Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

ҒАШЫҚТЫҚ, ҚҰМАРЛЫҚ ПЕН – ОЛ ЕКІ ЖОЛ

Жинақтаушыдан:

Ұлы Абай: «Ғашықтық, құмарлық пен – ол екі жол» деп махаббаттың Аллаға ғана арналып, ер мен әйел арасындағы сезімдер ғашықтық пен құмарлық арқылы бейнеленетінін нақтылап айтып кеткен. Иса пайғамбар «Құдай дегеніміз – махаббат» десе, барлық діндер махаббат алдымен құдайға, сонан соң Отанға, ата-анаға, жарға, балаға, бауырға, досқа, табиғатқа, өнерге сүйіспеншілікті бейнелейді дейді.

Бірақ кейінгі заманда махаббат деген сөз адамның адамға деген ғашықтық сезіміне ғана қатысты қолданылатын болып алды.

Сондықтан, біздің құрметті оқырманымыз, бұл жазбалардағы махаббат сөзі ғашықтыққа қатысты алынды деп санағаны жөн.

I. ҒАШЫҚТЫҚ

Дүние пәлсапасы – күрес. Жұмыр жер жаралғалы бері жеңіс пен жеңіліс кезек алмасып келеді. Күн мен түн, жақсы мен жаман, қыс пен жаз... Алақандай аспан астында қыбырлаған тіршілік атаулы бәсекеге түсіп, тынбай белдесіп жатады. Күрес, қозғалыс...

Осы пәлсапаға бағынбайтын, оған ғана емес, барлық қисын атаулыға бағынбайтын махаббат деген бір ұлы күш бар. Сен оны қалайсың ба, жоқ па, оған бәрібір, ол сені қалайды екен. Оны таңдамайды екенсің, ол дауыл секілді соғып, жалпаңнан түсіреді екен де, мойынсұндырып, бағындырып, табындырып қояды екен. Сол дауылға ұшырағандар қиналса қиналар мейлі, бірдеңеге ұшырар, сонда да өкінбейді екен. Махаббаттың киесі – қарғыс емес, игілік!

* * *

Ғашықтық сезім – ғажап. Ол – арман. Ол – азап. Ол – әркімнің қолы жете бермейтін бақыт.

* * *

Махаббат деген не? Махаббат – ештеңе сұрамай бәрін беру.

* * *

Махаббат – әрі өрт, әрі дерт.

* * *

Көзің сенің – шаркесе шарап толы, Қайта-қайта мас қылдың, қарап, мені. Ұшып шыққан ұядан қарлығаштай Қасың, қалқам, қағылған қанат па еді?

Көз шараңнан мас болдым шарап ұрттап, Көңіл шіркін мұндайда алабұртпақ.

Жай таппады-ау жүрегім, жай таппады-ау, Кеудемдегі қамалға қамалып қап.

Қайран жүрек, шыға алмай қамалынан, Шарасыздан ұрттаймын шарабыңнан. Қалай ғана көз жазып қаламын мен Жаутаңдаған жанары қарағымнан?

Шәркез екен шарабың, кінә қойма, Тарап жатыр шымырлап тұла бойға. Өз-өзіңмен алысып отырсың-ау, "Не болған – деп ішіңнен, – бұл ағайға?"

1

Көз шараңнан мас болдым шарап ішіп, Тұла бойым содан ба барады ысып?! Туған айды жүзіңнен көріп тұрып Тырналайды ішімді қара күшік...

Көргенімнен жақсы еді-ау көрмегенім, Қос жанарым шым батты көлге менің. Ұшқынынан көзіңнің ұрттайыншы, Басылар ма, кім білсін, шөлдегенім?..

Исраил Сапарбай.

* * *

Сенің қолыңнан ұстап тұрып, сенің жүрегіңді сезетін адам – шын махаббат иесі.

* * *

Махаббат – өте биік ұғым, сирек кездесетін рухани құндылық. Оны бір ауыз сөзбен түсіндірсек: саған жақсы болуын қалаймын... Егер: «бізге жақсы болса екен» делінсе, онда теңдік бар, бірақ саудаласу да бар, ол махаббат емес.

* * *

Сен жаны нәзік, ешкімге ұқсамайтын адамсың.

Осылай болып қала бер және көзіңнің отын ешқашан өшірме. Сенің көздерің тамаша!

Сен Жаратушының маған жіберген сыйларының ең қымбаттысысың. Менімен бірге өткізген уақытыңа өкінбейтін боларсың...

Саған қажет болған болсам бақыттымын.

Сен мені көп нәрсеге үйреттің, мен сені ештеңеге үйрете алмадым...

Біз қалай болсақ, сол қалпымызда көрінуге тиіспіз. Біз бір-бірімізді өзгерте алмаймыз, толықтыра аламыз.

Махаббат қызғанышсыз болмайды, бірақ қызғаныш сенімнен жоғары болып кетпеуге тиіс. Біз бір-бірімізге өлшеусіз сене аламыз, бірақ бір-біріміздің сезімдерімізді жан-тәнімізбен

қорғауға да тиіспіз.

Мен сенің әлеміңде, сенің уайымдарыңмен, қуанышыңмен өмір сүре аламын, сен де солайсың.

Біз бір-бірімізге сүйеніш, адал кеңесші бола аламыз, бірақ бір-бірімізді бағындыруға құштар емеспіз.

Біз бір-бірімізді өмір бойы жақсы көре аламыз және бір-бірімізге қашан да қызықты бола аламыз, ол – бізге байланысты.

Сезім әрқашан толып-тасып тұрмауы мүмкін, ол табиғаттағы барлық нәрселер сияқты өзгеріп тұрады. Мәселен, адамдардың жүрегі мұхит сияқты, онда тыныштық та, қызыл көкжиек те, буырқанған толқындар да бар. Бірақ бір-бірімізге деген сезімдеріміз біз үшін киелі.

