Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теориялык этнология умкд.doc
Скачиваний:
109
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
745.98 Кб
Скачать

Теориялық Этнология пәнінен дәрістердің қысқаша тұжырымдары

1 тақырып. Этнология ғылымдар жүйесінде

Дәріс мақсаты:

Студенттерге этнология пәнінің зерттеу пәні мен мақсат-міндеттерін, әдістері мен зерттеу көздерін тереңдеп түсіндіру.

Негізгі түсініктер: этнология, этникалық топтар, этнография, полиэтникалық мемлекет және т.б.

Дәріс жоспары:

1.Этнология пәні және объектісі.

2.Этнология ғылымындағы әдістері мен катеогриялары.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Этнология ғылымы халықтың этногенезі мен этникалық тарихын, этностың шаруашылық - мәдени типін, әлем халықтарының этникалық және этно - мәдени процестерін зерделейді.

Сондай-ақ, қазіргі Қазақстандағы барлық этникалық топтардың этнографиясын зерделеп, зерттейді. Полиэтникалық мемлекет жағдайында этникалық және этнос аралық үрдістерге мониторинг пен сараптама жасау мәселесі өзекті болып табылады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы ұлт-аралық қатынастарды үйлесімді түрде реттеу негізіндегі ұлттардың татулығы мен тұрақтылықтың тәжірибесін зерттеу де өзекті болып табылады.

Этнология(грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ. Тарихи этнография). Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мыс., халықтардың шығу тегін зерттеуде Этнология үнемі археол. деректерге сүйенсе, археология өзінің зерттеу жұмыстарында археол. ескерткіштердің қандай этн. топтарға жататындығын анықтау барысында әр дайым этнол. деректерді кеңінен пайдаланады.Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем-өнері мен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу Этнологияны толықтыра түседі. Халықтардың тілдеріндегі жақындықты зерттеу лингвистика мен Этнология мүдделерін жақындата түседі. Халықтар мен табиғи ортаның әсерін, қоныстану үлгілерін және этн. картографияны зерттеу ісі Этнологияны географиямен және дүние жүзі халықтарының санын есептеуге арналған демография пәнімен байланыстырады. Сондай-ақ халықтардың шығу тегін және алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттеуде антропология ғылымы Этнологиямен ұштасып, этн. антропология саласын қалыптастырды. Этнология жоғарыда көрсетілген ғылым салаларымен тығыз байланыса отырып, ғылым үшін де, күнделікті тәжірибе үшін де аса маңызды көптеген сауалдарды шешеді. Мыс., жеке елдер мен бүкіл дүние жүзі халықтарының этн. құрамын және халықтың шығу тегі мен этн. тарихын, артта қалған халықтарда сақталған көне дәстүрлер қалдықтарының негізінде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық өмір мен мәдениеттің қандай болғандығына ғыл. талдау жасайды. Этнология термині шетелдік тарихнамада кеңінен қолданылғанымен, кеңестік тарихнамада мүлдем пайдаланылмады. Себебі, мұнда Этнологияға бірегейлік сипат берілмей, оны этнография деп атады да, бұл ғылымды тарих ғылымдарының бір саласы ретінде ғана қарастырып келді. КСРО ыдырай бастаған кезде ғана Этнология термині этнографияны ығыстырып шығарды. Сөйтіп, оның халықты танып білудегі рөлі нақтыланды. Этнология атауы этнос терминіне байланысты қалыптасқан. Антик. заманда эллиндіктер “этнос“ терминін грек емес халықтарға қолданған болатын. Э. термині 19 ғ-ға дейін кеңінен қолданыла қойған жоқ. Тек кей жағдайлардағы этногр. үрдістер мен құбылыстарды баяндау кезінде ғана қолданысқа еніп отырды. Антропол. ғылымдардың жалпы классификациясын жасап, оның ішінде Этнология ны бөліп, 1830 ж. алғаш рет көрсеткен француз ғалымы Жан Жак Ампер еді. Осыдан кейін еур. ғыл. жұртшылық осы терминді кеңінен қолдана бастады. Этнология ғылымының дербес пән ретінде ресми түрде қалыптасуы Париж этнологтары қоғамының құрылуынан (1839) басталады. Бұл оқиға пән және оның қоғамдық ғылымдардағы орны туралы қызу ғыл.-теор. пікір-сайыстар туғызды.

Кейбір мәселелерге қатысты сан алуан көзқарастар болғанымен, қазіргі таңда Этнология ның орны, пәні мен зерттеу әдістері, міндеттері, т.б. айқындалған. Алғашқыда Э. дамуы артта қалған, жазуы мен мемлекеттілігі болмаған халықтарды зерттеумен айналысып, бұл үрдіс 20 ғ-дың бас кезіне дейін созылды. Кейіннен түрлі саяси және экон. мүдделерге сай ғылымның ауқымы кеңейіп, бүгінгі күнге дейінгі мәселелер қарастырыла беретін болды. Жаңа тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытта Этнология күрделі де сан салалы тармақтардан тұратын іргелі ғылымға айналды. Оған этн. антропология, этн. социология, этн. психология, экон. Этнология, этнодемография, этн. география, этнопедагогика сынды бірнеше бөлімдер кіреді. ҚазақстандаЭтнологиялық ізденістердің дамуы ілкі замандардан бастау алған. Ерте темір дәуірінен басталған мол Этнологиялық материалдар ғасырлар бойы жинақтала берді.Қазақ ұлты туралы нақтылы этнол. деректерді патшалықРесейтұсындаҚазақстанғакелген орыс шенеуніктері жинастырды. Әсіресе, бұл саладаП.С. Паллас,И.Г. Георги,И.П. Фальк,И.Г. Андреев,А. Левшинсынды зерттеушілердің еңбектері зор. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ Э-сына елеулі үлес қосқандарШ.УәлихановпенЫ.Алтынсарин,М.Бабажановболды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде қазақ ЭтнологиясынаН.Гродеков,Н.Аристов,Ә.Диваев,Г.Н. Потанин,Шәкерім,І.Қостанаев, т.б. елеулі үлес қосты. 20 ғ-дың 20-жылдарының соңындаС.И. Руденкобастаған ғыл. экспед. құрылып, оның құрамындаӘ.Х. Марғұланжұмыс істеді. Бұл экспед. “Қазақтар“ деген атпен бірнеше жинақтар шығарды. 1946 ж.ҚазақстанҒА құрамында Тарих және этнология институты ашылғаннан кейін ел арасынан дерек көздерін жинастыру, ғыл. талдау жүргізу жұмыстары жолға қойылды. Жинақталған мағлұматтар негізінде қазақ халқын этнол. тұрғыда зерттеу тарихы (Е.Масанов), ру-тайпалық құрамы (В.Востров,М. Мұқанов,Х.Арғынбаев), ұлттық киімдері (И.Захарова,Р.Ходжаева), басқа өңірлердегі қазақтардың тұрмысы (У.Шалекенов), неке және отбасы, ұлттық қолөнер (С.Қасиманов), ұлттық тағамдар, т.б. көптеген тақырыптар төңірегінде көлемді зерттеулер жүргізілді. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін республикада этнол. ізденістер тарихи шындық тұрғысынан түзіле бастады. Республиканың түкпір-түкпірлерінде ғыл. ошақтар өркендеп, бірқатар зерттеушілер (Ә.Төлеубаев,С.Әжіғали,Ж.Артықбаев,Ш.Тоқтабаева, т.б.) этнол. мәселелерді жаңа қырынан қарастыруда. Ғалымдар мемл. “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша да тың зерттеулер жүргізіп келеді.

Сұрақтар:

1.Этнология пәні және объектісі.

2.Этнология ғылымындағы әдістері

3. Этнология ғылымының негізгі катеогриялары.

Әдебиеттер:

1.Артықбаев Ж.О. Қазақ тарихы мен этнологиясының мәселелері.1 том.-Павлодар, 2007.-300 б.

2.Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

3.Артықбаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана, 2006

4.Садохин А.П. Этнология. М.2004

5.Таводов Г.Т. Этнология. М.2003

6.Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002

2 тақырып. Этнологиядағы Эволюционизм мектебі

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: Эволюционизм, мәдениеттің бастауы, географиялық орта факторы, адамзат қауымының дамуы тұжырымдары және т.б.

