Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / tekhnikaly_1179_b_1257_lim.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.07 Mб
Скачать

1.5 Бұрғылау алаңындағы кілтті құрастыру және бөлшектеу

Ұңғыманы бұрғылауды аяқтаған соң, кілт пен басқару пультының барлық түйіндері тексерілуі керек. Түйіндер оның бөлшектері мен ең көп тозатын бөліктерін тексеруге болатындай бөлшектенуі керек. Бөлшектеу кезінде бөлшектер майдан және кірден тазартылған, бензинде жуылған және өндірімін өлшей отырып, сырты тексерілген болуы керек. Кілт толық немесе жартылай бөлшектенуі мүмкін. Толығымен тек шеберханада бөлшектенеді. Жеке түйіндерді (жоғарғы корпус, пневмомотор, пневмоцилиндрлер, сермер, цилиндрлер блогы, роликтер және роликтердің тістері, тілінген тістегершіктің астары мен тірегі) ауыстыру мақсатында жартылай бөлшектеуге тек бұрғыханада рұқсат етіледі.

- Ротор астындағы табандардың тақтасына тумба мен арбалы кілт тізбексын орнату және тумбаны бұрандалармен берік бекіту. Бұрандалар серіппелік шайбалармен немесе басқа да жолдармен өздігінен бұралып босап кетуден сақтандырылған болу керек.

- Арбаны элеватор сыналарының құрылымына байланысты роторға қарай биіктігі бойынша орнату. Тумбадағы тізбекны білікшемен 7 майда, ал арбаны тізбекға қарай – мұрындықпен 10 бекіту.

- Арбаға кілт блогын орнату және оны кілтті бұрайтын пневматикалық цилиндрлер штогының 2 алқасымен біріктіру.

Арбаны тізбеклар мен тумбамен бірге, сонымен қатар, кілт блогын жинау және бөлшектеу кезінде көтеру тұтқа тетіктеріне кіргізілетін, арба мен кілт корпусының бас және аяқ жақтарына пісірілген ілмекті строптармен жүзеге асырылады. Строппен көтеру сызбасы 1.10-суретте көрсетілген.

Басқару пультын келесі тәртіппен орнату:

а) кілт корпусын бұрғыхана еденіне берік бекіту;

б) пульттың қыстырма түтігін тазарту;

в) пульттың қыстырма түтігін ауа сымына біріктіру;

г) ресивердегі крандарды және пульттың кірме кранын ашу, басқару пультының әрбір түтігін пульт кранының сәйкес клапанын ашу арқылы үрлеу;

д) кірме кранды жауып, пульт тұтқалары бейтарап қалыпта тұрғандығын және өздігінен қосылудан тоқтатылғандығын тексеру;

е) пульт түтіктерін пневматикалық цилиндрлер мен пневмомоторға сызбаға сәйкес біріктіру.

Басқару пультінен кілтке бағытталған түтіктер бұрғыхана еденінде төселіп, сақтандырғыш қаптармен (ағаш немесе металл) жабылуы керек; пульттың ауа шығаратын түтіктері шуды азайту үшін бұрғыхана еденінің астында болуы керек.

Кілттің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бұрғыханада орнатылған ресиверлердің жалпы көлемі 23 м кем болмау керек.

Кілтті ротор ортасына қарай орнатқаннан кейін, арба тізбек айналасымен айналмауы үшін арба тесіктеріне және тізбек фланецінің тесіктеріне салынған мұрындықпен бекітіледі.

Кілт бөлшектеу кері тәртіпте жиналады. Жинау кезінде бір уақытта майлау картасына қарап, бөлшектерді майлайды.

Мойынтіректерді ауыстырған жағдайда, мойынтіректер валдарға оларды алдын ала 80—90°С температураға дейін майлы ваннада қыздырып, орнатады.

Жинау барысында, жасалған жөндеу жұмысына байланысты, келесілерді тексеру қажет:

– құбырқысқыш құрылғының корпустарына астарларды орнатылуы.