Махаббат кетіп тұрмыс тауқыметі ғана қалса не болады... Олай ойлайтындар уақыт өте келе қатыгезденген адамдар. Олар өз жүрегін өмір бойы бүкіл әлемге ашып өмір сүре алмайды.

Біз екеуміз әрқилымыз, сонымен бірге өте ұқсаспыз. Біздің басты құндылығымыз – сенім мен шындық.

Біз бір-бірімізді махаббатымызды шынжырға байламай-ақ сүйе аламыз...

Махаббат біздің жан-жүректеріміздің жағалауларын жалғап тұратын өзен. Біз махаббат пиаласын бірге толтырып, бірге ішеміз.

Біз жалғыз жүргенде де біргеміз, біз домбыраның қос ішегіндейміз немесе қатар жүзер қос аққудаймыз.

Біз құстың екі қанатындаймыз, бірақ ұшатын өз жолымыз болуға бір-бірімізге мүмкіндік беруге тиіспіз.

Біз бір-бірімізге жүрегімізді бергенбіз, бірақ иелікке емес, аялауға...

2

Біз бір-бірімізге жүрегімізді бергенде алда не күтіп тұрғанын білмейміз, сонысымен де ол қымбат әрі қызықты.

Махаббатқа иеленіміз десек біздің қателескеніміз, қайта махаббат бізді иеленеді. Махаббат махаббатқа ғана бағынады.

Махаббатты біз басқара алмаймыз, біз оған лайықты болсақ, махаббат бізді өзі бағыттайды. Біз бір-бірімізге «Сен менің жүрегімдесің!» демейміз, «Менің жүрегім сенімен бірге!»

дейміз.

Махаббатқа жетіп жараланғаныңда одан аққан қан киелі.

Таңертең оянғанда махаббаттың бар екеніне Аллаға ризалық айтып, түнде жатарда махаббатың үшін аят айтып ұйықтағанға не жетсін...

Махаббат соқыр сезім емес, біз оны толық сезінеміз, соның үшін де Аллаға шүкіршілік

етеміз.

Бұл сезімді қорғау, аялау – біздің парызымыз.

* * *

Кешіксем, кешермісің, маздағым-ау, Білместік дүниеде аз ба мынау? Мен сенің жер үстінде бар-жоғыңды Япырай, білмей өте жаздадым-ау!

Ілесіп дуға мына, шуға мына, Не заман күлкі, қызық қуғаныма.

Қайтпекпін, жүрмін қазір сені көріп, Өкініп ертеректеу туғаныма.

Жасқанам жүзіңдегі бір жарқылдан, Шіркін-ай, арман еді-ау, ол зар қылған. Сен – шынар, жоғалмаған жапырағы, Мен – терек, аңызаққа көп шарпылған.

Содан ба, кей сәттерде көзімде мұң, Жұмбақтау, тұңғиықтау сезімдемін.

...Әйтеуір, бір тұтансам сөнбейтұғын, Бір сөнсем, тұтанбайтын кезімдемін.

Нұралы Әжіғалиев.

* * *

Ғашықтық – әрі құштарлық, әрі құдайдың сыйы. Ал махаббаттағы құдайдың сыйы – үш жылдың бір күн секілді, бір күннің үш жыл секілді болуы.

Әдетте басқа бір әйелмен айналысып, отбасынан алшақтап жүретін еркектерді айыптайтындар көп-ақ. «Неге тек өз отбасы үшін өмір сүрмейді?» – дейді олар.

Сол пікірде жүргендер, көкірекке кіріп бара жатқан қанжардай, бір бұрыштан махаббат дауылы соққанда есеңгіреп қалады. Тек сонда ғана, басына сондай сынақ түскенде ғана өзін-өзі түсінбей қалады. Жаны үздіксіз қобалжи береді. Ғашықтық өз күшін осылай шындап түсіндіреді.

* * *

Адамда өзі жақсы көретін адамдарына арналатын Махаббат Сөздері бар. Бұл сөздер әр елдерде әр түрлі айтылады.

Қазақша: «Мен сені сүйемін!». Орысша: «Я тебя люблю!». Белорусша: «Я цябе кахаю!». Украинша: «Я тебе кохаю!».

Ағылшынша: «I love you!». Полякша: «Koham cie!». Итальянша: «Ti amo!». Французша: «Je t’ aime!». Испанша: «Te amo!».

3

Немісше: «Ich liebe clich!». Жапонша: «Ai shite imasu!». Қытайша: «Wo ai nei!».

Португалша: «Te amo!».

Еврейше: «Ani ohev otakh!». Ирландша: «Thaim in grabh leat!». Грекше: «S’ agapo!».

Шведше: «Jag alskar dig!».

Бұл сөздерді өзіңнің сүйікті адамыңа айт.

Немесе Досыңа, Туысыңа, Сыртынан сүйсіне жүретін адамыңа айт. Ізгі ақпарат таратылуға лайық. Олар бізді мейірімді етеді.

Жылу тарата жүргенге не жетсін!

* * *

Жақсы көріп қалған адамыңа қатысты орындалуы мүмкін болмаса да бір саңылаулы ой, сондай бір үміт, арман секілді бір нәрсе болады. Ол ой адамды жіп секілді ұдайы жетелеп жүреді. Сол жіп үзілсе, адам торығады.

* * *

Адамның табиғаты солай, өміріміз қаншама жаһанданып кетіп барады десек те, адамдар мейірімсіз және махаббатсыз өмір сүре алмайды.

* * *

Өмірден шаршаған, оны сүюді тоқтатқан адам тез қартаяды. Ал өмірді сүйетін адам махаббатсыз өмір сүре алмайды.

* * *

Әйелде сұлулық я тартымдылықпен қатар салауаттылық, жұмбақтық, зерде, ақыл болмаса, қызық болмай қалады.

* * *

Бақытсыз махаббат болмайды. Бірақ махаббат дегеннің өзі бақытсыздық. Қолдан өз еркімен бақытсыздыққа берілу. Сонысымен ол бақыт!

