Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / tekhnikaly_1179_b_1257_lim.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.07 Mб
Скачать

1.10-Сурет - Строппен көтеру суреті

Автоматтандырылған кілтті ұңғыманы бұрғылау аяқталған соң, бұрғыханада бөлшектеу келесідей жүзеге асырылады:

– басқару пультының түтіктерін кілт механизмдері мен бұрғыхананың ауа желісінен ажырату;

– пульт түтіктері, кілт пневмомоторы мен пневмоцилиндрлердегі тетіктер ажыратылғаннан кейін ағаш тығындармен жабу;

– кілт блогының тесіктерін штоктардан, бұрайтын-босататын пневматикалық цилиндрлерден ажырату;

– кілтті арбадан строптар мен тальдік жүйе көмегімен шығару.

Ескерту: Кілтті алмастан бұрын, барлық иектер шығарылуы тиіс. Кілт сыналарын майысудан сақтау үшін кілтті сыммен немесе қандай да бір басқа әдіспен кілтке бекітілген ағаш сына-тақталарға орнатады. Тізбек тумбасын бұрғыхана табанынан ажырату.

1.6 Жұмысқа дайындық

Бұрғы құбырларын түсіріп-көтергенде кілтті жұмысқа қоспастан бұрын келесілерді орындау керек:

– жоғарғы және төменгі корпустардың құбырқысқыш құрылғыларына иектерді қолдану сызбасына сәйкес бұрғы құлыптарының көлеміне сәйкес тіректері бар иектер жиынтығын орнату;

– иектерге доға тәрізді серіппелерді салу. Иектер мен тіректерді 5, 32, 12, 29 бұрандалармен бекіту;

– құралды түсірген кезде, бұрау алдында сол жақ төменгі бекіткіш 39 тісті (цилиндрлер жағынан) көтеру , ал оң жақ 38 тісті – түсіру, осылайша, бұрау кезінде құлыпты төменгі иектермен қысуға және босатуға мүмкіндік беріледі;

– құралды көтерген кезде, ажырату алдында, төменгі иектермен жұмыс істеу үшін сол жақ төменгі бекіткіш 39 тісті түсіру, ал оң жақ 38 тісті – көтеру;

- құбырқысқыш құрылғының жоғарғы бекіткіш 37 тістерін (1.5-сурет) жоғарғы қалыпқа келтіру;

– роторды айналдыруға ыңғайлы болу үшін оны ашу.

Шегендеу тізбексын түсірген кезде кілтті жұмысқа қоспас бұрын келесілерді орындау керек:

– кілттің құбырқысқыш құрылғысына жоғарғы және төменгі корпустарына шегендеу құбырлары мен муфталардың өлшеміне сәйкес тіректері бар иектер жиынтығын салу.

Төменгі иектер орташа бейтарап қалыпта бекітілген болуы керек, және олар шегендеу тізбексына қатысты кілтті ортаға келтіру рөлін ғана атқарады.

Құбырқысқыш құрылғының жоғарғы оң жақ бекіткіш 37 тісін (1.5-сурет) төмен түсіру, ал оң жақ тісті – көтеру.

Бекіткіштер осылайша жоғарғы корпус біріктірген кезде және бекіту кезінде қосымша соққыларға арналған реверстерте бұрауға қарсы жаққа айналған жағдайда, жоғарғы корпустағы жоғарғы иекұстағышты сенімді бекіту мақсатында іске қосылады.

Кілтті дайындаудан және бұрғыханада шегендеу тізбексын түсірумен байланысты жұмыстарды жүргізуден басқа, бұрғылау мұнарасының (мінбе тәрізді) екінші белдігінде қабылдағыш көпірлердің оң және сол жақтарынан шабарманға, жұмысшыға бөлегі бар жақтауды бекіту немесе шегендеу құбырларына центратор орнату.

Құбыр бұрап бекіту алдында түсірілген тізбекға қарай шабарман жұмысшы қамыт көмегімен ортаға келтіреді.

Құбыр центратор көмегімен ортаға келтірілген кезде алдымен оны дұрыс қалыпқа келтіреді, яғни, тізбек құбырымен алғашқы бұралғанмен анықталатын қалыпта орнатылып, бекітіледі.