Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
путев.ВШЭБиСН-2014.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
19.63 Mб
Скачать

Күнделікті сабақ, емтихандық сессия кезінде студенттердің мiнез-құлықтарының ережелерi

Университет студенттерi жеке оқу жоспарының көлемiнде пәндерді меңгеру, оқу және жаттықтыру сабақтарының барлық түрлерiне қатысу, белгiленген мерзiмдерде (ағымдағы, (рейтинг ) және қорытынды) аралық) бақылаудың барлық түрлерiн тапсырулары қажет. Амбулаториялық ем, оқыс оқиғалардың пайда болуы жағдайында студенттің ата-аналары немесе туысқандары міндетті түрде жоғыры мектеп проректор-директорына хабар берулері тиіс.

Студенттер жаттығу сабақтары, сынақтар және емтихандардың кестесiне сәйкес дер кезінде тапсырмаларды тапсырулары тиіс. Жаттығу сабақ, сынақ, емтихаған кешiгiп қалған студенттер тек қана оқытушының рұқсатымен дәрiсханаға кiре алады. Сұрақ қойған кезде студенттер қол көтерулері тиіс.

ҚазГЗУ рұқсат етпейді:

Жаттығу сабақтары, сынақтар, емтихандардың өткiзу уақытында:

- оқытушы рұқсатынсыз дәрiсханадан, орыннан орынға басқа орынға отырып, шығу;

- ұялы телефондармен, пейджерлермен, (оқытушы жұмыстың аяқтауы, сынақ, емтиханға дейiн оның дәрiсханасынан студенттiң бiр рет ескертуiнен кейiн алып тастауға құқығы болады) басқа жiберушi және қабылдаушы электрондық құрылғыларды пайдалану;

- сөйлесiп, шулап, басқа студенттерден көшiрiп жазып алу;

  • мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес даярлаудың (мамандықтың) таңдалып алынған бағыты бойынша білім алуға ;

  • оқу жоспарлары аясында ұсынылатын таңдауы бойынша (міндетті түрде) факультативтік пәндер мен курстарды таңдауға;

  • жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын қадағалау шартымен өзінің жеке жоспарының мазмұнын қалыптастыруға қатысуға;

  • ҚазГЗУ қызметінің маңызды мәселелерін талқылауға және шешуге қатысуға;

  • университет кітапханасын, оқу, ғылыми және басқа да бөлімшелердің қызметтерін олардың ережелеріне сәйкес тегін қолдануға;

  • ғылыми-зерттеу жұмысы және ҚазГЗУ қызметінің басқа да түрлеріне қатысуға, басылымға өз жұмыстарын ұсынуға;

  • студенттік өзін-өзі басқару органдары мен студенттік қоғамдық ұйымдарын құруға;

  • оқу жоспарымен қарастырылмаған іс-шараларға еркін қатысуға;

  • сабақтан бос уақытта кәсіпорында кез-келген ұйымдастыру-құқықтық нысандағы мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.

Кітапхананы қолданудың жалпы ережелері

Үйге әдебиеттерді беру абонементте жүргізіледі. Әдебиеттің соңғы немесе жалғыз данасы берілмейді, оқырман залынан әдебиеттер шығарылмайды.

Қолданушылар студенттік билеттері мен 3х4 см.көлеміндегі фотосурет негізінде кітапханаға жазылады.

Қолданушыға кітапхананы қолдану құқығына ие болатын бірыңғай оқырман билеті беріледі және оқырман формуляры толтырылады. Кітапханаға жазылу барысында қолданушы кітапхананы қолдану ережелерімен танысады және оларды орындау міндеттілігі туралы растайтын оқырман формулярына қолтаңбасын қояды.

Оқырман билетінің жарамдылық мерзімі – бір оқу жылы. Кітапхана жыл сайын кітапхананың бекіткен мерзімінде қолданушының атында тұрған әдебиеттерді қайта тіркеуден өткізеді және оқырман билетін ұзартуды жүргізеді. Қолданушылар оқу орнынан кеткенде кітапханаға өзінің атында есепте тұрған басылымдарды және оқырман билетін қайтарып береді.

Кітаптарды алған қолданушы басылымдарды мұқият қарайды және қандай да бір ақаулықтар болған жағдайда ол туралы кітапханашыны хабарландырады, ал олай болмаған жағдайда кітаптың бүлінгені үшін жауапкершілікке басылымды соңғы қолданған қолданушы тартылады.

Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін жауапқа тартылған қолданушы оларды сол секілді басылымдармен немесе кітапхана бағасы бірдей деп тапқан басылымдармен ауыстырады, ал ауыстыруға мүмкін болмаған жағдайда оның нақты құнын өтейді. Қолданушыдан жоғалған немесе бүлінген кітап үшін өндіріп алу мерзімі – 1 ай.

Абонементті қолдану ережесі

Абонементте әдебиеттерді үйге келесі мерзімдерге беріледі:

  • қоғамдық ғылымдар бойынша әдебиеттер оқу жылына беріледі;

  • оқу және әдістемелік әдебиет бекітілген мерзімде қайта тіркеу міндеттілігімен тиісті пәнді оқу мерзіміне беріледі;

  • ғылыми және арнайы әдебиет 10 күнге 3 түрі беріледі;

  • өткен жылдардың мерзімді басылымдары 10 күнге 5 түрі беріледі.

Қолданушылар тарапынан материалдарға сұраныс болмаған жағдайда қолдану мерзімі ұзартылуы мүмкін, немесе басылым бір данада немесе сұраныс жоғары болған жағдайда қолдану мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Қолданушы алынған әрбір басылымның данасы үшін оқырман билетіне немесе кітап формулярына қолтаңбасын қояды. Кітап қайтарылған жағдайда қолтаңба кітапханашының қолтаңбасымен өшіріледі. Әдебиеттерді өз мерзімінде қайтармағаны үшін, қолданушы 2 айға кітапхананы қолдану құқығынан айырылады.

Сырттай оқыту нысананың студенттері сессия аралығы және сессия кезеңінде қажетті әдебиеттермен оқырман залы және абонемент арқылы қамтамасыз етіледі.

Әдебиеттерді топтық сабақтарда қолдану үшін оқытушының жазбаша талабы бойынша абоненттен беріледі және топтың кезекші студентінің қолтаңбасымен тіркеу журналында рәсімделеді. Топтық сабақтар үшін алынған әдебиеттерге жауапкершілік оқытушыға жүктеледі.

Оқырман залын қолдану ережесі

Оқырман залында кітаптарды беру бірыңғай оқырман билеті және студенттік билет бойынша жүргізіледі.

Кітаптарды беру қолданушының әрбір басылым үшін кітап формулярына қолжазбасын түсірумен рәсімделеді. Кітапхана бір күнге алынған әдебиеттердің уақытылы қайтарылуын бақылайды.

Оқырман залына жеке және кітапхана кітаптары, журналдары, газеттері, баспа басылымдарының қиындылары мен басқа да баспа материалдарымен кіруге рұқсат берілмейді.

Оқырман залынан кітаптарды шығаруға тиым салынады. Осы ережелер бұзылған жағдайда, қолданушы 1 ай көлемінде оқырман залын қолдану құқығынан айырылады.

Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

Пайдаланушы:

-кітапхана ұсынатын кітапханалық-ақпараттық қызметтерінің негізгі түрлерін тегін қолдануға;

-ақпарат көздерін іздеу және таңдау бойынша кеңес алуға;

-Интернет және басқа да ақпарат қызметтерін қолдануға құқылы.

Қолданушы:

-әдебиетті алу үшін оқырман кітапшасын көрсетуге және әрбір басылым үшін кітап немесе оқырман формулярына қол қоюға;

-кітаптарды, басқа да баспа өнімдерін және кітапхана мүліктерін құнттап ұстауға;

-кітапханадан алынған басылымдарды белгіленген мерзімдерінде қайтаруға міндетті.

Пайдаланушыға:

-кітапханаға сырт киіммен келуге;

-оқырман залына сөмкемен кіруге;

-кітапхана бөлмесінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға;

-кітапханадан қолы қойылмаған кітаптарды алып шығуға;

-кітапханалық басылымдарды бүлдіруге (оларға белгі қоюға, сызуға, парақтарын жыртуға, мұқабасын майыстыруға және т.б.)

-картотекалар мен каталогтардан карточкаларды шығаруға;

-рұқсатсыз қызметтік бөлмелерге және кітап қоймаларына кіруге тиым салынады.

1-шi қосымша