Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
путев.ВШЭБиСН-2014.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
19.63 Mб
Скачать

Оқу табыстары бағасының балдық – рейтингтік, әрiптiк жүйесiнің дәстүрлі баға шкаласына ауыстырылуы

Әріп жүйесінде бағалау

Баллдардыңсандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А –

4,0

3,67

95-100 90-94

Өте жақсы

В +

В

В –

3,33

3,0 2,67

85-89

80-84

75-79

Жақсы

С +

С

С -

Д +

Д

2,33

2.0

1,67

1,33

1,0

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

Қанағаттанарлық

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

2-шi қосымша

1 Курс студенттері үшін 2013-2014 оқу жылдарына арналған академиялық күнтізбелік Күзгі семестр Білім күні - 2013 жылдың 1 қыркүйегі

Күзгі семестр: 2013 жыл

Бейімделу іс-шаралары: 2013 жылдың 26-31 тамыз

I- ші рейтингті өткізу күні – 2013 жылдың 18-23 қазаны

II-ші рейтингті өткізу күні– 2013 жылдың 06-11 желтоқсаны

Күзгі семестрдің теоретикалық курсының ақталуы: 2013 жылдың 11 желтоқсаны.

Қысқы семестрді өткізу күні:

2013 ж. 13 желтоқсаны мен 2013 ж. 31 желтоқсан аралығында.

ҚР Тәуелсіздік күні: 2013 жылдың 16-17 желтоқсаны

Жаңа жыл: 2014 жылдың 01–02 қаңтары.

1 семестрде барлығы апта: теоретикалық оқыту– 15 апта; қысқы сессия – 3 апта; қысқы демалыс – 2 апта

Көктемгі семестр

Көктемгі семестрдің басталуы: 2012 жылдың 16 қаңтары

Халықаралық Әйелдер күні - 2014 жылдың 8 наурызы

Наурыз мейрамы”-2014 жылдың 22 наурызы.

I- ші рейтингті өткізу күні 2014 жылдың 07-12 наурызы

II-ші рейтингті өткізу күні – 2014 жылдың 25 сәуірі мен 30 сәуір

Қазақстан халқының бірлігі күні -2011 жылдың 1 мамыры

Көктемгі семестрдің теоретикалық курсының аяқталуы: 2014 жылдың 30 сәуір.

Жазғы сессия: 2014 жылдың 02-21 мамыры.

Екінші семестрдегі барлық апта: теоретикалық оқыту– 15 апта

3- ші қосымша

Глоссарий

(оқытудың кредиттік жүйесі бойынша түсіндірме аппараты

(негізгі анықтамалар)

Академиялық күнтізбелік (Academic Calendar) – демалыс күндері көрсетілген (демалыс және мейрамдар) жыл барысындағы оқу және бақылау іс-шаралары, тәжірибелерді өткізу күнтізбелігі;

Академиялық кезең (Term) – үш нысанның ішінен жоғары оқу орны таңдап алатын теоретикалық оқытудың кезеңі: семестр, триместр, тоқсан;

білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестацияның (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша құрылатын, білім алушының бағдарламалық материалдарды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

академиялық дәреже (Degree) – білім алушының қорытынды мемлекеттік аттестацияның нәтижелері бойынша жоғары оқу орнымен берілетін тиісті білім беру бағдарламаларын игеру дәрежесі;

академиялық сағат лекция, тәжірибе (семинар) сабақтарының 1 байланыс сағатына (50 минуттан) немесе лабораториялық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтарының 2 байланыс сағатына (100 минуттан) тең, сондай-ақ оқу тәжірибелерінің барлық түрлерінің 1 байланыс сағатына (50 минуттан), педагогикалық тәжірибенің барлық түрлерінің 2 байланыс сағатына (100 минуттан), өндірістік тәжірибенің барлық түрлерінің 20 байланыс сағатына (250 минуттан) тең;

апелляция – студенттердің білімін әділ бағаламауға алып келген факторларды анықтау және оны жою мақсатында жүргізілетін шара;