Дәріс жоспары:

1.Эволюционизм теориясы

2. Эволюционизм классиктері

3. Морган және Тайлордың тұжырымдары

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

1.Эволюционизм. Эволюционизм этнологиялық теория ретінде ХІХ ғ. Ортасында қалыптаса бастады. Жаратылыстану саласындағы жетістіктерге орай эволюционизм теориясының негізін салушылар түрлі халықтар мәдениетінің дамуы барысындағы адамзат мәдениетінің даму заңдылықтарын негіздеуді өздерінің негізгі міндеттері ретінде санады.

Эволюционизмнің негізгі идеялары төмендегідей:

  • Адамзаттың шығу тегі ортақ, сондықтан барлық адамдарға адами

қасиеттердің ортақ екендігін ұғындырады;

  • Адамзат қоғамы өз дамуында қарапайымнан күрделіге қарай даму

үдерісін үнемі бастан кешіреді;

  • Мәдениет қоғамның бөлігі ретінде төменнен жоғарыға қарай үзіліссіз,

дамиды және ақырындап өзгерістер мен сандық өсу немесе азаюды бастан кешіреді;

  • Мәдениеттің дамуы көп сатылы әрі әлемдегі барлық мәдениетке тән

ортақ сатыларға, кезеңдерге сай дамиды;

  • Адамзат мәдениетініңәмбебап заңдарына сәйкес түрлі халықтар мен

олардың мәдениеті бірдей даму сатыларынан өтеді және олардың мәдениеті бірдей нәтижелерді береді;

  • Қоғамдық даму тірі табиғатқа тән эволюция заңдарына бағынады.

Оның қайнар көзі тіршілік үшін күрес. Нәтижесінде жаңа ескіні ауыстырады. Осындай күрестің салдарынан мәдениеттің түрлі элементтері сәйкесінше бір-бірімен тығыз байланысады.

Э. Тайлор (1832-1917). Эдуард Тайлор – этнология ғылымында эволюциялық мектептің негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Исследования в области древней истории человечества» (1865); «Первобытная культура» (1871).

Негізгі тұжырымдары:

Мәдениеттің бастауы – Жер планетасында жартылай өркениетті адам нәсілдерінің пайда болуынан: оның дамуы екі түрлі жолмен өтті: 1) артқа – тағылық қоғамға қарай; 2) алға– өркениеті адамдарға қарай.

Тарихи және табиғи катаклизмдердің салдарынан мәдениетте регрессивті өзгерістер болуы мүмкін, алайда адамзат тарихының негізгі бағыты – мәдениеттің эволюциялық прогрессивті дамуы.

Халықтар арасындағы айырмашылық олардың нәсілдік ерекшеліктеріне қарай емес, мәдени дамудың әр түрлілігіне қатысты анықталады.

Адам табиғаттың бөлігі болғандықтан, табиғат заңдарына сәйкес дамиды. Сондықтан адам да адам баласына ортақ қасиеттер де тән. Мәселен, кейбір халықтарда мәдениеттің ұқсаса белгілері басым болып, дамудың да ұқсас қырлары болуы әбден мүмкін.

Тайлор мәдениет құбылыстарын зерттеуде жаратылыстану ғылыми әдістерін қолдануға ұмтылды. Заттар мен мәдениет құбылыстарының жекелеген категорияларын зерттеуді басты назарға алды. Алғашқы қауым халықтарының сенімдерін зерттеп, дінннің қалыптасуының анимистикалық теориясын ұсынды. Тайлордың эволюционистік көзқарастарының түйіні – тарихи процесс пен мәдениеттің прогрессивті дамуының бірлігі тұжырымы.

Г. Спенсер (1820-1903). Герберт Спенсер - этнология ғылымында эволюциялық теорияның өкілі.

Негізгі тұжырымдары:

Қоғам сыртқы факторлардың (географиялық орта, көрші мемлекеттер мен халықтар) ықпалымен дамиды. Г. Спенсер идеялары Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған. 1) Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау; 2) Әлеуметтік эволюция идеясы. Оның пікірінше адамзат қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Ч. Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшіліктер туралы ой – пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керсінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

   Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндеу көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.

   Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.

   Г. Спенсер әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. ұғымдарды енгізді.

Алайда, Г. Спенсердің эволюционистік көзқарасы нәсілдік сипатты иеленді.

А. Бастиан (1826-1905). Адольф Бастиан – неміс этнология ғылымы мен эволюционизмнің негізін салушы.

Негізгі тұжырымдары: адамзат тарихының заңды дамуы жетілмегеннен жетілуге қарай жүретін үдеріс. Адамзат психикасының бірлігі элементарлы идеялардан көрініс береді. Әрбір халықтың өзінің тіршілік-тынысына сай қалыптасқан өмірі болады, алайда өзге халықтармен араласқанда мәдениетті дамытуға күш беретін жаңа идеялар дүниеге келеді. Осылайша адамзат дамуы цикльдік әрі даму циклі жалғасын табуы мүмкін. Халық өзінің географиялық ортасымен тығыз байланысқан сайын, тарихи өзгерістерге аз ұшырайды. Адамзаттың мәдени дамуы қоршаған ортамен белсене қарым-қатынас жасаған кезде жүретін процесс. Адам биологиялық заңдарға бағынады.

Л. Морган (1818-1881). Льюис Генри Морган – американдық ғалым, АҚШ-тағы үндіс тайпаларын зерттеуші.

Негізгі еңбектері: «Древнее общество» (1877)

Негізгі тұжырымдары:

Морганның классификациясы бойынша, адамзат қауымының дамуын үш кезеңге – Т а ғ ы л ы қ (төменгі, орта, жоғарғы сатылары бар, 180 мың жылға созылады) – Ж а б а й ы л ы қ (мұнда да – төменгі орта жоғарғы сатылы,15  мың жыл) – М ә д е н и е т т і л і к (5 мың жыл, бүгінге дейін) – деп бөлінеді.

Адамзат тарихы екі үлкен кезеңге бөлінуі мүмкін: біріншісі - ертедегі – ру, фратрия, тайпаға негізделген әлеуметтік ұйым; екіншісі – кейінгі кезең – территория мен жеке меншікке негізделген саяси ұйым.

Рулық ұйым – азияттық, еуропалық, африкандық, американдық және австрвлиялық ежелгі қоғамдардың әлеуметтік құрылысының әмбебап негізі болып табылады. Соның негізінде қоғам сақталды әрі ұйымдастырылды. Жеке меншіктің дамуына және оны мұрагерлікпен беру тенденциясына орай аналық ру әкелік руға айналды.

Адамзат тарихында отбасы дамуының үш кезеңі бар:

Қандас туыстық отбасы – отбасының алғашқы түрі болып табылады. Туған және ағайындылар арасында некеге тыйым салмайтын, алайда ата-ана мен бала арасындағы некелесуге рұсат етпейтін отбасы.

Пуналуальды отбасы – бірнеше ағайынды қыздардың ортақ күйеулерінің болуы немесе ағайынды жігіттердің ортақ әйелдермен некелесуі.

Жұпты немесе синдиасмикалық отбасы

Патриархальды, полигамды отбасы;

Қазіргі үлгідегі моногамды отбасы.

Морган адамзат тарихында алғашқы әмбебап кезеңдеуді жасауға әрекеттенді:

Жабайылық кезең;

Тағылық кезең;

Өркениет кезеңі.

Алғашқы екі кезең, төменгі, орта, жоғарғы сатыларға бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

    1. Эволюционизм теориясы және оның ерекшелігі

    2. Л.Г.Морганның адамзат қоғамы дамуы туралы тұжырымдары

    3. Г.спенсердің горграфиялық орта түсінігі

    4. Э.Тайлордың мәдениеттің бастауы тұжырымы

Әдебиеттер:

  1. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

  2. Артықбаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана, 2006

  3. Садохин А.П. Этнология. М.2004

  4. Таводов Г.Т. Этнология. М.2003

  5. Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002

3 тақырып. Этнологиядағы диффузионизм мектебі

Дәріс мақсаты: Этнологиядағы диффузионизм мектебінің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: Диффузионизм, Мәдениет тірі ағза, мәдени шеңбер теориясы және т.б.

