Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
путев.ВШЭБиСН-2014.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
19.63 Mб
Скачать

ҚазГзу туралы жалпы мәліметтер

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті:

  • 2004 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алушылардың аралық аттестация нәтижелері бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынға ие болды;

  • 2005 жылы ҚР БҒМ өткізетін Аралық мемлекеттік бақылау бойынша 1-ші орынға шықты.

  • 2006 жылы Қазақстан Республикасының мамандырылған жоғары оқу орындары арасындағы рейтинг бойынша 2-ші орынға ие.

  • 2007 жылы ҚР БҒМ өткізетін Бас рейтингтің қорытындысы бойынша гуманитарлық-экономикалық ЖОО арасында 2-ші орынға және Қазақстанның 60 ЖОО арасында 7-ші орынға ие болды.

  • 2008 жылы Бас рейтингке сәйкес ҚазГЗУ гуманитарлық-экономикалық ЖОО арасында 1-ші орынға ие болып, еліміздің алдыңғы қатарлы 60 ЖОО арасында 7 -ші орынға шықты.

ҚазГЗУ-де жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді, ҚазГЗУ профессурасының құрамында еліміздің көптеген атақты ғалымдары, Парламент, Конституциялық кеңес, Қазақстан Республикасының жоғарғы құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Кодекстері мен Заңдарын құрушылар бар. ҚазГЗУ-де «Құқықтану саласындағы жыл профессоры», «Қазақстанның үздік криминологы» атағына ие болған үш жеңімпаз және Қазақстанның «Үздік оқытушысы» конкурсын жеңіп алған 6 оқытушы қызмет етеді.

ҚазГЗУ Халықаралық академиялық ынтымақтастағы Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.

ҚазГЗУ-дің тәжірибе базасы кең, көптеген мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және атақты акционерлік қоғамдарымен ынтымақтастықта. Студенттік заң клиникасы қызмет етеді.

ҚазГЗУ – Халықаралық құқық бойынша Филипп Джессоп кубогына арналған халықаралық жарыстардың әкімшісі.

ҚазГЗУ-де студенттік ұйымдар: Студенттік Парламент, Ар соты, Қазақстанның «Орда» дебат клубы, мамандықтар бойынша студенттік клубтар, ғылыми және шығармашылық үйірмелер, спорт секциялары қызмет етеді. КТК құрама командасы Еуролигаға мүше. Студенттерге: «Жыл студенті» атағы беріледі, ал үздік бітірушілердің есімдері «ҚазГЗУ Алтын кітабына» енгізіледі.

Ғылыми кеңес еліміздің беделді ЖОО ретінде университеттің дамуы және маңызды мәселелерін шешуге бағытталған шешімдерді қабылдайтын, ҚазГЗУ-ді басқарудың жоғары алқалық органы болып табылады.

ҚазГЗУ жанында 2002 жылдан бастап республикамызда заң кадрларын даярлауды жетілдіру мақсатында құрылған, еліміздің 25 жоғары оқу орнына ұсынылатын «Құқық» мамандығының тобы бойынша Оқу-әдістемелік секциясы жұмыс істейді. ОӘС басшылығымен МЖМБС, типтік оқу бағдарламалары, оқу әдебиеттеріне талаптарды әзірленеді.

ҚазГЗУ жоғары және екінші жоғары білім алуға күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқыту нысандары бойынша төмендегі мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады: құқықтану; халықаралық құқық; қаржы; экономика; менеджмент; маркетинг; есеп және аудит; құқық қорғау қызметі; аударма ісі; психология; әлеуметтану; әлеуметтік жұмыс, туризм.

Университет оқытудың халықаралық стандартына көшті, кредиттік технология, бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі қызмет етеді.

Диссертациялық кеңеске елімізге және одан тыс аймақтарға әйгілі ғылыми кадрлары жұмылдырылған. Университет жоғары кәсіптік білімді кадрларды даярлау бойынша білім беру қызметінің ИСО 9001:2000 халықаралық сертификатына сәйкестендіруден өтті.

ҚазГЗУ білім және ғылым саласындағы танымал халықаралық ұйымдар және қорларымен, алдыңғы қатарлы шетел жоғары оқу орындары мен ҚР-дағы шетел мемлекеттерінің елшіліктерімен қарым-қатынас орнатқан.

Үздік студенттердің есімдері «ҚазГЗУ Алтын кітабына» енгізіледі.

6 атаулы шәкіртақы тағайындалған: Төле Би, Қазыбек Би, Айтеке Би, Н. А. Шайкенов атындағы, М. Т. Оспанов атындағы, Ю. А. Ким атындағы, университеттің білім беру гранттары.

Университеттің көптеген студенттері мен магистранттары Президенттік Болашақ бағдарламасына қатысып, шетел жоғары оқу орындарында білім алуда.

Оқыту қазақ және орыс тілінде мемлекеттік білім беру гранты және ақылы негізде жүргізіледі.

Басқа қаладан келген студенттер үшін ақылы негіздегі жатқахана қарастырылған.

Университет жанында әскери кафедра бар.

ЭБжӘҒЖМ құрамында мынадай кафедралар қызмет атқарады:

  • Қазақстан тарихыж және жалпы білім беру кафедрасы;

  • Қаржы және есеп кафедрасы;

  • Экономика және бизнес кафедрасы;

  • Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасы.

Бакалаврларды әзiрлеу бойынша iске асатын мамандықтардың тiзiмi

  1. Күндізгі оқу түрі

Код

Жоғары мектеп атауы, мамандықтар (оқу мерзімі)

1. ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

5В050900

Қаржы (4 жыл)

5В050600

Экономика (4 жыл)

5В050700

Менеджмент (4жыл)

5В050800

Есеп және аудит (4жыл)

5В090200

Туризм (4жыл)

5В050300

Психология (4жыл)

2.Кәсіптік орта білім негізінде

Код

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

5В050900

Қаржы (3 жыл)

5В050800

Есеп және аудит (3 жыл)