Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / tekhnikaly_1179_b_1257_lim.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.07 Mб
Скачать

1.5-Сурет - Кілт блогы

Жоғарғы жақ ұстағышты жоғарғы корпус құбырға қарай еркін айналған кезде орташа (бейтарап) қалыпта орнатып, бекіту үшін жақұстағыш екі 51 бойкалармен тіреліп, шарикті 13 бекіткіштермен ұсталынады. Құбырқысқыш құрылғының айналмалы бөліктерін кілтті әрі қарай құбырдан алыстату үшін бұрап нығайту және бұрап ажырату кезінде жылдам әрі нақты тоқтату арнайы құрылғымен жүзеге асырылады. Бұл құрылғы біріктіргіш штоктан 26 тұрады, ол цилиндрлер блогының VI поршені ықпалымен жоғары шығып, тілінген тістегершік ұясына кіріп, тоқтатады. Соққыны жеңілдету үшін және бөлшектердің сынуын болдырмау үшін біріктіргіш штоктың жоғарғы бөлігінің екі жағы қисайтылған. Осындай қисаюлар тістегершіктің ұясында да бар. Біріктіргіш шток тек тістегершік шағын айналған кезде ғана іске қосылады, бұл басқару пультының құрылымында қарастырылған. Тілінген тістегершікті біріктіру үшін пневмоқозғалтқыш жақтар босатылған жаққа қарай қосылады.

Арбалы кілт тізбекті (1.6-сурет) 5 бөліктен тұрады: каретка І, екі пневматикалық цилиндр 3, баған 6, тумба 8 және домрата 9.

1.6-Сурет - Тізбек кілтінің кареткасы

Арбаның жоғарғы жағында жылжымайтын осьтерде еркін орнатылған төрт ролик 12 бар, олар кілт блогының табанының төменгі тіреуіші болып табылады. Бағыттаушылар рөлін төрт Г-тәрізді қол астар атқарады, олар сонымен қоса, кілт блогы табандарының жоғарғы және бүйір тіреуіштері болып табылады.

Арба тізбегінің жоғарғы жағында еркін айналады және кілт жұмыс істеп тұрған кездегі оның орналасуы мұрындықпен тіркеледі.

Арбаның тізбек бойымен жылжуы арбада еркін орнатылған және соңғы шплинтпен байланысқан тіспен шектелген; тістің жазық ұшы 13 тізбекның 6 сақина бунағында орналасқан. Арбаға екі жақтан екіжақты әрекет ететін кілт блогын бұрап бекітетін-босататын пневматикалық цилиндрлер мықты бекітілген. Цилиндрлердің екі жағында кілтті оқыс жағдайларда баяу тоқтату үшін арналған пневматикалық амортизаторлары бар. Амортизация деңгейі арналардың 3 өткел қимасының өзгеруі арқасында инелермен 4 реттеледі. Цилиндрдің алдыңғы және артқы қақпақтарында цилиндр қуысынан ылғалды (конденсатты) түсіретін түсіргіш тығындары 5 бар.

Цилиндрлерге ауаны жіберу-шығару цилиндрлер қақпақтарымен штуцерлер 4 мен бұрыштықтар арқылы 5 біріктірілетін 1/2 құбырлардан жасалған металл ораммен жүзеге асырылады; орам жүйесінен ылғалды түсіру үшін бұрыштықтардың түсіргіш тығындары бар. Цилиндрлердің қос жіберу-шығару штогы да кілт блогының тесіктері аспалармен біріктіріледі.

Кілтті түрлі биіктікте орнату үшін тізбектің табанда тігінен жылжу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оның биіктік бойынша орналасуы валикпен 7 бекітіледі.

1.7-Сурет - Пневматикалық цилиндр

Элеваторлармен жұмыс істеген кезде кілтті биіктік бойынша сатысыз іске келтіру үшін 150 мм бұранда жүрісі бар домкраттық құрылғы 9 бар.

Тумба 8 табанының құрылымы кілтті ротор жанында орнатудың екі нұсқасына: 40° бұрышта және 24° бұрышта бейімделген.

Кілтті элеваторларда кілт блогы табанының төменгі жағы мен элеватордың жоғарғы бөлігі арасында 10 мм аралық қалу керек.

Басқару пульті корпустан 3, екі краннан 5, кірме краннан 8, қаптан 2, екі жоғарғы тұтқадан 1,4, төменгі алынатын қызыл түсті тұтқадан 7, қоршаудан 10 және жамылғы бұрандамалар немесе бұрыштықтары бар түтіктен тұрады. Крандар 5 және өзара ауысып тұратын клапандық болады.

Кран құрылымы 1.9-суретте берілген, ал оның жұмыс істеу принципі 1.10-суретте көрсетілген.

Клапанды кранның екі жұп штогы мен екі клапан жұбы бар.

Штоктар мен клапандар серіппеленген. Пневмомотор клапандары мен кілтті бұрайтын-босататын цилиндрлердің құрылымы сығылған ауаның бірқалыпты дроссельденуін қамтамасыз етеді. Кранның төменгі қақпағының екі тежегіші бар: орталық – пайдалынылған ауаны шығаруға және бүйірінен – сығылған ауаны кіргізуге. Сығылған ауа бірден төрт клапанға жіберіледі.

Кранның жоғарғы қақпағында басқару тұтқасы топсалы орналасқан. Басқару тұтқасының төменгі жағында штокқа сүйенетін диск бар. Тұтқаның жоғарғы жағында серіппе бар. Мұндай құрылымның арқасында басқару тұтқасы төрт штоктың серіппелерінің ықпалымен бейтарап (тігінен-өшірілген) қалыпта орналасуға тырысады, ал басқару тұтқасының жоғарғы жағы өз серіппесінің ықпалымен жоғары көтеріліп, кранның басқару тұтқасын жөнсіз қосылудан тоқтата отырып, өзінің қалың бөлігімен көшіргіштің орталық тесігіне кіреді.