Дәріс жоспары:

1. Диффузионизм мектебі

2. Диффузионизм классиктері

3. Ф.Ратцель және Ф.Гребнер тұжырымдары

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Диффузионизмнің негізгі идеялары: мәдениет белгілі бір географиялық ортада туылатын және дамитын тірі ағза болып табылады. Мәдениеттің әрбір бөлшегі (элменеті) нақтылы өңірде пайда болады және сол өңірден барлық жер бетіне таралады. Мәдениеттің негізгі факторлары ықпалдасу, мәдени элементтердің араласуы және т.б. Тек ғана материалдық мәдениет емес, рухани құбылыстар да таралады. Әрбір мәдениеттің пайда болатын және таралатын орталығы болады. Этнологияның басты міндеті-мәдениеттің орталықтарын табу, зерттеу.Мәдениетті зерттеу әдістері мәдени шеңберлерді немесе оның таралу аймақтарын, мәдениет элементерін зерттеу болып табылады. Мәдениеттің әрбір элементі бір-ақ рет пайда болады: оның таралу аймағын анықтау арқылы, әрбір элементтің алғашқы пайда болған жерін де айқындауға болады. Көрнекті өкілдері: Фридрих Ратцель (1844-1904) – Мюнхень университетінің этнография профессоры.Негізгі еңбектері: «Антропогеография» (1882); «Халықтану» (1885); «Жер және өмір» (1981)Негізгі тұжырымдары: Халықтардың байланысынан мәдениет дамиды. Нәсілдер раласады, тілдер жоғалады немесе ауысады, халықтардың атауы да өзгереді, тек ғана мәдени заттар ғана өз түрі мен өмір сүрген ортасын жоғалтпайды. Сондықтан этнологияның негізгі мақсаты – мәдени заттардың таралуын зерттеу. Материалдық мәдениет заттары мәдениеттің өзге құбылыстарына қарағанда өз түрі мен өмір сүру ортасын ұзағырақ сақтайды. Адам - этнографиялық заттарды тасмалдаушы. Мәдениетердің араласуының екі әдісі бар: жекелеген заттар емес, тұтас мәдени кешеннің (аккультурация) түгелдей және жылдам ауысуы. Лео Фробениус (1873-1938) - фольклорист, археолог и этнолог, Ратцелдің шәкірті мәдениет морфологиясы тұжырымын жасаушы, «мәдени шеңберлер» теорияс-ының негізін салушы, африка мәдениетінің маманы. Негізгі еңбектері: «Происхождение африканских культур» (1898)7 Негізгі тұжырымдары: Мәдениет тірі ағза болғандықтан, туылу, балалық шақ, есею кезеңі, кәрілік және өлу секілді өмірлік кезеңдерді бастан кешіреді. Мәдениетті адамдар жасамайды, мәдениет өздігінен өсіп – жетіледі. Адам мәдениеттің жемісі немесе нысаны. Мәдениет адамсыз таралмайды. Адам мәдениетті тасымалдаушы ғана. Әрбір мәдениет ерекше өіндік сипатты, өзіндік «мәдени жанын» иеленеді. Ерлер мен әйелдер мәдениеті де өмір сүреді.

Фритц Гребнер (1877-1934)-неміс тілді елдерде фиффузионизм теориясының негізін салушы. «Этнология әдістері» атты еңбегі 1911 жылы жарияланған. Мәдени тарихи байланыстдың немесе мәдениеттің өз бетінше пайда болуын зерттеудің әдістерін жасаған. Мәдени шеңберлер теориясын ғылыми айналымға енгізген (барлық алғашқы қауым тарихын ғаламдық қайта жаңғыртуға әрекет жасаған). Барлық халықтардың мемлекетке дейінгі даму кезеңдерінің мәдени жетістіктері алты мәдени шеңберді біріктіреді. Олардың әрқайсысы 19-20 элементтен тұрады. Қандай шеберде болмасын, мәдени құбылыстар ұқсастығы белгілі бір шеңберге тиесілі және бір географиялық ортадан шығады. Кез-келген мәдени факт тарихта бір рет белгілі бір жерде пайда болады және белгілі бір мәдениетке ғана тиесілі болады. Адамзат тарихында қайталаушылық пен заңдылықтар жоқ. Этникалық үдерістердің қайталануы мүмкін болып көрінгенімен, ал шын мәнісінде барлық құбылыстар дара сипатты иеленеді. Сонымен қатар диффузионизм мектебінің К. Уисслер (1870-1947), У. Риверс (1864-1922) және т.б. көрнекті өкілдері бар.

Бақылау сұрақтары:

      1. Диффузионизм мектебі және оның қкілдері

      2. Мәдени орта және мәдениет тірі ағза теориясы

      3. Мәдени шеңбер теориясы

Әдебиеттер:

  1. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

  2. Артықбаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана, 2006

  3. Садохин А.П. Этнология. М.2004

  4. Таводов Г.Т. Этнология. М.2003

  5. Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002

4 тақырып. Этнологиядағы Функционализм мектебі

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс жоспары:

1. Функционализм мектебі

2. Э. Дюркгеймнің ”Әлеуметтік мектебі“.

3. Р.Турнвальд көзқарасы

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Функционализм мектебі өкілдері адамзат қоғамын жануарлар әлемінің бөлігі ретінде қарастырып, қоғамды тірі ағза секілді дамитындығын, соған сай қоғамды құрайтын элементтердің белгілі бір қызметтерді атқаратындығын тұжырымдаған. Демек, адам қоғамы өзара байланысты әрі бірін-бірі толықтырып отыратын мәдени элементтерден тұрады. Кез-келген әлеуметтік жүйе тұрақты үлгілердің (модель) «құрылымынан» тұрады. Соның негізінде индивидтер өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын жүзеге асырады, жүйенің әлеуметтік ынтымақтастығын қолдауға өзіндік үлес те қосады. Мәдениет индивидтің мұқтаждығына қызмет етеді. Мәдениетте шешуші рөлді салт-дәстүр, жоралғы, моральдық нормалар атқарады. Этнологияның мәіндеті мәдени құбылыстардың атқаратын қызметтерін, олардың әрбір жекелеген мәдениет шеңберіндегі өзара бейімделуі мен өзара байланысын және т.б. зерттеу болып табылады. Көрнекті өкілдері: Б. Малиновский (1884-1942), А. Радклифф-Браун (1881-1955) және т.б.

Әлеуметтанулық мектеп әрбір қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ететін ұжымдық көзқарастар кешенінің өмір сүретіндігін тұжырымдайды. Мәдениеттің қызметі қоғамды ынтымақтастыру үшін, адамдарды жақындастыру үшін өмір сүреді. Бір қоғамнан екінші қоғамға ауысу қиындықпен жүзеге асырылады. Бұл үдеріс ақырындап емес, секірмелі түрде дамиды. Қоғам адамдар арасындағы өнегелі байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесі.Көрнекті өкілдері: Э. Дюркгейм (1858-1917), Л. Леви-Брюль (1857-1939) және т.б. Этнопсихологиялық мектеп мәдениет өкіліне тән айқындалған психологиялық ерекшеліктердің болатындығын дәйектейді. Алғаш рет психолоиялық қорғаныш тетіктері индивидке емес, қоғамға қолданылды. Ұлттық мінез бен ұлттық мәдениет психолоиялық көзқарас тұрғысынан зерттелінді. Ұлттық мінез ұлттың психологиялық ерекшеліктерін айқындайтындығы дәлелденді. Ұлттық сипат мәдениет ішіндегі құндылықтар мен мінез-құлық үлгілерінің тарату мен реттеудің ерекше әдісі ретінде сипатталу мүмкіндігі туралы идеялар айтылды. Көрнекті өкілдері: А. Кардинер (1891-1981), Р. Бенедикт (1887-1948), М.Мид және т.б.

Структурализм мектебі мәдениетті белгі (знак) жүйесі жиынтығы ретінде қарастырады (тіл, ғылым, өнер, сән, дін және т.б.). Көрнекті өкілдері: Э. Эванс-Причард (1902-1973), К. Леви-Стросс және т.б.

