Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / НүркеевҰ / диплом НүркеевҰ (Восстановлен).doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.59 Mб
Скачать
    1. 8.4 Электромагниттік өрістер

Бөлмедегі электромагниттік сәулеленудің адамдарға тигізетін әсерін төмендету жұмыстары өте маңызды болады. Монитор электромагниттік сәулеленудің негізгі көзі болып табылады. Осы электромагниттік сәулеленуден қорғану үшін монитор сәулеленудің басым бөлігін жұтатын арнайы қабымен болуы қажет, және де монитордың артқы жағынан шығатын сәулеленуін адамдарға тигізбеу үшін компьютерлер бөлменің периметры бойымен орналастырылады. 7.3. кестесінде электромагниттік нормалар келтірілген.

ДК пайдаланушылары арасында ең көп тараған ақпараттық дисплей түрлеріне электронды сәулесі трубка негізінде жасалғандар жатады.

Электромагниттік электр энергиясынан сәуле шашатын құрылғылармен жұмыс істеудегі қауіпсіздікті сақтау үшін сәулелену деңгейінің қалыпты жағдайын ұстап тұру үшін мынадай құралдар мен әдістер бар:

-жұмыс орнын экрандау:

-жұмыс орнын электромагниттік өрістер көзінен алыс орналастыру (алдынан - 70 см, бүйірінен және артынан - 120 см):

Электромагниттік энергия сәулесін шашатын жабдықтардың жұмыс істеуінің тиісімді режимін орнату (жұмыс-4 сағ, арасында 1 сағас үзіліс).

    1. 8.5 Өрт қауіпсіздігіне нормалар

Жұмыс орны өрт қауіптілігі жағынан 2 дәрежелі кәсіпорынға жатқызылады.

Ғимаратты өрт шыдамдылығы жағынан 1 не 2 дәрежеліге жатқызуға болады. Мұндай ғимарат үшін негізгі құрылыстық конструкциялардың нормалары белгіленген.

Жергілікті өрт ошақтарын сөндіру үшін өрт сөндіргіштері қолданылады. Бөлмеде шығар есіктің қасында қабырғада ОУ-5 көмірқышқылдық өрт сөндіргіші ілулі тұр. Қол көмірқышқылдық өрт сөндіргіштерін әрбір 100 кв.м-де орналастырған. Жұмыс орнында өртке қарсы щит және ұзындығы 20 м өрт краны орналасқан. Щит ішінде екі ОХП-10 өрт сөндіргіші және екі шелек бар.

Қарастырылып отырған ғимарат үш этажды болып табылады.

Құрылым бойынша баспалдақ алаңына апаратын екі эвакуациялық шығыс бар. Эвакуациялық шығыстардағы есіктің ені 1 м мен биіктігі 2 м және олар коридордың екі жағында орналасып,орталық баспалдақ алаңына шығарады.

Баспалдақтар ені 2м. ғимараттың ішінде өрт болған жағдайдағы эвакуацияның жоспары ілулі тұр.

    1. 8.6 Электр қауіпсіздік техникасы

Жұмыстың электроқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесідегідей жұмыстар жасалынады:

- ток көзінің нейтралі жерлеу кедергісі 600 мкОм-ден аспайтын жерлеуші құрал арқылы жерленеді.

- барлық құрылғылардың корпустары жерлендіру шинасымен электрлі қосылыспен жақсы қосылған. Аппаратураны перемычкалар мен шина және т.б. арқылы жерлендірудегі өтпелі кедергі кедергі 200 мкОм-нан аспайды.

-120 мм-ден кем болмайтын қоғамдық жерлендіру шиналары жүргізілген.

-қорғаныс жерлендірудің шинасы мен бірінші ток көзінің үш фазалық торап 220 В,50 Гц жерлендірулері қосылған.

Электр тогынан қорғанудың ең негізгі шараларының бірі қорғаныс жерленуі. Жұмыс орны қорғаныс жерленуінің жерленумен электрлі қосылған шина-контурымен жабдықталған. Контур-шина сетка турде жасалынған және компьютер алатын ауданның астында толығымен орналасқан. Компьютердің жерленетін барлық элементтері бөлек жерлеуші өткізгіштермен контур шинамен байланысқан.

    1. 8.7 Шу және діріл үшін талаптар

Өндірістік орындарда, ондағы ВДТ және ПЭЕМ-дағы жұмыстар көмекші болып табылады, жұмыс орындарындағы шу бөлмелердегі ВДТ және ПЭЕМ-дағы жұмыс негізгі болып табылады /диспетчерлік, операторлық, басқару посты, есептегіш техниканың залы, офистер, есептеу және басқалар/ барлық оқу орындарда /вуздарды қоса/ шу деңгейлері жұмыс орнында 50 дБА-дан аспау керек. Инженерлі-техникалық жұмыстарды орындағанда, лабороториялық, аналитикалық және есептік бақылау кезінде ВДТ және ПЭЕМ бар бөлмелерде шу деңгейі 60 д БА-дан аспау керек. Есептеу машиналарының шу машиналарының шу агрегаты бар жұмыс орындарында шу деңгейі 75 д БА-дан аспау керек.

Шуды қатты шығаратын жабдық /АЦПУ, принтерлер және т.б./.егер олардың берілген жұмыс түрі үшін рауалы шу деңгейінен көп болса, онда ВДТ және ПЭЕМ-мен бірге бөлмеден тыс жерде болу керек.

Бөлмелерде шу деңгейін төмендету үшін дыбыс жұтқыш материалдар қолдану керек /органдармен және мемлекеттің Медсанбақылау меемелерімен рұқсат етілген/ тиімділігін бекітіп, максималды дыбыс жұтқыш коэффициентімен 63-8000 Гц жиілік аймағында акустикалық есептеу керек. Қосымша дыбыс жұтқыш болып, қалың матадан перделер қабырғаға түстес және перденің ені терезе енінен 2 есе үлкен болу керек.

Кесте-8 - Шу дыбысының мәндері, дБ

Шу қысымы мәндері

Жиілік, Гц

Шу шамалары

дБА

31,5 63 125 250

500 1000 2000 4000

50

86 71 61 54 49 45

42 40 38

60

93 79 70 63 58 55

52 50 49

65

96 83 74 68 63 60

57 55 54

75

Соседние файлы в папке НүркеевҰ