Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теориялык этнология умкд.doc
Скачиваний:
109
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
745.98 Кб
Скачать

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

6.1 Негізгі әдебиет

  1. Артықбаев Ж.О. Қазақ тарихы мен этнологиясының мәселелері. 1 том. Павлодар, 2007.-300 б.

  2. Артыкбаев Ж.О. Этнология и этнография: Учебное пособие. – Астана: Фолиант, 2001.

  3. Галимова А.К. Семейные обряды сельских казахов Северного Казахстана в современный период: Учебное пособие. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева. 2003.

  4. Шалекенов У.Х. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

  5. Садохин А.П. Этнология. М.2004.

  6. Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.

  7. Абакумова Г.Н. Празднично-обрядовая деятельность казахского народа: Учебно-методическое пособие. – Астана: ЕАУ им.Л.Н.Гумилева. 2001.

  8. Арутюнов С.А. Народы и культуры: развитие и взаимодействие. М.: Наука, 1989.

  9. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983.

  10. Эванс-Причард Э. История антропологической мысли. Пер. с англ. А.Л.Ефимова. М., 2003.

6.2. Қосымша әдебиет:

  1. Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002.

  2. Алексеев В.П. Этногенез. - М.: Высшая школа, 1986.

  3. Аверкиева Ю.П. История теоретической мысли в американской этнографии. М.: Наука, 1979.

  4. Алгебра родства (Родство. Системы родства. Системы терминов родства). Вып. 2. / отв. Ред. В.А. Попов. – СПб. МАЭ РАН,1998.

  5. Геннеп Арнольд ван. Обряды перехода: Систематическое изучение обрядов. – М., 1999.

  6. Зеленин Д.К. Восточнославянская этнография. – М., 1991.

  7. Косанбаев С.К. История становления и развития этнографии Казахстана (XVIII-ХХ вв.). – Алматы: Дайк-Пресс, 2005.

  8. Культура и быт народов Зарубежной Европы. Этнографические исследования. М.: Наука, 1967.

  9. Лавров Л.И. Этнография Кавказа. – Л., 1982.

  10. Львова Э.С. Этнография Африки. М., 1984.

  11. Малиновский Б. Избранное: Аргонавты западной части Тихого океана. Пер. с англ. М., 2004.

  12. Тэрнер В. Символ и ритуал / Сост. В. А. Бейлис и автор предисл. М., 1983.

  13. Фрэзер Д. Д. Золотая ветвь: Исследование магии и религии: Пер.с англ. – 2-е изд. М., 1983.

  14. Чебоксаров Н.Н., Чебоксарова И.А. Народы. Расы. Культуры. М., 1985.

  15. Байтенова Н.Ж. Межэтническая интеграция: (социально-экономический анализ). Учеб. Пособие. Алматы: Санат, 1998.

  16. Гумилев Л.Н. Этносфера: История людей и история природы. М.: АСТ, 2004.- 576 с

7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; коллоквиум және тестілеу формасында екі аралық бақылау; ауызша емтихан формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.

Ағымдық бақылау

– 20%

СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын бақылау

– 20%

Ағымдық бақылау

коллоквиум

– 10%

тестілеу

– 10%

Ағымдық және аралық бақылау

-60%

Қорытынды бақылау

- 40%

8. Оқу пәнінің саясаты

«Теориялық этнология» таңдау компоненті құрамына кіретін оқу пәні болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 3 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс – 30 сағат, семинар сабақтары – 15, БӨЖ – 45 сағ. Барлығы: 90 сағат.

Студенттер сабақтың барлық түрлеріне қатысуға әрі барлық сабақтарға мұқият даярлануға міндетті. Студенттердің сабақта өзін-өзі ұстауы ЖОО ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес болуы шарт.

Оқытылатын пән бойынша Глоссарий:

Адаптация (этнологиядағы бейімделу) – адамдарда жаңадан пайда болатын мінез-құлық дағдылары арқылы этностың (ұлыстың) этноландшафтық ортаға бейімделуі. Бұл дағдылар тұрақтана келе, ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалау дабылы (сигнал) механизмі арқылы беріліп отырады. Нәтижесінде этноста бірегей мінез-құлық стереотипі орнығып, ахуалдың өзгеруіне қарамастан, олардың өмір сүріп, дамуына қажетті тұрақталған жүйе орнығады. А. үдерісі әсіресе, этностың жаңа аумақты игеру кезінде белсенді болады. Орыс халқы Сібір мен Қиыр Шығысты игеру кезінде бұрын дағдыланбаған қатал ландшафтық-климаттық жағдайға көндігуге мәжбүр болды.

