Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Байдаулетова А.Казирги казак тили Морфология.doc
Скачиваний:
99
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Қ

ызылорда, 2012 ж.

Құрастырушы: аға оқытушы ф.ғ.к А.Ө.Байдаулетова

«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Қызылорда: Болашақ университеті, 2012.

Әдістемелік нұсқаулар оқу жоспарының және «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінің типтік бағдарламасының талаптарына сай практикалық сабақтардың тақырыптарын орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқаулар 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері үшін арналған.

Әдістемелік нұсқауда жалпы практикалық сабақтарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері және жүргізілуіне қойылатын талаптар, студенттердің міндеттері көрсетілген. Сондай-ақ, «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен жүргізілетін практикалық сабақ тақырыптары және оларды өткізуге арналған нұсқаулар беріледі.

Әдістемелік нұсқау Тарих және филология кафедрасының мәжілісінде («___»________2012ж., №___ хаттама) қарастырылды және баспаға ұсынылды.

Баспаға Қызылорда Болашақ университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.

№___ хаттама «___»_____________ 2012ж.

Түсініктеме

“Қазіргі қазақ тілі” – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қазақ филологиясы факультеттерінде “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығын дайындайтын бөлімнің оқу жоспарына ендірілген ғылыми курс. Бұл курс фонетика, лексика, грамматика деген бөлімдерден тұратын, өзара тығыз байланыста келетін тіл білімінің салалары. Көп жылдардан бері тіл ғылымының бұл салалары жоғары оқу орындарында арнайы жасалған бағдарламалар мен оқулықтар негізінде жеке-жеке пән ретінде жүргізіліп келеді.

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы” пәні төмендегідей міндеттерді қамтиды:

  • Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру.

  • Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОБЖ, СӨЖ арқылы студенттердің морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.

  • Студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

Пререквизиттер:

  • Қазіргі қазақ тілі (барлық курсы)

  • Қазақ әдеби тілінің тарихымен

  • Тіл мәдениеті

  • Көркем мәтінді тілдік талдау

  • Психология

  • Педагогика

  • Философия

  • Әлеуметтану

Постреквизиттер:

  • Әдебиет теориясы

  • Айтыс өнері

  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

1-практикалық сабақ

Жоспар:

Грамматиканың зерттеу нысаны, салалары, олардың өзара байланысы

Грамматикалық және лексикалық мағыналардың айырмашылықтары мен өзара қатынасы

Грамматикалық мағына түрлері, берілу тәсілдері, ол туралы ғалымдар пікірлері

Нөлдік форманың қазақ тіліндегі парадигмалық сипаты

Грамматикалық категория ұғымы, өзіндік сипаты мен шарттары, түрлері

Сабақтың мақсаты:

Грамматиканың зерттеу нысаны, салалары, олардың өзара байланысын жан-жақты меңгеру.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Грамматикалық мағынаның түркі тілдеріндегі әмбебаптық қасиеттері

Студенттің өзіндік жұмысы:

Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікірлер

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

2-практикалық сабақ

Жоспар:

Қазақ тіл біліміндегі сөз таптары туралы мәселенің қарастырылуы

Тілдегі сөздерді үш топқа бөлу

Сөздерді жеке сөз таптарына топтастыру

Сабақтың мақсаты:

Қазақ тіл біліміндегі сөз таптары туралы мәселенің қарастырылуы, тілдегі сөздерді үш топқа бөлу, сөздерді жеке сөз таптарына топтастыру жөнінде толық мағлұмат беру.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Грамматикалық категорияның сөз таптарына байланыстылығы

Студенттің өзіндік жұмысы:

Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

3-практикалық сабақ

Жоспар:

Зат есімнің анықтамасы, сөз табылық ерекшеліктері мен морфемдік құрамы

Зат есімнің лексика-семантикалық сипаты, субстантивтену.

Зат есімнің морфологиялық сипаты.

Зат есімнің синтаксистік қызметі.

Сабақтың мақсаты:

Зат есімнің анықтамасы, сөз табылық ерекшеліктері мен морфемдік құрамы жөнінде зерттеушілердің пікірлеріне тоқталу.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Зат есімнін жасалу жолдары (синтетикалық, аналитикалық, лексикалық) тәсілдері

Студенттің өзіндік жұмысы:

Күрделі зат есімдердің түрлері, орфографиясы

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

4-практикалық сабақ

Жоспар:

Сын есімнің жалпы сипаты

Сапалық сындар мен қатыстық сындар

Сын есімнің шырай категориясы

Сын есімге ауысу (адъективация).

Сын есімнің синтаксистік қызметі.

Сабақтың мақсаты:

Сын есімнің жалпы сипатына, сапалық сындар мен қатыстық сындарға, шырай категориясына, сөз таптарының сын есімге ауысуна (адъективация) толыққанды тоқталу.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысу жолдары

Студенттің өзіндік жұмысы:

Күрделі сын есімдердің ішкі құрамдарының түрлері

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

5-практикалық сабақ

Жоспар:

Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.

Сан есімнің құрылымы: дара және күрделі сан есімдер.

Сан есімнің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.

Сабақтың мақсаты:

Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты, сан есімнің құрылымы жөнінде ғалымдар пікіріне тоқталу.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Сан есім мен сын есімнің ұқсастыктары мен өзіндік ерекшеліктері

Студенттің өзіндік жұмысы:

Құрамында сан есім бар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы мен қолданылуы

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

6-практикалық сабақ

Жоспар:

Есімдіктің жалпы сипаты

Есімдіктің грамматикалық, морфологиялық сипаты

Есімдіктің синтаксистік қызметі

Есімдіктің мағыналық топтары

Сабақтың мақсаты:

Есімдік, оның грамматикалық, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі мен мағыналық топтары жөнінде ғалымдар пікіріне шолу жасау.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Сілтеу есімдіктерінің кеңістік пен мезгілді нұсқауына байланысты түрлері

Студенттің өзіндік жұмысы:

Есімдіктің есімдер тобына жататындығы, мағынасының жалпылығы, оның кандай мағынада қолданылуы контекстен көрінетіндігі

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

7-практикалық сабақтар

Жоспар:

Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді талдауға арналған жаттығу жұмыстарын орындау

Сабақтың мақсаты:

Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді талдауға арналған жаттығу жұмыстарын орындай отырып, өткен мәліметтерге шолу жасау.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Сын есімдердің басқа сөз таптарына ауысуы

Студенттің өзіндік жұмысы:

Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің түрленуі

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

8-практикалық сабақтар

Жоспар:

Етістіктің лексика-семантикалық сипаты

Салт-сабақты етістіктер

Етіс, оның түрлері, салт-сабақтылыққа қатысы

Сабақтың мақсаты:

Етістіктің лексика-семантикалық сипаты, салт-сабақты етістіктер, етіс, оның түрлері, салт-сабақтылыққа қатысы жөнінде мағлұмат.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Етістіктің лексика-семантикалық түрлері

Студенттің өзіндік жұмысы:

Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері туралы ғалымдар көзқарасы

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

9-практикалық сабақ

Жоспар:

Негізгі және көмекші етістіктер, қалып етістіктері.

Етістіктің ерекше түрлері: есімше, көсемше, қимыл есімі (тұйық етістік)

Сабақтың мақсаты:

Негізгі және көмекші етістіктер, қалып етістіктері, есімше, көсемше, қимыл есімі (тұйық етістік). Оларды мәтін ішінде ажырата білуге баулу.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Болымсыз мағынаның етістікте берілу тәсілдері синтетикалық, аналитикалық көрсеткіштері

Студенттің өзіндік жұмысы:

Есімше, көсемшелердің сөйлемдегі қызметі

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

10-практикалық сабақ

Жоспар:

Етістіктің грамматикалық категорияларының көрсеткіштері (қосымшалары)

Сабақтың мақсаты:

Етістіктің грамматикалық категорияларының көрсеткіштеріне (қосымшалары) байланысты пікірлерге тоқталу.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Бұйрық рай, семантикалық мәні, аналитикалық, синтетикалық формалары

Студенттің өзіндік жұмысы:

Шартты райдың мағынасы. Қалау рай мен шартты райлардың тұлғасындағы ұқсастық пен айырмашылығы

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

11-практикалық сабақ

Жоспар:

Етістіктің аналитикалық форманттары

Қимылдың өту сипаты категориясы

Қимылдың жасалу тәсілдері мен олардың берілу жолдары

Қимылдың даму сатысы

Болымдылық, болымсыздық категориясы

Сабақтың мақсаты:

Етістіктің аналитикалық форманттары, қимылдың өту сипаты категориясына байланысты пікірлерді салыстырмалы түрде келтіру.

Қимылдың жасалу тәсілдері мен олардың берілу жолдары

Қимылдың даму сатысы

Болымдылық, болымсыздық категориясы

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Студенттің өзіндік жұмысы:

Қимылдың өту сипаты категориясына си паттама

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

12-практикалық сабақ

Жоспар:

Етістіктің модалдылық мағынасы, оның рай категориясымен байланысы

Етістіктің рай, жақ, шақ категориялары

Етістіктің сандылық категориясы

Етістік тұлғасының сөйлемде түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Етістіктің модалдылық мағынасы, оның рай категориясымен байланысы, рай, жақ, шақ категориялары, сандылық категориясына байланысты ғалымдар пікірлеріне тоқталу.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Етістіктің жіктелу, қысқаша, толық, кепше, жекеше түрлері

Студенттің өзіндік жұмысы:

Етістіктің шақтары, жасалу жолдары, түрлері

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

13-практикалық сабақтар

Жоспар:

Үстеудің, анықтамасы мен морфемдік құрамы.

Үстеудің мағыналық топтары.

Үстеудің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Үстеу, оның морфемдік құрамы, зерттелуіне шолу жасау.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Үстеулердің сөйлемдегі синтаксистік қызметі

Студенттің өзіндік жұмысы:

Үстеудің тарихи қалыптасуы, үстеу түбірлері

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

14-практикалық сабақтар

Жоспар:

Еліктеуіш сөздердің өзіндік белгілері, түрлері

Еліктеуіштердің фонетика-морфологиялық сипаты

Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі

Сабақтың мақсаты:

Еліктеуіш сөздердің өзіндік белгілері, түрлері, синтаксистік қызметіне байланысты еңбектерге шолу жасау.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Еліктеу сөздердің фонетикалық-морфологиялық сипаты

Студенттің өзіндік жұмысы:

Еліктеу сөздердің мағыналық топтары

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

15-практикалық сабақтар

Жоспар:

Шылау сөздердің ерекшеліктері, түрлері, қызметі

Одағайлардың жалпы сипаты, құрамы мен мағыналық түрлері

Модаль сөздердің жалпы сипаты мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

Шылау сөздердің ерекшеліктері, түрлері, қызметі, одағайлардың жалпы сипаты, құрамы мен мағыналық түрлері, Модаль сөздердің жалпы сипаты мен қызметіне шолу жасау.

Студенттің оқытушымен орындайтын жұмысы:

Шылаулардың емлесі, түрлері. Одағай, модаль сөздер

Студенттің өзіндік жұмысы:

Жалғаулықты шылаулардың салаластырғыштық және сабақтастырғыштық болып екіге бөлінуі. Одағай, тұлғалық құрылымы.

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:

Грамматика, морфология, сөздердің грамматикалық қасиеттері, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қор, тілдің негізі, тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалык категория, сөз таптары, атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, негізгі сөз табы, зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