* * *

Еркектер қашанда өзі сүйетін әйелмен жасты.

Пабло Пикассо.

* * *

Басына келмеген адам махаббатты жеңіл түсінеді. Ол – рахат қана емес, жаныңның қалауын қанағаттандыру үшін ғана керек нәрсе емес, жаза да.

* * *

Түнде сен түсіме ендің, Қолға әлі қонбаған құсым едің.

Санам іші жарқырап сала берді, Тас түнектің шыққандай ішінен күн.

Түнде сен түсіме ендің, Қиялыма сыйған саф мүсін едің.

Алтыныммен түсімде жолықтырған Алғыс айтам Алланың ісіне мың!

Бұл өлең жолдарын ертеректе жазып алған екем. Авторы жазылмай қалыпты.

4

Махаббат

Махаббат – адам баласына тән ең құдіретті асқақ сезім. Барлық халықтардың әдебиетінде, жыр-аңыз, эпостарында марапатталып, тілге тиек, тақырыпқа көрік, талай шиеленісті оқиғаның кілті болып келді, келеді де. Алайда, әр халықтың махаббат тұрғысындағы тұжырымы, пікірі, көзқарасы әрқалай, сондықтан да әлемде тек өзіндік махаббат пәлсапасы қалыптасып, әр ұлт пен халықтың мәдениеті мен өнегелі мінез-құлқының, эстетикалық талғам, әдет-ғұрып дәстүрлерінің сол пәлсапа айнасы болғалы қашан. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің Шығыс пен Еуропаның махаббат теориясына деген тұжырымын, байқауын салыстырып көрсек, жер мен көктей. Сол сықылды, Үнді, Қытай, Жапон елдерінің де махаббатқа көзқарасы әрқилы. Бірақ бәрін бір ұғымға, түсініктанымға тірелте бас идіретіні – махаббаттың табиғилығы. Әлем – бір, Табиғат – тұтас; осыларды қозғалтып, бір-біріне тартатын – махаббат! Махаббат үйлесімі бұзылған жерде барша сұлулық атаулы тарыша шашылады, бұл айналаны бейберекетсіздік, сұрықсыздық, тұрпайылық басады дегенге саяды. Махаббаттың асыл қасиеті де осында: тек әдемілікке бастауы және көріктілікті сұрықсыздықпен үйлестіре алатыны. Махаббат дегеніміздің өзі сұлулықты қызықтау, тәттінің дәмін сезіну, әсемдікті есту, көру, ұлылыққа тәнті болу. Соның ішінде біз тән мен жанның қауышып барып, қазақша айтқанда, «жан-тәнімен беріліп» сүйетін сүйіспеншіліктің жөні бір басқа екенін баса айтамыз. Ондай сәтте сүйген кісіден бақытты ешкім жоқ, оған айнала нұр шашып тұрғандай, жүректері табысқан ғашықтар үшін жер кепенің өзі кең сарай, қатықсыз қара шайдың өзі пейіштің асындай.

Әйткенмен, әр нәрсенің шегі бар. Эрос – махаббат құдайы – сезім парықсыздығының, пасықтықтың, абыройсыздықтың қас жауы. Екі асық жан ұят пердесі сыпырылмаса онша дөрекілікке де бара қоймас-ты. Олар біріне бірі ұнауға тырысады, сөйтіп, ұлағатты істер жасауға деген құлшынысқа ие болады. Міне, махаббат құдіреті!

Махаббат барша сұлулықтың төресі, махаббат қасиетінің өзі де сұлулыққа ұмтылыс. Адамға тән үш түйсік көзіне сүйенгенде ғана махаббат құдіреттіліктің ең биік шыңына шықпақшы. Ол үш түйсік көзі: ақыл, көру, есту. Осы үшеуіне сүйенгенде ғана кісі махаббаттың бал-шырынын татпақ; өзге сезімдер, мәселен, иіс, дәм, түйсіну сезім мүшелері арқылы келген махаббат – ол жалаң құштарлық, тәнді ғана қызықтап, жан тереңдігін, жылулығын ұғынбаған әсіре құштарлық. Әсіре құштарлықтың аяғы тұрпайылыққа, әдепсіздікке соғатыны аян. Әдеп кеткен жерден ұят кетеді; ұяты жоқ махаббат – ол анайы, тұрпайы, дөрекі сезім, «хайуанға оны қосыңдар!» деп ұлы Абай айтып өткен-ді.

Әрине, тән сұлулығының да орны бөлек: сұлулықтың өзі махаббат деп танылса, сұлу дегенге неге тәнті болмасқа?! Адам көзбен көріп, ақылмен топшылап, сөздің сырлы әуезін естіп құштарланғанда ғана жан мұхитына – сезім мұхитына шомбақ. Тәннің сұлулығын түсініп барып, жанның тереңдігін ұғынып барып туған сезімді біз мәңгілікке сақтауға тырысамыз, өйткені, онсыз сезім күшті, шарпуы қызулы болмақ емес; сұлулықтың өзі де құдіретті ұлы сезім! Ендеше, махаббат – сұлулық, сұлулық – махаббат!

Сұлулық – әйелде, гүлде, музыкада, жалпы табиғат жаратқан көркем дүниеде. Соның ішінде біз әйел сұлулығын – сұлулық салтанатын толғайық. Махаббатсыз қай ақын өлең жолдарын төккен, ал әйелсіз қандай махаббат болмақ?! Әйел сұлу болмаса, пәк, таза, ақыл иесі болмаса, қызығу, құштарлық та оянбас еді. Ендеше, әйел сұлулық пен тазалықтың үлгісі болуы хақ.

Ежелгі грек заманында әйел затын: бірі жар болуға, ана болуға; бірі – көңіл көтеруге, патшалардың, ұлы қолбасшылардың көңілдесі, серіктесі болуға лайық деп екі топқа бөлген. Соңғы топқа небір бұраң бел, күлімкөз сұлулар жатқан, білімді, өнерлі, мінезді, еркектердің көңілін таба, аулай білетін қылықты болуы басты қасиет саналған. Жапон гейшалары да осы принципке тәрбиеленген.