Алғашқы тұқым қуалау – еліктеу шартты рефлексі арқылы мінез‑құлық дағдыларының ұрпаққа берілуі. Бұл жануарлар әлеміне де, адамзатқа да тән. А.т. құбылысын алғаш М.Е. Лобашев (1907-1971) сипаттаған. Ол хайуанаттар ұрпағы өздерінің ата-аналарынан ерте алыстағанда, өмірге қажетті көптеген дағдылардан тыс қалатынын байқаған. Одан соң ғалым ұрпақтардың бұл дағдыларды ата-аналарынан алу процесін бақылаған. Л.Н.Гумилев те тап осы үдерістің адам баласында да жүретінін айтады. Шындығында да, бала ортаға бейімделудің бастапқы дағдыларын ерте бастан үлкендерден қабылдайды. Егер бала бесіктегі кезеңнен адамдармен қарым-қатынасын үзетін болса, онда бейімделу мен психикалық дамуында салмақты ақаулар байқалады. Осылайша, А.т. арқылы мінез-құлық дағдыларының қайталанбас кешені – этностар мінез-құлқының стереотипі қалыптасады.

Антисистема (антижүйе) – адамның жалпы дүниетанымында қалыптасқан жағымсыз көзқарас. Барлық антижүйелік идеология мен ғылым бір орталыққа бірігеді: олар өздерінің қандай да бір абстракциялық мақсаттары үшін шынайы болмыстың күрделілігі мен көпқырлылығын терістейді. Бұдан екіжақты қорытынды шығады: не мұндай ғылым әлемді қиратып, түбірімен өзгертуге шақырады не адамды өзін-өзі терістей отырып, шындықтың аясынан шығуға шақырады. А.-ға әрекеттің құпиялылығы және жалғандықпен күресу тәсілі тән. А. арасында уақытты футуристерше сезінетін адамдар болады. А. өзара сәйкеспейтін суперэтнос химерлер қарым‑қатынасы аймағында қалыптасады, ал бір жағдай болғанда олардың идеологиясы кез келген этникалық дәстүрлерді қарама-қарсы қояды.

Биоөріс – Л.Н. Гумилевтің философиялық көзқарасының мәнін жан‑жақты көрсететін ұғым. Әлемде екі белдеудің бар екенін білдіреді: тұрмыстың барша қырын құрайтын шығармашылық бастау және антижүйе арқылы көрінетін тұрмысты қарабайырландырып тіпті жоқ етуге ұмтылатын тұрмыстық емес белдеу. Б. әлемі екі түрлі жағдайда адамдардың дүниетанымының позитивті және негативті (жағымсыз) түрде болуы арқылы көрінеді. Б. туралы ғылымды дуализммен шатастыруға болмайды, себебі автор әлемде тәуелсіз екі бастаудың бар екендігін дәлелдемейді, ол өрістер туралы – Тұрмыстың болу-болмауын ғана айтады.

Биосфера – тірі ағзалардың өткендегі және қазіргі негізгі әрекеттерінің құрамын, құрылымын және қуатын көрсететін Жердің қабығы. Ол тек жанды заттардан ғана емес, геологиялық уақыт ішіндегі оның өмір сүру өнімдерінен: топырақ, шөгінді және метаморфтық жыныс, ауаның еркін оттегісінен тұрады. Биосфераның негізгі қасиетін В.И.Вернадский зерттеп, талдаған. Б. туралы ғылым этнологияның іргетасы болып табылады. Себебі, этногенез заңдылығы тірі заттың қозғалысы мен қуат-күшін сипаттайтын жалпы заңның бөлігі болып табылады, ал этникалық жүйе биосфераның құрамына органикалық түрде еніп, геобиоценоздың жоғары тобы болады.

