Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / tekhnikaly_1179_b_1257_lim.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.07 Mб
Скачать

1.11 Акб-3м2 жаңартылуы және техникалық ұсыныстар

АКБ-3М2 кілтінің радиалды тірегінің ролигін жаңарту жүргізіледі.

1 - ролик; 2 - ось; 3 - антифрикциялық төлке; 4 - тіректі сақина; 5 - төлке; 6 - шайба; 7 - тоқтатқыш сақина; 8 - манжета; 9 - гайка.

1.11-Сурет - Радиалды тірек ролигі

Жұмыс барысында радиалды тірек ролигіне едәуір салмақ түсіп, ластанады, температура ауысымына сыналады. Осы факторлар біріккен кезде 8 манжета бүлінеді, ролик бүтіндігі бүлінеді және ролик қуысына батпақ, бұрғы ерітіндісі және т.с.с. өтіп, және де айналған кезде абразивті бөлшектер жұмсақ қола төлкені 3 бұзады, бұл роликтің қисаюына және айқасып қалуына әкеп соқтырады. Уақыт өтісімен батпақ пен бұрғы ерітіндісі роликтің бекітіліп қалуына, оның жылжымалылығының жойылуына және істен шығуына әкеп соқтырады. Кілтті жөндеу барысында роликтерді бөлшектеу және жөндеу кезінде қиындықтар туындайды. Роликті жаңарту келесідей жүзеге асады: ұста станогындағы 2 ось 25 мм диаметрге дейін ұшталынады, ал содан кейін қол төлке 3 екі: 6-205 және 60205 роликтік мойынтіректермен ауыстырылады.

1.2-Кесте- акб – 3м2 радиалды роликті жаңарту технологиясы

Тілінген тістегершіктерді бұрып, одан кейін гайканы кері бұрып, шайбаны алып тастау арқылы роликтер шығарылады. Содан кейін ролик тескіш көмегімен тұғырық пазынан мұқият шығарылады. Бұранда бүлінбеуі үшін тескішті ось бүйіріне тіреу керек.

Манжетаның шығарылуы.

Қысқышпен шығарылады.

Тоқтатқыш сақинаның шығарылуы.Қысқышпен сақина құлақшаларын ұстайды да сақина шығарылады. Пайдалану және сақтау шаралары сақталмаған жағдайда, сақина пазда қатты бекітіліп қалуы мүмкін немесе тот басу салдарынан бүлінуі мүмкін.

Мұндай жағдайда сақина пазы тазаланып, сақина бөліктермен шығарылады.

Ролик тік бұрғылайтын станокқа орнатылады. Ось бүлінбес үшін, бүйірінде қабырға қалыңдығына (5 мм) диаметрі 7 мм саңылау қуыс орнатылады.

1.2-кесте жалғасы

Ролик қысқыштарда орнатылады, тескіш бұрғыланған қуысқа салынып, 2 ось ұрылады.

Төлке қатты іске қосылып кеткен жағдайда, ол осьті шығарған кезде корпуста қалады. Мұндай жағдайда ролик корпусы тік бұрғылайтын станокқа орнатылады, және екі жағынан төлкені әлсірету үшін тесіктер бұрғыланады.

Дәнекерлеу цехында бұрғылап дәлдеу нәтижесінде тесіктер пісіріледі.

1.2-кесте жалғасы

Ось қысқыштар мен қысылып, одан балғамен тіреуіш сақина мен төлке ұрылып түсіріледі. Сақина мен төлкені алуды қиындататын жаншылып қалы және қайырылып қалуды болдырмас үшін ось бетінің қысқышта төсемсіз қысылып қалуына жол берілмейді.

Ось ұста станогына орнатылады. Төлкеге арналған орын 25 мм диаметрге дейін және кіру алаңы m6(+0,008 – +0,021 мм) болғанға дейін ұшталынады.

Ось мойынтірекке бекітіліген: 6-205с ішкі диаметрі 25, сыртқы диаметрі 52, ені 15 мм.

Оське тіреуіш сақина мен төлке тығындалады.

1.2-кесте жалғасы

Роликмаркасы «Циатим – 201» маймен толтырылып, оған мойынтіректермен бірге ось салынады. Ролик май тегіс жағылуы үшін екі жаққа бірнеше рет бұрылады.

Роликке тоқтатқыш сақина салынып, манжета, шайба орнатылады және гайка бұралады.

Бұл модернизация келесі жөндеулер кезінде, әсіресе, кілтті далада жөндеген кезде, тіректі қайта бөлшектеуді жеңілдетіп, уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, роликтің ПӘК артады: тербелу мойынтірегі , ПӘК, сырғу мойынтірегі . Тербелу мойынтірегінің үйкеліс коэффициенті ал сырғу мойынтірегінің үйкеліс коэффициенті шеңберінде тербеледі, осының арқасында ролик динамикасы жақсарады. Қымбат тұратын түрлі-түсті металл шығыны азаяды: 205 және 60205 маркалы мойынтіректер жұбының құны 65 рубльге тең, төлке 3 құны (АКБ-3М2.12-261 қола төлке) – 1200 теңге. Бір роликтің жөндеу базасында жинау-бөлшектеу уақытының үнемделуі 1-1,5 сағатты құрайды.

Техникалық бөлімге қорытынды

АКБ-3М2 – автоматтандырылған тұрақты бұрғы кілті түсіру-көтеру операциялары кезінде бұрғы және шегендеу құбырларын бұрап нығайту және бұрап ажырату үрдістерін механикаландыруға арналған. АКБ-3М2 бұрғы кілті мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде қолданылады. Түпнұсқа таңдалып, жалпы дайындық жұмыстары, АКБ-3М2 жаңартылуы жұмыстары қарастырылды.

35