Дж. Бетусси (1515-1573 жж.) қалдырған «Раверта» деп аталатын махаббат трактатындағы махаббатқа қатысты ешуақытта ескірмейтін келелі ойларды келтірелік.

Сүйікті адам қастерлі, артық па, әлде сүйген адам артық па? Әрине, сүйген адам артық. Өйткені, ол адам махаббаттың бастауы, сезім содан тарайды.

Кейде, керісінше, сүйіктіден барып сүйген кісінің жүрегінде махаббат ұшқындайды, ол тек сезім алушы, махаббат сезімін беретін кісінің қасында ол тек қызмет етуші. Онда, сүйікті – махаббаттың құдіретшісі де, ал сүйген кісі – оған қызмет етуші ғана болғаны.

5

Махаббат – екі ғашық адамды жалғастырушы, сүйіктілер мен сүйгендер тұрғанда, махаббат та шексіз. Егер екі ғашық адамның тілегі бірге, жүрегі бірге соғып, бірін-бірі тыңдап, келісіп өмір сүрсе, сол жалындары қартайғанша сөнбейді; оларды өлім де ажырата алмайды. О дүниеге өткенде де бірін-бірі сүйеді, себебі, жан өлмейді, ол – мәңгілік; ғашық адамдардың жаны жер бетінде олар бірін-бірі қандай сүйсе, о дүниеде де ажырамай, биік асқақ сезіммен қайта қауышатын көрінеді.

Махаббат жас таңдамайды. Негізі, ғашықтың жасы қайран жиырма бес пен қылшылдаған қырық арасы болуы керек. 30 бен 35 – нағыз дер шағы! Бұл өзіне-өзі келген басалқалы адамның жасы, алып-ұшпа бозбаланың жасы емес.

Елудегі мен одан да асқан жастағы махаббатты да кінәлауға болмас... Бұл – махаббат үшін кексе жас, қан қызуы бәсеңдейтін, бұла жастық шақтай бұрқанып қайнамайтын ересек кісінің жасы. Сондайлық махаббат шоғына күйіп-жанбайтын саябыр тартқан кез. Бірақ мұндай махаббат кемелденген жасқа қатар келсе – құба-құп. Расында, егер жас қыз елуге келген орта жастағы еркекті сүйсе, шамалы уақыттан соң оның күйі не болмақ? Еркек қартаяды, лүпіл қаққан жүрек шау тартады, ынтық сезім толастайды, ал бұла сезімі бойында тепшіген байғұс жас әйел ондай қаусаған шалдан не алады? Егер әйел күш-қажыры қайтпаған қырықтағы еркекке тисе, онда кемі он жыл, әрі кетсе он бес-жиырма жыл төсек ләззатына батып, құшыры қанып, рахат өмір сүреді. Ақылман даналардың пікіріне сүйенсек: құштарлық сезім еркекте 70 жасқа дейін, ал әйелде 50 жасқа шейін созылады дейді.

Әйел махаббат жолында тым арзан болмауға тиіс, оп-оңай қолға түсіре қоятындай жайдақ болу – өз соры, ондай махаббатта құн болмайды; ал тым сіреспе тәкаппарлық та жақсылыққа апармайды. Аяғыма жығылдырам деп адамды қорлап, еркектің әйел жүрегін жаулап алам деген ниетін теріс бұрып жіберу мүмкін. Сабыр түбі – сары алтын дейтін асыл қасиетті ұстану ләзім! Тым ұшқалақ, жеңілтек, тым қатал да кәрлі болмаған жөн. Көп әйелдерге ұшқарылық тән: не болмаса тым қатыгез, өркөкірек; не болмаса, босбелбеу, дарақы. Әйелдердің өздерін өрескел, тым баққұмар, өркөкірек ұстауының басты себебі, ақыл-парасатына бағына бермейтінінде. Осындайлардан аулақ болған әйел жаратқанның өзіне сыйға тартқан ең қастерлі қасиеті – өз махаббатында таңғы шықтай тазалық шыңына шығарады. Әйел затына қайырымды, мейірімді, жаны ашығыш болған әлдеқайда ұнасымды, қаталдық, менмендік әйел табиғатына жат.

Еркек адам өзін ер мінезді, мәрт, қынынан суырылған қылыштай қашанда ұрымтал ұстайды. Сондықтан олар сезім тезіне тез берілгіш, иланғыш, құдіретті сөзге морт құлап түсетін ақберен келеді.

Бірақ, кей еркектер өзін тым жоғары ұстайды, олар әйелге әрдайым төмен етекті деп кемсіте қарайды. Ондайлар әйелдің «сүйем-күйем» деуіне онша мән бере қоймайды. Ондай еркектер неғұрлым әйел байғұстарды алдаған сайын, әйел соғұрлым сенеді, әрбір сиқыр сөздері мен көздеріне табына, беріле қарайды, қарайды да, арбалған торғайдай топ етіп алдарына түседі. Әйелді табиғаты нәзік, сезімтал, мейірбан ғып жаратқасын, еркектің махаббат дертінен мәжнүн болып жүрген бейшара халдеріне жанашырлық таныта елігіп, иланып қалады. Былай шыға бере мазақтап, тәлкек ететіндерін біле тұра сөйтеді...

Әйел – барша инабаттылық пен ізгілік жиынтығы, сұлулық пен әсемдік гармониясы. Әйел – ана. Айта берсе, әйелге теңеу көп. Бірақ барлық әйел затын сұлу да сындарлы, ақылды да терең ойлы, сүйкімді де ұнасымды етіп, төрт құбыласын тең қып жаратпаған ғой Тәңірі. Бірақ бәрінің де ана болуға, жар болуға, сүйкімді де сүйікті махаббат періштесі болуға хақысы бар.