Мінез-құлық стереотипі – әрбір этникалық ұжымға тән, ұрпақтан ұрпаққа алғаш берілетін мінез-құлық дағдыларының жүйесі. М.с. этникалық жүйенің өзін қоршаған ортаға бейімделу үдерісі негізінде қалыптасады. Бұл орта (ландшафтық және этникалық) әр этностың қайталанбас келбетін анықтайды. Негізгі м.с. этникалық ұжым қарым-қатынас жасау, өмір салты мен адамдар әрекетінің мүмкін, қалыпты нормасы деп қабылданады. Егер бұл ұжым салауатты (шашыраңқы емес) жағдайда болса, қабылданған мінез-құлық нормалары ұжым мүшелеріне ауртпалық әкелмейді (көршілерге табиғи тұрғыда жат немесе қатал көрінуі де мүмкін). Бөтен М.с. қалыпты деңгейде ақымақтық немесе тағылық түрінде қабылданып, таңғалу, мысқыл немесе ашу тудыруы мүмкін. Кейбір этностар өзге м.с. жеңіл тіл таба алады (егер басқа м.с. қауіпті немесе жағымсыз болмаса), бірақ қарым-қатынастың түгелдей жағымсыздық сипатта болуы да жиі кездеседі. Әсіресе, жыныстық, өмірден өту, мораль және т.б. мәселелерге қатысты қарым-қатынастарда бөтен стереотиптер өткір серпіліс (реакция) тудырады.

Этноста М.с. қарым‑қатынастың белгілі бір ескі нормалары сақталған ішкі құрылымы болады: а) ұжым мен индивид арасында; б) индивидтер арасында; в) ішкіэтникалық топтар арасында; г) этнос пен ішкіэтникалық топтар арасында. М.с. сонымен бірге ландшафтқа бейімделу дағдыларын және басқа ұлыстарға қарым-қатынас нормаларын да қамтиды.

Пассионарии (ерекше қуатты түр) – туғаннан бастап сыртқы ортадан қуат көзін жеке және түр қалпын сақтау үшін талап еткеннен де көп мөлшерде алып және бұл қуатты қоршаған орта келбетін өзгертуге арналған мақсатты істерге жұмсайтын тұлғалар. Қандай да бір адамның жоғары пассионарлығын білуде оның мінез‑құлқы мен психикасына қарайды. Л.Н.Гумилев этникалық дегейде адамдардың мінез-құлқының белсенділігінің жоғарылау жағына қарай жалпы өзгеруі биосферадағы тірі заттар қуатының жемісі болып табылатындығын айтса, біз жекелеген индивидтердің белсенділігінің жоғарылау себебін айта аламыз. Бұл үшін психикалық және интеллектуалдық белсенділікке физикалық күш қуат жұмсағандай күш жұмсалатынын және тіркеп, өлшеудің қиын екендігін есте ұстау керек.

Пассионарлық дүмпу - популяциядағы пассионарлық белгінің пайда болуын болдыратын және оның ықпалы тиген аймақтарда жаңа этникалық жүйенің пайда болуына әкелетін микромутация. Ол Жер үстінде ені 200-400 км жолақ, ғарыштық шеңбер ұзындығы шамамен 0,5 қоршайтын, меридианмен әр түрлі бұрыштар арқылы түйісетіндігі байқалады. Мұндай микромутацияның бар екендігі туралы тұжырымды Л.Н.Гумилев тарихи заңдылықтар негізінде айқындайды. Бұған сәйкес жаңа суперэтностар бір мезгілде пайда болып, бір торапта Жер беті арқылы бірнеше мыңдаған шақырымдарға кез келген ландшафтық кедергілер арқылы (мысалы, б.д. I ғасырда готтар-славяндар-дактар-христиандар-иудеилер-абиссиндер (аксумиттер) немесе б.д. VI ғасырда арабтар (мұсылмандар) раджуптар, боты (Оңтүстік Тибет) табғаштар ортағасырлық қытайлар-корейлер (Силла) жапондықтар (Ямота) созылады.

