Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / tekhnikaly_1179_b_1257_lim.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.07 Mб
Скачать

1.8-Сурет - Басқару пульты

Кранды қосу үшін басқару тұтқасын қолмен басып, ол көшіргіштің орталық тесігінен шыққанша, төмен түсіреді.

Бұрғы кілтінің жұмысын пультпен басқару 1 және 4 тұтқалармен жүзеге асырылады. Сол жақ тұтқамен кілтті бұрайтын-босататын цилиндрлерінің жұмысы мен төменгі иектерін қысатын цилиндр жұмысын басқарылады.

Оң жақ тұтқамен 4 кілт пневмомотор жұмысы мен цилиндрлер блогының жұмысы, яғни жоғарғы иектерді қысу және біріктіру механизмі басқарылады.

Кілт жұмыс істеп тұрған кезде сығылған ауа ресиверден 0,38 мм түтік арқылы кірме кранға 8 және 5 кранға беріледі. Крандардан сығылған ауа сәйкес цилиндрлерге және пневмомоторға 18 және 25 мм резеңке түтіктер арқылы кіреді.

Кірме кран 8 тек қана арнайы алынатын тұтқамен 7 ашылады, ол тек көлденең қалпында салынып, шығарылады. Тұтқа 7 шығарылып тұрған кезде, кірме кран 8 жабық.

Зауыт үнемі шығарылатын бұйымдарды жетілдіріп отырады, соған байланысты бұрғы кілттерінің алынған үлгілерінде бөлшектер мен эксплуатациялардың өзара ауыса алатындығына ықпал етпейтін шамалы ауытқулар болуы мүмкін.

1.3 Акб кілтімен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік техникасы

Төмендегілерге тыйым салынады:

– кілттің қасында адам тұрған жағдайда, жұмысқа оның кез келген механизмін қосуға;

– жұмыс барысында жұмысшылардың әрқайсысына кілттің жұмыс істеп тұрған механизмдеріне жақындауына;

– жұмыс істеп тұрған механизмге қандай да бір түзету жасауға;

– кілттің механикалық бөліктерінде ақаулық табылған жағдайда, жұмыс жасауға;

– пневматикалық желідегі сақтандырғыш клапан жарамсыз болған жағдайда және пневможелідегі қысым 0,98 МПа-дан (10 кгс/см2) жоғары болған жағдайда жұмыс істеуге;

– кілт толық ашылмай тұрып, ұңғымаға тізбекті түсіруге;

– кілтті бұрғы тізбегіне ол сыналар немесе элеваторға толық қондырылғанға дейін жақындатуға;

– кілтті бұрғы тізбегіне тізбекке құбыр орнатылып жатқан сәтте бұрауға. Кілтті құбырға шам орнатылғаннан кейін және жұмысшы кілт істейтін жерден тыс, қауіпсіз қашықтыққа алыстағаннан кейін бұралады;

– жұмысшылардың біреуі айналып тұрған және қозғалып жатқан бөлшектерге жақын тұрған жағдайда құбырқысқыш құралды бұрап-босатуға, сонымен қатар, айналдыруға және төменгі иектердің көмекші цилиндрін қосуға;

– егер көтеріліп тұрған құбыр тартылыс астында (ілмек серіппесі немесе тәлдік жүйенің тартылуынан) болса, құбырқысқыш құралды айналдыруға.

Экспулатация кезінде барлық механизмдер сақтандырғыш қаптармен жабылған болуы керек.

Жөндеуге, кілттің жұмыс органдарын ауыстыруға, қалыпқа келтіруге, механикалық бөліктердегі, пневможелі мен пневможабдықтағы ақаулықтарды жоюға байланысты барлық жұмыстар келесі жағдайларда ғана жүргізілуі керек:

– пульттың екі жоғарғы тұтқалары оларды алдын ала көшіргіш ойығымен еңкейткеннен кейін бейтарап (тік-өшірілген) қалыпта болуы керек және тұтқаның жоғарғы қалыңдатылған бөлігін серіппе ықпалымен көшіргіштің орталық қуысына кіруі арқылы тоқтатылған болуы керек. Жоғарғы тұтқалар бейтарап қалыпта тұрған кезде пульт сыртындағы пневможеліде және кілт пневможабдығында қалған сығылған ауа атмосфераға шығарылады;

– пульттың төменгі (қызыл) тұтқасы көлденең қалыпқа бұралып, құлыптан шығарылуы керек, яғни, кірме кран жабық болуы керек.

1 – кірме кран; 2- басқару пульты; 4 – кілтті бұрап бекітетін-босататын цилиндрлер; 5 - П11-16 пневмомоторы; 6 – жоғарғы иектерді қосатын цилиндр; 7 – кілт блогы; 8 – біріктіруді тоқтатқышты қосатын цилиндр; 9 – төменгі иектерді қысатын цилиндр; 10 - қысым 0,7-1,0 Н/мм2 болған жағдайда өнімділігі 3 м3/мин копрессорлық қондырғы; 11 - жалпы сыйымдылығы 2 м3 ресиверлер.