Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKMD_dlya_PD_K_-1_2_kurs_3_kr.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Қайта өрлеу дәуіріне қандай сипат тән?

А) Космоцентризм.

В) Геоцентризм.

С) Антроцентризм.

D) Теоцентризм.

Е) Гелиоцентризм.

2. Қайта өрлеу философиясының антикаға қатнасы неге сүйенеді?

А) Авторитетке.

В) Үлгіге.

С) Мұратқа.

D) Нағыз мәдениетке.

Е) Зерттеулер орталығына.

3. Қай дәуірде адам мәселесіне бетбұрыс жасалды?

А) Антикалық.

В) Орта ғасырлық.

С) Қайта өрлеу.

D) Жаңа дәуір.

Е) 20 ғасыр.

4. Астрономиядағы Коперниктің революциясы неге сүйенеді?

А) Антропоцентристік іліміне.

В) Космоцентристік іліміне.

С) Геоцентристік іліміне.

D) Гелиоцентристік іліміне.

Е) Теоцентристік іліміне.

5. “Күн қаласы” еңбегінің авторы:

А) Т.Мор.

В) Н.Кузанский.

C) Т.Компанелла.

D) Дж.Бруно.

Е) Н.Коперник.

6. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі тақырыбы не?

А) Қоғам.

В) Табиғат.

С) Мемлекет.

D) Космос.

Е) Жеке тұлға.

7. Төмендегі бағыттардың қайсысы Қайта өрлеу дәуіріне жатпайды?

А) Натурфилософия.

В) Реализм.

С) Неоплатонизм.

D) Гуманизм.

Е) Реформизм.

8. Дж. Бруно, Г.Галилей Қайта өрлеу дәуірінің қандай бағытының өкілдері?

А) Натурфилософия.

В) Реализм.

С) Неоплатонизм.

D) Гуманизм.

Е) Реформизм.

9. Қайта өрлеу дәуірі бойынша адам анықтамасын беріңіз:

А) Микрокосм.

В) Қоғамдық жануар.

С) Құдай жаратқан жәндік.

D) Ең басты құндылық.

Е) Ойлаушы субъект.

10. “Гуманизм” терминінің мағынасы:

А) Адамгершілік.

В) Мәдениеттілік.

С) Білімге құштарлық.

D) Сенім.

Е) Дін.

Дәріс №6.

Жаңа еуропалық мәдениетіндегі философияның өз тағдырын өзі шешу мәселесі

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.

XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық өндіріс практикасы ғылымға сүйенді.

Механика, Ньютон физикасы, жаратылыстану ғылымдары, эксперименталды- математикалық зерттеу дамыды. Ағартушылық, яғни антифеодалдық қозғалыс белең алды. Жаңа Заманды кейде ағылшын және француз материализмі дәуірі деп те атайды.

Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері:

  • метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстем болды;

  • философияда екі бағыт- рационализм және эмпиризм пайда болды;

  • индуктивтік - эмпириялық әдіс - жаратылыстану әдісі;

  • дедуктивтік - рационалдық әдіс - идеалистік спекулятивтік әдіс;

  • материализм философиясы мен Ағартушының идеясы.

Декарттың рационалдық философиясы.

Рене Декарт (1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалықтары: аналитикалық геометрияның негізін салды, координата жүйесі, функция ұғымын енгізді, кемпірқосақ теориясы, бөлшектердің құйынды қозғалысы, адам, жануарлардың қан айналысы, космологиялық идеялары.

Картезийдің философиялық идеялары:

  • философияда тұңғыш рет сана мәселесін қарастырды;

  • ойлап тұрған субъект "Меннің" болуы, танымдағы ақыл, парасаттың шешуші рөлі, рационализмнің негізін салды;

  • күмәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырды;

  • танымда жай абстракциядан күрелі ойлауға өту әдісі;

  • дуалистік метафизика, яғни екіұдайлық, екімағыналық бастама қағидасы;

  • ғылыми таныым әдісі, рационалдық методология және "туа біте пайда болатын идеялар" қағидасы.

Декарт сана мәселесін зерттеп, санада ойлау өзінен бастау керек дейді. Сезімдік танымды ескере отырып, Картезий анық, айқын, ақиқи білімді іздеді. Танымның ақиқаттылығы - тек күманданушы "Мен", күманданушы сананың бар болуы. Мен күмәннің өзінің бар болуынан өзгенің бар болуына күмәндануым мүмкін. Мен күмәнданып тұрғандықтан- ойлап тұрмын. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Сондықтан "Ego, cogito ergo sum" - "Мен ойлап тұрмын, демек өмір сүріп тұрмын".

Танымның негізгі түрі - ақыл, парасатқа сүйенген рационалдық таным. Ақиқатты іздеп табудың мүмкіндігі - туа біткен идеялардың бар болуынан туындайды. Туа біткен идеялар дегеніміз- дайын ақиқат емес, ол тек ақылдың аксиома мен ережелерді жасауға мүмкіндігі. Интеллектуалды интуиция, дедукция бастамасы- рационалдық таным, ал оның құралы - сана, ақыл, парасат.