Мәдени релятивизм барлық мәдениеттердің даму деңгейлеріне қарамай өмір сүруге құқы бар екендігін, әрбір мәдениет құндылығы салыстырмалы, Еуропа мәдениеті мәдени дамудың бір жолы ғана болып табылады, ал қалған мәдениеттер өзіндік даму жолына қарай бірегей екендігін тұжырымдайды.Өкілдері М.Херскович және т.б.

Г.Клемм, И.Унгер, Т. Вайц. Мәдени-геграфиялық бағыт (Л.Т, Морган, Э.Тайлор и др.). Биологиялық бағыт (А.Бастиан, Т.Ахелис). Әлеуметтік бағыт (О.Конт, Э.Дюркгейм, И. Баховен). Географиялық бағыт (О. Пешель, Р.Андре).

Сұрақтар:

        1. Функционализм мектебі және оның өкілдері

        2. Э.Дюркгейм тұжырымы

        3. Әлеуметтанулық мектеп тұжырымы

Әдебиеттер:

  1. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994

  2. Артықбаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана, 2006

  3. Садохин А.П. Этнология. М.2004

  4. Таводов Г.Т. Этнология. М.2003

  5. Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002

Дәріс № 5

Дәріс тақырыбы: Этнопсихологиялық мектеп.

Дәріс жоспары:

1. Этнопсихологиялық мектептің негізгі қағидалары.

2. З. Фрейдтің антропологиялық зерттеулерге қосқан үлесі.

3. Р. Турнвальд, Руд Бенедикт, Маргарет Мид және т.б. ғылыми еңбектері.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Гобиноның арийлік нәсілдің болашағынан түңілген болжамына қарағанда, оның жақтаушылары – антропосоциологтардың нәсілдік концепциясы прогрестің сергек рухына негізделді. Бұл прогресс адамзат тұқымын табиғи немесе әлеуметтік іріктеу арқылы жақсарту мәселелерін көздейді.

XX ғасырдың басында француз Ваше де Ляпуж және неміс Отто Аммон бұл бағытта үлкен нақты тәжірибелік жұмыс істеді. Аммон Баден қаласында әскерге жаңадан алынған 30 мың адамды, ал Ляпуж 20 мың француздарды тексеріп, зерттеген. Соның нәтижелері бойынша олар мынадай ереже шығарды: адамдардың дарындылығы олардың психикалық қасиетіне, мінез–құлқына және әлеуметтік жағдайына байланысты.

Адам басының мөлшерінің көрсеткіші төмен адам – дарынды, өмірге бейім саналады, осыған байланысты оның әлеуметтік жағдайы да жоғары болады. Брахикефалдар – ежелгі жергілікті халықтың ұрпақтары, негізінен шаруалар. Долихокефалдар – герман жаулап алушыларының ұрпақтары, қалаларда тұрған.

Нәсілшіліктің әрі қарай дамуына неміс антропологы Людвиг Больтман мен неміс болып кеткен ағылшын Хаустон Чемберлен үлес қосты. X. Чемберлен – британдық адмиралдың баласы, неміс композиторы Вагнердің қызына үйленген. Олар нәсілдік теорияны герман фашизмі және нацистік кезкарасқа орайластырып жасады. Жоғары арийлік нәсіддің айрықша белгілеріне олар мыналарды жатқызды: шашының және түсінің ақсарылығы және терісінде акшыл дақтың (пигментация) болуы. Больтман мен Чемберлен барлык еуропалық өркениетті жасаушылар дарынды германдық нәсіл деген көзқарасты растап, қуаттады.

"Германдық нәсіл бүкіл жер шарына өз үстемдігін жүргізуге қабілетті, нақ осы нәсіл табиғат қазыналарына және жұмыс күшін өзіне бағындыруға, енжар нәсілдерді өзінің мәдени дамуына қызмет етуге кірістіруге бейім", – деді Л. Больтман.

Бақылау сұрақтары:

1. Этнопсихологиялық мектептің негізгі тұжырымдары.

2. З. Фрейдтің антропологиялық зерттеулерге қосқан үлесі.

3. Р. Турнвальд, Руд Бенедикт, Маргарет Мид және т.б. ғылыми еңбектері.

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.

Дәріс № 6

Дәріс тақырыбы: Мәдени релятивизм және структурализм

Дәріс жоспары:

  1. Мәдени релятивизмнің негізгі қағидалары.

  2. Структурализмнің негізгі қағидалары.

  3. Леви-Стростың ғылыми еңбектері.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: мәдени релятивизм, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Бұл ағымның ірі өкілі және негізін қалаушы – философ, педагог, әлеуметтанушы Эмиль Дюркгейм (1858–1917) болды. Ол қоғамдық хал–ахуалды, соның ішінде дерексіз, "жалпыадамзаттық" қоғамды емес, нақты адамдардың бірлестіктерін зерттеді. Олардың әрқайсысын дербес, басқаға тәуелсіз бірлік ретінде қарастырды.

Дюркгейм "жеке қоғамдар" үлгілерін жасауда оның негізіне алғашқы орда, ру (клан) тәрізді ең қарапайым қоғамды алды.

Клан (рулардың) – өртүрлі байланыстардан құралған бірлестіктерге ол мыналарды жатқызды:

– тайпа;

– курия;

– фратрия; ?

– қала;

– империя.

Алайда Дюркгейм анықтаған қоғам – жекелердің жиынтығы емес, жүйе (система) болып табылады. Бұл – өзінің үрдістері және құбылыстары индивидтің (жекенің) сыртында және оған қарсы ықтиярсыз күші бар жүйе. (Сондықтан: тарихта жеке адамның рөлін жоқка шығару; дүниежүзілік тарихи үрдістің заңдылығы). Англияда олеуметтану мектебінің идеялық жалғасы және оның принциптерінің логикалық дамуы ретінде функционализм ілімі пайда болды. Оның негізін қалаған поляк Бронислав Малиновский (1884–1942) болды. Оның Тынық мүхиттың батыс бөлігінің аргонавтары, тағы қоғамдағы қылмыс және әдет–ғұрып, мәдениеттің ғылыми теориясы туралы бірнеше кітаптары жарыққа шықты.

Антропологияның барлық тарауларын – физикалық антропологияны, археологияны, этнологияны, далалық этнографияны зерттейтін ең басты пән – мәдениет.

Б. Малиновскийдің ғылыми дүниетанымыңда мәдениет ұғымы басты орын алады. Ол мәдениетті өзінше бір биологиялық құбылыс деп түсінді.

Б. Малиновскийдің ұғымынша, мәдениет биологиялық негізде құрылған: адам – тірі хайуан, сондықтан ол үшін ең басты мәселе – қарапайым биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру: тамақ (азық–түлік) табу, үй–жай салу, киім–кешек дайындау. Сөйтіп, адам өзіне жаңа қосымша туынды орта жасайды. Бұл орта – мәденнет. Бірақ оны үздіксіз қолдап және жаңартып отыру керек; осылайша "өмірдің мәдениеттік үлгісі" жасалады.

Яғни оның зерттеп, дайындаған әдісінің басты мәні – әр халықтың күнделікті тұрмысы мен мәдениетін бір–бірімен байланысқан бөліктердің жүйесі ретінде қарау. Ол жүйенің әр бөлігі белгілі бір рөл, функция атқарады.

"Негізгі қажеттіліктен" басқа, мәдени ортаның өзі туғызатын "туынды қажеттіліктер" бар. Негізгі және туынды қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдарының жиынтығы "мәдениет" болып саналады.

Мәдениет ұғымыя қарастыра келе, Б. Малиновский ондағы болып жатқан өзгерістерді, эволюцияны, жаңадан пайда болған қырларың жоққа шығармайды және ішінара басқа этнографиялық концепцияларды сынайды.

Мәселен, Тэйлордың "ескілік қалдықтары" деген кезқарасын алайық. Зерттеу құбылыстарының нақты, өміршең функциясын түсіңудің орнына, ғалымдар барлық жерден "ескілік қалдықтарын іздейді.

