Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теориялык этнология умкд.doc
Скачиваний:
109
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
745.98 Кб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

АРХЕОЛОГИЯ және этнология кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Т.С.Садықов

________________ 20 ж.

5В020800- «Археология және этнология»

мамандығының білім алушылары үшін

ARCA 32020 - «ТЕОРИЯЛЫҚ АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ»

пәні бойынша

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

Астана

2014

5В020800- «Археология және этнология» мамандығы бойынша «Теориялық этнология» пәнінен

СИЛЛАБУС

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

1.Ибадуллаева Зылиха Өмірбекқызы, т.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті археология және этнология кафедрасының доценті

Байланыс телефоны: 87023657507; ibadullaeva.72@mail.ru

Ғылыми мектебі: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетін бітіріп, 2001 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындаңы тарих және этнология институтының Диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертация қорғаған.

Бикенов Асылхан Хамитұлы, т.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті археология және этнология кафедрасының доценті

2. Пәннің аты: «Теориялық этнология». Код: ТЕ 3305 кредит саны – 3

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны:2 семестр; бекітілген сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиттер и постреквизиттер):

Курстың пререквизиті - Әлем тарихы, Әлемдік діндер тарихы, Қазақстан тарихы, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, этнология.

Постреквизиттер – Барлық қоғамдық пәндер. Аталмыш курсты оқып шыққаннан кейін студент адамзатпен қоғамның қалыптасуы және дамуымен тығыз байланысты көпшілік пәндерді меңгеруге мүмкіндік алады.

5. Пәннің сипаттамасы:

5.1. Пәннің оқу үдерісіндегі орны: «Теориялық этнология» пәні «Археология және этнология» мамандығында оқитын студенттер үшін міндетті пән болып табылады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: Аталған курсты оқыту барысында студент бойында этнология ғылымының іргелі мәселелері бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Этнологияның ғылым ретінде қалыптасу және даму тарихы бойынша білімдерді игеру;

Этнолог этнос теориясымен этникалық зерттеулердің әдістемелік проблемаларын отандық және шет елдік этнос теориясы концепциялары негізінде оқыту.

Теориялық этнология этникалық процестердің әдістемелік мәселелері теориясын, этнос теориясының отандық және шетелдік концепциясын зерттеу, этногенез және этникалық тарихтың іргелі мәселелерін және қазақ халқының тіршілік көзі дәстүрлі мәдениетін айқындау жатады. Этнос ұғымымен оның негізгі концепцияларына анықтама беру;

  1. Ғылыми ойлауды, өз ойын жеткізе алуды меңгеру;

  2. Этнографияның пайда болу тарихымен қалыптасу кезеңдерімен таныстыру;

  3. Шексіз дерек көздерімен жұмыс істей алу: фольклор, архив және жазба деректері;

  4. Этнос ұғымымен оның негізгі концепцияларына анықтама беру;

  5. Ғылыми ойлауды, өз ойын жеткізе алуды меңгеру;

    1. Оқу пәнінің мазмұны:

Студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, этнология ғылымының іргелі мәселелері туралы білім шеңберін арттыру Теориялық этнологиядағы этногенез, этникалық тарих, дәстүрлі мәдениет, этникалық проблемаларды болжау. Этнологияның әлеуметтік функциясы ғылыми-танымдық, этностың өзін өзі тану функциясы. Этнология мен этнографияның терминдері. Отандық және шет елдік этнология ғылымының тарихы. Этнологиялық деректер ерекшелігі мен этнологиялық зерттеу жұмыстарының әдістері. Құрылымдық-функциональдық әдіс, жүйелілік әдісі, сараптамалық баға әдісі және басқаларды меңгеру.

    1. Пәнді оқыту жоспары:

Апта

лар

Тақырыптар аты

Сағаттар санымен оқытуды ұйымдас-тырудың формалары

СӨЖ үшін тапсырмалар

1 – Бөлім. Этнологияның ғылым ретінде қалыптасуы

1

Этнология ғылымдар жүйесінде

.Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Ұлыбританияда, Германияда, Ресейде этнология ғылымының қалыптасуы, ерекшеліктері мен кезеңдері.

2

Этнологиядағы эволюционизм мектебі

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

А. Бастиан, И.Бахофен, Эд. Тейлор, Л.Г. Морган, Д.ж. Фрезер, Н.Н. Харузин эволюционизмнің классиктері.

3

Этнологиядағы диффузионизм метебі. Мәдени диффузия концепциясы. Ф. Ратцель, Лео Фробениус, Ф. Гребнер және т.б.

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Арутюновтың мәдени өзараәрекеттестік тұжырымдамасы. С.А.Токаревтың этнологиялық мектебі.

4

Э. Дюркгеймнің ”Әлеуметтік мектебі“.

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Қазақ этнографтары қалыптастырған негізгі ағымдар мен мектептер.

5

Этнопсихологиялық мектеп. Р. Турнвальд, З. Фрейд, Руд Бенедикт, Маргарет Мид және т.б.

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Қоғамды басқарудың психологиялық және биологиялық заңдылығын зерттеу.

6

Мәдени релятивизм және структурализм.

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3сағат),

М. Херскович, Клод Леви-Стросс еңбектері.

7

Мәдениетті абсолюттендіру мен адамның бірлігін жоққа шығару. Неоэволюционистік бағыт.

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Лесли Уайт, Дж. Стюард, Дж. Мердок. Конвергенція теориясы.

2 – бөлім. Қазақстанда этнология ғылымының қалыптасуы және

этногенез теориясы туралы

8

Қазақстанда этнология мектебінің қалыптасуы және дамуы.

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Ресейдің этнологиялық мектебі.

9

Л.Н.Гумилевтің этногенез тоериясы

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Этностың примордиалистік теориясы. Этностың биоәлеуметтік концепциясы.

10

Л.Н.Гумилевтің пассионарлық теориясы

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Этнос идеалды құрылым. Ұлт мемлекет концепциясы.

11

Л.Н.Гумилевтің этногенез теориясы түсініктері

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

12

Этникалық мәдениет теориясы. Мәдениет және оның этникалық қызметі.

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Мәдениеттің конструктивистік концепциясы.

13

Дәстүрлі мәдениет және жаңашылдық

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Дәстүрлі мәдениет, архаикалық мәдениет, модернизацияланған мәдениет түсінігі.

14

Этникааралық коммуникация. Этноконсолидациялық үрдістердің әртүрлілігі: этнотрансформациялық және этноэволюциялық.

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Этномәдени өзара ықпал теориясы. Аккультурация және мобилизацияның мәдени бағыты, ішкі отаршылдық пен интеграцияның құрылымдық концепциясы.

15

Этникалық жанжалдардың пайда болуы. Оларды шешу мен болдырмаудың жолдары.

Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат)

Қазақстанды мекендеген этностардың өзара қарым- қатынастары

Барлығы:

Дәріс – 15 сағат

Семинар – 15 сағат