Пассионарлық индукция – өздерінен неғұрлым пассионарлы адамдар болған кезде адамдардың мінез-құлқының өзгеруі. Пассионарлар айналасына өз мінез‑құлықтарын кіріктіріп, олардың табиғатында болмаған жоғары белсенділік пен ынталылыққа (энтузиазмға) бейімдеуге тырысады. Олар егер пассионарлы болса, өздерін солар секілді ұстайды, алайда оларды пассионарлардан белгілі бір қашықтықта болғанда, өздерінің табиғи болмыстары мен психологиялық күйлеріне қайтадан түседі.

П-тың ең көп байқалған тұсы соғыс кезінде пассионарлы қолбасшылар өзара үйлесімді адамдардан құралған жауынгерлерді соңдарынан ерте алған. Мәселен, Наполеон мен Суворов Италияда жауынгерлер олардың басшылығынсыз қалғанда, тамаша жеңіске қол жеткізген. Мұны бір ғана қолбасшылық дарынмен түсіндіруге болмайды, ұрыс кезінде жауынгерлерді шабуылға бастауда жеке қатысудың нәтижесі аса маңызды (Арколь көпіріндегі Наполеон сияқты). Пассионарлық индукцияның тек қолбасшылардан шыға бермейтінін байқауға болады, көбінесе оның бастауы қатардағы, бірақ пассионарлық жауынгер де болады. П.и. сөздері тыңдаушыларға ерекше әсер еткен белгілі шешендердің табыстарынан да көрінеді. Алайда, сөз мәтінін оқып тұрғанда олар соншалықты әсер туғызбайды.

Келтірілген мысалдар П.и. үшін неғұрлым белгілі жағдаяттар. Жалпы алғанда, ол бұқаралық қозғалыс кезінде пассинарлығы әлсіз адамдарды соңына ерте алатын пассионарлы адамдардың белсенділігі байқалған барлық этникалық үдерістерде өтеді. Мәселен, саяси қозғалыстар, ірі миграциялар, діни ерестер және т.б.

Л.Н. Гумилев мысалдар қатарында П.и. пассинарлардың өздері шыққан этникалық топтағы адамдарға неғұрлым күштірек ықпал ететінін байқаған. Бұлардың бәрі П.и. этностың бір тұтастықта әрекет етуге бастайтын негізгі факторлардың бірі екенін дәлелдейді. П.и. Л.Н. Гумилев пассионарлық өрістің болжамын ұсынған.

Субпассионарлық (қуаттылықтың жетіспеуі) – өз ортасынан жеткілікті қуат көзін алуға қабілетсіз адамдардың ортаға түгелдей бейімделе алмауы. Субпассионарлық (қуаттың жетіспеуі) инстинктілікті, мінез-құлықты сақтамай, өз ұрпақтарына жеткіліксіз қамқорлық көрсету салдарынан пайда болады. Мұндай адамдар барлық дәуірлерде, барша этностарда кездеседі. Оларды кезбелер, жалаңаяқтар, қаңғыбастар деп атайды. Бұлар негізінен жұмыс жасамай ақ, арамтамақтықпен өмір сүруге болатын ірі қалаларда топтасады. Мұндай С. болуы алкоголизмді, қылмысты, нашақорлықты, тәртіпсіздікті тудырады. Бұл салдардың бәрі С-тың негізгі сипаты, яғни, жасаған әрекеттері өзіне және айналасына зиянын тигізсе де, тоқтата алмайды.

Л.Н. Гумилев мұндай топтағы адамдардың мінез‑құлық сипатын неге қуат көзінің жетіспеушілігімен байланыстырды? С. қатыстылық үлесі этностар құрамында этногенез фазасына байланысты заңды түрде өзгеріп отырады, сыну фазасында тез өсіп, обскурацияда ең шырқау биігіне жетеді, яғни бұл үлес этностың жалпы белсенділігінің төмендеуімен тікелей байланысты. Субпассионарлар санының тұрақсыздығы Л.Н. Гумилевтің сипаттауынша қуат үдерісі секілді, әрі С. этногенезде энтропийлік роль ойнап, аласапыранды ұлғайтып, ешқандай пайдалы әрекет жасамайды. Этникалық гомеостазда С. мөлшері мардымсыз, өйткені ландшафтпен тығыз байланысты персистент өз ортасынан толықтай бейімделуге қабілетсіз паразиттікке бейім адамдарды ығыстырып отырады. С. көптігіне мысал: Римде (солдаттық императорлар дәуірінде), Византияда (Періштелер династиясы кезінде)