Егер әйел көзге түсе бермейтін сұлулық иесі болса, яғни, әдемілігін анайы бақырайтпай, көзге ұрғызбай, жасырын, қымтап ұстай алатын болса, дене мен тән кереметі сай болса, махаббатқа, шынайы сүйіспеншілікке сол перизат лайықты. Ақылы көркіне сай, зерек те биязы, әдепті, қылықты мінезді, тәрбиелі келсе, құба-құп! Ондай әйел тіптен ақша қардай аппақ, жүзінен нұры тамып тұрмаса да, ғашық болуға лайықты жан.

Елден ерекше сұлу болмаса да, әйелдің ішкі жан-дүниесі тектілікпен, ұнасымды мінезқылықпен үйлесіп тұрса, ол әйелді түсіне бастағанда одан сұлу жан жоқ болып көрінеді. Ашыла келе, егер ол әйелді шын беріліп сүйген еркек болса, онда ол өзінен бақытты еркек кіндікті жер бетінде жоқ екенін сонда ұғады. Өйткені, ондай әйелде сырт көзге түсе бермейтін, тек қалаулысына құпиядай сақтаған асыл қасиеттері болады.

6

...Ежелгі грек мүсіншісі әр суретші Зевксиске небір құрметті ханымдар мен бикештер өтініш жасап, аңызға айналған Әулие Еленаның суретін салуды сұрапты. Зевксис әуелі жалтарады, сосын тіпті болмағасын, айнала отырған әйелдерге жағалай қарап, әрқайсысының ең көз тартар деген мүшесіне зер салыпты. Сөйтіп, сурет сала бастайды. Ақыр соңында аса ғажайып көркем әйелдің портреті салыныпты: кәдімгі сөзбен айтып жеткізе алмастай әлемдегі ең сұлу әйелдің жиынтық кескіндеме суреті. Талант құдіреті де болар, Зевксис еш қиналмастан қыл қаламмен қасындағы көрікті әйелдердің ең әсем мүсіндерінен көшіріп ала берген екен.

Осыдан тұжырым: тірі пендеде қанша дәріптесе дағы асқан сұлулық нышандары, бәрі-бәрі бір адамнан табыла бермейді. Ғажайып сұлулық символы Әулие Елена да сондай.

Жүрек мәселесі жөнінде әйелді иландыру оңай да, еркекті иландыру әлдеқайда қиын шаруа. Әйел жазған мадақтап, марапаттағанды ұнатады, қай-қайсысы да өзін Мона Лизадан бір кеммін демейді. Мона Лиза өзінің пәк-тазалығымен, сұлулығымен кезінде Тәңірінің періштелерін табындырған.

Еркектер өздерін ақылдымыз деп есептейді, махаббатта да үстем болғанды қалайды. Олар сүйеді, әйелдер олардың сүйіктісі. Ал шынтуайтына келсек, махаббат атты ұлы құдіреттің алдында екеуі де бірдей – қасиетті сезім құлдары.

Қызу қанды испандықтар әйелде ең кемі 30 сұлулық белгісі болуы керек деп есептейді. Егер соған сенетін болсақ ол белгілер мыналар:

Үш нәрсе ақ болуы керек: денесі, тісі, қолдары; Үш нәрсе қара болуы керек: көздері, қасы мен кірпігі; Үш нәрсе алқызыл: екі беті, тырнақтары, езуі; Үш нәрсе ұзын: шашы, бойы, қолдары; Үш қысқа: тістері, құлағы, екі табаны; Үш кең: төсі, маңдайы, кеңсірігі; Үш жіңішке: ерні, белі, толарсағы; Үш толық: иіні, балтыры, мықыны;

Үш нәзік: саусақтары, алқымы, шашы; Үш шағын: емшегі, мұрны, басы. Барлығы отыз.

Осы орайда қай-қай заманның да ақындары тер төгіп жырлаған әйел кескіндемесінің тұтас галереясы көз алдыңнан өткендей. Әйел болмаса, махаббат болар ма еді, махаббат болмаса, әлемдік гармония, үндестік болар ма еді..

* * *

Кедей отбасында туылған қыздарда Құдайдың осы сыйын – сұлулығын алуға лайық емеспін деген комплекс болады. Солай сезінгендіктен өзінен көп төмен адамға тұрмысқа шыға салады. Олар осылайша өзін жазалайды. Осылайша олар өзін қоғамдағы қарапайым адамдармен теңестіреді. Мұны психоаналитика ілімінде: «лайықсыз келген сый» комплексі деп атайды. Сөйтеді де қасірет шегуге даяр тұрады.

Сұлулық – Құдайдың сыйы. Оны солай қабылдау керек. Сұлу – бриллиант тағып, алтын табақтан ас ішуге алдымен лайық.

* * *

Физиологтар кейбір кезде еркек пен әйелдің бірін-бірі көргенде таңқаларлық сезім пайда болатынын, жүректері қаттырақ соғып, денесі жеңіл тартып, жаны рахатқа бөлене қалатынын зерттеп қарапты. Оның бірнеше себептері анықталыпты.

Биологиялық: адамның бойынан шығатын өзге жыныстыны тартып тұратын феромон аталатын ерекше бір заттың болуы.

Гипноздық: бір көргенде ғашық болу үшін көз ала алмай біраз уақыт қарап қалу жетерлік. Психоталдамалық: қыз әкесіне, ұл анасына ұқсаған әйелді іздейді және сондай адамды

көргенде ерекше сезім пайда болады.

Топографиялық: қыз бен жігіттің ең алғашқы сезімі есте сақталып қалады, сондай адамды көргенде ерекше тартылыс пайда болады.

7

Онегиндік: бір көргенде ғашық болып ұмыта алмау. Бұл адамның көп уақыт жалғыздық сезініп, өз идеалын жолықтыра алмай жүргенде болады.

