Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / НүркеевҰ / диплом НүркеевҰ (Восстановлен).doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.59 Mб
Скачать

1 Негізгі және анықтамалық мәліметтер

Бастапқы ақпарат негізінен мына түрлерге бөлінеді: негізгі, анықтамалық. Берілген жағдайда дипломдық жұмысты әзірлеуге базалық және анықтамалық ақпарат ұсынылған.

Негізгі ақпарат: "Прикаспийский Центр Сертификаций" ЖСШ құрылымдық сұлбасы, даму тарихы, электротехникалық өнім туралы ақпарат, өткізілген сертификаттау жұмыстарының құжаттары, сынау әдістері, сынау орталығының, өндіріс орнының суреттері.

Анықтамалық ақпаратқа мыналар кіреді: ГОСТ 12.2.006-87- Электр бақылау-өлшеу құралдары және лабораториялық жабдықтың қауiпсiздiгi. 1-шi бөлiм. Жалпы талаптар.

ГОСТ 12.2.007.0-75- ССБТ. Электротехникалық бұйымдар. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары.

ГОСТ 12.2.007.14-75- ССТБ. Кабелдер және кабелдiк арматура. Қауiпсiздiк талаптары.

ГОСТ 12.2.091-2002- Электрлік бақылау-өлшеу құралдарының және лабораториялық жабдықтың қауіпсіздігі. Бөлім1. Жалпы талаптар.

ГОСТ 12177-79- Оптикалық кабелдер. Конструкция.

ГОСТ 2990-78- Оптикалық кабелдер. Кернеумен сынау.

ГОСТ 3345-76- Оптикалық кабелдер. Изоляциялардың электр кедергiсi.

ГОСТ 12182.8-80- Оптикалық кабелдер. Механикалық әсер.

ГОСТ 12182.3-80

ГОСТ 18690-82- Оптикалық кабелдер. Маркировка.

ГОСТ Р МЭК 793-1—93 Оптикалық тал жiптер. Жалпы техникалық талаптар. ГОСТ Р МЭК 794-1—93 Оптикалық кабелдер. Жалпы техникалық талаптар.

ГОСТ Р МЭК 60811-2-1—2002 Электр және оптикалық кабелдер қабықтар изоляциясының серпiмдiлiк өлшегiш композициялықтарының арнайы сынау әдiстерi . Озон табандылық, жылулық деформацияны және майға төзiмдiлiкке сынаулар.

1.1 Ко сэқ тн код бойынша өнімді талдау

Бірегей кедендік тариф – кедендік одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірегей Тауарлық номенклатурасына (КО СЭҚ ТН) сәйкес жүйелендірілген үшінші елдерден бірегей кедендік аймаққа енгізілетін тауарларға қолданылатын кедендік салықтың үстемесі.

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасындағы тауарлардың классификациясы мынадай ережелерге сәйкес жүзеге асырылады:

1. Тараулардың, топтар мен кіші топтардың атаулары КО СЭҚ ТН қолдану ыңғайлы болуы үшін келтіріледі; заңды мақсаттарда КО СЭҚ ТН тауарлардың классификациясы тауарлық бағыттардың мәтіндері мен тарауларға немесе топтарға қойылатын сәйкес ескертулерге қатысты жүзеге асырылады, егер аталмыш мәтіндерде мынадай қағидаларға қатысты өзге шарттар қарастырылмаса:

а) қандай да бір тауарға тауарлық бағыт атауына кез келген сілтеме осындай түрдегі толығымен жабдықталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарға да қатысты болуы тиіс, егер жабдықталмаған немесе аяқталмаған түрінде осы тауардың аталған жабдықталған немесе аяқталған түрдегі тауардың негізгі қасиеттеріне ие болса, сонымен қатар жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі аяқталған немесе жабдықталған сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс;

б) қандай да бір материалға немесе затқа тауарлық бағыттың атауындағы кез келген сілтеме осы материалдың қоспасына немесе ерітідісіне сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс. Белгілі бір материалдан немесе заттан жасалынған тауарға кез келген сілтеме осы материалдан немесе заттан толығымен немесе ішінара жасалынған тауарларға сілтеме ретінде де қабылданады. Бірден көп материалдан немесе заттан жасалынған тауарлардың классификациясы 3 ереженің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

(IV) Оптикалық тал жiптер, талшықты-оптикалық таспа және кабелдер үшiн жалғағыш құрал-саймандар

«Оптикалық тал жiптер, талшықты-оптикалық таспа және кабелдер үшiн жалғағыш құрал-саймандар» 8536 терминнiң тауарлық позициясында желiлiк байланыстың сандық жүйесіндегі оптикалық тал жiптердiң аяқтарын жай ғана механикалық жалғастыратын жалғағыш құрал-саймандар дегенді бiлдiредi. Олар күшейтулер,қалпына келтiру немесе сигналдың өзгерiсi сияқты басқа функцияларды орындамайды. Оптикалық тал жiптер үшiн жалғағыш құрал-саймандар осы тауарлық позицияларда кабелдерсiз болып қалады, бiрақ бұл жалғағыш құрал-саймандар (8544 немесе 9001-шi тауарлық позиция) кабельдермен шығарылады.[1]

Талшықты-оптикалық кабелдер үшiн қосқыштар 8536 70 000 1-8536 70 000 4 субпозицияларда классификациялайды.

8544 70 000 0

Осы тауарлық позиция талшықты-оптикалық кабелдерді (1-сурет) де қосады, мысалы, телекоммуникацияларда қолданулар үшiн қорғайтын корпуста орналастырылған екi қабат полиакрилден жеке қабықтары бар тал жiптерден қосып жасалған қолайлы. Корпус жұмсақ акрилаттан iшкi қабығы және қатты акрилаттан сыртқы қабығы , әр түрлi түстiң кешiрек жабылатын қабаттан тұрады. Жеке оптикалық тал жiптiң қабығы қорғауды және конструкцияның берiктiгiн қамтамасыз етедi,мысалы,бұрылыстан жеке тал жiптердiң қорғауы арқылы.

1- сурет. Оптикалық-талшықты кабель

1- (шыны талшығы ) оптикалық тал жiптiң (бастаушы өзек) өзегi;

2- (шыны талшығы ) оптикалық тал жiптiң қабығы;3- жұмсақ акрилаттан ішкi қабығы;4- бояу коды;5- қатты акрилаттан сыртқы қабығы.[2]

Соседние файлы в папке НүркеевҰ