ПӘН БОЙЫНША РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары

  2. "Бір" сан есімінің қолданыс ерекшелігі

  3. Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылу ерекшеліктері

  4. Зат есімнің мағыналық топтары

  5. Комекші есімдердің қолданылу ерекшеліктер

  6. Тәуелдік жалғаудың грамматикалық қызметі

  7. Септік жалғауларының мағынасы

  8. Көптік мағынаның берілу жолдары

  9. Сын есімнің мағыналық ерекшеліктері

  10. Сан есімнің мағыналық топтарының қолданыстағы ерекшеліктері

  11. Есімдіктердің мағыналық ерекшеліктері

  12. Етістіктің лексика-семантикалык топтары

  13. Күрделі етістіктердің құрылымдық ерекшеліктері

  14. Есімшенің синтаксистік қызметі

  15. Омоним сөздердің сөз таптарына қатыстылығы

  16. Қазақ тіл біліміндегі шырай түрлерін топтастыру туралы пікірлер

  17. Сандық категориясы

  18. Сұрау есімдіктерінің қолдануда сұрау мағынасын білдіретін жағдайлары

  19. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі

  20. Көсемшенің синтаксистік қызметі

  21. Етістіктің райлары және олардың мағыналық ерекшеліктері

  22. Үстеулердің мағыналық ерекшеліктері

  23. Септеулік шылаулардың мағыналары

  24. Демеулік шылаулардың мағыналары

  25. Жалғаулық шылаулардың грамматикалық қызметі

  26. Еліктеуіш сөздердің қолданысы

  27. Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері туралы ғалымдар көзқарасы

  28. Қимылдың өту сипаты категориясы

  29. Зат есімнің тәуелдік категориясы мен жіктелу ерекшеліктері

  30. Зат есімнің септік категориясы

  31. Сын есімнің заттану процесі

  32. Шырай түрлеріне мысалдар теріп, сипаттама беру

  33. Қазақ тіліндегі сан есімдердің қолданысындағы ерекшеліктері

  34. Сан есім негізінде жасалған күрделі сөздер (мысалдар теріп сипаттама беру)

  35. Сан есім түрлеріне сипаттама

  36. Сұрау есімдіктерінің грамматикалық ерекшеліктері және оның тілдегі орны

  37. Белгісіздік есімдігі, оның мағынасы,олардың морфемдік құрамы

  38. Болымды және болымсыз етістіктердің тілдегі алатын орны

  39. Тұйық етістік, көсемше және есімше – етістіктің функциялық топтары

  40. Үстеулердің қабыса байланысуының грамматикалық табиғаты

  41. Күшейткіш үстеулер туралы пікірлер, көзқарастар

  42. Үстеудің грамматикалық ерекшеліктері

  43. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері

ПӘН БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Зат есімнің лексика-семантикалық сипаты

  2. Көмекші есімдер, олардың қызметі мен түрленуі

  3. Зат есімнің жалаң және күрделі түрлері

  4. Зат есімнің сандық категориясы, берілу жолдары

  5. Зат есімнің тәуелдік категориясы, жасалуы мен мағынасы

  6. Зат есімнің септік категориясы.

  7. Зат есімнің жіктелу ерекшеліктері

  8. Зат есімнің синтаксистік қызметі

  9. Сын есім сөз табы, ерекшеліктері, анықтамасы

  10. Шырай түрлері: салыстырмалы және күшейтпелі шырайлар

  11. Сын есімнің синтаксистік қызметі, адъективация процесі

  12. Сан есім, ерекшеліктері, түрлері

  13. Сан есімнің синтаксистік қызметі

  14. Есімдік сөз табы, өзіндік ерекшеліктері

  15. Есімдіктің түрлері, қолданылу ерекшеліктері, қызметтері

  16. Етістік сөз табы, анықтамасы мен белгілері

  17. Етістіктің зерттелу жайы

  18. Етістіктің лексика-семантикалық топтары

  19. Етістік түбірінің ерекшеліңктері

  20. Көмекші етістіктер, түрлері, қызметі

  21. Аналитикалық форманттар, жасалуы мен мағыналары

  22. Қалып етістіктері, түрлері мен қызметтері, ерекшеліктері

  23. Етістік сөз табының категориялары, бөлінісі, түрлері

  24. Етістіктің синтаксистік қызметі

  25. Үстеу, жалпы сипаты, қалыптасу ерекшеліктері

  26. Үстеудің мағыналық топтары.

  27. Үстеудің синтаксистік қызметі

  28. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер, өзіндік ерекшеліктері

  29. Шылау сөздер, өзіндік белгілері

  30. Одағайлар, түрлері, ерекшеліктері

  31. Модаль сөздер, мағыналық ерекшеліктері

  32. Сөз және сөз тұлғалары – синтаксис нысандары

  33. Синтаксистік байланыстар және сөз тіркесі

  34. Салаласа байланысқан сөз тіркестері.

  35. Қабыса байланысқан сөз тіркестері

  36. Салт, сабақты етістіктің меңгеруі

  37. Жай сөйлем туралы түсінік

  38. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

  39. анықтауыш

  40. Тура толықтауыш

  41. Жанама толықтауыш

  42. Пысықтауыштардың құрамына қарай түрлері

  43. Пысықтауыштардың мағынасына қарай түрлері және жасалуы

  44. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай топтасуы

  45. сөйлемнің құрылымына қарай жіктелуі

  46. Құрмалас сөйлемнің түрлері

  47. Салалас құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері

  48. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

  49. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

  50. Аралас құрмалас сөйлем, жасалуы

ПӘН БОЙЫНША ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

#001

Морфологияның зерттеу объектісі:

  1. сөз байлығын, сөздік қор мен сөз құрамын

  2. сөздік қор мен сөз құрамын;

  3. сөз тұлғасын, сөздердің түрленуі мен сөз таптарын

  4. сөз тіркесін, сөйлем түрлерін

  5. сөз мағынасын.

#002

Сөз таптары дегеніміз не?

  1. сөздің грамматикалық категориясы

  2. сөздің лексикалық категориясы

  3. сөздің лексика-грамматикалық категориясы

  4. морфемалар жүйесі

  5. Сөздердің функционалды-грамматикалық жүйесі

# 003

Түркологияда етістікті аналитикалық формасының теориялық негізін салған кім?

  1. А.Юлдашев;

  2. А.Мещанинов;

  3. Н.Дмитриев;

  4. С.Исаев;

  5. А.Хасенова.

# 004

Қазіргі қазақ тілі (етістік) оқу құралыны авторы:

  1. Н.Оралбаева;

  2. Ы.Маманов;

  3. М.Балақаев;

  4. С.Исаев;

  5. А.Хасенова.