Сері

Махаббатты шын жүрегімен түсінетін белгілі бір темпараменті бар кез келген еркек жынысты кез келген әйел жыныстыны еліктіре алатыны сөзсіз. Демек, махаббаттың таңғажайып ұлы күші бойында құштарлық темпераменті аса мол адамдардың қолында болғаны.

Шын мәніндегі махаббат жаны да, тәні де сұлу, өздері де сұлулыққа жан-тәнімен іңкәр, поэзия мен ынтызар сезім иірімдерін түсіне алатын, рухы күшті, бірін-бірі қалтқысыз сүйген екі ғашықтың билігінде. Бірақ бірін-бірі шын сүйгендердің бәрі бірдей бақытты бола бермейді. Жоғарыдағы сапалар да екі адамның бойынан түгел табыла бермейді.

Сонымен, нағыз серінің бойынан алдымен әйелжандылық пен идеалистік, ақындық пен арманшылдық, сұлулыққа, тазалық пен адалдыққа жан-тәнімен құштарлық секілді қасиеттер табылуы тиіс. Бойында ешқандай боямасыз, осы қасиеттер бар еркек қана сері аталмақ.

Әйелдердің көз алдында нағыз сері жігіт қандай болуы тиіс?

Ол жігіттің нағыз сұлтаны, адамгершілігі аса жоғары, әйел жүрегін оттай лаулаған жалынды құштарлықпен баулап алуға шебер еркектің ержүрегі. Былайша айтқанда, Ескендір мен Наполеонның жаулап алу шеберлігі сияқты, әйелдің де жүрегін жаулап алатын жігіттің арыстаны. Жалпылай түсіндіргенде, махаббат деген өнердің кемелденген кемеңгері.

Ал енді сері жігіттің сыртқы көрінісі қандай болуы тиіс. Енді соған келейік. Алдымен сері жігіт біршама өңді болуы керек. Әрине, сұлулықты бүкіл адам әйел затынан ғана күтеді. Дегенмен, сері болған соң сұлулық та қажет. Адамды өзіне тартатын сырт көрінісі бірден көз ұрып тұрса, оның үстіне, сөзі орынды да салмақты, көзқарасы, қимыл-қылығы, тіпті даусына дейін, әйелмен сөйлескен сәттері көз, қабақ қимылы тиісінше құбылып, құлпырып тұрса, міне, серінің көп қырының бірі осы болмақ.

Ешқандай құпиясы жоқ, көз адам жанының айнасы ғой. Ең алдымен жігіт сұлуға көз тастайды емес пе? Осы сәтте, екі жанар бір-біріне қадалғанда, көз тілсіз сөйлеп кететін болса, міне, серінің бір сиқыры сол.

Енді сері болар жігіттің бет әлпетіне келейік. Әрине, мінсіз сұлу болуды жігіттен ешкім де талап етпес. Бір қарағанда сүйкімді, кең маңдайлы, кейде жүдеу жүзді, кейде құлпырған жастықтың жалыны лапылдап тұрған отты, көзі ойлы, сырттай қарағанда жұпыны емес, жігерлі болмақ керек. Әйтеуір, қалайда өзіне тартып тұратын бір қасиеті бар адам сері деген.

Қалай десек те, адамның сыртқы көрінісі ішкі жан дүниесімен астасып жатады. Суретші салғандай сұлу мүсінді серінің жаны да сұлу болады. Серінің осы қасиетін ең алдымен бір қарағанда-ақ байқап қалады нәзік жанды сұлу арулар.

Сері жігіттің темпераменті онын мінез-құлқына байланысты. Бәрінен де серінің сұлуларға деген ыстық ынтығы, ішкі іңкәрлігі, тіпті, ашығын айтсақ – әйелжандылығы ең басты ерекшелігі. Бұл ерекшелік әйелдің еркін билеп алуда негізгі шарт болып саналады. Жыныстық қатынасқа деген құштарлық серінің басты мақсаты емес. Ол бұл мәселеге салқынқандылықпен қарайды. Сері үшін ең басты мақсат – сұлудың жүрегін баурап, еркін еңсеріп әкету, әйелді еліктірудің әрекетін шебер меңгеру, былайша айтқанда, жүргізуші өз автомашинасын қалай шебер жүргізіп өз еркіне еріксіз бағындырса, сері де сұлудың еркін солай меңгеріп әкетуі тиіс. Міне, басқа еркектерден серінің айырмашылығы да осы болмақ. Сері қызғаныш деген мінезден мүлдем аулақ. Шын батыр қорқақтықтың не екенін білмейтіні сияқты, сері де қызғаныштың не екенін білмейді. Шын батыр жаулап алады, шын сері баурап алады.

Сосын серінің киім киісі жайлы болғаны жөн. Серіге бәрі де жарасады, қандай киім болса да келіседі.

Қандай киім кисе де дәл соған арнап тіккендей құйылып тұрады. Ол жүрісі де, тұрысы да, үні де, әрбір қимылы да кез келген адамды өзіне тартатын, жүзі жылы, аңқылдақ, ақпейіл, ақниет, адал адам. Сондықтан ол киімнен гөрі көңіл күйін күйттейтін, сұлулыққа іңкәр, сұлуға құштар, пәк та парасатты азамат.

Тағы бір айтар жәйт – сері жігіт қоғамда қандай орын алса да, ол тоғышар жан емес, қоғамның белсенді мүшесі. Ол ешкімге де тәуелді емес еркін жан. Атаққұмарлығы жоқ, байлыққа, дәулетке құмарлықтан ада, дүниеқоңыздықты қанағаттандыра алмайды, тек ақылды,

8

парасаттылықты қалайды, философиялық ой тұжырымдауға бейім, идеалды ғана армандайтын сергек те сезімтал, сұңғыла жан.

Ойлап отырсақ, әлемдегі барлық данышпан жандар терең құштарлықпен сүйе білген, сұлулыққа іңкәр болған. Ал серілерді ой жағынан данышпандықпен қатар қоймасақ та, нәзік сезімталдығы мен сұлулыққа құштарлығы жағынан даңқты даналармен қатар тұр деуге әбден болады.