Жоғарғы корпуста сәйкестендірілген (қалыңдатылған) астарлар орнатылған болуы керек. Төменгі корпуста 11° бұрышта астарлар орнатылуы керек. Астарлар корпустардағы ұяның тіреуіш беттеріне берік жабысуы керек.

– храповиктің төменгі иекұстағыштан шығарылуының нақтылығы.

– храповик төлкесінің тістегершікте айналуы. Төлке артқы ілмек пен паз арасындағы люфт шеңберінде еркін айналуы керек.

– артқы ілмектің жоғарғы иекұстағыштармен біріктірілуі. Артқы ілмек осьте еркін тербелуі керек және ось бойында байқалатын люфты болмауы керек.

– аралық дисктің орнатылуы. Аралық диск қолмен бейтарап қалыптан соңғы екі қалыпқа (қимаға перпендикуляр бағытта) кем дегенде 5 мм ауыстырылуы керек.

– жоғарғы иекұстағыштың жоғарғы корпусқа қарай бұрылысының ең үлкен бұрышы бейтарап қалыптан екі жаққа да кем дегенде 28°, ал төменгі иекұстағыштың төменгі корпусқа қарай бұрылысы екі жаққа да кем дегенде 23° болуы керек.

– жоғарғы иекұстағыштың жоғарғы корпуста бейтарап күйінде бекітілуі; жоғарғы иекұстағыш серіппеленген шар тәрізді фиксатормен және серіппеленген бойкалармен бейтарап қалыпта ұсталып тұруы керек.

– шар тәрізді фиксатор мен тіректің орнатылуы. Шарик шеңбер бойынша тіректің конустық тереңдігіне тегіс жанасуы керек немесе 0,3 мм аспайтын біркелкі саңылауы болуы керек.

– қиыстыру штогының орнатылуы. Төменгі қалыпта шток пен тістегершік бүйірінің ең төменгі нүктесі арасындағы саңылау кем дегенде 0,4 мм болуы керек.

Жоғарғы қалпында (шток толығымен шығарылғанда) шток пен тістегершік ұясының шұңқыр жазығы арасындағы саңылау 1,5 аспау керек.

– иектердің жиналуы:

  • роликтер иекте еркін айналуы керек және барлық құрамына тіреліп тұруы керек;

  • ұнтақтар барлық денесімен иек пазының бетіне жабысып тұруы керек.

Ұнтақтар тістермен сенімді түрде бекітілген болуы керек және паз бойымен және оған перпендикуляр қандай да бір бүйір люфттері болмауы керек;

– итергіштер мен стақандардың серіппеленген бойколарының жиналуы. Олар басқан кезде өздерінің ақырғы қалпына дейін баяу, қажалусыз жылжуы керек.

Басқару пульті келесідей тексеріледі:

– крандардың көшіргіштердің орталық тетігіне қарай дұрыс орнатылуы мен олардың сенімді бекітілуін тексеру;

– басқару тұтқасының кез-келген жұмыс қалпынан бейтарап (өшірілген) қалыпқа қайтуын тексеру.

Бұл тексеріс үшін әр тұтқаны көшіргіш қимасының барлық ақырғы қалыптарына орнату керек, ал содан соң оны түсіріп, оның шток серіппелерінің ықпалымен өздігінен бейтарап (өшірілген) қалыпқа орнатылуын және бұл кезде көшіргіштің орталық тетігінде серіппе ықпалымен тоқтатылуын тексеру қажет.

Кранды 0,98 МПа қысым кезінде бүтіндікке тексеру, ол үшін:

- екі тұтқаны да бейтарап күйге келтіру керек;

- кірме кранды жабу керек;

- түтіктерді олардың пневмоцилиндрлер мен пневмомоторға қосылған жерлерінен ажырату;

- пульт кранын «кілтті бұрап бекіту» немесе «кілтті бұрап ажырату» қалпына қосу;

- 3-4 рет кірме кранды ашып-жабу.

Сонымен қатар, кірме краны ашық болған жағдайда, ауа «бұрап бекіту-ажырату» кранының түтігінен дұрыс кіріп тұрғанын, ал кірме краны жабық тұрғанда, осы түтіктен ауа шықпауын тексеру қажет.

