Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / tekhnikaly_1179_b_1257_lim.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.07 Mб
Скачать

1.10 Шегендеу құбырын түсіру және техникалық қызмет көрсету

Шегендеу тізбексын түсірген кезде, шегендеу құбырларын бұрау және жете бекіту барысында кілт жұмысы басқару бұрғы құбырларын бұрап бекіткен кездегідей жүзеге асырылады, айырмашылығы - құбырды бұрауды құбырдың кішігірім айналымдарынан бастайды және бұрау соңында айналымдарды үлкейтеді.

Шегендеу құбырларының бұрандаларын толық бектіу бұрғы құбырларын бекіткендей - соққылармен жүзеге асырылады.

Бұранда сенімді бекітілуі үшін шегендеу құбырының муфтасына тиген сәтке дейін 4-5 соққы жасау керек.

Кілт күтіміне кілт тізбегінің берік бекітіуін жүйелі түрде тексеру, басқару пультінің дұрыс істеп тұрғанын тексеру, барлық мойынтіректік түйіндерде майдың болуын тексеру, кілт редукторы мен пневмомотордағы май деңгейін тексеру, ауа өткізгіштер мен цилиндрлердің қалпақшаларының бүтіндігін тексеру жатады. Ластану деңгейіне қарай кілт, әсіресе, иекұстағыштар мен арба табандары тұрған жерде, сазды ерітіндіден тазартылып тұруы керек.

1.1-Кесте-Майлау картасы

Орын смазки

Жақпа майлар

Майлау бойынша нұсқаулықтар

1

2

3

Арбаның орталық төлкелері

Пресс-солидол «С»

Шприцпен айына бір рет арбаның цилиндр бөлігіндегі майсауыт арқылы май құйып тұру

Бұрау-босату цилиндрлерінің төлкелері

Пресс-солидол «С»

Әр түсіріп-көтеру алдында шприцпен аптасына кем дегенде бір рет пресс-майсауыт арқылы май құйып тұру

Арба роликтерінің төлкелері

Пресс-солидол «С»

Шприцпен аптасына бір рет роликтердің осьтеріндегі пресс-майсауыт арқылы май құйып тұру

Аралық валдың жоғарғы мойынтірегі

Пресс-солидол «С»

Шприцпен аптасына бір рет пресс-майсауыт арқылы май құйып тұру

Редуктор

ТС майы

Редуктордың бүйір қақпағындағы бақылау тығындарының деңгейіне дейін маймен толтырып тұру, аптасына бір рет қажеттілікке қарай құю, май үш айда бір рет ауыстырылады.

Кілт шаналары

Пресс-солидол «С»

Шаналарды кірден тазартып алып, әр түсіріп-көтеру алдында майжаққышпен майлау

Қысатын және бұрап-босататын цилиндрлер

Индустриалдық И30А

Цилиндрлердің поршеньдерін және ішкі қуысын кірден тазалап алып, үш айда бір рет майлау.

Тілінген тістегершік тістері

Пресс-солидол «С»

Аптасына бір рет майжаққышпен майлау

Иектердің роликтері

Графитті УСсА

Иектерді орнатқан сайын майлау

Құбырқысқыш құрылғылардың корпустарындағы қуыстар мен астарлар

Пресс-солидол «С»

Бөлшектерді кірден тазартып алып, әр түсіру-көтеру алдында майжаққышпен майлау

Редуктордың паразит тістегершіктерінің мойынтіректері

Пресс-солидол «С»

Шприцпен айына бір рет төменде редукторға орнатылған пресс-майжаққыштар арқылы май құйып тұру

Пайдалану кезінде келесілерге тыйым салынады:

– кілттің механикалық және пневматикалық бөліктерінде қандай да бір ақаулықтар анықталған жағдайда, басқару пульты бүлінген жағдайда кілтті іске қосуға;

– тізбек қондырылған кезде тізбек тұрып қалса, кілтті құбырға салуға;

– кілт құбырға төменгі тірегімен әлсіз тірелген болса, пневмомомторды қосуға;

– иектер мен тіректердің орнатылуы бұрғы құлыптары мен шегендеу құбырларының диаметріне сәйкес келмесе.

Пайдалану кезінде келесілер қажет:

– кілтпен жұмыс істеу бұрғы құбырларын бұрап бекіту-ажырату кезінде де, шегендеу құбырларын бұраған кезде де кілт механизмдерін, басқару пультын кезекпен қосу ережелеріне толығымен сай болуы керек;

– мезгіл сайын конденсатты цилиндерлер мен пневмомотордан бұл механизмдердегі арнайы соған арналған тетіктер арқылы шығарып тұру керек;

– кілтті майлау картасында берілген нұсқауларға толығымен сәйкес майлау керек.