Шындығында, мәдениетте ешқандай "ескілік қалдықтары" жоқ, бұрынғының орнын жаңа функцияға ие болған құбылыстар басады. Мысалы, көшедегі ат жеккен арба – ескінің қалдығы емес, ат арбамен жүруге деген романтикалық қызығушылықты қанағаттандыру. Ескі маркалы автомобиль де – ескіліктің қалдығы емес, таза экономикалық құбылыс, өйткені иесінің жаңа автомобиль алуға қаражаты жетпейді.

Диффузионистердің қателігі мынада: олар мәдениетті тірі органикалық тұтастық, олі заттардың жиынтығы деп біледі. Б. Малиновскийдің айтуынша, барлық ағымдардың басты кемшілігі – адамдардың күнделікті өміріне жеткілікті назар аудармай, тек қана экзотикаға, жат, сирек кездесетін құбылыстарға еліктеу болып табылады. Мәдениеттің биологиялық негізін, ең алдымен "қажеттілік" ұғымының мазмұнын қарастыра келіп, Б. Малиновский төмендегідей кесте құрастырады. Бұл кесте бойынша, мәдениет элементарлық органикалық импульстердің сәйкес актімен қанағаттандырылу функциясынан құралды.

Әдеттегі жағдайға қайта келу Б. Малиновскийдің ғылыми көзқарасына сыни тұрғыдан тоқталсақ, мұнда ешқандай ерекше теорияның жоқ екенін көреміз. Әрбір қоғамдық құбылыс, өрбір мәдениет құбынысы белгілі бір нақты қажеттілікке жауап беретіні баршаға мөлім. Қажеттіліктерді қанағатгандырудың әр түрлі төсілдері әр халық мәдениетінш әр түрлі формалары мен типтерін айқындайды. Бірақ Б. Малиновскийдің теориясында дөл осы айырмашылыққа – әр түрлілікке назар аударылмағанын атап айтқан жөн.

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.

Дәріс № 7

Дәріс тақырыбы: Этнос теориясы

Дәріс жоспары:

1. Этнос туралы түсінік.

2. Этноәлеуметтік ұжымдар теориясы.

3. Этникалық идентификация мәселесі.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

1940 жылдың аяғында этнология ғылымының дамуында эволюционизм қалыптасты. Эволюционизмдағы ренессансқа әсер еткен 1920 жылдардан бастап, әлемнің түкпір – түкпірінен жиналған археологиялық олжалар мен эмпирикалық фактілер болатын. Жиналған материалдар негізінде жаңа бағыт пайда болды. Оның өкілдері классикалық эволюционизмнің оңайлатылған турашылдығын басып озуға тырысты. Енді мәдениеттің бірсызықты дамуының орнына жаңарған эволюционизм өкілдері эволюционың бірнеше концепциясые жасап шығарды: жалпы және жеке даму теориясы, микро және макро процесстер теориясы, мәдени доминанат заңы, потенциал дамуының заңы және т.б. Олар өз зерттеулерінде адамзат қоғамының тарихы көп сызықты дамушы тұйық жүйелердің қосындысы ретінде қарады, ал көп сызықтылық адамның әртүрлі экологиялық ортаға бейімделуінің қорытындысы.

1950 – 1960 жж. неоэволюционизм американдық этнологияда ең негізгі теориялық бағыт болды. Оның көрнекті өкілдерінің қатарында Р.Карнейро, М.Фрайд, М.Салинс және т.б. Аталған ғалымдар неоэволюционизмнің негізін қалаушылар Л.Уайт пен Дж. Стюардтың идеялары дамыта түсті.

Лесли Уайт көзқарасы бойынша эволюция – шындықтың негізгі үш формасының дамуының біртұтас процесі және бұл процесте бір форма екіншісінен хронологиялық ретпен өсіп дамиды. Әр форма өз кезегінде мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қосылуынан пайда болады. Уайт бойынша мәдениет – тәуелсіз жүйе, оның функциясы мен мақсаты – адам үшін өмірді қауіпсіз және қолайлы ету. Мәдениеттің өзінің өмірі бар, ол өзіндік қағидалармен және заңдармен басқарылады. Ғасырлар бойы мәдениет индивид туған сәттен оны айнала қоршап, оның бойына сезім, қарым – қатынас, іс - әрекеттер моделін, сенімді қалыптастырып, адамға айналдырады.

Уайт көзқарасында ерекше орынды символдар теориясы алады, соған сәйкес кез – келген мәдениетте негізгі орынды символдар алады. Уайт бойынша символикалық іс – әрекет мәдениеттің ең негізгі белгілерінің бірі, себебі символдарды пайдалану қабілеті адамның ең негізгі ерекшелігі. Уайт символды сөздермен қалыптасқан идея ретінде қарады, ол адамзат тәжірибесінің таралуына және арықарай дамуына мүмкіндік береді. Адамзат тәжірибесі адамзат мәдениетінде адамның қарапайым жануардан «адами жануарға» айналдырады.

Этникос пен ЭӘҰ–ның кеңістік арақатысы, байланысы таптық қоғамда әрқашан бірдей болмайды. Олардың сипатына байланысты ЭӘҰ–ның негізгі үш түрін атап көрсеткен жөн:

1. Этникос пен ЭӘҮ–ның үйлесуі. Олардың жалпы аумағының сыртыңда бұл этникос қоғамдық–экономикалық тәуелсіздігі жоқ шағын топтар түріңде өмір сүреді, мысалы, дат этникосы және Дания, словактар, көп этникалы ежелгі Мысыр.

2. Бір эгаикостан бірнеше ЭӘҮ бөлінетін жағдайлар да кездеседі: ГДР және ФРГ. Әйтсе де тарихи жағдайдың өзгеруіне байланысты қайта тұтас бір ЭӘҮ құрылуы мүмкін, мәселен, қайта құрылған тұтас Германия, Вьетаам және басқалар. Сол сияқты ежелгі Грециада біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдың ортасында, эллиңдік этаикалық орталыққа жататын бірнеше полистер – ЭӘҮ өмір сүрді.

3. Бір мемлекет аумағында бір мезгілде бірнеше тұтас және салыстырмалы түрде тәуелсіз этникостар болады. Құрылып жатқан ЭӘҮ–лардың толық аяқталмаған құрылымдары болады, өйткені олардың өздерінің меншікті саяси қондырмасы жоқ.

Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде украиндықтар, литвандар, грузиндер, армяндар осындай жағдайды басынан кешірді. Иран Ахеменидтер кезеңінен бері (біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасыр) көп этникалы болды, мұнда 16 млн. парсылар, 6 млн. азербайжаңдар, 3 млн. курдтер, 2 млн. гиляндар, 1 млн. мазендерандар және 1 миллиоынан төмен көптеген халықтар өмір сүреді.

Мұндай ортақтылықты этникалық және әлеуметтік түрде топтастырып бөлуте немесе осы екеуінің қосындысы ретінде топтастыруға болатын сияқты. Алайда бұл тіпті қосынды емес, айырылмас бірлік – ЭӘҮ.

"Ұлт" (националъность) сөзінің этникалық семантикасы белгілі бір этникалық бірліктің қатарында болу маңызын кірістіреді. Сол сияқты оны "азаматгы", "бір еддің азаматы болу" түріңде де қолданады.

Кейде "ұлттық" ("национальный") сын есімі "мемлекеттік" мағынасында қолданылады, мысалы: "ұлтгық" ("национальный") кіріс; "ұлттық" ("национаддық") қарулы күштер.

Этникос шындығында да әлеуметтік құрылымдардан тыс өмір сүрмейді.

Әлеумеггік құрылымдардың рөлін әр түрлі ортақтықтар атқара алады. Этникос ЭӘҮ–ны құрғанда мұндай рөлде мемлекет алға шығады. (Цыгандар – ЭӘҮ–сыз халық).

Ұлттардікі сияқты ЭӘҮ–ның тағы бір маңызды белгісі – ономикалық ортақтық болып саналады. Ол:

– шаруашылық өмірдің ортақтығы;

– экономикалық байланыстардың ортақтығы;

– өңдіріс экономикасының бірлігі.

Күл белгі ЭӘҮ–на ғана тән емес, сонымен қатар саяси бөлшектелген аумақтарға да қатысты екенін, яғни этногеографиялық белгі екенін атап керсеткен жөн.

