Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
путев.ВШЭБиСН-2014.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
19.63 Mб
Скачать

2.Интеллектуалды ойын

Осы жарыс 1 курс «Қаржы» мамандығы студенттері арасында жыл сайын өтедi.Ойынның шарты бойынша командалар өздерін таныстырады, сұрақтарға жауап береді, үйге берілген тапсырмада мемлекетіміздің банк - несие жүйесi және қаржы саясатымен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет еді. Ойын өте қызықты өтеді.

3. «Элит» дебат клубы

Бiздiң мектеп қабырғасында «Элит» клубы жұмыс iстейдi. Клуб мүшелерi қазiргi Қазақстан экономикасының дамуы және дүниежүзілiк саясаттың көкейкестi сұрақтарын талқылайды.

4. Жыл сайын студенттер арасында ғылыми бөлім мен «Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан геосаяси және әлеуметтік - мәдени кеңістігінде» тақырыбы бойынша ғылыми мәслихаттар өткізіледі.

5. ЭБжӘҒЖМ студенттері оқу үлгерімдерін жоғары деңгейде сақтай отырып, университеттің спорттық өмiрiне белсене қатысады. Сонымен қатар ҚазГЗУ аумағын, Астана қаласын гүлдендіруді, көгалдандыруды жоғары мектептің студенттері борыштары ретінде санап өз үлестерін қосуға әрқашан дайын.

Кредиттік технология бойынша оқу процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi

Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жалпы ережелер

Оқытудың кредиттік жүйесі – даралау, білім беру траекториясының таңдаулылығы және кредит түріндегі білім көлемін есепке алу негізінде өзіндік білім алу деңгейін арттыруға және білімді шығармашылықпен меңгеруге бағытталған білім беру жүйесі.

Оқытудың кредиттік жүйесінде оқу жұмысының еңбек сиымдылығын есептеу оқытылатын материалдың көлемі, яғни кредиттің көлемі бойынша жүзеге асырылады.

Оқытудың кредиттік жүйесінде білім алушылар мамандықтардың бекітілген жұмыс оқу жоспары негізінде жеке оқу жоспарын құру жолымен оқу жұмысын жоспарлайды.

Жеке оқу жоспарлары (ЖОЖ) эдвайзердің көмегімен білім алушының жеке өзі әрбір оқу жылына бекітілген нысан бойынша қалыптасады. ЖОЖ-ды директорат проректор - директоры екі данада бекітеді: біреуі – директоратта сақталады және аттестация мен қорытынды бақылауды ұйымдастыру үшін білім алушының оқу жоспарын орындағанына бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады, екіншісі – білім алушыға беріледі.

Академиялық кезең барысында студент жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған, пәннің міндетті компонентінің 100% қоса алғандағы пәндердің кем дегенде 12-18 кредитін меңгеруі тиіс.

Оқу процесін ұйымдастыру бекітілген жұмыс оқу жоспары, оқу жылының академиялық күнтізбелігі, оқу сабақтарының кестелері және СОӨЖ кестесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпараттар директорат, кафедралардың студенттерінде және жоғары оқу орнының порталында (сайтында) жарияланады.

Жазғы семестрдің енгізілуіне рұқсат беріледі. Жазғы семестр студенттің бастамасы бойынша ақылы негізде, қосымша оқу және академиялық қарыздарды немесе оқу жоспарларының айырмашылығын жою үшін ұйымдастырылады.

Жазғы семестрдің мерзімі мамандықтар мен курстардың шамасындағы оқу процесінің академиялық күнтізбелігімен анықталады.

Жоғары мектеп студенттің қосымша курстан өту құқығына ие болуы үшін келесі талаптарды қояды: студент келесі курсқа академиялық қарызсыз көшірілуі керек, топ рентабельді болуы қажет.

Жазғы семестрге рәсімдеу регламентке сәйкес жүзеге асырылады:

- студент жазғы семестрлік сессияға дейін директоратқа жазғы семестрге қатысқысы келетіндігі туралы уәжді өтінішті ұсынады;

- проректор - директор студенттің өтінішін қарастырады және жазғы сессия аяқталғаннан кейін шешім қабылдайды;

- мәселе оң шешімін тапқанда жазғы семестрдің кестесі құрылады.

Жазғы семестр кезеңінде меңгерілген мамандықтың оқу жоспарының пәндері бойынша емтихандардың нәтижелері келесі оқу жылының GPA-сында ескеріледі.

