Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKMD_dlya_PD_K_-1_2_kurs_3_kr.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

XiXғ. Неміс философиясының кнф-мен бірге кең тараған бағыты материализм болды:

  • Людвиг Фейербах философиясы;

  • Маркстік философия;

  • тұрпайы материалистер.

Людвиг Фейербахтың атеистік және материалистік философиясын неміс классикалық философиясына да және материализмге де жатқызуға болады. Өйткені Фейербах философиясы КНФ-ді аяқтайды және сонымен бірге XIXғ. неміс материализмнің негізін қалады.

Классикалық (диалектикалық) материализмнің үш құрамдас бөлігі:

  • маркстік философия;

  • саяси экономия (экономикалық ілім);

  • ғылыми коммунизм (әлеуметтік-саяси теория).

Марксизм философиясының көрнекті өкілдері Карл Маркс(1818-1883) пенФридрихЭнгельс(1820-1895) болды.

Маркстік философия:

  • бірізділікті материалистік дүние бейнесін қалыптастырды;

  • материалдық және қоғамдық болмыс үшін өндіріс пен экономиканың рөлін көрсетті;

  • қоғами болмыс қоғами сананы билейді, тарих пен қоғам дамуының негізінде материалдық өндіріс жатытынын дәлелдеді;

  • философиялық мәселелерді диалектика тұрғысынан (диалектикалық материализм) қарастырды;

  • тарихты, қоғам дамуын табиғи-тарихи, заңды (тарихи материализм) процесс деп қарастырды;

  • адам, қоғам, мемлекеттің пайда болып қалыптасуының дәйекті логикалық бейнесін берді;

  • атеистік тұрғыдағы көзқарас басым болды.

Неміс философиясының өзге түрі-тұрпайы материализм.Оның өкілдері-Фохт, Бюхнер, Молешоттадам, қоршаған дүние мәселелеріне тек жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология) тұрғысынан қарастыруға тырысты:

  • табиғат заңдарын (жануарлар дүниесінің, табиғи сұрыптау, тіршілік үшін күрес) адами қоғамға (әлеуметтік дарвинизм) механикалық тели салу;

  • идеалдықты терістеу, сананың идеалдығын мойындамау;

  • сананың қызметін физиологиялық процесс деп қарастыру (бауыр өтті қалай бөліп шығарса, мида ойды солай шығарады).

3. XIXғ. екінші жартысында Алманияда иррационализм идеясы да көрініс тапты. Иррационализм - болмыс пен танымның объективтік заңдылықтарын, диалектиканы терістейтін, қоршаған дүние мен тарихты хаос, кездейсоқтық тізбегі деп қарастыратын, жалпы бірізділікті, дәйекті логикалық дамуды мойындамайтын философиялық бағыт.

Иррационализм негізін Артур Шопенгауэр(1788-1860) салған деп саналады. Жалпы Шопэнгауэр философиясы пессимистік рухта өрбиді, адамның қоршаған дүниеге, өзінің өмірін өзгертуі мүмкіндігінің, қабілеттілігінің пәрменіне сенімсіздікпен қарайды. Иррационализмге жақын философиялық ағым-"Өмір философиясы". Бұл философияның негізгі мәселесі-дүниедегі адам болмысы, оның өмір сүруінің мәні, өмірді өз бітімінде, өзінде зерделеу. "Өмір философиясының" көрнекті өкілдерінің бірі -Фридрих Ницше(1844-1900).

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Өзіндік зат, категориялық императив, Мен және мен емес, аналитикалық пікірлер, синтетикалық пікірлер, Рух феноменологиясы, панлогизм, тезис антитезиз синтез, антропологиялық материализм т.б.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Кант антиномиялары-ол:

А. Шешілмейтін қарама-қайшылықтар

В. Пайымдаулар

С. Ұғымдар

D. Аксиомалар

Е. Болжамдар

2. Кант этикасының орталық идеясы:

А. Гипотетикалық императив

В. Индивидуалды пайда принципі

С. Категориялық императив

D. Ақылды эгоизм

Е. Қоғамдық пайда принципі

3. Кант философиясындағы адам жүріс-тұрысының бастапқы принципі:

А. Гедонизм

В. Прагматизм

С. Эгоизм

D. Категориялық императив

Е. Альтруизм

4. Кант бойынша, категориялық императив дегеніміз:

