Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / НүркеевҰ / диплом НүркеевҰ (Восстановлен).doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4.2 Құрылымдық сапа талаптарын талдау

1) ОК қолданылатын ОТ бүтінділігі, саны мен ОТ түріне, сонымен қатар жеке конструктивті элементтер мен кабельдің құрамы, өлшемі мен орындалуына қойылатын жалпы талаптар нақты маркалы кабельдердің ТШ-на нұсқайды, сонымен қатар қажет болғанда кабельдің құрылымының сүлбелік бейнесін келтіреді.

2) ОК мынадай құрылымдық элементтерден тұрады: ОТ, ленталық оптикалық элементтер, оптикалық модульдер, оның ішінде қосымша күш элементтері мен толықтырғыштар, кордельдер, оқшауланған ток өткізетін иіндер, күш элементтері, профильденген жүрекше, бекітуші элементтер, аралық және сыртқы қабықшалар, қорғаныш жабыны, қорғаныш шлангтері мен жабындары, гидрофобты толықтырғыштар және т.б. Құрылымдық элементтердің нақты жиынтығы ОК маркасымен немесе тапсырыс берушінің талаптарымен анықталады.

3) ОК құрылымы ОТ анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

4) Ток өткізетін иіндер болған кезде бүтін болуы тиіс және өзара және ОК металдан жасалынған элементтерімен контактіден аулақ болғаны жөн.

5) ОТ параметрлері (Кесте A.1) сәйкес ТШ-да ОК белгілі бір маркаларын тағайындайды.

6) Кабельдегі кесілген толқын ұзындығы ОТ типтеріне арналған мәнінен аспауы керек:

Е1, Е3, Е4........... 1260 нм

Е2..............…….. 1530 нм

Е5.............……... 1480 нм

7) Қолданылатын материалдарға, оның ішінде гидрофобты толықтырғыштардың ОК материалдары мен элементтеріне үйлесімділігіне қатысты қасиеттеріне қойылатын талаптар ТШ-дағы нақты маркалы кабельдерге нұсқайды.

4.3 Қауіпсіздік сапа талаптарын талдау

1) 1 км ұзындыққа есептеп алынған қорғаныш шлангінің электр кедергісін 105 Омнан кем емес етіп орнатады және ТШ-да нақты маркалы кабельдерге сілтеме жасалынады.

2) ОК қорғаныш шлангі өзара байланыстырылған металл элементтері мен су (жер) арасына берілген кернеуге шыдамды болуы тиіс. Кернеудің мәнін ГОСТ 23286 сәйкес тағайындайды және ТШ-да нақты маркалы кабельдерге сілтеме жасалынады.

3) Ток өткізетін иіндердің электр кедергісі 1 км ұзындыққа және 20 °С температураға шаққанда 106 Омнан кем болмауы тиіс және ТШ-да нақты маркалы кабельдерге сілтеме жасалынады.

4) Ток өткізетін иіндердің тұрақты ток көзіне қатысты 1 км ұзындыққа және 20 °С температураға сәйкес есептеп алынған электр кедергісі ГОСТ 22483 сәйкес тағайындалады және ТШ-да нақты маркалы кабельдерге сілтеме жасалынады.

5) Ток өткізетін иіндердің оқшаулануы кернеу сынағына төзімді болуы керек, аталмыш кернеу мәнін ГОСТ 23286 бойынша тағайындайды және ТШ-да нақты маркалы кабельдерге сілтеме жасалынады.

6) Б немесе К типті қорғаныш сауыты бар ОК ГОСТ 7006 бойынша импульстік токка шыдамды болуы тиіс, оның мәні ТШ-да нақты маркалы кабельдерге жасалынған сілтемеде көрсетіледі.

7) Жанудың таралуының алдын алу бойынша талаптар ОК қолданылу аясы мен тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес ТШ-да ГОСТ 12176 сәйкес нақты маркалы кабельдерді тағайындайды.

8) Өрт, озон және майға төзімділікке, сонымен қатар жылулық деформацияға орнықтылыққа қойылатын талаптар ТШ-да ОК қолданылу аясы мен конструкциясына сәйкес нақты маркалы кабельдерді тағайындайды.

Соседние файлы в папке НүркеевҰ