Субэтнос – өз мүшелерінен құралатын өзара комплиментарлық негізінде өзінің мінез-құлық стереотипі және қарама-қарсы қою кезіндегі этникалық жүйе. С. – этнос дәрежесінен төмен этникалық таксон. Әр түрлі С. болуы этнос тұрақтылығының мәнді белгісі, өйткені С. симбиоз қатынасында бола отырып, өзара міндеттерін бөліседі. Антогониялық емес қарсыластық жолымен С. этностың бірлігін бұзбастан, ішкі құрылымын иілгіш етеді.

Этногенз процесі кезінде С. бір‑бірімен алмасып, пайда болып әрі жұтылып отырады. Мәселен, Ресей этногенезі барысында С. казактар, поморлар, сібірліктер, («челдондар»), ескі дәстүрді ұстанушылар және т.б. бөлініп шықты. Этноста жетекші роль атқаратын С. ерекшеленеді. Мысалы, XX ғасырдың басына дейін дворяндар жетекші болды, кейбір С. бұрын дербес болған этностың реликт формасы болып табылады. Мәселен бірегей провансалдық роман этносы С. этногенез барысында француз этносына айналды.

Көріп отырғанымыздай С. белгілі бір аумақты мекендейтін этнографиялық топ, сословие, конфессионалды қауым және т.б. формаларда бола алады, алайда олардың қандай да бір этностың субэтникалық тобын сақтауы кезінде мінез‑құлық және қоршаған ортаға қарама-қарсылығы бірдей болады.

Суперэтникалық қатынас – ( әртүрлі С. өкілдері бірге өмір сүріп, тығыз қарым-қатынаста болады) кейде бейтарап аяқталады, бірақ көбіне оның нәтижесі аса жағымсыз болады: химерлер мен антижүйелер пайда болып, бұл өзара қатынастағы тұтастықты қарапайымдандырады, кейде бұзады да.

Суперэтнос – бірнеше этностардан құралып, өзін тұтастыққа қарама-қарсы қоятын этникалық жүйе; этникалық иерархияның жоғары таксоны. Л.Н.Гумилев енгізген «суперэтнос» термині пайда болғанға дейін мұндай тұтастық «өркениет», «мәдениет», «әлем» (мысалы: «Ислам әлемі», «Батыс өркениеті») деп аталды. С.бірлігі негізінен әр түрлі этностарды біріктіретін жалпы ментальдылықтың болуымен байқалады. Содықтан да С. біздің алдымызда алдымен идеялық-діни және мәдени тұтастық түрінде көрінеді, алайда оның мәні тереңде жатыр. Бұл тұтастықтың ішіндегі адамдардың саяси жағынан бірігуі міндетті емес, керісінше, олар көбіне өткір тартысқа түсіп отырады. бұл жерде біз с. басқаша ерекшелендіретін сипатын байқаймыз: этностар арасындағы тартыс негізінен өз қарсыласын толық жеңуге ұмтылатын соғыс емес, басымдық үшін күрес түрінде жүреді. Әрі бұл тартыстар С. ішіндегі экономикалық, саяси және идеологиялық та (ортағасырлық Еуропадағы гвельф пен гибеллиндер соғысы, ежелгі орыс князьдары арасындағы қақтығыс) болады. Керісінше, әр түрлі С. арасындағы қақтығыс көбіне геноцид пен құлдыққа алу сипатын (Ежелгі Қытайдың дала халқымен соғысы, еуропалықтардың Солтүстік Америка аборигендерін жоюы) иеленеді.