А. Себеп-салдарлық

В. Табиғат заңы

С. Адамның субъективті көзқарасы

D. Әлемді эстетикалық қабылдау

Е. Моральдік заң

5.Неміс философиясының өкілі, агностик:

А. И. Кант

В. Й.Г.Фихте

С. Ф.В.Шеллинг

D. Г.Гегель

E. Л.Фейербах

6. Гегель философиясын сипаттайтын негізгі ұғымды көрсетіңіз:

А) «Өзіндік зат»

В) Апейрон

С) Монада

D) Абсолютті идея

E) Табиғат философиясы

7. Л.Фейербах өз философиясындағы негізгі көңіл аударатын мәселесі:

А) Гносеология.

В) Онтология.

С) Антропология.

D) Социология.

Е) Аксиология.

8. И.Кант бойынша тәжірибенің қай түрі тәжірибеге дейінгі білімді көрсетті?

A) Трансцендентальды

B) Апостериорлық

С) Аналитикалық

Д) Синтетикалық

Е) Априорлық

9.И.Кант бойынша тәжірибенің қай түрі тәжірибеге кейінгі білімді көрсетті?

A) Трансцендентальды

B) Апостериорлық

С) Аналитикалық

Д) Синтетикалық

Е) Априорлық

10. Ф.Шеллинг бойынша объективті идеяның, әлемдік рухтың нақты бейнесі дегеніміз:

A) Сана

B) Жан

С) Табиғат

Д) Адам

Е) Дүние

Дәріс№ 8.

XIX ғ. - XX ғ. және XXI ғ.басы. мәдениетіндегі батыс Еуропалық философия

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс мән танымжәне өзге де философиялық мәселелерді иедалистік тұрғыда зерттеп дамытты.

Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар филосоиялық мән мен таным мәселесінің орнына өмір жеке адам құбылыс психологиялық және тағы басқа мәселелерді қарастыру белес алды. Осы дәуірде классикалық филосоиясын әсіресе Гегелдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті:

Сол жақтан сынау материалистік философия өкілдері

Оң жақтан сынау идеалистік бейклассикалық философия өкілдері

Сонымен бірге Кантқа қайта оралу, Гегелге қайиа оралу деген ұранмен неокантшылдық, неогегелдік философиялық мектептер пайда болды.

Неокантшылдық мектеп Марбург мектебі

Бадендік мектеп (Фрейбург) мектеп

Неогеглшілдік мектеп

Иррационализм – табиғатта қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарды, Гегелдің диалектикасымен даму идеясын біртұтастық пен заңдылық жүйесін мойындамады.

Өмір философиясы. Ницше.

Өмір философиясы XIX ғасырдың аяғында Германия мен Францияда пайда болды.

«Өмір философиясы» терминінің мәні:

Өмірдің мағынасы мен құндылығы жөніндегі көзқарастар мен қағидалар жиынтығы

Тіршілік – өнер көріністерінің формалары, өмірді бастан кешірудің әдісі

Практикалық, яғни әлеуметтік – этикалық мәселелер

Өмірді тек интуиция арқылы тануға болады.

«Өмір» ұғымын түсінудегі «Өмір философиясының» негізгі нұсқалары:

Өмірді биологиялық натуралистік ұғыну, өмірді тірі организм болмысы тұрғысында қарастыру. Ақыл, парасатты терістеу, иррационализм (Ницше, Клагес)

Космологиялық метафизикалық нұсқасы. Өмірді ғарыштық күш деп, өмір ұйытқысының мәні өзін үздіксіз жаңартатын және формаларды жасайтын өмірлік қарқын деп ұғыну. (Бергсон)

Мәдени тарихи нұсқасы. Өмірді өз бітімінен, қойнауынан танудың арнайы әдістерін қарастыру (Дильтей, Зиммель, Шпенглер)

Прагматизм, - гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзін білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болды.

Прагматизм - абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты практикалық салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.

Прагматизмнің негізін алғашқы прагматизм өкілдері, американ философтары – Ч.Пирс пен У.Джемс салды.

Феноменология (грек., құбылыс туралы ілім) – таза сананы талдау және адам тіршілігінің имманенттік, априорлық құрылымын зерттеу әдісі. Феноменология феноменді мәннің құбылысы тұрғысында емес, керісінше өзін-өзі айқындайтын санадағы тікелей анықталғандық түрінде қарастырды. Жалпы алғанда феноменология деп «мәндіктерді аңғарушылық» және өзінің объекттерін өзі құрастырып зерттейтін сана туралы ілімді айтады.