# 005

Сөз таптарын таптастыру принципіне толық сай келетінін белгіле

  1. Зат есім, сан есім

  2. Сан есім, есімдік

  3. Етістік, зат есім

  4. Еліктеу сөз, одағай

  5. Шылау, модаль сөз

# 006

Ы.Мамановтың қосымшаларды жіктеуі

  1. сөзжасам, сөзбайлам, сөз түрленім;

  2. сөз түрлендіруші;

  3. функциялы, модификациялы;

  4. сөз тудырушы;

  5. жалғау, жұрнақ;

# 007

Қазіргі қазақ тілі (морфология) оқулығының авторы

  1. С.Исаев;

  2. А.Ысқақов;

  3. Т.Қордабаев;

  4. К.Аханов;

  5. М.Оразов.

# 008

Негізгі грамматикалық ұғымдарды атаңыз

  1. морфология, синтаксис;

  2. грамматикалық категория, грамматикалық форма, грамматикалық мағына;

  3. грамматикалық абстракция;

  4. антоним;

  5. морфема.

# 009

Жіктік жалғауларыныңң қалыптасуы:

  1. жіктік жалғаулары септелген есімдіктердің энклитикасы;

  2. жіктеу есімдіктерінің түбір түрінің өзгерген түрі;

  3. жіктік және тәуелдік жалғауларының қосылған түрі;

  4. тәуелдік жалғауларының өзгерген түрі;

  5. көне жұрнақтар.

# 010

Көне түркі тіліндегі -ғару, -геру тұлғалары қай септіктің қосымшалары

  1. жатыс;

  2. барыс;

  3. шығыс;

  4. көмектес;

  5. табыс.

# 011

Грамматика нені зерттейді?

Лексемаларды

Тілдің грамматикалық құрылысын

Тіл дыбыстарын

Морфемаларды

Сөз төркінін

# 012

Тәуелдік жалғаудың шығу тегі:

  1. жіктік жалғаулары;

  2. жіктеу есімдігі;

  3. сілтеу есімдігі;

  4. септік тұлғалары;

  5. көптік жалғауы.

# 013

«Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» - деген еңбектің авторы:

  1. Н.Оралбаева;

  2. Ы.Маманов;

  3. М.Балақаев;

  4. С.Исаев;

  5. А.Хасенова.

# 014

Ә.Хасеновтың еңбегін көрсетіңіз

Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдер;

Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер;

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер;

Тіл біліміне кіріспе;

Тарихи грамматика.

# 015

Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістігі еңбегінің авторы

Н.Оралбаева;

К.Аханов;

Т.Қордабаев;

М.Оразов;

А.Ысқақов

# 016

Қосымшалардың жіктелуі (проф. С.Исаевтың көзқарасы бойынша)

  1. жұрнақ, жалғау;

  2. сөзбайлам, сөзтүрлем;

  3. морфема, аффикс;

  4. сөз тудырушы, сөз түрлендіруші;

  5. сөзжасам жұрнақтары, жалғау.

# 017

Тұлғасына қарай сөзді түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосалқы сөз деп жіктеген ғалым

Н.Сауранбаев;

Қ.Жұбанов;

С.Аманжолов;

А.Байтұрсынұлы;

А.Ысқақов.

# 018

Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты (А.Хасенова) еңбегініңң жарық көрген жылы

1931;

1991;

1971;

2000;

2001.

# 019

Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар атты еңбектің авторы

С.Исаев;

Қ.Жұбанов;

С.Аманжолов;

А.Байтұрсынұлы;

А.Ысқақов.

# 020

Морфеманың анықтамасы:

  1. әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші дыбыстық единица;

  2. әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единица;

  3. әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші тілдік единица;

  4. көмекші сөз;

  5. аффиксті сөз.

# 021

Жалғаулардың жалғану тәртібі:

  1. көптік, тәуелдік, септік, жіктік

  2. тәуелдік, жіктік, көптік, септік

  3. тәуелдік , септік, жіктік, көптік

  4. септік, жіктік, тәуелдік, көптік

  5. жіктік, септік, көптік, тәуелдік

# 022

Біріккен сөздің анықтамасын көрсетіңіз:

  1. екі сөздің жұптасуы арқылы;

  2. екі сөздің ықшамдалуы арқылы;

  3. дыбыстық өзгеріске ұшырап және ұшырамай, бірігуі нәтижесінде жасалған;

  4. екі сөздің қысқаруы арқылы;

  5. екі сөздің тіркесуі арқылы.

# 023

Барыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

  1. Кеше үйіне барып келді

  2. Кеше ол ауылдан келді

  3. Кеше мен оны кітапханадан кездестірдім

  4. Баласының кітабы

  5. Студенттермен кездесті

# 024

Атау тұлғалы сөзді табыңыз

  1. борасын;

  2. атасын;

  3. қайсысын;

  4. шықсын;

  5. басын.

# 025

Сөз тудырушы морфеманы табыңыз

  1. келші, келген;

  2. келін, жүргінші;

  3. келер, жүрмек;

  4. келіпті, жүрген;

  5. келген, кеткен.

# 026

«Өлең - сөздің патшасы»- деген сөйлемдегі өлең сөзінің грамматикалық тұлғасы:

  1. қос сөз

  2. табыс септік

  3. есімдік

  4. туынды тұлға

  5. Атау тұлғадағы зат есім

# 027

Есігін сөзіне жасалған морфологиялық талдаудың дұрысын көрсетіңіз

  1. ес-түб., іг-з.е.туд.жұрн., ін-өзд.етіс;

  2. есі-түб. гі-сын ес.туд.жұрн., н-сөз туд.жұрн.;

  3. есік-түб., і-тәу.ж.ІІІ ж., н-таб.септ.;

  4. есік-түб. ін-таб.септ.;

  5. е-көм.ет. сі-тәу.ж. гін-жұрн.

# 028

Грамматикалық форманың ережесін белгілеңіз

  1. белгілі топтағы сөздердің парадигма бойынша түрленуі;

  2. грамматикалық мағыналарды білдіретін амал-тәсілдер;

  3. лексикалық және грамматикалық мағыналардың жиынтығы;

  4. лексикалық мағына;

  5. грамматикалық категория

# 029

Көптік жалғаудың қызметін анықтаңыз

  1. сөз бен сөзді байланыстырып, көптік мағына үстейді;

  2. сөзге көптік мағына үстеп, сөз тудырады;

  3. лексикалық мағына;

  4. жаңа сөз жасайды;

  5. сөз мағынасын тарылтады.

