желілерге қойылатын стандарттарда немесе техникалық шарттарда көрсетілуі тиіс.

6) Егер оқшаулағыштың электр кедергісін өлшеуді суда жүргізетін болса, онда сыналатын үлгінің ұштары судың үстіне 200 мм кем емес қашықтыққа шығып тұруы тиіс, оның ішінде оқшауланған бөлігінің ұзындығы 100 мм-ге, ал металл қабықша, экрандар мен қорғаныш жабындары 50 мм шығып тұрғаны жөн.

7) Жеке желілер мен біржелілі кабельдердің, өткізгіштердің және желілердің электр кедергісі былайша өлшенуі тиіс:

- металл қабықшасы, экраны мен қорғаныштық жабыны жоқ бұйымдар үшін - ток өткізетін желі мен металл серіппе арасында немесе желі мен су арасында;

- металл қабықшасы, экраны мен қорғаныштық жабыны бар бұйымдар үшін – ток өткізетін желі мен металл қабықша немесе экран арасында немесе жабын арасында.

8) Көпжелілі кабельдердің, өткізгіштер мен желілердің оқшаулануы өлшенуі тиіс:

- металл қабықшасы, экраны мен қорғаныштық жабыны жоқ бұйымдар үшін – ток өткізетін желі мен қалған өзара байланысқан қалған желілер арасында немесе әрбір ток өткізетін желі мен өзара байланысқан желілер және су арасындағы;

- металл қабықшасы, экраны мен қорғаныштық жабыны бар бұйымдар үшін - әрбір ток өткізетін желі мен өзара байланысқан қалған желілер және металл қабықша немесе экран не қорғаныщтық жабын арасында.

9) Қайта өлшеулер жүргізгенде сыналатын бұйымдар кемінде 2 мин көлемінде ток өткізетін желіні жерге бағытталған құрылғымен сиретілуі тиіс (қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаған кезде).

10) Өлшеу кезіндегі оқшаулаудың электр кедергісінің мәндерін есептеу үлгіге өлшеу кернеуін бергеннен соң 1 мин өткен соң жүргізеді, тек 5 мин аспауы тиіс, егер стандарттарда немесе нақты кабельдік бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарда өзге талаптар көрсетілмеген болса.

Қайта өлшеу алдында кабельдік бұйымның барлық металл элементтері 2 мин алдында жерге бағытталуы тиіс.

4. Нәтижені өңдеу

1) Егер өлшеу 20 °С температурадан ерекше температурада жүргізілген болса, ал стандарттарда немесе нақты кабельдік бұйымдарға қойылатын техникалық шарттарда оқшаулаудың электр кедергісі мәні 20 °С температураға нормаланған болса, онда оқшаулаудың электр кедергісінің өлшенген мәнін 20 °С температураға қайта мына өрнек бойынша есептейді:

R20 = KRt

Мұндағы R20 - 20 °С температурадағы оқшаулаудың электр кедергісі, МОм;

Rt - өлшеу температурасындағы оқшаулаудың электр кедергісі, МОм;

K – оқшаулаудың электр кедергісін 20 °С температураға бейімдеуге арналған коэффициент, оның мәндері аталмыш стандартқа берілетін қосымшада келтірілген (5-кесте).

Ауыспалы коэффициенттер болмаған кезде арбитражды әдіс дегеніміз - (20±1) °С температура мәнінде оқшаулаудың электр кедергісін өлшеу.

2) 1 км ұзындыққа сәйкес келетін оқшаулаудың электр кедергісін R қайта есептеу мына өрнектің көмегімен жүзеге асырылады:

R = R20l,

Мұндағы R20 -20 °С температура мәніндегі оқшаулаудың электр кедергісі, МОм;

l – шекті бөлімшелерді ескермеген кездегі сыналатын бұйымның ұзындығы, км.

Бұйымның ұзындығы 1%-ға дейінгі дәлдікпен анықталады. [11]

5-кесте. Изоляцияның электр кедергiсiнiң 20 °С температураға келтiруi K коэффициенті

Температура, °C

Изоляция материалы

Сіңірілген

қағаз

Поливинилхлорид пластик және полиэтилен

Резеңке

5

0,58

0,10

0,50

6

0,60

0,12

0,53

7

0,64

0,15

0,55

8

0,67

0,17

0,58

9

0,69

0,19

0,61

10

0,72

0,22

0,64

11

0,74

0,26

0,68

12

0,76

0,30

0,70

13

0,79

0,35

0,73

14

0,82

0,42

0,76

15

0,85

0,48

0,80

16

0,87

0,56

0,84

17

0,90

0,64

0,88

18

0,93

0,75

0,91

19

0,97

0,87

0,96

20

1,00

1,00

1,00

21

1,03

1,17

1,05

Соседние файлы в папке НүркеевҰ