2. Феноменологияның ең басты, көрнекті өкілі – Эдмунд Гуссерль (1859 – 1938). Оның негізгі шығармалары: «Логикалық зерттеулер», «Таза феноменология және феноменологиялық философия идеяларына», «Тәжірибе және пікір», «Формалдық және трансценденталдық логика», «Париждік баяндамалар», «Картезиандық ойлар», «Еуропа ғылымның дағдарысы» және т.б.

Герменевтика (грек., герменойтикос – түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) – ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.

Герменевтиканың басты идеясы: тіршілік ету дегеніміз ұғына білу, ұғыналыну. Зерттеу пәні – мәтін. Герменевтиканың түпкілікті ұғымдары:

  • «герменевтикалық үшбұрыш» - мәтін авторы, мәтіннің өзі мен оқушы арасындағы өзара қатынас;

  • «герменевтикалық шеңбер» - ұғыну процесінің циклдік сипат алуы, бүтін мен бөлік диалектикасына негізделген мәтінді түсіну принципі, яғни бүтінді ұғыну жеке бөліктерді ұғынудан басталады, ал бөліктерді ұғыну үшін алдын ала бүтінді ұғыну қажет. Осы тұрғыдан қарастырғанда мәтінді түсіну дегеніміз шеңбер түрінде, яғни бүтіннен бөлікке, бөліктен бүтінге өту қозғалысы болып шығады.

Герменевтика герменевтикалық жағдай, яғни мәтінді дұрыс түсіндіру мен ұғыну қажеттілігі туындаған кезбен қатарлас пайда болды.

Алғашқы герменевттер – ортағасырлық теолог-схоласттар (Фома Аквинский және т.б.) болды. Олар Інжіл мәтініндегі қасеитті аяндардың, идеялардың мағынасын «ашумен» айналысты.

Қазіргі заманғы философ-герменевттерге – Ф.Шлейермахерді, М.Хайдеггерді, Г.Гадамерді, Ғ. Есімді және П.Рикерді жатқызуға болады.

Теологиялық философия – батыста кең тараған философиялық бағыт. Теологиялық философияның айналысатын негізгі мәселелері:

  • барлық мәнділікті жасаушы Құдай болмысы;

  • жасампаздықтың шыңы – адам болмысы, адам өмірі.

Қазіргі заманғы теологиялық философияның ерекшелігі:

  • адамға жақындай түсті;

  • көптеген догмалардан арылды;

  • әлеуметтік гармония, әдептілік, мораль, бейбіт өмір сүру мәселелеріне көңіл бөле бастады.

Қазіргі заман теологиялық философиясының ең беделді ағымы – неотомизм. Оның көрнекті өкілдері – Э.Жильсон (1884 – 1978), Ж.Маритен (1882 – 1973), Ю.Бохельский (1902 ж.т.), Е.Корет (1919 ж.т.), К.Ранер (1904 – 1984), Ф.ван Стенберген (1904 ж.т.). К.Войтыла (1920 – 2005).

Неотомизм негізі – Фома Аквинскийдің ілімі, ал өзекті принципі – сенім мен парасат гармониясы, үйлесімі.

Позитивизм (лат., «оң», «жағымды» деген сөзінен шыққан) – XIX ғ. 30 – 40 жылдары пайда болған философиялық бағыт. Позитивизм – ғылымды философияға қарсы қоятын, философиялық мәселелерді терістейтін, тек арнайы, «оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым.

Өзінің дамуында позитивизм төрт негізгі кезеңнен өтті.

  • Классикалық позитивизм (О.Конт, Г.Спенсер-бірінші позитивизм);

  • Махизм (екінші позитивизм);

  • Неопозитивизм (үшінші позитивизм);

  • Постпозитивизм.

Позитивизм негізін Сен-Симонның шәкірті, француз философы Огюст Конт (1798 – 1857) салды. Ол ғылымға «социология» деген терминді енгізді.

О.Конттың негізгі шығармалары; «Позитивтік философия курсы», «Позитивтік философияға жалпы шолу».