Серінің негізгі тірлігіне ауыссақ, еркектің әйелді баурап алатын мінезіне ой жүгірткен кезде, әр адамның өз ерекшелігін ескерсек керек. Әрбір адам, мейлі ол өңді, не өңсіз болсын, мейлі ақылды не надан болсын, бәрібір, әйтеуір, әйел затына ұнауға тарысады ғой. Біз бұл жерде нағыз сырбаз сері жігіт пен серіге еліктеушінің ара жігін ашып алсақ дейміз.

Меніңше ақын болып туу немесе әнші болып туу сияқты, сері болып та туу керек. Серілік – табиғи дарын. Ал серіге еліктеушілік жасандылықтың жемісі. Сері жігіт өз өнерінің өрені, соның құрбаны. Серіге еліктеуші өзінің жеке басының мансабын тояттатуға ұмтылған жан. Басқаша айтқанда, сері сезімтал да аса талғампаз, нәзік жанды, өмірге, сұлулыққа құштар жігіт. Серіге еліктеушілерде мұндай қасиеттердің бірі де жоқ.

Сері мыңнан бірді сүйсе де, талғап сүйеді. Серіге еліктеуші үнемі дерлік сұлуларға жақын жүруге тырысады. Оған бәрібір. Әйтеуір, әйел заты болса болғаны. Серіге еліктеуші әйелдің қиялын шарықтатып, арман биігіне қарай жетелеуге өресі жетпейтін жетесіз жан. Дегенмен, серіден гөрі олжасы мол, жолы болғыш.

Сұлулық біткенге жаны құмар, талғампаз да сезімтал нағыз сері жігіт өте сирек кездеседіау, шіркін. Әлгі серіге еліктеушіміз сыпсыңдаған сылдыр сөзбен қол жеткізіп жүрген «олжасына» ол түкіріп те қарамайды. Нағыз сері жігіт әйелдің жүрегін баурап алу қамын ойлағанмен, әйел үшін, махаббат үшін өмір сүрмейді, керісінше, махаббаттың өзі серіге қызмет етеді. Ал серіге еліктеушілер тек әйелжанды еркек қана, ол әйелдің еркін баурай алу шеберлігінен, поэзия мен сұлулықтан ада адам.

Міне біз серіліктің түрлі тұрпаттарына ғана біраз тоқталдық. Сонымен, табиғи серілер бар да, оған еліктеуші жасанды серілер де кездесіп қалады өмірде. Сондай-ақ, серіге де, серіге еліктеушіге де жатпайтын, қарапайым, көпшілік еркектер де бар емес пе? Өмірде махаббаттан, серіліктен басқа да көкейтесті проблемалар жеткілікті ғой. Махаббаттың сәтсіздігіне тап болып, өмірін өксікпен өткізетіндер де кездеседі. Кейбіреулерде махаббат сезімі өте кеш пайда болады. Кейбіреулер тек армандаумен ғана өмір кешеді. Ал бәзбіреулер махаббатқа да, өнерге де, ғылымбілімге де құштар бола алмай бей-жай өмір сүреді. Қалай десек те, адамдық биікте, құштарлық сезімінде өмір кешкенге не жетсін...

Шын сері жігіт махаббат өнеріне ерте жасынан үйір адам. Ер адамның махаббат сезімі 18 жасынан бастап оянатынын ескерсек, серілердің сезімі он төрт жастар шамасында ояна бастайды. Серінің махаббатқа деген алғашқы қадамы жалған да жасанды оғаш қылықтардан емес, романтикалық қиялдардан, қызықты да ғажайып оқиғалардан басталады.

Серілердің эротикалық тәрбиесін бастап беруші әдетте қырықтың қырқасына таяп қалған, тәжірибелі әрі махаббаттың «күзін» күйттеп жүрген көрікті де қылықты әйелдер болады. Қалай болса да, әлгі әйел жас жігіттің олжасы болары сөзсіз. Ал жасына келсек, әлі де құштарлықтың ыстық шоғының қызуы бойынан қайтпаған қырықтағы сұлу ару бозбаланы баулыса, мұнда тұрған ештеңе де жоқ. Осынау құпия да қызғылықты «өнерді» үйрену үстінде болашақ серінің шегер зияны да жоқтың қасы емес пе?

Осы тұста алғаш әйелге ғашық болған он төрт жасар бозбаланың көзқарасын, тіпті, жан дүниесінің сезімін аңғарсаң ғой... Екі көзі оттай жанып, бетінде қан ойнап, жүзі мың құлпыра жайнап, өзінің еркектігін тұңғыш сезінген шағы. Лепірген жүрегі, құштарлыққа тояттаған тәні еңсесін көтеріп-ақ тастайды. Ал әйел болса, қарттыққа қадам басар алдында жап-жас бозбаладан қанған жан ләззатын, тән рахатын естен шығарар ма... Сұлу бикештің бұл шақтағы ішкі құбылысы тіл жетпес бір тылсым тамаша-ау, шіркін. Қалайда, ең алғаш ауызданған бозбалаға өз тәжірибесін, тән тәттілігін, жан іңкәрлігін ұсынған кербез келіншектің гүлдей құлпырып шыға келгені де дүниедегі бір құпия құбылыс-ау. Махаббат ғылымының алғашқы мектебінің есігін ашқан жас бозбала келіншекпен күн кешкен оңашада, бір шеттегі шағын қалада немесе көркем курортта осындай екеуара сырласып, алғаш ауызданған жас бөрідей жалаң қағып, еңсесі көтеріліп, жаңа бір дүниенің ішіне кіргендей болады.

9

Сері қалада тұрса, онда қаланың барлық тамаша жерлерімен, архитектурасымен, музейлерімен, ресторандарымен, бәрі-бәрімен жете таныс болып алады. Тіпті, ол қазір осы жердің королі болмаса да, соған таяу билеушісі тәрізді. Ол үнемі дерлік жоғарыға ұмтылып, тек жоғары лауазымды адамдар арасына үйірсек, солармен тіл табысып, солармен бірге жүреді. Сәнді де өңді серіміз өзін қандай ортада болмасын емін-еркін ұстайды, терезесі тең жүреді. Бейне бүкіл дүниенің еркесі іспетті ол дегенің.

