Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Дипломные_7.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
858.62 Кб
Скачать

Бакалавриатта оқитын студенттердің орындайтын жазбаша жұмыстарына арналған қысқаша нұсқаулар

Бакалавриатта оқитын студенттердің орындайтын жазбаша жұмыстарына қысқаша резюме, рефераттар, эссе, баяндамалар, курстық және дипломдық жұмыстар жатады.

Қысқаша резюме, рефераттар, эссе, баяндамалар студенттердің академиялық және ғылыми-баспа қызметінің түрлері болып табылады. Ұсынылған жазбаша жұмыстардың негізгі мақсаты – студенттерді теория мен практика арасындағы байланыстарды анықтай алу, ғылыми көздерді пайдалана білу, қажетті ақпаратты жылдам және тиімді іріктей алу, сонымен қатар, ғылыми нәтижелерді, идеялар мен тұжырымдарды логикалық түрде және дәл бере алу дағдыларына үйрету.

Баяндама (ағылш.: report; нем.: Vortrag m) – оқу және аудиториядан тыс жүргізілетін, ғылыми жұмыспен айналысу дағдыларын қалыптастыратын, танымдық әрекеттер мен сыни ойлау қабілетін дамытатын өздік жұмыстың бір түрі .

Қысқаша резюме (ағылш.: brief summary, synopsis; нем.: kurze Nacherzählung /des Textes/ f) – студенттердің жазбаша орындайтын өздік жұмыстарының бір түрі. Оның мақсаты - көркем, публицистикалық, газет және ғылыми мәтіндерде берілген ақпаратты анықтап, еркін мазмұндай алу дағдыларын қалыптастыру.

Реферат (ағылш.: library research paper; нем.: Referat n) – студенттердің ғылыми-зерттеу өздік жұмысы (жазбаш түрде немесе баяндама түрінде жасалады). Онда зерттеу мәселелелер жан-жақты қарастырылып, автордың көзқарасы көрсетіледі.

Эссе (ағылш.: essay; нем.: Aufsatz m) – жеке тақырып бойынша жеке көзқарастар мен ойлар көрсетілген еркін композицияда жазылған шағын көлемді шығарма.

Курстық жұмыс (ағылш.: yearly essay/project; нем.: Jahresarbeit f) – белгілі бір тақырып бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу өздік жұмысы, онда академиялық циклдың бөлек пәндері бойынша қалыптасқан білім, білік және дағдылар деңгейлері байқалады.

Дипломдық жұмыс (ағылш.: diploma/graduation thesis; нем.: Diplomarbeit f) – ЖОО аяқтау кезенінде орындалатын студенттің жазбаша өздік жұмысы. Оның мақсаты – кешендік ғылыми-зерттеу мәселелерді шешу барысында теориялық білім мен практикалық біліктер көлемін жүйеге келтіру және кеңейту, филология, шет тілін оқыту әдістемесі, аударматану және әлем әдебиеті бойынша ғылыми көздермен (монография, ғылыми мақалалар және т.б.) жұмыс істей алу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау. Сонымен қатар, дипломдық (біліктілік) жұмыс болашақ мамандығына сәйкес тәжірибелік әрекет жасауға дайындық деңгейін көрсетуі тиіс.

Студент шығарушы кафедра ұсынған диломдық жұмыстардың тақырыптарынан өзі қалаған тақырыпты таңдап алу немесе негіздемесі бар өз тақырыбын ұсынуға хақылы.

Жазбаша жұмысқа қойылатын талаптар

1. Лингвистикалық, филологиялық немесе әдістемелік әдебиетті талдау негізінде зерттеу мәселелерді теориялық жағынан тереңдетіп іріктеп алу.

2. Алынған деректерді кесте, диаграмма, гистограмма,сызба түрінде жүйелей білу.

3. Зерттеу материалын сыни тұрғыдан қарастыру.

4. Қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулардың дәлелділігі.

5. Материалдың логикалық түрде, ғылыми проза стилінде дербес берілуі.

6. Материалдың белгіленген талаптарға сай ресімделуі.

7. Практикалық материалдың талдануын дәлелдейтін қосымшалардың болуы (осы тармақ лексикологиялық бағытта орындалған жұмыстар үшін маңызды).

Жазбаша жұмысты орындаудың негізгі кезеңдері Жұмысты дайындау, орындау және қорғау прцесі бірқатар тұрады:

  1. Тақырыпты таңдап алу және ғылыми жетекшімен келім жасау;

  2. әдебиет тізімін жасап, қажетті материал жинақтау;

  3. жұмысты жазу бойынша ұйымдастырушылық құжаттарды ресімдеу;

  4. жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптармен танысу;

  5. жинақталған әдебиет пен материалдарды талдау;

  6. жұмысты алдын ала жасалған жоспар бойынша жазу;

  7. жұмысты аяқтау және оны кафедраға тапсыру;

  8. қорғауда жасалатын баяндама тезістерін дайындау;

  9. диломдық жұмысты алдын ала қорғау;

  10. жұмысты қорғау.