# 030

«Абайлар келді»- дегендегі –лар өосымшасы қандай мағынаны білдіреді?

  1. көптік;

  2. топтау;

  3. бөлшектеу;

  4. реңктік мағына;

  5. даралау;

# 031

Септік жалғаулары дегеніміз не?

  1. сөзге үстеме мағына қосатын қосымша;

  2. зат есімдердің мағынасын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымша;

  3. сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұратын қосымша;

  4. көптік мағына білдіреді;

  5. сөз тудыратын қосымша.

# 032

Тәуелдік категориясының беретін мағынасы

  1. шақты білдіру;

  2. қажеттікті білдіру;

  3. меншіктілікті білдіру,

  4. сандық мағынаны;

  5. көптік мағынаны.

# 033

Табыс септігіндегі сөздің тіркесетін етістігі

  1. сабақты;

  2. болымды;

  3. тұйық етістік;

  4. салт етістік;

  5. көмекші етістік

# 034

Өзге түркі тілдерінде жоқ септік

  1. атау;

  2. шығыс;

  3. көмектес;

  4. барыс;

  5. ілік.

# 035

Көптік жалғау қайсысында өзінің мәнінде көрінген?

  1. апамдар келді;

  2. жасы елулерде;

  3. сендер оқисыңдар;

  4. көмектес септік;

  5. табыс септік.

# 036

«Ағасы кетті бел асып»- деген сөйлемдегі бел сөзінің грамматикалық тұлғасы:

  1. түбір тұлға;

  2. жіктік жалғау;

  3. шығыс септік;

  4. көмектес септік;

  5. табыс септік.

# 037

Тура обьектіні білдіретін септік

  1. барыс;

  2. табыс;

  3. жатыс;

  4. шығыс;

  5. ілік.

# 038

Жіктік жалғаулары етістік түбіріне тікелей жалғана ма?

  1. жалғанады;

  2. үнемі жалғанады;

  3. қалп етістіктеріне жалғанады;

  4. жалғанбайды;

  5. анда-санда жалғанады.

# 039

Тәуелдік жалғауын табыңыз

  1. үйім алыста орналасқан;

  2. оған қарап Асқар күлім-күлім етеді;

  3. ешқашанда сенімді жоғалтпау керек;

  4. жиналыс ертең болады;

# 040

Жинақтық сан есімнің саны:

  1. алтау;

  2. жетеу;

  3. он;

  4. үшеу;

  5. бесеу.

# 041

Тәуелдік категорияның белгісі

  1. арнайы тұлғалар арқылы көрінуі;

  2. грамматикалық категорияның берілу жолы;

  3. грамматиканың берілу жолы;

  4. бір заттың екінші затқа меншікті, тәуелді болуы;

  5. грамматикалық мағынаның көрінуі.

# 042

Күрделі сөздің анықтамасы

  1. семантикалық мағынасы жағынан да, грамматикалық қызметі жағынан да тұтас бір бүтін тұлға ретінде қалыптасқан тіркес;

  2. туынды сөз жасауға негіз болатын сөзжасам процесіндегі тірек сөз;

  3. түбір мен қосымшаға ажыратылатын сөзжасам проблемасының

зерттеу обьектісі;

  1. кіріккен, туынды сөздер;

  2. қысқарған және қос сөздер.

# 043

Аналитикалық тәсілдің негізгі белгісі

  1. сөздердің жаңа мағынаға ауысуы не ие болуы;

  2. сөздердің қосымшалар арқылы жасаулы;

  3. сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жасалуы;

  4. сөздердің семантикалық тәсілі арқылы жасалуы;

  5. сөздердің интонация арқылы жасалуы

# 044

Қысқарған сөз дегеніміз не

  1. екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер;

  2. екі сөздің бірігуі арқылы жасалған сөздер;

  3. екі сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырап, бірігуі арқылы жасалған сөздер;

  4. ұзақ сөздердің ықшамдалуы;

  5. шырай жұрнақтарын қабылдайтын сөздер.

# 045

Нольдік форма(нольдік қосымша) қандай қосымша ?

  1. Тілдің жүйесінен орын алмайды

  2. Нольдік форма грамматикалық құрылыста жоқ

  3. Нольдік форма –тіл жүйесінен әрі қолданыстан көп орын алатын қосымша

  4. Парадигмаларды нольдік қосымшаның орны жоқ

  5. Нольдік қосымшаның мағынасы жоқ.

# 046

Сөздердің синтетикалық формаларының берілу тәсілі

  1. грамматикалық мағына және грамматикалық форма арқылы;

  2. аффиксация және ішкі флекция арқылы;

  3. қосымшалар арқылы;

  4. сөздердің тіркесуі арқылы,

  5. сөз мағынасы.

# 047

Жалғау қай сөзге жалғанған?

  1. балапан

  2. сазгер

  3. әдемісің

  4. қалашық

  5. емхана

# 048

Жалғаудың қызметі

  1. Сөз бен сөзді байланыстыру

  2. сөзге қосымша мағына үстеу;

  3. сөз тудыру;

  4. сөзге жаңа лексикалық мағына үстеу,

  5. мағынаны кеңейту.

# 049

Нольдік тұлғаның басты белгісі

  1. арнайы грамматикалық мағынаның берілуі;

  2. грамматикалық форманың белгілі бір көрінісі;

  3. грамматикалық мағынаның беріліп, арнайы грамматикалық форманың болмауы;

  4. сөз бен сөзді байланыстыру қасиеті;

  5. сөздердің түрленуі.

# 050

Жатыс септік тұлғасындағы сөзді көрсетіңіз

  1. сенің;

  2. інісін;

  3. тамаша;

  4. әжесінде;

  5. үйіне.

# 051

Білезік, қарлығаш, биыл қандай сөздер

  1. түбір сөз;

  2. қосымшалы сөз;

  3. біріккен сөз;

  4. қос сөз;

  5. сөз тіркесі.

# 052

Жасырын тұрған септік жалғаулы сөзді белгіле

  1. хат келді;

  2. хат оқыды;

  3. хат жазылды;

  4. хатқа салды;

  5. хаттар жіберілді.

