Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / tekhnikaly_1179_b_1257_lim.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.07 Mб
Скачать

1.9-Сурет - Пневмотикалық сызба.

Кілт жұмысында ұзақ үзіліс болған кезде кілт пультының пневможүйесіндегі сығылған ауа ресиверде орналасқан екінші кранды жабу арқылы қосымша бөгеледі.

Кілттің құбырқысқыш құрылғысының айналдыруға және төменгі иектердің қосалқы цилиндрінің қосуға тек жоғарғы және төменгі иектер құлыпты (құбырды) толық қармаған кезде ғана, яғни, жоғарғы және төменгі тіректер құлыпқа тірелген кезде ғана рұқсат етіледі.

Фиксаторларды (жоғарғы және төменгі) өшіріп-қосуға, иектерді, тіректерді және доға тәрізді серіппелерді ауыстыруға жоғарғы тұтқалар бейтарап қалыпта, ал пульт тұтқасы шығарылған болған жағдайда рұқсат етіледі.

Бұрғы құбырларының тізбексын көтеруге кілт ұңғыма орталығынан толығымен бұралған кезде ғана рұқсат етіледі.

Әрбір бұрап бекіту,бұрап босату операциясынан кейін пульттың екі тұтқасы да автоматты түрде бейтарап қалыпқа (өшірілген) қайта оралуы керек және көшіргіштің орталық қуысында өз серіппелерінің ықпалымен тоқтатылуы керек.

Кілтпен жұмыс істеп болған соң, пульттан төменгі тұтқа алынуы керек, яғни, пневматикалық желінің кірме краны бөгелген болуы керек. Басқару пультының тұтқалары бейтарап (өшірілген) күйде және осы қалыпта тұтқаның жоғарғы қалыңдатылған бөлігімен тоқтатылған болуы керек.

Қауіпсіз жұмыс істеу талаптарына сәйкес келмейтін пульттерді анықтау үшін әр пультты ол жұмыс істеген үш айда кем дегенде бір рет тексеріп тұру керек.

1.4 Акб кілтін орнату тәртібі

Кілт тірегінің құрылымы «Арбалы кілт тізбегі» кілтті бұрғыхананың түрлі табанымен және қолданылатын бұрғы жабдығымен (роторлармен, тістермен, шығырлармен) орнатуға арналған. Кілт бұрғыханада жоспар бойынша және биіктік бойынша құрастыру сызбаларға сәйкес орнатылады.

Кілтті орнатудың жоспардағы негізгі нұсқасы кілтті 24° бұрышта (ротор ортасынан ротор қалқанына параллель өтетін, кілт остігі мен остік сызық арасындағы бұрышта) орнату болып табылады.

Бұл нұсқа тізбекның тіреуіш тақтасының ротормен бір деңгейде орнатылуын қамтамасыз етіп, кілтті өзін биіктігі бойынша түрлі қалыпта орнатуға және бұрғы тізбексы кез келген түрдегі сыналарға қойылған кезде, сонымен қатар, бұрғы тізбексы элевторға қойылған кезде де кілттің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Шегендеу құбырларын биіктігі бойынша орнатқан кезде бұрғы кілтімен бұраудың екі жол бар:

Бірінші нұсқа: салмағы аз болғандықтан сыналар құбырлар тізбегін аударылудан ұстап қала алмаған жағдайда алғашқы құбырларды түсірген кезде, құбыр төменгі иектер төменгі құбырды муфта астында қысып тұратындай орнатылады.

Екінші нұсқа: тізбек сыналармен ротор жабық кезде аударылудан ұстап тұрған кезде құбырларды түсіргенде, муфта төменгі иектерге қарсы орнатылады. Төменгі иектер муфтаны қыспайды және кілтті тізбекға қарай ортаға келтіруге ғана қажет.

Егер тізбекдағы муфта бітеліп, оралмаған болса және түсірген кезде оны бекіту қажет болмаса, төменгі иектерді жұмысқа қатыстыра отырып, екінші нұсқамен бұрап, бекіту керек.

Кілтті 40° бұрышта орнатқан кезде кілтті элеваторларда жұмыс істеуге қайта орнатуға болмайды, себебі мұндай кезде ротор шынжырының қабы кедергі келтіреді.

Кілтті 24° бұрышта орнату үшін пневмосыналар 16° бұрышқа бұрылған қалпында жөнделеді, ол үшін сыналардың тіреуіш бөлшектерін (жақтарды) пісіруді біршама өзгерту керек. Кілтті бұрғыханада орнатқан жерде арнайы тақтаны алдын ала құрастырады ол ротор астындағы балкалармен мықты біріктірілген болуы керек.