ЭӘҮ басқа кез келген этникалық құрылымдар сияқты, белгілі демографиялық құрылымға ие:

– жынысы және жасына қарай бөлу;

– ұрпақтардың ауысуы;

– халықтың табиғи өсуі және азаюы;

– этнос адамдарының жалпы саны.

Осы көрсеткіштердің барлығы өлем халқы этно демографиялық құрылымының этнобірлігін құрайды.

Тарихтың бастапқы кезеңінде адамдардың түсінігі бойынша барлық адамзат екіге бөлінді: Біз – біздің тайпа және Олар – қалған барлық әлем ("адамдар" және "адам еместер"), бірақ өздерін ешқандай атпен атамайды.

Жаңа Гвинеяның папуастарында тайпалардың аттары болмаған. Бөрі де аттарды еуропалықтардан алды. Еуропалықтар барлық тайпалардың аттары болуға тиіс екенін білді, бірақ папуастықтар ондай қажеттілікті сезбеді. Тек көрші тайпаларды айыру үшін оларға ат беру керек болды. "Кісілер" – этностардың кеңірек тараған атаулары. Осы мағынада бірнеше халықтың атаулары "кісілер" деген мағынаны біл–діреді. Мысалы: "умуртгар" Шығыс Европада, "эскимостар" Солтүстік Америкада, "нивхтар" Амурда, "карендер" Тропикалық Бирмада.

Жұртгы сендіру үшін кейде ездерін "нағыз адамдар" – "неняй ненэць" (Қиыр Солтүстікте) деп атайды.

Біз – " кісілерміз", демек, мен – "адаммын". Осыған орай бұл сөз де жиі–жиі этнонимға айналады. Кейбір түрік тайпаларды – болғар, татар, хазар, аварды алайық, мұндағы "ар" адам дегенді білдіреді. "Кісі" термині бұл жерде "еркек" ұғымына сәйкес.

Осы түсінікке байланысты "өзіміз" сөзі көптеген тайпалар мен халықтардың атауларына негіз болды. Мәселен, славяндардың ант тайпасының атауын алайық. "Ант" сөзі "дос, жолдас" дегенді бшдіреді, оларды осылай аварлар атаған. Аланлар – осетиндердің достары.

Сол сияқты, "тегум" (Индонезия), "нганасан" (Таймырда өмір сҮретін тайпалар) атаулары да дос ұғымын мегзейді. Ал "таннытин" атауы "бөтендер, жаулар" дегенді білдіреді, XVIII ғасырдан вастап чукчілер мен коряктар да бір–бірін осылай атаған.

Ел аты бойынша (македондықтар); сыртқы түр–тұлғасына байланысты (бритер – бояуланғандар); папуастар – бүйрабастар (Индонезия); эфиоптар – күнге күйгендер, киіміне қарай (қарақалпақ), дәстүрлі кәсібіне (коряк – бұғы өсіруші, бхил – садақшы (Индия), тахтаджи – тақтайшы, агаш кесуші (Түркия) орай аталатын тайпалар да бар. Этностың объективтік қасиеттеріне аумақтарының ортақтығы жатқызылуы да мүмкін. Алайда, көптеген тарихи мысалдарға қарағанда, аумақтық тұтастық этностың пайда болуы ретінде ғана қажет, ал оның өмір сүруі үшін міндетті фактор емес. Бұл орайда ТМД елдерінде, Сирияда, АҚШ–та тұратын армяндарды, ТМД елдерінде, Қазақстаңда, Канадада, Чехияда тұратын украиндықтарды мысалға алуға болады.

Бір мемлекеттің аймағында тұратын, бір этнонимге жататын адамдар жиынтығын белгілеу үшін едебиетте, әдетте, "ұлт" (нация) термині қолданылады. Алыс, шектес емес аймақтарда тұратын, бір этнонимге жататын адамдарды белгілеу үшін, әдетте, "ұлт" (национальность) термині қолданылады. Алғашқы қоғамда мұндай рөлді "руластық" сөзі атқарған. Күнделікті тұрмыста адамның немесе адамдар тобының этникалық тегін ажыратқанда, басты көрсеткіш ретінде олардың сыртқы антропологиялық (нөсілдік) белгілеріне назар аударылады.

Этнографтардың көпшілігі – елем халықтарының көпшілігі салыстырмалы біртекті нәсілдік құрылымда болады десе, антропологтар, керісінше, жеке этникалық топтың физикалық типтері (түрлері)әдетте, әр текті (ұқсас емес) келеді деп тұжырым жасайды.

Алайда өлем халқының 30 пайызы аралас және аралық нәсілдерге жатады. Сондықтан рулық бірлік кез келген этникалық ортақтықтың міндетті белгісі деген, өрине, теріс пікір. Мысалға,) латиноамерикандық халықтарды алуға болады.

Әйтсе де, европеоид нәсіліне 85 % индоевропалық және 95 оралдық этностар жатады. Монголоидтық нәсілдің 100 %–ға жуығын қытайлық, тибеттік халықтар құрайды.

Жоғарыда айтылғаңдай, нәсілдік белгі этаикалық сипат ретінде, әдетте, этностың бір бөлігі басқа нәсідшк ортаға ауысын кеткен жағдайда пайда болады. Мысалы: Забайкальедегі буряттардың арасындағы орыстар, Ошүстік Африкадағы зүлүстар арасындағы ағылшындар. Адамдардың этникалық тегін анықтауға материалдық және рухани мәдениет қырлары: дәстүрлі пәтер – үйлердің ерекшелігі, азық-түлік түрлері, оны даярлау және қолдану төсілдері, отбасылық тұрмыс, неке әдет–ғұрыптары және дәстүрлер, күнделікті мінез-құлық, жүріс–тұрыс ерекшелігі ерекше рел атқарады.

Мәдениеттің барлық сансыз компоненттері жеке халықтардың өзіндік ерекше белгісін және ұрпақтан ұрпаққа берілетін этникалық мәдениетті құрайды.

Бірақ мәдениет компоненттерінің бірде–біреуі: тіл, дін, мінез-құлық,––– этнодифференциялау – этносты элементтерге бөлу белгісі бола алмайды. Бұл этностық мәдениеттің жеке компоненті емес, белгілі мәдениеттік тұтастық екеңдігінің тағы бір дәлелі. Этнос басқа тұқрақты ортақтықтардың (тілдік, діндік) дөл осынысымен ерекшеленеді.

Алайда этностардың тұтастығы жайлы айта отырып, мынаған айрықша назар аударған жөн: олар генетикалық тұрғыда динамикалық, тарихи қалыптасқан жүйелер болып саналады. Бірде–бір этнос өзгермейтін, мәңгілік құбылыс емес. Бірақ бұл құбылмалық (өзгергіштік) оның айрықша қырларының бірі – тұрақтылығына ешқандай нұқсан келтірмейді.

Қазіргі орыс тілінде этнос терминіне белгілі бір мағынада "нация" емес, "национальность" ("ұлт") сөзі сәйкес келеді. Яғни национальность (ұлт) – бір ұлт қатарындағы адамдардың (олардың аумақтық орналасуына қарамастан) жиынтығы. "Национальность" сөзі көп мағыналы болғандықтан және, ең бастысы, бұл сөз сатылы тұрғыңа шектеулетіндіктен, Бромлей "этнос" сөзінің тар мағынасын пайдалануды, оны терминологиялық тұрғыда жекешелеуді, яғни оған "этникос" (гректің "этнос" сөзінен туындаған сын есім) атауын қолдануды ұсынған. Әрбір ересек адам, қайда өмір сүрсе де, қалайда бір "этникосқа", немесе оның негізгі өзегіне, немесе "шеттегі" бөліііне жатады.

Этникостардың – ұлттардың жер шарындағы әр мемлекеггерге таралып, орналасуына көз жіберейік: албандықтардың 66 % – отанында, 30 % – Югославияда, күрдтердің 33 % – Түркияда, 22 % – Иракта, пуштундардың 52 % – Пәкістанда, 47 % – Ауғанстанда, тәжіктердің 62 % – Ауғанстанда, 38 % – Тежікстаңда, норвегтердің 13 % – АҚШ–та, 4 % – Канадада, литвалықтардың 11 % – АҚШ–та, ағылшындардың 4 % – АҚШ–та, 3 % – Оңтүстік Африка Республикасында, словактардың 8 % – АҚШ –та тұрады.