Этникалық дәстүр – белгілі бір этносқа стереотип иерархиясының, мінез-құлық ережесінің, мәдени канондардың, саяси және шаруашылық формаларының, дүниетаным қалыптарының ортақ болып, ұрпақтан ұрпаққа берілуі. Жинақталған этникалық дәстүрлер, негізінен, әрбір этностың ерекшелігін, басқа халықтар арасындағы орнын анықтайды. Э.д. этностың жас кезінде, яғни, қоршаған ортаға (этникалық және табиғи) бейімделу дағдыларының белсенді кезінде қалыптасады. Э.д. егер олар химерлердің құрбандығына, яғни жағымсыз этникалық қатынасқа түскенде бұзылады. Этностардың қалыпты даму кезінде этникалық дәстүр барынша гүлденіп, өзінің ерекшелігін айқындай түседі, одан соң бірте-бірте қарапайым қалыпқа түсіп, этностардың жоғалуымен бірге ғайып болады. Алайда оның көптеген элементтері басқа, белсенді, неғұрлым жас этностарға ауысуы мүмкін. Мәселен, эллинизм дәуірінің өнер канондары антикалық өркениеттің күйреуінен соң, қазірге дейін өмір сүріп жатқан көптеген жаңа этностарға берілді. Ежелгі славян және византия әлемінің бай мәдени дәстүрлері Ресей суперэтносына жетіп, дамыды. Осылайша, кез келген этностың этникалық дәстүрлері бос жерде пайда болмайды, ол алдыңғы белгілерді ала отырып, жаңа сипат иеленеді.

Этникалық диагностика – этнос өкілдерінің (субэтнос, консорция, конвиксия) мінез-құлық стеоретипі және қандай да бір этникалық дәстүрлерге жататындығына қарай бөлінуі. Сонымен бірге бұл этникалық топтар мен оның өкілдерінің өзіндік анықтамаларына да байланысты. Мәселен, XIX ғасырда Теректе казактар көптеген тұрмыстық жағынан кавказ халқына жақын болды, бірақ олар өздерін орыс этносының құрамында сезінді. Э.д. этнопсихологиялық, мәдени -этнографиялық сипаттау әдістерімен жүзеге асырылады.

Этникалық дивергенция – осындай түрдегі жаңа жүйенің пайда болуына сай этникалық жүйе тұтастығының жіктелуі. Бұл этностан, оның қандай да бір бөлігінен ажырап, одан тәуелсіз этностың құралуы жолымен пайда болуы мүмкін. Мұндай этностар қатары өз кезінде отарланған еуропалықтарды тудырды: осылайша АҚШ‑тағы янкілер, ЮАР-дағы бурлар, австралиялықтар және т.б. пайда болды. Э.д. сонымен бірге этностардың бірнеше жүйелерге жіктелуі арқылы да жасалуы мүмкін. XIII ғасырдағы дүмпуден соң Ресей этногенезі арқылы үш ірі этнос құрылды; великоросстар, малоросстар (украиндықтар) және белорустар, сол сияқты казак, помор және т.б. субэтностары. Тұтастай алғанда бұл этникалық топтардың бірігу жүйесін сезінуі жоғалған жоқ. Ресейлік суперэтнос құрылды. Э.д. басты шарты – ортасына қарама-қарсы және мінез-құлық стереотипі жағынан өзгеше жаңа топтардың пайда болуы.

Этникалық доминант – кез келген этностық тұтастықтың бірігуіне негіз болатын саяси, идеологиялық немесе діни құндылықтардың жүйесі. Э.д. өзінің негізін этникалық жүйенің пайда болуына алғышарт болатын инкубациялық кезеңде-ақ қалыптастырады. Э.д. этникалық субстрат дәстүрлерінен қол үзген пассионарлардың бірігуінің қажетті шарты болады. Оларға жаңа идеяларды уағыздау, жаңа саяси идеалдарды сақтап қалу (оның ішінде қолындағы қарумен) пассионарларға тән әрекетшілдікті қанағаттандыру тән. Негізінде Э.д. биліктегі этникалық субстраттар орнықтырған ұғымдар мен нормаларға қарама-қарсы болады. Мәселен, алғашқы христиандық қауымдықтың қатаң тәртібі, христиандық уағыздың мамұны тілші-римдіктерге аса құбыжық түрінде елестеп, оларды жаңа дінмен күреске итермеледі. Бірақ этногенез заңы күштірек болып шықты: б.д. I ғасырында пассионарлық дүмпуден кейін аса белсенді адамдар жаңа басымдыққа, ең бастысы христиандыққа кірігуге ұмтылды да, Риммен бірге әлсіреген тіл ешкімді қызықтырмады. Мұның нәтижесінде IV ғасырда христиандық толық жеңіске жетті: Константин билеушісінің өзі басқа салмақты күш болмағандықтан, оған сүйенуге мәжбүр болды.