Позитивизмнің қалыптасуы мен дамуына Джон Стюарт Милльдің (1806 – 1873) «Логика жүйесі» кітабі және Герберт Спенсердің (1820 – 1903) «Әлеуметтік статика», «Негізгі бастамалар», «Ой, әдептілік, дене тәрбиесі» деген кітаптары үлкен үлес қосты.

Постпозитивизм – неопозитивизм, логикалық позитивизмді жалғастыруға, алмастыруға келген философиялық бағыт (XX ғ. екінші жартысы – XX ғ. аяғы).

Постпозитивизмнің басты мақсаты – ғылыми білімнің (тіл, ұғым) құрылымын зерттеу емес, ғылыми білімнің өсуі мен дамуын зерттеу.

Постпозитивистерді мына мәселелер қызықтырады:

  • жаңа теория қалай пайда болады?

  • оны мойындау қай тұрғыда болады?

  • ғылыми теорияларды салыстырудың өлшемі (критерийі) неде?

  • альтернативалық теория жақтастарының арасында түсінушілік болу мүмкін бе?

Постпозитивизмнің айналысатын негізгі мәселелері:

  • формальды логикаға онша көп көңіл аудармау;

  • ғылым тарихына көп көңіл бөлу;

  • «дайын» ғылыми білімдерді талдаудан, оның дамуын, өсуін, динамикасын зерттеуге өту;

  • эмпирия мен теорияны, ғылым мен философияны қатаң бөлуден бас тарту;

  • білімнің дамуын мөлшерлік («қалыпты ғылым») және сапалық («ғылыми революция») өзгерістердің бірлігі деп қарастыруға ұмтылу.

  • фальсификация мәселесі;

  • ғылыми теорияның шындыққа жанасу мәселесі;

  • рационалдық мәселесі;

  • ғылыми теориялардың өлшемдестігі мәселесі;

  • түсіністік мәселесі;

  • антагонистік теория өкілдері арасында жалпылық бір көзқарасты іздеу, табу мәселесі.

Экзистенциализм(лат.,ex(s)istentia - тіршілік) адамның ақиқи, ішкітұлғалық болмысы, субъект пен объекттің тікелей біртұтастығы, субъекттің өзінің "дүние-дегі - болмысын" бастан кешіруі.

Экзистенциалистер Паскальды, Къеркегорды, Унамуноны, Достоевскийді және Ницшені өздерінің ізашарлары ретінде қарастырады. Философиялық тұрғыдан экзистенциализмге "Өмір философиясы", Гуссерль мен Шелердің феноменологиясы көп ықпал жасады.

Экзистенциализм философиясының әйгілі өкілдері:

  • Ресейде - Шестов, Бердяев;

  • Алманияда - Хайдеггер, Ясперс, Бубер;

  • Францияда - Сартр, Марсель, Мерло-Понти, Камю, С.де Бовуар;

  • Италияда - Аббаньяно, Э.Пачи, Э.Кастелли;

  • Испанияда - Ортега-и-Гассет.

Структурализм – XX ғ. әлеуметтік - гуманитарлық танымның бір ағымы, ол структураны (құрылымды), яғни әртүрлі өзгерістерде өзінің тұрақтылығын сақтайтын элементтер арасындағы қатынастар жиынтығының біртұтастығын зерттейтін, яғни құрылымды анықтайтын философиялық бағыт.

Құрылымды ізденіс, табу мәдениеттің көптеген формаларында жүзеге асады: тіл мен әдебиетте, әлеуметтік жағдаяттар мен идеялар тарихында, өнерде және т.б.

  • Постструктурализм (неоструктурализм) – структурализмнің «екінші толқыны», 1968 жылғы мамыр – маусым оқиғаларынан кейін пайда болған, структурализмді сынау және дамытуды көздейтін философиялық бағыт. Постструктурализм тілдік құрылымдар көмегі арқылы адам мен қоғамды объективтік тануда пайда болатын апориялар мен парадокстарды анықтау, структурада «бейструктуралықты» айқындау, а-тарихилық пен лингвистикалық редукционизмді сынау, мағынақұрылымның жаңа моделдерін құрастыру, «ашық» оқудың жаңа практикасын жасау, герменевтикалық және аналитикалық түсіндіру моделдерін сынға алуды мақсат етті.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: өмір философиясы, иррационализм, прагматизм, феноменология, герменевтика, психоанализ, позитивизм, постпозитивизм, экзистенциализм, структуралимз, постструктурализм және т.б.