Пульт крандарын 0,98 МПа (10 кгс/см2) қысымда бүтіндікке тексеру, ол үшін:

– алдыңғы бөлімнің тармақтарын орындау керек;

– кірме кранды ашу керек;

– тұтқалардың бірін көшіргіш қимасының бойымен тірелгенше еңкейту, ал одан кейін оны бейтарап күйге қайтару керек.

Сонымен қатар, тексеріліп жатқан кран оны ашқан кезде түтіктен ауаның дұрыс өтуін және оны жапқан кезде, ауа шықпауын қамтамасыз ететіндігіне көз жеткізу керек.

Осы кранның осыған ұқсас тексерісін тұтқа кері бағытқа еңкейген кезде, сонымен қатар, осы тұтқа екі жаққа өзара перпендикуляр бағытта еңкейген кезде өткізу керек. Бұл кезде краннан шығатын барлық төрт құбыршектер бойынша, тұтқаны дұрыс еңкейту арқылы сығылған ауа дұрыс берілуін және тұтқаны бейтарап қалыпқа орнатқан кезде ауа шықпайтындығына көз жеткізу керек.

Жинау аяқталған соң, келесі жұмыстарды орындау керек:

– кілт редукторын желідегі ауа қысымы 0,147—0,196 МПа (-1,5—2 кгс/см2) болған кезде еркін түрде 0,5 сағат ішінде бір жаққа және 0,5 сағат бойы басқа жаққа домалату. Бұл кезде тістегершіктердің жұмысы біркелкі, шуы бірқалыпты болуы керек және жыбырлаған жаңғырықтар болмауы керек, сонымен қатар, томалау мойынтіректері мен құбырқысқыш құрылғысының роликтердің қызуын болдырмау керек;

- домалатудан кейін құбырқысқыш құрылғының роликтерінің тістері оңай, люфттерсіз, өз төлкелерінде айналуы керек;

– желідегі ауа қысымы 0,98 МПа (10 кгс/см2) болған жағдайда пневматикалық цилиндрлерді бүтіндікке сынау. Бұл кезде ауаның төсемдер, тығыздамалар, қалпақшалар, құбыршектер мен олардың қосылған жерлері арқылы шығып кетуін болдырмау;

– пневматикалық цилиндрлерді желідегі ауа қысымы 0,1 МПа (1 кгс/см2) кем болған кезде, штоктардың бірқалыпты жылжуын сынау. Кілттің барлық цилиндрлерінің штоктарының өздерінің ақырғы қалыптарына дейін жылжуы жеңіл және бірқалыпты, секірістер мен қажалуларсыз болуы керек;

Жинау аяқталған соң, келесілер тексеріледі:

а) кілт тізбексы мен пневматикалық цилиндрлер штогы бар кілттің сенімді бекітілуі;

б) құбыршектердің кілттің пневматикалық механизмдерімен басқару пультының сызба-кестесіне сәйкес басқару пультының механизмдерінің қысқа уақытқа қосу жолымен біріктірілуін тексеру;

в) кілт табандарының шығарылған қалпында ротор үстеліне параллельдігі, яғни, кілттің ротордағы бұрғы құбырына перпендикулярлығы. Параллельдіктен немесе перпендикулярлықтан көп дегенде 25 мм-дің 1 м-ге ауытқуға болады. Бұл шарт сақталмаған жағдайда, тесіктері бар төсемдерді тізбек тумбасы мен табан тақтасының арасындағы бекіткіш бұрандаларының астында дұрыс қалыпқа келтіру керек;

г) механизмдердің сынап қосу арқылы бекер жұмыс істеуін, сонымен қатар, бұрғы құбырлардың біреуінде кілттің бұрғы құлыптың 5–6 «бұрап бекіту-бұрап босату» сынақтық циклдарына жұмыс істеуі, ол үшін кілтке сәйкес өлшемдері бар иектер мен тіректер орнатылған болуы керек.