Жоғарыдағыдай қоғамның ортасында жүріп ол неғұрлым көз тартар аруларға назарын аударып, сол сұлулардың тілін табуға тырысып бағады. Сері белгілі бір мамандығы бойынша қоғамда өз жұмысын атқарып жүруімен қоса, әлгі бір көкейін тескен сұлу сылқымдарды бір сәтке есінен шығарып көрген емес. Бірақ серінің өмірінің осы жағы бөгде көзден тасада, құпияда өтіп жатады. Сондықтан оның серілік ісі басқаларға жұмбақ болып қала береді.

Серінің құпия сырына тіпті кейбір ойшылдар да назар аударған. Серінің құрбаны болған талай-талай сұлу бикештер әркімді-ақ ойлантқан. Бірақ, қалай десек те, сері ешкімнің алдында кінәлі емес. Ол сүттен ақ, судан таза қалпында. Оған сұлу бикештердін өзі үйірсек. Сері болса, керісінше, сұлуларды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, бауырына тартады. Ал аса әдемі наз-қылықтың махаббатқа ұласарын қыз да, жігіт те – аңғара алмайды.

Сонымен, өстіп жүріп сері жігітіміз жиырма бесті еңсерді делік. Енді ол бұрынғыдай емес, толығып, тәжірибеге молығып, серіліктің биік шыңына қарай өрлей бастаған дер шағы. Өзі өңденіп, толып, махаббат майданына бел шешіп кірісер сұлу да сүйкімді жігіт болып алған.

Енді оның көңілдестері отыздар мен қырықтардағы әйелдер. Осыларға сері жігіт өзін махаббат ісіндегі шын шеберлігін, нағыз толысқан, қара нардай қажырлы да қайратты еркектігін танытуға құштар.

Сері жігіт өзінің ісімен де, күшімен де, көрікті түсімен де әйел затының сезімін баурап әкетудің шеберлігін шыңдай түскен. Ол енді ен далада соққан құйынның өз соңынан шөп-шалам, ұсақ-түйекті ілестіріп әкететіні сияқты, сұлуларды өзінің еркіне емін-еркін көндіре алатын дәрежеге жеткен. Әйелге қиыла бір қарағанда-ақ ішіне кіріп, жүрегіне жетіп үлгереді. Ал тіл қатса-ақ болды, оның сөзі сезімді елжіретіп, көңілді еліктіріп жүре береді.

Серінің отыз жасында оңынан жел есіп, шабыттың шыңына шығып та алады. Ол өзінің бағасын да салмақтай біледі. Рухани дамуы да жетіліп, этикалық, эстетикалық сезімдері қалыптасып, терең танымға, өнер саласында ерен биікке көтеріле біледі. Білімі де толған, махаббаттың нағыз майталманы, сұлулықтың қадіріне жеткен сырбаз қай жағынан алса да сегіз қырлы, бір сырлының нақ өзі, жүзі жайдары, көзі күлімдеп, адамның іші-баурына кіріп тұратын бұл серіні бір көрген әйелдің кет әрі болмайтынына ол өзі іштей сөзсіз сенеді. Қандай асау да ерке сұлумен сезім шайқасына түссе де, жеңіс өзінікі болатынына көзі әбден жеткен әккінің дәл өзі.

Өткендегі небір қызық оқиғаларды еске алу, сұлулармен өткізген тәтті де тоятты түндері, сезімнің сусынын қандырған сүйісулер, сұлулардың мөлдіреген жанары, ынтызарлық пен іңкәрлік серіміздің өмірін аңызға айналдырып, өлең болып өріліп, ел аузына іліккен шағы.

Келесі кезеңде серінің өмірі басқа сезімнен гөрі шынайы ғашықтық сезімге ауысып, талғамы ұстарып, ақ армандай асыл махаббатты аңсайтынды шығарады. Жас шағында ол талай сұлуды сезімнің құрбандығына шалса, енді өзі небір сылқым сұлудың құрбанына айналды.

Ләззатының қызығына мол қанған серіміз өзіне-өзі риза болмай, алды-артына қарайды. Іштей толғанып, енді осы сәттен бастап махаббат майданынан мүлдем кетуге ұйғарады. Бірақ бұл әншейін ғана әурешілік болып шығады. Оның сұлуларға деген құштарлық жалыны сөнбек емес. Егер ол бір бикештің жанына таяса-ақ болды, оның ыстық ынтығы сан есе артып, қайтадан құштарлық дүниесіне бас иіп, арманның асыл құшағына қайта енеді. Өзінің өмірін оймен шолып, сонау кездегі ессіз серілігін де мойындайды.

Қырық пен елудің жотасынан көрінген, тіпті алпысты алқымдаған кезде де, сері жігіт жан дүниесінің тығырыққа тірелгендей жайын жіті байқап, байсалдылыққа бірте-бірте бет бұра бастайды. Тән құштарлығын тауысқандай болған ол ендігі жерде таңдап тапқан бір сұлуға ғана тұрақтауды аңсайды. Аса қатты соғып барып тынған дүлей дауылдай, жан дүниесі тыныштыққа тіреліп, өзінің тірлігіне, тіреу болар жалғыз ғана аяулы асыл жанды іздейді. Иә, ол өмір бойы іздеген мұны! Бірақ армандай асыл ару, сұлу сезімді, пәк жүректі аяулы әйел, жанына баларлық жалғыз ғана әйел оңайлықпен табыла қояр ма екен? Небір ұлы еркек табылар-ау, ал асыл да ақылды, аяулы да әдемі әйел табылар ма, мұндай ару тым сирек қой, шіркін... Дегенмен, бұл

10