Осылай пайда болатын құрылымдар салыстырмалы түрде тәуелсіз саналады және бұл тәуелсіздік олардың тұқрақтылыққа ие болуына ұдайы өсіп отыруына қолайлы жағдай жасайды. Бұл құрылымдар этңостың өмір сүруінің маңызды формасы болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этнос туралы түсінік

  2. Этностың негізгі факторлары

  3. Этноним түсінігі

Әдебиеттер:

1. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

Дәріс № 8

Дәріс тақырыбы: Қазақстанда этнология мектебінің қалыптасуы және дамуы.

Жоспар:

1. XIX-XX ғасыр басындағы қазақ этнографтары

2. Әлкей Марғұлан, Халел Арғынбаев т.б. қазақ этнографтарының еңбектері

3. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі этнология ғылымы.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Этникалық бітімі мен өзіндік этномәдени болмыс, этникалық шығу тарихы мен олардың Орта Азия мен Қазақстан аумақтарында қоныстануы ХҮІІІ ғ. мен Қазақстан тарихының төңкеріске дейінгі алғашқы жылдарындағы этнографиялық және тарихи зерттеулер болып табылатын Ресей тарихнамасында бірен-саран сипатталды. Бұл кезеңдегі зерттеулер Ресейден Қазақстанға жіберілген бірқатар ғылыми экспедициялардың жүргізілуі нәтижесінде жүзеге асқан.

1768-1774 жж. Ресей Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедиция қазақтардың тұрмысы мен шаруашылығын зерттеуге бағытталды. Осы экспедиция басшысы П.С.Паллас және экспедиция мүшелерінің бірі этнограф И.Г.Георги еңбектері қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік құрылымы мен шаруашылығы, отбасылық және туыстық қатынастар мәселелеріне түсінік берді. Бұл еңбектерде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы қожалар мен сұлтандар тарихына аздап тоқталып, олардың «ақсүйектер» тобына жататынын атап өткен.

ХІХ ғ. басындағы қазақ тарихы үшін маңызды тарихи-этнографиялық тұрғыда жазылған еңбектердің бірі А.И.Левшиннің1 зерттеуі болды. Бұл еңбекте қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық және географиялық жағдайы мен этнографиялық мәліметтері, халықтың жанұялық-некелік қатынастары, бала тәрбиесі және өлікті жерлеуге байланысты жосын-жоралғылар, ас беру салттарындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер т.б. толығырақ қамтылып жазылды. Ал, қожаларға қатысты, олардың шығу тарихы, қожалар қыздарын басқа қазақ руларына бермейтіндігі және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бойынша қазақ қоғамының әлеуметтік статусындағы қожалардың орны сипатталды.

ХІХ ғ. соңында да қазақ қоғамының шаруашылық, әлеуметтік және әдеттік құқықтарын жинау мен отбасы және неке тарихына байланысты зерттеулер орын алды. Олардың қатарын Н.И.Гродеков, А.Н.Харузин, Ш. Ибрагимов, Г.Загряжский, И.Сотников, П.Е.Маковецкий еңбектері құрайды. Бұл еңбектерде этникалық тарихы, жанұялық-некелік қатынастарына байланысты сипаттаулар бар. Мәселен, қазақтар үшін жат, ал қожаларға тән үш ата арасындағы некелесу П.Е.Маковецкий еңбегінде2 көрініс алды. Ал, Н.И.Гродеков3 еңбегінен қожаларға қатысты, олардың ел арасында балаларды сүндетке отырғызу ғұрпын орындайтындығы мен некелік қатынастарына байланысты және рулық таңбасына қатысты қосымша мәліметті ала аламыз.

Г.Загряжский4 қазақтар арасындағы «ақсүйектер» тобын сұлтандар мен қожалар құрады, мұндағы қожалардың шығу тегі Мұхаммедтің алғашқы ізбасарлары исхабтардан тарағандар және олардың қырғыз (қазақ-И.З.) қожалары арасындағы этникалық тарихын екіге бөлген болса, А.Н.Харузин5 Бөкей Ордасындағы қожалардың әлеуметтік орнын, олардың жанұяларының санын, рулық таңбалары мен ұранына қатысты мәліметтерді атаған.

И.Сотниковтың6 көлемді мақаласында, қожалардың халық арасындағы діни беделі, олардың діни ғұрыптық қызмттерді орындаудағы, соның ішінде қазақтар арасындағы неке қию діни ғұрпында міндетті түрде қожалардың қатыстырылатындығы сипатындағы мәліметтерден хабардар боламыз.

Ш.Ибрагимов7 зерттеуінде молдалардың және қожалардың қазақ даласында неке қию, сүндетке отырғызу мен мәйітті жөнелтудегі жаназа шығару сияқты діни ғұрыптарды орындайтындығы көрсетілді.

И.И.Ибрагимов, Н.С.Лыкошин еңбектерінде отбасылық некелік қатынастарға, бала тәрбиесіне байланысты жазылған мәліметтер баршылық. Филология ғылымдарының докторы (1945), Қазақ КСР ҒА академигі (1958), профессор (1960), республикада археологиялық мектептің негізін салушы, этнография, шығыстану, тарих, әдебиеттану, өнертану салаларына мол еңбек сіңірген көрнекті ғалым Әлкей Марғүлан қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Ол бастапқы білімді ауын мектебінен алады. 1915 жылдан бастап 3 жылдық орыс мектебінде оқиды. 1920 жылы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіреді де, туған аулында мұғалім болады. Семей техникумында оқып жүрген жылдарында "Таң" журналы мен "Қазақ тілі" газетінде қызмет істейді. Осы жерде ол М. Әуезовпен танысып, соның кеңесімен 1925 жыны Ленинградтағы Шығыстану институтының әдебиет факультетіне түседі. Сонымен қоса, Ленинград университетінде және Өнер тарихы институтында дәріс тындайды. Осы жылдары Ә. Марғүлан қазақ халқының тарихына қатысты әдеби, архивтік материалдар жинаумен айналысады. Бірқатар орыс және шетел жазушыларының шығармалары қазақ оқырмандарына Ә. Марғүлан аудармасы арқылы жетті, 1926–1927 жылдары одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйымдастырған Қазақстан, Алтай экспедицияларына қатысады.

Ә. Марғүлан 1930–1938 жылдары Қаз КСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы жаңа алфавитті қабылдау жөніндегі комитеттің ғылыми жетекшісі, КСРО Ғылым академиясының аспиранты болды. 1938 жылы ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің шақыруымен Москвадағы Қазақ филиалына қызметке ауыстырылады.

1943 жылы қыпшақ жазба ескерткіштері жөнінде докторлық диссертация қорғайды. 1941–1946 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясы тарих бөлімінің, 1946–1951 жылдары – археология, палеолит бөлімінің, 1958–1976 жылдары – Ш. Уәлиханов атындағы ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институты этнография бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1945 жылы қазақ халқының мәдениеті, тарихы саласындағы зерттеулерінің нәтижесінде "Қазақ халқының эпикалық аңыздары" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ауызша эпикалық шығармашылық жанры, қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің тарихы ғүлама ғалым зерттеулерінде жан–жақты талданды. Соның арқасында халықтық эпикалық шығармалардың тарихи–әлеуметтік тамырлары ашылып, шыққан уақыггары негізделді. Мұнымен қатар, ол ежелгі сәулеттік ескерткіштерді де зерттеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ этнографиясының қалыптасуы

  2. ХІХ ғ. Қазақ этнографиясының қалыптасуы

  3. ХХ ғ. Басындағы қазақ этнографиясы өкілдері

  4. ХХ ғ. Екінші жартысындағы ұазаұ этнографиясы туындылары

Әдебиеттер:

  1. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1987.

  2. Джанибеков У. Культура казахского ремесла. Алматы, 1982, Жолайрықта. Алматы, 1995; Эхо ... По следам легенды о золотой домбре. Алматы, 1991.

