Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / НүркеевҰ / диплом НүркеевҰ (Восстановлен).doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.59 Mб
Скачать

6 Өнімді сертификаттау

6.1 Сертификаттаудың негізгі түсініктері

Сертификаттау – сәйкестікті растау бойынша орган өнімнің, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын процедура.

Сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау болып табылады.

Сәйкестік сертификаты – өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламентте, стандарттар ережелерінде немесе өзге құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Қазақстан Республикасының өнім экспорты және импорты ауқымы бойынша әлемнің көптеген елдерінің сыртқы сауда қызметтерінде өзіндік орны бар.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша елімізге әкелінетін шетелдік өндірушілердің өнімдері сапа стандарттарына сай болуы тиіс және сол себепті сертификаттауға жатқызылады.

Сертификаттау процесінен өткен және сәйкестік сертификатын алған тауар кедендік құжаттарды ресімдеу кезінде ешқандай қиындық келтірмейді.

Өнімді сертификаттау қажеттілігін мойындамайтын кәсіпорындар қазақстандық нарықтағы өз ұстанымын сөзсіз жоғалтады.

Белгілі бір өнім түріне сертификат алу техникалық регламентпен, техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004-жылғы 9-қарашадағы № 603-ІІ ЗРК (17.07.2009-ж. бойынша өзгерістері және толықтыруларымен) заңымен; «Қазақстан Республикасындағы өнім сәйкестігін міндетті растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-жылғы 20-сәуірдегі № 367-қаулысымен (28.06.2008-ж. бойынша өзгерістері және толықтыруларымен) регламенттелген;

Сәйкестік сертификатын ресімдеу мерзімі сертификаттаудың осы саласында бұрынырақ ресімделген сертификаттарының болуына, өнім типіне, тауар санына (партиясы, контрактісі, сериялық өндірісі) және оның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Барлық ұсынылған құжаттарды оқып-зерттеген соң сарапшылар алдағы сертификаттау бойынша жұмыс жүргізу уақытын белгілейді.

Сериялық өндіріске 3 жылға дейінгі мерзімге сәйкестік сертификатын аккредиттеу аттестаты бар сәйкестікті растау бойынша орган бере алады. Сертификат шетелдік өндіруші-фирмаға немесе қазақстандық нарыққа өнімді жабдықтаушы-кәсіпорынға берілуі мүмкін.

Өнімнің өндірістік процесін және зертханалық зерттеулерді, үлгілерді оқып-зерттеген соң сәйкестікті растау бойынша орган сериялық өндіріске сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдайды. [13]

Егер кәсіпорында сертификатталатын өнімге сапа менеджменті жүйесінің сертификаты бар болса, шешім қабылдау жылдам жүзеге асырылады және бұл жағдайда өндіріс жағдайына талдау жүргізілмейді.

Сериялық өндіріс өнімінің сәйкестігін растау үшін төмендегілер ұсынылады: өндіруші туралы деректер, өтінім беруші туралы деректер, өтінім берушінің кәсіпорнын тіркеу туралы куәлік, өтінім берушінің кәсіпорнының реквизиттері, сертификатталатын өнімнің нақты атауы, типтерін және маркаларын, өндіріс типтері мен партия ауқымын, техникалық құжаттамасын, бұрынырақ алынған сертификаттары немесе сынақ хаттамаларын қоса алғанда, өндірушінің кепілхаты.

Өнім партиясының сәйкестігін растау үшін төмендегілерді ұсыну қажет: өндіруші туралы деректер, өтінім беруші туралы деректер, өтінім берушінің кәсіпорнын тіркеу туралы куәлік, өтінім беруші фирманың реквизиттері, сертификатталатын өнімнің нақты атауы, типтерін және маркаларын, техникалық құжаттамасын, бұрынырақ алынған сертификаттары немесе сынақ хаттамаларын қоса алғанда, партия санын көрсету, өнім келіп түсетін контракт көшірмесі.