# 053

Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз

  1. ақылды;

  2. саналы;

  3. білім;

  4. қызылырақ;

  5. орысша.

# 054

Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз

  1. менен;

  2. өзіңді;

  3. сонда;

  4. оған;

  5. добымды.

# 055

Үйде болыңдар деген сөйлемде –ыңдар қандай тұлға?

  1. көптік тұлға;

  2. тәуелдік жалғау;

  3. жіктік жалғау;

  4. септік жалғау;

  5. есімше.

# 056

Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз

  1. баламыз;

  2. балықшы;

  3. әдемісің;

  4. қалада;

  5. оның.

# 057

Сөз түрлендіруші жұрнақты сөзді белгілеңіз?

  1. жазды

  2. оқулық

  3. білім

  4. ойыншық

  5. санасыз

# 058

Түбірлердің түрін анықтаңыз

  1. сөз қосу, сөз байлам, сөз жасам;

  2. негізгі, туынды, біріккен, қос сөз;

  3. дара, күрделі, негізгі, туынды;

  4. жалпы, жалқы, деректі, дерексіз;

  5. болымды, салт, сабақты, тұйық.

# 059

Меншіктілікті білдіретін қосымшаны табыңыз

  1. -нікі/-дікі;

  2. -ды/-ді;

  3. -сың/-сің;

  4. -ма/-ме;

  5. -қыз/-кіз.

# 060

Ілік септігі қай жалғаумен матаса байланысады?

  1. көптік;

  2. септік;

  3. жіктік;

  4. тәуелдік;

  5. есімше.

# 061

Көптік жалғау сөз бен сөзді байланыстыра ма?

  1. байланыстырады;

  2. байланыстырмайды;

  3. ІІ жақ жіктік жалғаумен (көпше) келгенде;

  4. І жақта байланыстырады;

  5. Кейде ғана байланыстырады

# 062

Жіктік жалғаулы сөз тіркесін анықтаңыз

  1. кітапты оқы;

  2. ақылды бала;

  3. аязды түн;

  4. үйге барады;

  5. дабылды қақты.

# 063

« Бардық» сөзіне қандай жалғау жалғанған?

  1. көптік;

  2. септік;

  3. тәуелдік;

  4. есімше;

  5. жіктік.

# 064

«Сенімен» сөзіндегі –ні қандай қосымша?

  1. ілік септік;

  2. табыс;

  3. тәуелдік жалғау;

  4. жіктік жалғау;

  5. көптік жалғау.

# 065

«Менің оқығым келеді» сөйлеміндегі оқығым сөзінің соңындағы –м қандай тұлға?

  1. тәуелдік жалғау;

  2. септік жалғау;

  3. жіктік жалғау;

  4. қалау рай жұрнағы;

  5. бұйрық рай жұрнағы.

# 066

Вербалдану деген не?

  1. сын есімге көшу;

  2. үстеуге көшу;

  3. етістікке көшу;

  4. сын есімге көшу;

  5. есімдікке көшу.

# 067

Субстантивтену қандай құбылыс?

  1. есімдікке айналу;

  2. етістікке айналу;

  3. сын есімге айналу;

  4. сан есімге айналу;

  5. зат есімге айналу.

# 068

Қандай зат есімдер жіктеледі?

  1. деректі, дерексіз;

  2. жануарларға қатысты;

  3. адамдарға қатысты;

  4. жалпы зат есім;

  5. жансыздарға қатысты.

# 069

Жалқы есім деген не?

  1. жалпы есімдердің ерекше атаулары;

  2. адам аттары, жер, су, мекеме атаулары;

  3. айналадағы қоршаған жеке зат атаулары;

  4. жалпы зат атауы;

  5. сындық мағынадағы сөздер.

# 070

Жалпылау есімдігі қай сөйлемде қолданылған?

  1. біз жүрміз;

  2. бірнешеуі барады;

  3. кім келді;

  4. бәрі келді;

  5. өзің кел.

# 071

Жалпы есімдерге берілген түсініктің дұрысы:

  1. жалпы затқа берілген атау;

  2. зат есімдерге берілген атау;

  3. жеке затқа берілген атау;

  4. жалқы заттарға берілген атау;

  5. есімдіктің түрі.

# 072

Қандай зат есімдер жіктеледі?

  1. Күрделі зат есімдер

  2. Адамзат есімдері (кімдік есімдер)

  3. Ғаламзат есімдері (нелік есімдер);

  4. Жалпылау есімдігіне;

  5. есімдіктерге

# 073

Шоқпардай сөзі сын есімнің қай түрі?

  1. сапалық;

  2. қатыстық;

  3. күрделі;

  4. жалаң;

  5. негізгі.

# 074

Топтау сан есімін табыңыз

  1. бес-бестен;

  2. бес;

  3. бесеу;

  4. бестер;

  5. бесінші.

# 075

Есімдіктер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  1. екіге;

  2. төртке;

  3. алтыға;

  4. жетіге;

  5. беске

# 076

Сан есімнің мағыналық топтарын көрсетіңіз

  1. дара, күрделі;

  2. негізгі, туынды;

  3. есептік, реттік;

  4. тура, жанама;

  5. жіктеу, сілтеу

# 077

Жинақтық сан есім қалай жасалады?

  1. -ыншы/-інші;

  2. -дап/-деп;

  3. -ау/-еу;

  4. -қосарлану арқылы;

  5. -дан/-ден.

# 078

Төмендегі мысалдардан салыстырмалы шырайды табыңыз

  1. кішілеу;

  2. ең қадірлі;

  3. биік;

  4. сұп-сұр;

  5. аппақ.

# 079

Табыс септік тұлғасындағы сілтеу есімдігін көрсетіңіз

  1. маған, саған;

  2. мені, сені;

  3. ананы, мұны;

  4. күлді, жүрді;

  5. оның, сенің.

# 080

Есімдік дегеніміз не?

  1. заттың атын білдіретін сөз табы;

  2. зат, сын, сан есімдердің орнында жүретін сөз табы;

  3. жалпы есім мен жалқы есімнің орнында жүретін сөз табы;

  4. заттың сынын, түр-түсін білдіретін сөз табы;

  5. заттың қимылын білдіретін сөз табы.