Оқуды жалғастырғысы келмеген жағдайда студент оқудан шығуға құқылы. Жоғары оқу орнынан шығарылған білім алушыға бекітілген нысандағы транскрипт беріледі.

Оқуға қайтадан қабылдау, бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына (бір мамандықтан басқа мамандыққа) ауысу, академиялық демалысты рәсімдеу ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Курстарға тіркеу

Білім алушылардың пәндерді оқуы үшін жазбаны тіркеу бөлімінің қызметі жүктелген директорат проректор – директорлары ұйымдастырады. Білім алушы эдвайзердің басшылығымен пәнді таңдайды (міндетті курстарды, таңдау бойынша курстарды көрсете отырып, тіркеу нысандарын толтырады).

Тіркеу шарасы төмендегідей кезеңдерден тұрады: эдвайзермен кездесу және таңдауы бойынша оқу пәндерін талқылау; міндетті пәндер, таңдауы бойынша пәндерді көрсете отырып, тіркеу нысанын толтыру (оқыту траекториясын таңдау), курстарды тіркеу туралы келісімді растау.

Бірінші оқу жылындағы студенттер директорат бекіткен мерзімде оқытудың кредиттік технологиясы қағидаларын түсіндіру мақсатында өткізілетін бағдар беру шараларына қатысқаннан кейін тіркеу шараларын бастайды.

Қайта оқуға түскен білім алушы оқу сабақтары басталғанға дейін – 25 тамызға дейін директорат дайындаған курстың оқу жоспарының көшірмесін алады. Эдвайзерден кеңес алғаннан кейін бір апта мерзім ішінде таңдап алынған пәндерге жазылады, оқыту траекторясын таңдайды. Осылайша, білім алушының білім траекториясын белгілейтін 1 курсқа арнаған жеке оқу жоспары қалыптасады. Оқу жылы барысында жеке оқу жоспарына өзгертулерді енгізуге жол берілмейді.

Екінші және жоғары курстың білім алушылары 25 тамызға дейін өздерінің жеке оқу жоспарына кредиттердің жалпы санының 10% артық емес көлемінде өзгертулер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайда директоратқа өзгертулері көрсетілген, бекітілген нысандағы жазбаша тапсырысты өткізеді. Екінші және келесі курстардың білім алушылары 1 мамыр мен 30 мамыр аралығында эдвайзердің кеңес беруі арқылы бекітілген нысанда келесі оқу жылына өзінің жеке оқу жоспарын құрады. Білім алушы жоспарға қолтаңбасын қояды және 1 шілдеге дейін директоратқа тапсырады.

Оқыту траекториясы төңірегінде әрбір оқу пәні бойынша ректораттың директоратпен келісілуі бойынша пәндерді оқыту үшін қажетті білім алушының минималды санын бекітіледі.

Егер келесі курсқа көшірілген білім алушы бекітілген мерзімде өзінің жеке оқу жоспарын директоратқа тапсырмаған жағдайда, сол курстың жұмыс оқу жоспары оның оқуына негіз болып қабылданады.

Тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін білім алушының жеке жоспарын жоғары мектеп проректор-директоры бекітеді.

Өзінің жеке жоспарын құру барысында білім алушы: оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен танысуы, бекітілген мерзімде оқу пәндеріне тіркелуі және ЖОЖ өзгертулерді енгізуді қадағалауы, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін бекітілген санынан кем емес кредитке жазылуы керек.

Ақылы негізде оқитын білім алушы өзінің жеке оқу жоспарын тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін бекітілген кредит санынан кем мөлшерде қалыптастыруға болады, мұндай жағдайда оқыту мерзімі ұзартылады.

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесі

Студенттің оқу жетістіктері (білімі, іскерлік, дағды мен құзіреті) төрт баллды жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкесетін әріптік жүйе бойынша бағаланады.

Тіркеу бөлімінің қызметі жүктелген жоғары мектеп студенттердің білімін бақылау жүйесін ұйымдастыруды, аралық аттестацияны өткізуді, қорытынды бақылауды жүргізеді.

Аралық және кезеңді бақылаудың барлық түрлерін сабақ жүргізетін оқытушы өткізеді (нақты пән бойынша білімді бағалау шарттары силлабуста берілген).