Дипломдық жұмыс құрылымының элементтері:

- титульдік бет;

- қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған аңдатпа;

- дипломдық жұмысты орындау бойынша берілген тапсырмалар;

- мазмұны;

- анықтамалар, белгілер және қысқартулар;

- кіріспе;

- тұжырымдары бар негізгі бөлімнің 2–5тараулары;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Жазбаша жұмыстарды ресімдеу ережелері

Кез келген жазбаша жұмысты орындау мынадай ережелердің сақталуын көздейді:

- материал түсінікті, сауатты логикалық жүйде берілуі тиіс;

- әрбір тарау, тараушалар және қорытындының соңында тұжырымдар берілуі тиіс;

- ғылыми және оқу әдебиеттерден дәлме-дәл көшіріп алуға болмайды, проблемалық мәселелер бойынша автордың өз көзқарастары мен пікірлері беріледі,толық цитаталар төл сөз түрінде,жартылай«фрагменттік» цитаталар тырнақшаға алынады(міндетті түрде ақпарат алынған көзге сілтемелер жасалады),олар төртбұрышты жақшаға алынып, мына үлгі бойынша ресімделеді: [12, с. 246],бірінші сан көздің реттік нөмірі(монография,мақала,оқулық және т.б.), ал екінші–пайдаланылған ақпарат берілген түпнұсқа бетінің нөмірі;

- мәтінде қайталаулар, аяқталмаған сөйлемдер, ойлар, емлелік және стилистикалық қателер болмауы тиіс.

Жазбаша жұмыс компьютерде теріліп, стан­дарт форматтағы DIN/ISOА4 по ГОСТ 9327парағының бір бетінде матричный, струйный немеселазерлік принтерде шығарылып, тігілуі тиіс.Шрифттің түсі– «Авто».Назар аударатын жерлерді белгілеу үшін компьютерлік құралдардарды (жуан шриф, курсив,сызу) қолдануға болады.Курстық жұмыстың көлемі, қосымшаларсыз, компьютерде терілген және принтер арқылы шығарылған 25–30 бет.Дипломдық жұмыстың көлемі, қосымшаларсыз, компьютерде терілген және принтер арқылы шығарылған60–90бет.Кейбір жағдайларда, тақырыптың күрделілігіне, берілген ақпараттың құндылығы мен релеванттілігіне байланысты, жұмыстың көлемі нормадан асуы мүмкін. Басқа жазбаша жұыстардың көлемін тапсырманы ұсынған оқытушы өзі белгілейді.

Қосымшалар берілген беттердің саны есептелмейді. Дипломдық жұмыстың қосымшасында берілген мәтіндік,

кесте, сызба және басқа да материалдар қатаң тәртіпте орналасуы тиіс.

Жұмыстың мәтінінде ауызекі сөйлеу тілі лексикасын, еркін сөзжасамдарды, профессионализмдерді қолдануға болмайды.

Мәтін және жұмыстың басқа да элементтері ЭЕМ баспа және графикалық шығару құралдарын қолдану арқылы орындалады (бір жоларалық интервал), Microsoft WinWord (6 версия және одан жоғары) редакторы пайдаланылады, «Times» № 14 кегль типті шрифпен жазылады.

Белгілі бір терминдерге, формуларға, теоремаларға ерекше назар аудару үшін әртүрлі шрифтер және компьютердің басқа да мүмкіндіктерін пайдалануға болады.

Диплом жұмысы (жобасы) мәтінінің басу барысында мынадай жол өлшемдерін сақтау қажет: сол жақтан – 30 мм, жоғары жақтан – 20 мм, оң жақтан – 10 мм және төменгі жақтан – 25 мм.

Абзац– 15 мм. Жұмыстың негізгі мәтіні кеңдік бойынша түзетілуі тиіс. Дипломдық жұмысты басу барысында жазудың біркелкі тығыздылығы, анық көрінуі сақталуы тиіс. Дипломдық жұмыста берілген сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер анық болуы тиіс. Дипломдық жұмыстың мәтіні, титулдік беті және қосымшалары рамаға алынбайды.

Барлық құрылымдық элементтер мен әрбір тарау жаңа беттен басталады. Басылған мәтінге кейбір сөздерді, формуларды, белгілерді тек қана қара сия немесе қара тушпен жазуға болады. Жазылған мәтіннің тығыздылығы негізгі басылған мәтіннің тығыздылығымен бірдей болу керек. Басылымдағы қателерді, графикалық кемшіліктерді ақ бояумен, қара сия немесе қара тушпен түзетуге болады. Дипломдық жұмыстағы жалқы есімдер, фамилиялар, мекеме, ұйым атаулары түпнұсқа тілінде беріледі.

Жалқы есімдер мен мәтіндердің түпнұсқа атауларын басында ғана айтып, ары қарай оларды жұмысты жазу тілінде беруге болады.

Жұмыстың барлық беттері титулдік бетінен бастап соңғы бетіне дейін араб сандарымен нөмірленеді. Беттің реттік нөмірі беттің төменгі жағында дәл ортасында, дефиссіз және нүктесіз қойылады. Бірінші бет болып титулдік бет саналады, онда нөмір қойылмайды.

Жазбаша жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары: «Аңдатпа», «МАЗМҰНЫ», «АНЫҚТАМАЛАР», «БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР» (немесе «АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР»), «КІРІСПЕ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ». Құрылымдық элементтердің атаулары бас әріппен жолдың ортасында қара емес шрифпен жазылады.

Тараулар, тармақтар мен тармақшалар 15 мм жаңа абзацтан басталып, бас әріппен, қара емес шрифпен, астын сызбай, соңына нүкте қоймай жазылады. Жазбаша жұмыстың тарауы атауының мысалы:

1Ағылшын артиклін талдаудың қызметтік аспектісі

Кез келген атау ен келесі мәтіннің арасы 1 бос жолдық абзацтан тұрады.

Кестелер, суреттер мен тізімдер ГОСО РК 5.03.016-2009 сәйкес ресімделеді.

Аяқталған жазбаша жұмыс кафедраның доценттері, аға оқытушылары мен оқытушыларынан тұратын комиссияға қорғаудан, алдын ала қорғаудан өтуге ұсынылады.

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