Сертификаттаудың ерікті және міндетті түрлері

Міндетті сертификаттау – өнімнің заңдарда белгіленген мінедтті талаптарға сәйкестігін уәкілетті органның растауы. Тауар сапасына қойылатын міндетті талаптарға қауіпсіздік, экологиялық, сиымдылық және өзара алмасымдылық жатады.

Міндетті сертификаттауда сәйкестік сертификаттары және сәйкестік белгісі Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында қолданылады.

«Сертификаттау туралы» Заңына сәйкес ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрстеулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсаттарында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамасы келесі кестеде келтірілген.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттау, ал шет елдерде – ерікті сертификаттау басым. Кемелденген нарықтық экономика жағдайында ерікті сертификаттауды қолдану саудадағы техникалық кедергілерді жою шарты ретінде қалыптасып келеді, өйткені бәсекелесу мүмкіндігін ұлғайта отырып дайындаушыға рыноктан орын алуға мүмкіндік береді. Мысалы, ерікті сертификаттау Францияда осы елдің «NF» стандарттарына сәйкестікті растайды және оның нәтижесінде өнім NF белгісіне ие болады. Мұндай белгісі жоқ өнімдерге сұраныс жоқ. Осы себепті француз фирмаларының 75% өнімі ерікті сертификаттаудан өтеді. [14]

Сертификатталған өнімнің инспекциялық бақылауын жүргізу

Инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.

Сертификатталған өнімнің инспекциялық бақылауын (егер бұл сертификаттау сұлбасында қарастырылған болса) сертификаттың әрекет мерзімі ішінде, жылына бір реттен кем емес аралықта өткізеді. Инспекциялық бақылау - жүзеге асырылып жатқан өнімнің сертификаттау кезінде расталған, орнатылған талаптарға сәйкестігі жалғасып келетінін растау үшін қажетті, өнім үлгілерін сынау және басқа да тексерулерден тұратын мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер түрінде жүргізіледі. Инспекциялық бақылау жиілігін сертификат берген орган анықтайды. Жоспардан тыс тексерулер, тұтынушылар, сауда ұйымдары, сонымен қатар сертификат берілген нысанды мемлекеттік тексеруді жүзеге асыратын органдар тарапынан өнім сапасына түскен шағымдар туралы ақпарат алынған жағдайда, өткізілуі мүмкін.

Өнімнің мүмкін қауіптілігінің дәрежесі, өндіріс тұрақтылығы, шығарылым көлемі, сапа менеджментінің барлығы, инспекциялық бақылау жүргізу құны - инспекциялық бақылау көлемі мен жиілігін анықтау критерийлері болып табылады.

Инспекциялық бақылау көлемі, мазмұны мен жүргізу тәртібі берілген өнімнің нормативтік құжаттарында белгіленеді.

Инспекциялық бақылау, әдетте, келесі жұмыс түрлерінен тұрады:

  1. сертификатталған өнім туралы түсіп жатқан ақпараттарды талдау;

  2. тұрақты сапалы өнім шығаруға қажетті шарттардың сақталуын тексеру;

  3. өнім сынауларын жүргізу және оның нәтижелерін талдау;

  4. бақылау нәтижелерін рәсімдеу және шешім қабылдау.

Нақты өнімнің сапа менеджменті жүйесіне немесе өндірісіне сертификаты және оның инспекциялық бақылауының оң нәтижелері болған жағдайда, тұрақты сапалы өнім шығаруға қажетті шарттардың талдауы жүргізілмейді.

Инспекциялық бақылау нәтижелері кез-келген формадағы актпен рәсімделеді, онда үлгілерді сынау және басқа да тексеру нәтижелеріне баға беріледі, сертификатталған өнім өндірісінің жағдайы туралы, берілген сертификат күшін сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.

Акт органда үш жылдан кем емес уақыт сақталады, ал оның көшірмесі өтінім берушіге (өндірушіге, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі.

Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша, сертификатталған өнімнің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, орган сертификаттың әрекетін тоқтата тұруы немесе мүлдем тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдайлар:

  1. инспекциялық бақылау кезіндегі өнім сынауларының теріс нәтижелері;

  2. органға сәйкес хабарлануынсыз өнімнің нормативтік құжатының немесе сынау әдісінің өзгеруі;

  3. органға сәйкес хабарлануынсыз өнім конструкциясының (құрамының), жинақтылығының, өндірістің ұйымдастырылуының және (немесе) технологиясының өзгеруі;

  4. өнімнің өндіріс технологиясы талаптарының өзгеруі;

  5. органмен келісілмей, сапа менеджментінің, сынау және бақылау әдістерінің өзгеруі.

Сертификат әрекетін тоқтата тұру туралы шешім, өтінім беруші сертификатты берген органмен келісілген түзету шараларын қолдану жолымен анықталған сәйкессіздіктер себептерін жойып және қайта инспекциялық бақылау өткізу кезінде, аккредиттелген зертханада қосымша сынаулардың жүргізілуінсіз өнімнің нормативтік құжаттарға сәйкестігін растап бере алатын жағдайда, қабылданады.

Сертификат әрекеті берілген өнім өндірісінің аяқталуына байланысты немесе басқа себептермен, орган мен өтінім беруші арасындағы өзара келісушілік бойынша тоқтата тұрылуы немесе тоқтатылуы мүмкін.

Сертификат әрекетін тоқтату келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  1. егер анықталған өнім сәйкессіздігі түзетілмейтін болса;

  2. егер өтінім беруші өзінің Органға қатысты қаржылық міндеттемелерін орындамайтын болса;

  3. егер өтінім беруші Сертификат әрекетін уақытша тоқтата тұру мерзімінде сәйкес шаралар қабылдамаған болса;

  4. егер өтінім беруші Сертификаттың әрекет мерзімін ұзартқысы келмесе;

  5. егер өнім өндірісі тоқтатылған (басқа өндіріске берілген) немесе кәсіпорын жойылған болса.

Сертификат әрекетін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпарат оны берген Органмен өтінім беруші, тұтынушылар, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган және басқа да мүдделі тұлғалар назарына жеткізіледі.

Орган Сертификат әрекетін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен өтінім берушіні жазбаша хабардар етеді, нақты өнімді сертификаттаудың мүдделі қатысушылары мен тұтынушыларға хабарлайды.

Сертификаты тоқтатылған өнімді, өтінім беруші, инспекциялық бақылау кезінде анықталған қателіктерді жоюға бағытталған түзетуші әрекеттерді орындағаннан кейін, қайта сертификаттауға ұсынуына болады.Бұл жағдайда сертификаттау бойынша жұмыстар берілген өнімді сертификаттаудың алдыңғы нәтижелерін есепке алусыз, қайта жүргізіледі.

Сертификаттау схемаларын қолдану

1. 1-6 және 10 сертификаттау схемалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-схемалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады (Кесте В.1).

2. 1-схеманы өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады.

3. 2-схеманы ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады.

4. 3-схеманы өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн.

5. 4-схеманы өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.

6. 5 және 6-схемаларды:

-сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;

-технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;

-шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген;

-өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақыттан кем;

-өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;

-өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

6-схема түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған.

6-схеманы, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес) импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады.

7. 7 және 8-схемаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады.

8. 9-схеманы импортталатын өнімдер үшін мынадай жағдайларда:

-шағын және орта бизнес және жеке кәсіпкерлер үшін;

-жеке мұқтажы және өндіріске арналған өнімдерді әкелген кезде (жинақтаушы, ілеспе өнім, өндіріске арналған шикізат және жартылай фабрикаттар, технологиялық жабдық, өндіріске арналған құралдар мен аспаптар, монтаждауға арналған жабдықтар және т.б.);

-өңірде сынақ зертханалары болмаған кезде өзге кәсіпорындардың өткізуі үшін өнімдерді әкелген кезде қолдану ұсынылады.

9. 10-схеманы отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

Схеманы шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды.

10. 9 және 10-схемаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін, дәрілік құралдарды сертификаттаған кезде пайдалануға рұқсат етілмейді.[15]

Соседние файлы в папке НүркеевҰ