# 081

Сын есімнің құрамына қарай жіктелуі

  1. дара, күрделі;

  2. сапалық, қатыстық;

  3. негізгі, туынды;

  4. салыстырмалы, жай;

  5. салт, сабақты.

# 082

Сөз таптары дегеніміз не?

  1. сөздердің грамматикалық категориясы;

  2. сөздердің лексикалық категориясы;

  3. сөздердің лексика-грамматикалық категориясы;

  4. морфемалар жүйесі;

  5. сөздердің функциональды-грамматикалық категориясы.

# 083

Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

  1. сындық белгінің басқа бір сындық белгіден артық не кемдігін білдіретін сын есімнің түрі;

  2. сынды білдіретін түбір сөздер;

  3. сапалық, қатыстық сын есімдер;

  4. заттың сынын, түр-түсін білдіретін сөздер;

  5. заттың атын білдіретін сөздер.

# 084

Жіктеу есімдіктерінің негізгі қызметі қандай?

  1. нәрсені, құбылысты нұсқап көрсету;

  2. бірнеше нәрсені жалпылама көрсету;

  3. сөз бен сөзді жақ жағынан байланыстыру;

  4. меншіктілікті білдіру;

  5. мекенді білдіру.

# 085

Проминалдану дегеніміз не?

  1. сын есімге айналу;

  2. үстеуге айналу;

  3. етістікке айналу;

  4. есімдікке айналу;

  5. зат есімге айналу.

# 086

Болжалдық сан есім қайсысы?

  1. мың

  2. он мыңдай

  3. жүз мыңдап

  4. жүзден бір

  5. жүзінші

# 087

Мына сөйлемнен салыстырмалы шырайы барын көрсетіңіз

  1. біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді;

  2. саған қарағанда ересектеу көрінеді;

  3. кейде кітап оқимын, кейде серуенге шығамын;

  4. қызық көйлегі өзіне жарасып тұр;

  5. айналаның бәрі көкпеңбек.

# 088

Деректі зат есім дегеніміз не?

  1. жеке, дара заттарға берілетін атаулар;

  2. адамның сезім мүшелері арқылы білінетін зат атаулары;

  3. тек ақыл-ой арқылы танылатын зат атаулары;

  4. қосымша мағына үстейтін сөздер;

  5. сындық мағынаны білдіретін сөздер.

# 089

Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп (Абай) – кейбір қай сөз табы?

  1. есімдік;

  2. сын есім;

  3. үстеу;

  4. етістік;

  5. сан есім.

# 090

Маған сөзі қай тұлғада тұр?

  1. шығыс;

  2. барыс;

  3. есімше;

  4. көсемше;

  5. жатыс.

# 091

Сын есімдер түрлене ме?

  1. түрленеді;

  2. түрленбейді;

  3. белгісіз;

  4. етістік сияқты түрленеді;

  5. көсемше сияқты түрленеді.

# 092

Есімдер тобына жататын сөз табын табыңыз

  1. зат есім, сын есім;

  2. шылау, одағай;

  3. етістік, үстеу;

  4. модаль сөз, еліктеу сөз;

  5. есімше, көсемше.

# 093

Белгісіздік есімдіктерін көрсетіңіз

  1. біреу, кейбіреу, бірдеме;

  2. ешбір, ешкім, ештеңе;

  3. бәрі, барлығы, барша;

  4. мен, сен, ол;

  5. кім, қандай, қай.

# 094

Мыңдаған, жүздеген сөздері сан есімнің қай түрі?

  1. топтау;

  2. реттік;

  3. есептік;

  4. бөлшектік;

  5. болжалдық.

# 095

Етістіктің грамматикалық категориялары

  1. сабақты, салт, болымсыз, етіс;

  2. көсемше, есімше, тұйық етістік;

  3. рай, шақ, жақ;

  4. күрделі етістік;

  5. қатыстық, сапалық, туынды.

# 096

Етіс категориясының анықтамасы

  1. қимылдың обьекті мен субьекті арасындағы қарым-қатынасы;

  2. қимылдың болмысқа, шындыққа қатынасы;

  3. қимылдың атауын білдіреді;

  4. қимылдың жүзеге асу шартын білдіреді;

  5. заттың сынын білдіреді.

# 097

Әрі етістікше, әрі есімдерше түрленетін етістіктің түрі

  1. көсемше;

  2. есімше;

  3. тұйық етістік;

  4. қалп етістіктер;

  5. райлар

# 098

Жіктеліп шақтың мағынасын білдіретін және есімдерше түрленетін етістікті түрі

  1. есімше;

  2. есімше;

  3. тұйық етістік;

  4. күрделі етістік;

  5. өздік етіс.

# 099

Болжалды келер шақ жасайтын жұрнақты табыңыз

  1. –с;

  2. –ма,-ме;

  3. –ды,-ді;

  4. –қан,-кен;

  5. –дыр,-дір.

# 100

Көрмес түйені де көрмес мақалындағы –с қандай қосымша?

  1. есімшенің жұрнағы;

  2. шартты райдың жұрнағы;

  3. етістік тудыратын жұрнақ;

  4. етіс жұрнақтары;

  5. тұйық етістіктің жұрнағы.

# 101

Күрделі етістіктің ерекшеліктері

  1. сөз формасы;

  2. жаңа ұғым білдіретін сөздер;

  3. етістіктің аналитикалық форманттары;

  4. сипат категориясы

  5. шырай категориясы.

# 102

Сен – жаралы жолбарыс ең, Мен – киіктің лағы ем (Абай)

Осы сөйлемдегі ем қай сөз табы?

  1. зат есім;

  2. етістік;

  3. көмекші етістік;

  4. сын есім;

  5. есімдік.

# 103

Тікелей жіктелетін етістік

  1. қалып етістіктер

  2. тұйық етістік;

  3. болымсыз етістік;

  4. есімше;

  5. көсемше.

# 104

Нақ осы шақты білдіретін етістік

  1. қалып етістіктер

  2. тұйық етістік;

  3. болымсыз етістік;

  4. есімше;

  5. көсемше.

# 105

Қалау рай формалы етістікті табыңыз.