Этникалық жүйенің динамикалық жағдайы (статикалық жағдайға немесе этникалық гомеостазға қарама-қарсы) бұл жағдай тұтастай алғанда былайша сипатталады:

а) демографиялық және миграциялық белсенділіктің жоғарылауы, аумақты кеңейтуге ұмтылу;

б) қалыптасқан мінез-құлықтың өзгермелілігі (әрбір соңғы ұрпақ қандай да бір деңгейде алдыңғыларына ұқсамайды, яғни, «әке мен бала тартысы»);

в) ландшафт ортасының қайта өзгеруі, оның өз қажеттілігіне ыңғайлануы;

г) қоғамдық мінез-құлық императивтерінің ауысымы;

д) әлеуметтік-саяси институттардың құрылуы;

е) бөтен идеяларды белсенді игеру және өз идеясын насихаттау;

ж) қандай да бір шынайы немесе мифтік оқиғадан уақыт желісін алып тастау.

Э.ж.д.ж. ондағы пассионарлық дүмпудың нәтижесінде пайда болып, табиғи сұрыптау популяциясынан жойылатын белсенді тұлға ‑ пассионарларды тудырады.

Этникалық жүйенің қартаюы – этникалық жүйеде пассионарлық дүмпу қарқынының жоғалуы нәтижесінде табиғи сұрыпталу арқылы популяциядан пассионарлық белгілердің бірте-бірте алшақтау үдерісі. Бұдан кейін жүйе жоғары пассионарлық өрлеу фазасынан өткен соң, пассионарлық толқыныстың ұзақ әрі біркелкі емес төмендеу үдерісі басталады. Бұл ретте бай мәдени дәстүр, орасан үлкен аумақ және мемлекеттік құрылым сақталуы мүмкін. Алайда әрекет қуатының жоғалуы жүйені этниканың қартаю жағдайына – обскурацияға әкеледі де, одан соң ол тарих сахнасынан түседі. Бұл Рим империясында, Византияда, Ежелгі Қытайда (Хань) және басқа да өркениетте кездесіп, қандай да этникалық жүйе тірі ағза секілді жастық (өсу және экспансия), кемелдену (аса белсенділік) және қартаю (төмендеу және өлу) сатыларынан өтеді деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Этностардың қартаю үдерісін жан-жақты зерттеген Л.Н. Гумилевті этногенез фазасын неғұрлым толық түрде сипаттауға әкелді.

Этникалық жүйенің күрделенуі – этникалық жүйедегі жүйе байланысы тығыздығының ұлғаюы, ішкі түрліліктің өсуі. (Жүйе күрделілігінің шарты, қараңыз (Этникалық жүйенің қарапайымдануы). Жүйенің күрделенуінің жарқын мысалы көтерілу фазасы болып табылады. Бұл фазадан өту кезінде этникалық жүйе қарапайым, алғашқы консорциядан, орасан үлкен және көпқырлы этникалық «галактика» – суперэтносқа айналады. Мәселен, б.д. VI-VIII ғасырларда арабмұсылмандармен, б.д. I-IV ғасырларда христиандармен осындай жағдай болған. Бұл неғұрлым төмен деңгейдегі субэтностар мен консорцияларға да тән үдеріс, яғни бұл ең қарапайым «тамырдан» бастау алып, әрі қарай күрделеніп, соңында құлдырайды (қарапайымдалып, жоғаладығ не сол деңгейде бірнеше жүйеге жіктеліп кетеді).

Этникалық иерархия – ландшафтпен тепе-теңдігін және басқа да этникалық жүйеге тән белгілерді онша мақсатты бағытта сақтауға ұмтылмайтын ұрпақтан ұрпаққа аса өзгеріссіз жететін этникалық жүйеге қоса бағыну. Мұның бәрі жүйедегі пассионарлық ұмтылушылық деңгейінің аса төмендігін білдіреді де, ол деңгейді нөлмен теңеуге апарады. Э.и. жағдайындағы этнос негізінен тұтастай өзара үйлесімді – өздері мен ұрпақтарын қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін еңбекке берілген, алайда өмірді өзгертуге қабілетсіз адамдардан құралады. Статикалық этностарда пассионарлық сирек кездеседі, олар өз елдерінде күш-қуат жұмсайтын мүмкіндік таппай, эмиграцияға кетеді. Мұнда субпассионарлық та сирек: олар толық бейімделу мен еңбексүйгіштікке қабілеттіліктен айырылған, ал бұл қасиеттер Э.и. кезінде аса қажет.

Этногенез – этникалық жүйенің пассионарлық дүмпудің нәтижесінде пайда болғаннан бастап, этникалық гомеостазға өту немесе жоғалуға дейінгі суперэтностың барлық даму сатысынан өту үдерісі Э. үдерісі динамикалық жағдайдағы барлық этностарды қамтиды. Э. араласу салдарынан бір фазаның үзілуі немесе бірінен екіншісіне өту кезінде үзілуі мүмкін.

Этнологиядағы өріс – Л.Н. Гумилев этникалық өріс туралы болжамды өзін құрайтын элементтердің әрекетін үйлестіретін этникалық жүйенің бірлігі құбылысын түсіндіру мақсатында ұсынды. Этностар кей жағдайда ғана бірыңғай ұйымдастырумен, орталықтандырылған басқарумен сәйкеседі, ал бір этникалық жүйе мүшелері үшін қоршаған орта ықпалы мен мінез‑құлық бірлігі үнемі бақыланады.

Этносфера – барлық этноландшафтық этнос пен олардың этноценоз тұтастығының үндесуі. Э. құрылымы мен қуаты этногенездің өткені және қазіргі үдерістерімен байланысты. Э. жер биосфера жүйесі болып табылады.

Этноценоз – жоғары, аяқтаушы топ ретінде этникалық жүйенің өмірге бейімделу геобиоценозы. Адам геобиоценозды құрайтын басқа биологиялық түрмен бірге заттар мен қуаттың (энергияның) циклді ағынына қатысады.

Этнос – белгілі аумақта тарихи қалыптасқан, тілінде, мәдениетінде, психикасында, сана-сезімінде тұрақты ерекшеліктері бар адамдар жиынтығы.

Этногенез – этностың пайда болуымен дамуы, құлдырауы.

Этнография – дүние жүзіндегі халықтардың пайда болу мәселесін, мекен-жайын, тұрмыстық және мәдени ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

Ассимиляция – бір-бірінен пайда болуы мәдениетті және тіпті жөнінен ажыратылатын этностардың этникалық арақатынастар үрдісі. Ассимиляцияның нәтижесінде бір этностың өкілдері екіншісінің тілін және мәдениетін меңгереді және бұрынғы этникалық белгілерінен толық айырылды.

Бұл этностардың, субэтностардың немесе шағын этникалық топтардың басқа этностың ортасына араласып, сіңіп жеке этностықтан айрылуы болып табылады. Ұлыбританиядағы уэльстіктер франциядағы автохтонды бретандықтар және италияндық мигранттар осыларға жатады. Ассимиляцияның табиғи (ерікті) және зорлықты түрлері болады. Бұл әсіресе қалаларда көбірек байқалады. Кейбір зерттеушілер ассимиляцияны консолидацияның құрамды бөлігі деп санайды.

Консолидация (нығайу)- біршама тәуелсіз халықтардың және олардың ірі топтарының әдетте тілі, және мәдениеті бойынша туысқан біріңғай тұтас этникалық ортақтыққа қосылу үрдісі.

Бұқаралық мәдениет – «ағылшынша маскултуре -бұқаралық мәдениет» деген мағынаны береді. XX ғасырдың басында батыс елдерге тән. Бұқаралық мәдениет ұғымында қазіргі өркениеттегі оның бұқаралық бітіміне ауысу. Бұқаралық ақпарат құралдарының жан – жақты дамуы. Бұқаралық мәдениет адам тіршілігіндегі жалғыздық пен көпшілік , руханилық пен пендешілік, сезім мен парасат сияқты түбегейлік парадигмаларды шешуге бағытталған.