Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / НүркеевҰ / диплом НүркеевҰ (Восстановлен).doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.59 Mб
Скачать

3 Техникалық регламент бойынша сапа көрсеткіштерін анықтау

Кабельдік бұйым құрылымдары материалдарына қойылатын талаптар

1. Нақты кабельдік бұйымды жасау кезінде орындаушы аталмыш техникалық регламенттің 7-14 баптарындағы талаптарға сәйкес материалдарды (өткізгіштік, электр оқшаулағыш, қорғаныс) таңдайды, оларды сынайды, сонымен қатар осы материалдарды қолдана отырып, бұйымдарды сынайды, аталмыш шара бұйымның қауіпсіздігін белгілейтін параметрлердің дұрыстығын дәлелдейді.

2. Нақты құрылымдық материалдардың тізімін бұйымға берілетін стандартты техникалық шарттарға енгізеді, осы материалдардың маркасы (рецептура, түрлері) мен оларды жеткізу құжаты көрсетіледі.

Нақты кабельдік бұйымға құрылымдық құжаттар жиынтығын жасау кезінде құрылымдық құжаттардың Бірыңғай жүйесінде техникалық шарттарда қолданылатын құрылымдық материалдардың тізімі көрсетілмейді. Осы жағдайда материалдарды спецификацияға қосып, оны өндіріс барысында бірмезгілде техникалық шарттармен қоса пайдаланады.

3. Дайындаушы кабельдік бұйымдарды жасау кезінде қатаң түрде аталмыш бұйымға берілетін нормативтік құжаттардағы материалдар тізімін басшылыққа алуы тиіс. Өзге маркалы материалдарды қолдану және тағайындалғаннан өзге құжаттар бойынша оларды жеткізу арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылмайды, оны толтыру тәртібі аталмыш баптың 4 және 5 бөлімдерінде көрсетілген.

4. Бейімдеу алдында оларды қолдану НҚ көрсетілмеген жаңа отандық және импорттық материалдарды қолдануға берілетін рұқсатты материалдар мен кабельдік бұйымдарды сынаудың оң нәтижелері негізінде «Кабельдік бұйым» ТК рәсімдейді және бекітеді.

5. Рұқсат етудің мерзімі «Кабельдік бұйымдар» ТК анықтайды, олар материал параметрлерінің орнықтылығы, қолдану қауіпсіздігі мен бұйымның сенімділігі туралы сенімді ақпаратқа жүгінеді.

6. Кабельдік өндірісте орнықты және ұзақ мерзімді қолдану үшін келешегі зор материалдар нақты бұйымға берілетін НҚ-ға енгізіледі. Оны белгіленген тәртіппен толтырады.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Кабельдік бұйымдарды өндіру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік облысындағы нормативтік құқықтық актілер мен Ресей Федерациясының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жұмысшылар үшін еңбек шарттары сақталуы тиіс.

Кабельдік бұйымдар оларды қолдану кезінде адам денсаулығына кері әсер тигізбеуі тиіс. Оларды қауіпсіз қолдану мен жою шарттары сәйкес нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелуі тиіс.

Электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымдық параметрлерге қойылатын талаптар

Жұмысшы кернеуі 50 В асатын айнымалы токтағы немесе 75 В тұрақты токтағы кабельдік бұйымдар қажетті өлшемдегі қажетті конструкциялық элементтерден құралуы тиіс (мысалы, оқшаулау, белдік оқшаулау, полимерлік немесе металл қабықша, экран, жабын, қорғаныштық шланг және т.б.). Олар өз кезегінде қалыпты және апатты жұмыс режимдерінде қолданудың электрлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Көпжелілі күштік және бақылаушы кабельдердің оқшауланған желілері, кабельдік байланыстар, сигнализация мен блоктау кабельдері, көпжелілі күш өткізгіштері мен баулары ерекше түспен анықталуы немесе сандармен белгіленуі тиіс.

Қорғаныштық өткізгіштің функциясын атқаратын жерлендіру желілерін оқшаулау, егер ол болатын болса, екі түстен құралуы тиіс: жасыл және сары түстерден, осы кезде оқшауланған 15 мм ұзындықтағы желінің кез келген кесіндісінде көрсетілген түстердің бірі оқшаулаушы заттың 30-дан кем емес және бетінің 70%-ы жабылып тұруы тиіс. Сары және жасыл түстер өзге түс комбинациялары үшін, сонымен қатар өзге желілерді анықтау үшін қолданылмауы тиіс.

Нөлдік жұмысшы немесе орта өткізгіштің рөлін атқаратын нөлдік желіні оқшаулау, егер ол бар болса, көгілдір түстен болуы тиіс. Егер нөлдік желі болмаса, онда көгілдір түс кез келген желіні белгілеу үшін қолданыла береді. Түстер жеңіл ажыратылатын және берік болуы тиіс.

Цифрлармен белгілеген кезде оқшаулаушы желілер бір түстес болуы керек және араб сандарымен жүйелі түрде нөмірленеді. Жасыл-сары түстен желі санмен белгіленбейді. Сандар анық және берік белгіленуі тиіс.