Студент әрбір семестрдің 7-ші және 14-ші аптасында әрбір оқу пәні бойынша СОӨЖ сабақтарында ауызша I-ші және II-ші рейтингті тапсырады, ал 100% оқу материалдары қамтылған қорытынды емтиханды тест түрінде (комьютерлік) тапсырады.

Сабағын белгілі себептермен жіберген студентке: ауруы (сол кезде ҚазГЗУ дәрігерінің қолымен қойылған қалалық студенттік поликлиникадан алып келген анықтамасы бойынша), ғылыми, қоғамдық-саяси, спорттық және тағы басқа шараларға қатысуы (дер кезінде ресми сұраным бойынша) университиет ректорының рұқсаты бойынша (немесе оның бұйрығы бойынша бірінші проректордан), оқытушы рейтингтік бағаға объективтi түрде жіберілген сабақтарға сабаққа қатысқандығы бойынша балл қосады. Сонымен қатар студенттің жіберген сабақтарындағы оқу материалдарын оқытушы СОӨЖ уақытында алуы тиісті.

Пән бойынша қорытынды баға екі рейтинг пен қорытынды емтихан бағаларынан тұрады.

Білім алушының оқу жетістіктерін қорытынды бақылау бойынша жақсы баға тиісті пән бойынша бекітілген кредитінің сынағына негіздеме болып табылады.

Қорытынды бақылау бойынша қанағаттарлықсыз баға алғанда немесе емтиханға белгісіз себептермен келмеган жағдайда білім алушыға тиісті пән бойынша кредиттері есепке алынбайды.

Қорытынды бақылау бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушы келесі академиялық кезең барысында (немесе) жазғы семестрде ақылы негізде берілген пәнді қайта оқуға және тапсыруға құқылы.

Егер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы жұмыс оқу жоспары бойынша қарастырылған қажетті кредиттер санын жинай алмаған жағдайда, тиісті пәнді ақылы негізде қайта оқуына құқылы.

Аралық аттестация тәжірибенің барлық түрлері аяқталғаннан кейінгі қорытынды бақылаудан тұрады. Тәжірибе бойынша қорытынды бақылау тәжірибе жетекшісі, комиссия басшыларының бағаларын есепке ала отырып жүргізіледі. Тәжірибе бойыншы қорытынды аттестация GPA-не есептегенде және курстан курсқа көшірілгенде ескеріледі.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыға аралық аттестацияның қорытындысы бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В», «В-» бағаларына тапсырған жағдайда ғана шәкіртақы беріледі.

Білім алушыны курстан курсқа көшіру үшін көшіру балы бекітіледі.

Егер білім алушының GPA-сы бекітілген көшіру балынан төмен болған жағдайда білім алушы қайта оқыту курсына қалдырылады. Мұндай жағдайда ол не бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын орындап бітіреді не бекітілген жаңа жеке жоспарын қалыптастыру мүмкін.

Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқитын, қайта оқу курсына қалдырылған білім алушы келесі оқу кезеңінде мемлекеттік білім беру грантынан айырылады.

Оқудың барлық кезеңінде барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсырған және нәтижесінде 3,5 тен төмен емес GPA үлгерімінің орта балын жинаған, сондай-ақ бітіру жұмысы және/немесе мемлекеттік емтихандарды «А» немесе «А-» бағаларына тапсырған бітірушіге үздік диплом беріледі.

Төрт баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

Әріп жүйесінде бағалау

Баллдардыңсандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А –

4,0

3,67

95-100 90-94

Өте жақсы

В +

В

В –

3,33

3,0 2,67

85-89

80-84

75-79

Жақсы

С +

С

С -

Д +

Д

2,33

2.0

1,67

1,33

1,0

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

Қанағаттанарлық

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Оқуға қайта қабылдану және ауысу барысында оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру мерзімі бір академиялық кезеңнен тұрады, бұл кезеңде білім алушы пәндердің айырмашылығына жазылуы, оқудың ақысын төлеуі, олардың бағдарламаларын меңгеруі және қорытынды бақылаудан өтуі қажет.

Егер білім алушы оқуға қайта қабылдану немесе ауысу барысында жоғары мектеп проректор-директоры бекіткен мерзімде оқу жоспарының айырмашылықтарын тапсырмаған жағдайда, берілген пән академиялық қарыз ретінде белгіленеді және GPA-ны анықтау және курстан курсқа көшу барысында нөл болып есепке алынады.

Студентттер оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына қатаң түрде сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырулары және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғайды.