Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / НүркеевҰ / диплом НүркеевҰ (Восстановлен).doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4 Өнім сапасын талдау

4.1 Сапа туралы жалпы түсінік

Сапа - әртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді және өнімнің сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына және өндірістің ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден өтті. Сонымен қатар, біз өнімді квалиметрияның обектісі ретінде қарастырамыз. Жалпы квалиметрияның обектілеріне материалды немесе идеалды, деректі немесе дерексіз, табиғи немесе жасанды сияқты зат (процесс немесе құбылыс) жатады. Квалиметрияның нәтижелері өнімнін сапасын басқаруда қолданылатын жағдайларды негіздеу үшін пайдаланылады. Ешқандай өнімнің сапасын басқару жүйесі өнімнің сапасын бағалаусыз әсерлі түрде жұмыс жасай алмайды. Квалиметрияны бағалаудын мақсаты болып, негізінен, өнім сапасының деңгейін анықтау, дайын өнімнің сапа көрсеткішінің мәнінің нормативті құжаттамалардағы талаптарға сәйкестену дәрежесін анықтау саналады. Кез келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде, шикізаттың, дайын өнімінің сапасын, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет. Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.

Қазіргі кезде ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында экономикалық, техникалық және ғылыми қатынастардың дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларында сапа ұғымына көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі кәсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы бағалауда өнімнің сапасын басқару өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына байланысты сапаны басқару өрісі күннен күнге кеңеюде.

Сапаны бағалау жеке сипаттамалар мен сапаның жалпы көрсетілетін талаптарға (құжат, сызба, тұтыну талаптары және т.б.) сәйкес дәрежелер мен өлшемдерін сапалық және сандық анықтау. Дайын өнімнің сапа көрсеткіштері мен оны бағалау әдістері жөнінде мәліметті толық шынайы қалыптастыру квалиметрияның сапа туралы бөлімнің маңызды мақсаты. Кез келген өнім басекеге қабілеті болу керек және ол үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықта кешенді зерттелуі керек. Осының нәтижесінде, тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсекеге қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбек өнімділігінің атуына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді. Өнімнің сапасын басқару ол сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.[7]

Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты төмендегідей әдістер пайдаланылады:

өлшеуші әдіс (аспаптар, приборлардың көмегімен);

тіркеу әдісі – бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;

есептеу әдісі - өнім сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдауға негізделеді;

органолептік әдіс – адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Бұлар адамдардың біліктілігі, дағдылығы және қабілеттілігіне байланысты;

әлеуметтік әдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;

сапаршылық әдіс – мамандар тобы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: дизайнерлер, дәм айырушылар. Пратикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, яғни, қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады. Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштерге жататындар: сұрыптылығы, маркасы, жіктелімі, пайдалы заттың мазмұны, өнімнің дүниежүзілік стандартқа сай үлесі т.б. жатады.

Сапа – бұл өзіне меншікті мінездемелердің жиынтығының талабын орындайтын дәреже (3-кесте) . Тауар берілген талаптарға сәйкес болуы керек. Тауарларға талаптар: перспективті, ағынды, жалпы, спецификті болып бөлінеді.

Ағынды талаптар – нормативті құжаттармен регламенттеледі және әрқашан дәлденеді.

Перспективтік талаптар – болжам бойынша анықталатын шикізаттың жаңа және материалдардың жаңа түрлерін пайдалану, өндірістің жаңа технологиялар түрлері. Перспективтік талаптарды нормативтік құжаттар регламенттейді.

Жалпы талаптар – бұл талаптар жалғыз немесе басым болуы негізінде көпшілік тауар түрлері жатады. Осы талаптарға: өзінің атына сәйкес ең толық тауарлар, маңызды функциялардың орындалуы, пайдалану ыңғайлылығы, зиянсыздығы, жөндеу мүмкіншілігі және басқа да талаптар жатады.

Қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасалады және Дүниежүзілік сауда ұйымына енгелі отырған еліміз үшін аса маңызды болып табылады.[8]

3-кесте. Кабельді өнімдер

Өнiмдер

атауы

(зерттеу нысаны)

Код

КП

ВЭД

Код ТН ВЭД ЕВРА

ЗЭС

Сәйкестiктiң растауы бойын-

ша жүргiзiлетiн нормативтiк құжаттардың, нормативтiк құқықтық акт-тердің мағынасы.

Өнiмнiң анықтала-тын(көрсет-кiштер)

мiнездеме-лерi(зерт-теу нысана-лары)

мiнезде-мелердiң анықталуы үшiн норма-тивтiк құжаттардың сынау әдiстерiне мағынасы

1

2

3

4

5

6

Электротехникалық өнімдер

Кабельді өнімдер

Оптикалық кабельдер

31.30.15

8544 70 000 0

ГОСТ Р 52266-2004

ГОСТ 12.2.007.14-75

Конструкция

Кернеумен сынау

Изоляция-лардың

электр кедергiсi

Механика-

лық әсер

Маркировка

ГОСТ 12177-79

ГОСТ 2990-78

ГОСТ 3345-76

ГОСТ 12182.8-

80

ГОСТ 12182.3-

80

ГОСТ 12182.4-

80

ГОСТ 20.57.406-81

ГОСТ 18690-82

Соседние файлы в папке НүркеевҰ