Кабельдік бұйымдардың электрлік параметрлеріне қойылатын талаптар

Кабельдік бұйымдар қолдану барысында электрлік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін белгілі бір деңгейдегі электрлік параметрлер кешенін құралуы тиіс. Осындай параметрлерге мыналар жатады:

  • ток өткізетін желілердің электрлік кедергісі;

  • ток өткізетін желілердің оқшаулануының электрлік кедергісі мен

қажет болғанда экранның, қабықшаның, қорғаныш шлангының кедергісі;

  • ток өткізетін желілердің оқшаулануының және қажет болғанда қабықшаның, қорғаныш шлангының, сонымен қатар жалпы кабельдік бұйымның электрлік беріктілігі, кернеумен сынау арқылы тексеріледі;

  • диэлектрлік шығындар бұрышы тангенсінің мәні мен диэлектрлік шығындар бұрышының тангенсінің өсімшесі 6/10 кернеудегі күштік кабельдер үшін;

  • ішінара зарядтар деңгейі полимерлік оқшаулау кернеуі 6/10 кВ және одан асатын күштік кабельдер үшін.

Электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін механикалық әсерлер кезіндегі орнықтылыққа қойылатын талаптар

Кабельдік бұйымдар механикалық кедергілерге орнықты болуы тиіс, мысалы, оратылу, майыстыру, көпретті майыстыру, басатын және созатын жүктемелер, т.б., олар нақты кабельдік бұйымдарға қолдану шартына байланысты қойылады.

Электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін термиялық ескіруге дейінгі және одан кейінгі оқшаулау мен қабықша қасиеттеріне қойылатын талаптар

Қолдану кезінде термиялық орнықтылығына талаптар қойылатын кабельдік бұйымдар электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін термиялық ескіруге дейінгі және одан кейінгі оқшаулау мен қабықша қасиеттеріне қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс, мысалы, созуға беріктілік, жарылу кезіндегі салыстырмалы созу, массасын жоғалту, жылулық деформация желімнен жасалынған оқшаулау мен қабықша үшін, жоғары температурадағы қысымға орнықтылық және т.б.

Кабельдік бұйымдардың өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

1. Өрт қауіпсіздігі талаптары қойылатын кабельдік бұйымдар бір немесе топтық жабында оларды қолдану шарттарына байланысты жанудың таралмауы бойынша талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

Кабельдік бұйымдар үшін оларды қолдану шарттарына сәйкес өрт қауіпсіздігінің мынадай қосымша талаптары бар:

  • түтіннің оптикалық тығыздығы арқылы анықталатын жану және бықсу кезінде түтін көрсеткіші немесе жану барысында түтін мен газ бөлінуі өнімдерінің коррозиялық белсенділігі көрсеткіштері;

  • газдардың, галогенді қышқылдардың пайыздық көрсеткіші;

  • жану өнімдерінің қышқылдық дәрежесі;

  • полимерлік материалдардың, кабельдік бұйым элементтерінің жану өнімдерінің улылық көрсеткіші немесе өрт жағдайында кабельдік бұымның жұмысқа қабілеттілігін сақтау

2. Ғимараттар мен құрылыс нысандарының электрлік тұтынымын қоректендіру үшін бағытталған кабельдік бұйымдар топтық жабын мен отқа беріктігінде жанудың таралмауы үшін талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Осы кездегі отқа беріктілік нақты нысандар үшін параметрлер бойынша олардың қолданылу аясына қарай тағайындалады (адамдарды ғимараттан шығару уақыты, технологиялық процестің үздіксіздігі, өртті сөндіру уақыты және т.б.).

Атомдық энергияны қолдану нысандарында пайдалануға арналған кабельдік бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Атомдық энергияны қолдану нысандары үшін кабельдік бұйымдар қоршаған ортаның жоғары температурасына, жоғары қысым мен қоршаған ортаның ерекше қасиеттеріне, радиациялық әсерге, белсенділікті төмендететін ерітінділердің әсеріне орнықтылыққа қойылатын талаптардың жиынтығын қанағаттандыруы тиіс. Аталмыш шаманың мәні нақты атомдық энергияны қолданатын нысан үшін тағайындалады.

Атомдық энергияны қолданатын нысандар үшін кабельдік бұйымдар топтық жабын кезіндегі жанудың таралмауы бойынша талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

Атомдық станциялар тізбегі жүйесіне арналған кабельдік бұйымдар отқа берік болуы тиіс. Осындай кабельдік бұйымдардың отқа шыдамдылығы 90 минуттан кем болмауы керек.

Жарылыс қаупі бар аймақтарда қолданылатын кабельдік бұйымдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

Жарылыс қаупі бар аймақтарда қолданылатын кабельдік бұйымдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштері топтық жабын кезіндегі жанудың таралмауы бойынша талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Қозғалмалы машиналар мен жарылыс қаупі бар аймақтардағы механизмдерге арналған телефонның байланыс желілері мен стационар емес жабын кабельдері жалғыз жабын жағдайында жанудың таралмауы бойынша талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

Жарылыс қаупі бар аймақтардағы ұшқын қауіпсіздігіне ие тізбектер үшін кабельдік бұйымдар экрандалуы тиіс және минералдық оқшаулануы немесе тігілген құрылымдағы полимерлік оқшаулануы тиіс.

Телефонның байланыс желілері мен стационар емес жабын кабельдерінен өзге В-1, В-lа жарылыс қаупі бар аймақ кластары үшін кабельдік бұйымдарының металл ленталардан немесе сымнан жасалынған жабын түріндегі механикалық қорғаныштық элементтері болуы тиіс және алюминийден жасалынған құрылыс элементтері болмауы тиіс (ток өткізетін желілер, экрандар, қабықшалар және т.б.).[6]

Соседние файлы в папке НүркеевҰ