оқу пәндеріне жазылу (Enrollment) – жоғары оқу орнымен бекітілген тәртіпте білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылуы;

жеке оқу жоспары – әрбір білім алушының білім алу траекторясын анықтайтын оқу жоспары;

білім алушыларды қорытынды мемлекеттік бақылау (Qualification Examination) – нәтижесі бойынша білім туралы (диплом) құжат берілетін, білім беру деңгейіне сәйкестендірілген білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін шара;

қорытынды бақылау (Final Examination) – оқу пәнін оқып біткеннен кейін аралық аттестация кезеңі мен академиялық кезеңнің аяқталуы аралығында өткізілетін білім алушының жетістіктерін тексеру;

кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайланған бірлігі;

білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – әр алуан түрдегі бақылау тапсырмалары негізінде нақты пән бойынша білім алушылардың білім беру жетістіктерін тексеру (жазба жұмыстары, тест, тәжірибелік жұмыстары, ауызша сұраулар және т.б.); ол ағымдағы бақылау, кіріспе бақылау және қорытынды бақылау болып бөлінеді;

пәнді сипаттау (Course Description) – пәнді қысқаша сипаттау (негізінде 5-8 сөйлемнен тұрады);

постреквизиттер (Postrequisite) – оқу үшін берілген пәнді оқып аяқтағаннан кейін білім, дағды мен машықты талап ететін пәндердің тізімі;

пререквизиттер (Prerequisite) – білім, іскерлік пен дағдыдан тұратын, оқылатын пәндерді меңгеру үшін қажетті пәндердің тізімі;

пәннің бағдарламасы (Syllabus) – оқылатын пәнді сипаттайтын, мақсаты мен міндеттері, олардың қысқаша мазмұны, тақырыптары мен әрбір сабақтың уақыты, өзіндік жұмыстардың тапсырмалары, консультация уақыты, оқытушы талаптары, бағалаудың шарттары мен тәртіптері, кіріспе бақылаудың кестесі мен әдебиеттердің тізімін қамтыған оқу бағдарламасы;

үлгерімге кезеңдеп бақылау (Midterm Examination) – бекітілген академиялық күнтізбелікке сәйкес жүргізілетін, білім алушының оқудағы жетістіктерін кезеңдеп тексеру;

студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – оқу-әдістемелік әдебиет және нұсқаулықтармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат және есептер түрінде бақыланатын өзіндік оқуға бөлінген, белгілі тақырыптардың тізімі бойынша жұмыс;

студенттің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) студенттің оқытушының жетекшілімен аудиториядан тыс жұмысы;

үлгерімнің орта балы (Grade Point Average - GPA) – білім алушының таңдап алған бағдарламасы бойынша бір оқу жылында жеткен оқу жетістіктері деңгейінің орта өлшемді бағасы. (пәндер бойынша қорытынды баға баллдарының сандық эквивалентіне кредиттер соммасының ағымдағы оқу кезеңі үшін жалпы кредиттер мөлшеріне қатысы);

транскрипт (Transcript) – кредит пен әріптік және сан түрінде бағалары көрсетілген, тиісті оқу кезеңінде оқылған пәндердің тізімінен тұратын бекітілген нысандағы құжат;

үлгерімді ағымдық бақылау – оқу сабақтарын жүргізетін оқытушының оқу пәнінің әрбір тақырыбы және/немесе бөлімі бойынша білім алушының оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру;

білім алушының жетістіктері – оқыту процесінде қол жеткізетін және тұлға ретінде даму деңгейін көрсететін білім алушының білімі мен іскерлігі, дағды және құзіреті;

оқу жоспары (Curriculum) – білім деңгейі, оларды оқудың тәртібіне сәйкестендірілген оқу пәнінің тізімі мен көлемін реттейтін негізгі құжат;

эдвайзер (Advisor) – тиісті мамандығы бойынша білім алушының академиялық тәлімгер қызметін орындайтын, оқу кезеңінде оқытудың траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға (ЖОЖ) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын меңгеруге) ықпал етуші оқытушы.