  1. барса игі еді

  2. барыңдар

  3. күтіп жүрмін

  4. келсе келсін

  5. ойлансын

# 106

Етістіктің категориялық мәнге ие бола алмайтын тұлғаларын табыңыз

  1. көмекші етістік;

  2. райлар;

  3. етістер;

  4. жақ;

  5. шақ.

# 107

Агенс арқылы жасалған етістің түрі

  1. өзгелік етіс;

  2. өздік етіс;

  3. ырықсыз етіс;

  4. ортақ етіс;

  5. көсемше

# 108

Шақтық мағына білдірмейтін, жіктелмейтін, есім сөздер секілді түрленетін етістік түрі

  1. тұйық етістік (қимыл атауы);

  2. есімше;

  3. көсемше;

  4. сабақты етістік;

  5. қалау рай.

# 109

Барайын, айтайық етістіктері қай тұлғада тұр?

  1. шартты рай;

  2. бұйрық рай;

  3. көсемше,

  4. сабақты етістік;

  5. есімше.

# 110

Етістіктің ерекше тұлғалы түрлері

  1. рай, шақ;

  2. есімше, тұйық етістік;

  3. сабақты, салт етістік;

  4. етістіктің аналитикалық форманттары;

  5. шырай, жіктеу.

# 111

Етістіктің түбір тұлғасы жөнінде грамматикада айтылып жүрген жаңсақ пікір

  1. етістіктің түбірі бұйрық райдың ІІ жағы;

  2. етістіктің түбірі бұйрық райдың ІІ жағына сәйкес емес.

  3. етістіктің түбірі етіс жұрнақтары арқылы жасалады;

  4. етістіктің түбірі тікелей жіктеледі

  5. ашық райға барлық етістіктер кірмейді.

# 112

Өздік етістерді табыңыз

  1. салынды, алынды;

  2. сүртінді, таранды;

  3. отыру, жүру;

  4. отырмау, бармау;

  5. отырмау, бармау

# 113

Ол бізге көп хат жаздырды деген сөйлемдегі агенсті табыңыз

  1. ол;

  2. бізге;

  3. хат;

  4. жаздырды;

  5. көп

# 114

# 1Ыққаннан еш нәрсе шықпайды сөйлеміндегі шықпайды қай шақты білдіреді?

  1. осы шақты;

  2. ауыспалы келер шақты;

  3. мақсатты келер шақты;

  4. өткен шақты;

  5. жедел өткен шақты.

# 115

Болымды мағына білдіретін етістікті табыңыз

  1. келмей қоймайды;

  2. айтпай қойды;

  3. оқып бермеді;

  4. бармады;

  5. барған жоқ.

# 116

Етістің неше түрі бар?

  1. бір;

  2. екі;

  3. үш;

  4. төрт;

  5. түрі жоқ.

# 117

–қ,-к,-м,-ң жіктік жалғауларын қабылдайтын етістік

  1. бұйрық рай, көсемше;

  2. жедел өткен шақ, шартты рай;

  3. есімше;

  4. тұйық етістік;

  5. ырықсыз етіс

# 118

Етістік шақ, рай тұлғасында қандай сөйлем мүшесі бола алады?

  1. пысықтауыш,

  2. баяндауыш;

  3. толықтауыш;

  4. анықтауыш;

  5. бастауыш.

# 119

Ашық рай тұлғасында тұрған етістікті табыңыз

  1. келемін тау ішінде түнделетіп;

  2. құс та болғым келмейді, қанатым бар;

  3. ән айтылып, жыр төгілсін;

  4. тыңда, дала, Жамбылды;

  5. келіңдер, ән айтайық

# 120

Жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікті анықтаңыз

  1. жаңбыр жауады;

  2. қар жауды;

  3. қырды жауды батырлар;

  4. барады құстар қайтып;

  5. орманды дала көрінді.

# 121

Шартты райлы етістікті табыңыз

  1. барыңқыра, айтыңқыра;

  2. бұрғыла, түрткіле;

  3. төпеле, жетеле;

  4. барайын, жетейік;

  5. көрсем, айтса.

# 122

Өзгелік етіс тұлғасындағы етістікті табыңыз

  1. ол шамды сөндірді;

  2. ол шамды сөндіргізді;

  3. шам сөндірілді;

  4. шам сөнді;

  5. шамды сөндірісті.

# 123

Есімшенің -с жұрнағы арқылы жасалатын етістік түрі

  1. шартты рай тұлғасы;

  2. болжалды келер шақ;

  3. өткен шақ;

  4. осы шақ;

  5. өзгелік етіс.

# 124

Жіктелмейтін, шақтық мағынаны білдірмейтін етістікті көрсетіңіз

  1. есімше;

  2. көсемше;

  3. етіс;

  4. тұйық етістік (қимыл есімі);

  5. райлар.

# 125

Жіктік жалғаулы бұйрық райды көрсетіңіз

  1. ол отыр;

  2. барайын;

  3. біз барсақ;

  4. барғай еді;

  5. сен бардың.

# 126

Тыңда, дала, Жамбылды сөйлеміндегі етістік қай тұлғада тұр?

  1. өткен шақ етістік;

  2. бұйрық рай тұлғасы;

  3. ІІ жақ жіктік жалғаулы етістік;

  4. қалау рай;

  5. шартты рай.

# 127

Берілген сөздерден ырықсыз етісті көрсетіңіз

  1. дүріл;

  2. діріл;

  3. беріл;

  4. гүріл;

  5. гүл

# 128

Ырықсыз етіс тұлғасындағы сөзді табыңыз

  1. сүртіну, тарану;

  2. салыну, іліну;

  3. жуғызу, қайнату;

  4. айту, жуу;

  5. соғысты, атысты.

# 129

Көсемшенің қай тұлғасы жіктелмейді?

  1. барып;

  2. сөйлей;

  3. көре;

  4. тұрғалы;

  5. келер.

# 130

Сөз таптастырудың негізгі принциптері

  1. лексика-семантикалық;

  2. семантикалық, морфологиялық, синтаксистік

  3. функционалды-семантикалық;

  4. семантикалық;

  5. фонетикалық.

# 131

Айттым сөзіндегі - ты тұлғасы қандай тұлға?