  3. Аджигалиев С.И. Генезис мемориально культовой архитектуры кочевников Арало Каспия ІІ тыс.н.э. Алматы, 2005;

  4. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ-начало ХХ в.) Алматы, 1991;

  5. Тохтабаева Ш.Ж. Казахское народное прикладное искусство //История исследовании культуры Казахстана. Алматы, 1997;

  6. Шаханова Н.Ж. Мир традиционной культуры казахов (Этнографические очерки). Алматы, 1998.

  7. Бекназаров Р.А. Традиционное камнерезное искусство казахов. Алматы, 1998; Райымханова К.Н. Монғолиядағы қазақтардың қолөнері. Алматы, 1999. Ерғазиева Қ. ХҮІІ-ХІХ ғғ. қазақтың дәстүрлі ыдыс аяқтары. Алматы, 1995.

  8. Шоқпарұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы, 2007.

  9. Кәмалашұлы Б. Қазақтың байырғы баспаналары, үй жиһаздары ... ыдыс аяқ, ас тағамдарына қатысты салт дәстүрлері. Алматы, 2006.

  10. Алимбай Н., Арғынбаев Х.А., Муканов М.С. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Алматы, 1999.; Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Т.6. Алматы, 2004; Сапаралы Б. Адалбақан тарихи этнографиялық танымдық шолу. Алматы, 1991.

Дәріс № 9

Дәріс тақырыбы: Л.Н.Гумилевтің этногенез теориясы

Жоспар:

          1. Л.Н.Гумилевтің ғылыми қызметі

          2. Гумилев және этнология ғылымы

          3. Гумилевтің этногенез теориясы

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Л.Н.Гумилев – этнография, тарих, география, археология, психология, герменевтика сияқты бірнеше білім саласының тоғысынан туған этнология ғылымындағы жаңа бағыттың негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, есімі тарихшы ғалымдар ортасында ғана танымал емес, білмекке құмар оқырман мен көзі қарақты жұртшылық арасында да беделі биік. Оның ата-анасы Н.С. Гумилев пен А. Ахматовалардың тауқыметті тағдыры туралы да білеміз.

Ызғарлы тағдыр ызбары, олардың жалғыз ұлдарын да жанай өтпеді, әке-шеше «кінәсі» баласын да күйдірді, «күйеледі».

Қайта-қайта қамау, бітпейтін тергеу-тексерулер, он төрт жыл түрме тұтқыны болу, Сталин лагеріндегі сарсаң күй кешу, ғылыми жұмыстағы бөгет-бөгесіндер, тұрмыстық қолайсыздықтар – бәрі-бәрі ғалымды қалжыратып, денсаулығын діңкелетті, бірақ оның жігерін жасыта алмады, биік рухын аласарта алмады. Жаппай қуғындаудың ауыр жылдарында және одан кейінгі тоқырау тоңында да оның еңбегі оқырманға жетпеді. Жарық дүниеге шыға қалған еңбек болса, ғылым «шамшырақтары» мен партияның «ғылыми сараптамасынан» өтіп, цензура безбеніне салынды. Осындай өткелектерден өтіп, өзіне жол ашқан еңбектер бірден библиографиялық сирек санаттағы дүниелерге айналып жатты. Оған себеп: бұрыннан белгілі деректер мен құбылысқа жаңа қырынан келу; кітаптың таралым саны шектеулі болуы; және ғылыми еңбектің тіл көркемдігі.

Этникалық тақырыпқа әртүрлі тарихи кезеңдерде үлес қосқан шетелдік және отандық ғалымдардың ішінде үлкен ғылыми мұра қалдырған Лев Николаевич Гумилев.

Л.Н. Гумилев «халықтану» деп аталатын арнаулы курс бойынша 20 жыл бойы лекция оқыған. Ол лекция оқыған 20 жыл аясында бірнеше толқын студенттердің зердесін қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге өзі де шыңдала жүріп, бүкіл әлем мойындаған орыс этнологиясының іргетасын қалаушылардың маңдай алдында болды. Дәлірек айтсақ, таза гумилевтік этнология мектебін дүниеге келтірді. Яғни, этностың шаруашылық және саяси жүйелерінің арасындағы өзгерістердің өзара байланысына, сол байланыстардың нәтижесінде болатын жаңғыруларға, сондай-ақ этностың кіндік жұрты болып табылатын ландшафт эволюциясына табанды түрде ден қояды. Бұл ретте, ол Ұлы Дала көшпенділерінің шаруашылығының, этнотарихының және экожүйесінің арасында өзара біте қайнасқан байланыстың барына алдымен назар аударады.

Лев Николаевичтің этнологиялық ізденісі мұнымен шектелмейді. Шығыс Еуропа тарихын қайта зерделеуге мұрындық боларлық «Хазарияның ашылуы» («Открытие Хазарии») атты тамаша кітабын 1966 жылы жарыққа шығарды. Лев Николаевичтің бұл еңбегі этнос, табиғат, қоғамның әлеуметтік өмірі және космос арасындағы байланыстардың нәтижесін одан әрі тереңдете зерделеуге дес береді. Мұның өзі, түптеп келгенде этногенездің тұғыры болып табылатын пассионарлық идеясының дүниеге келуіне себепші болады.

Этногенез бен биосфера арасындағы біте қайнасқан заңдылықтарды одан әрі орнықтыра дәлелдеу үшін Лев Николаевич енді табиғи қоршаған ортаның этнос тағдырына әсер-ықпалын ашып көрсетуге бел буады. Жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өзінің этнологиялық тұжырымдарына тұғыр етуге бекінеді. Сөйтіп, 1974 жылы география бойынша «Этногенез және Жердің биосферасы» деген тақырыпта екінші докторлық диссертациясын қорғайды.

Лев Николаевичтің ғылыми ізденістерінің шыңы болып табылатын «Этногенез және Жердің биосферасы» («Этногенез и биосфера Земли») атты еңбегінде халықтардың қалай жаралып, қалай сейілетініне, сондай-ақ оған табиғат пен космостың аса тегеурінді әсер-ықпалына бүкіл-әлемдік ауқымда тарихи шолу жасайды. Тарихи шолуын айғақ-дәлел ретінде көлденең тарта отырып, этнология туралы бұрынғы көзқарастардан түбегейлі айырмашылығы бар ой-тұжырымдар жасайды.

Әдебиеттер:

  1. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. -М., 1989. -С.44.

  2. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. -Л., 1989. -С. 106.

  3. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. -Л., 1990. -С.246.

  4. Гумилев Л.Н. «Тысячелетие вокруг Каспия». -М., 1993. -С. 86.

  5. Гумилев Л.Н. Поиски вымышленного царства. -С. 279.

  6. Гумилев Л. Н. Қиял патшалығын іздеу: «Пірәдар Иоанның Мемлекеті» туралы аңыз /Ауд. Ә. Жүзбаева, П. Бейсенов. - Алматы: Балауса, 1991.

  7. Гумилев Л.Н. Хунны в Азии и Европе. ИД «Кочевниии». -Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

  1. Гумилевтің өмірі мен шығармашылығы

  2. Гумилевтің этнология ғылымындағы орны

  3. Гумилев бойынша этногенез түсінігі

Дәріс № 10

Дәріс тақырыбы: Л.Н.Гумилевтің пассионарлық теориясы

Дәріс жоспары:

  1. Этностың кезеңдері

  2. Пассионарлық дүмпу

  3. Этногенездің пассионарлық теориясы

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

1960 жылдардың аяғында Кеңес Одағында Ю.В.Бромлейдің концепциясына балама ретінде Л.Н.Гумилевтің «этногенез теориясы» пайда болып, таңғажайып табыс пен өткір сынды бастан кешеді. Бұл жөніндегі қызу қанды таластың туғанын «Этнографиялық шолу» журналындағы (2006, №3) «Уроки Гумилева: блеск и нищета теории этногенеза» атты мақаладан байқауға болады. Француз зерттеушісі Марлен Ларюэль көрсетілген теория бойынша өзінің ұстанымын нақты көрсетіп отырса да, әлі басы ашылмаған мәселелер жөнінде сауал туады: «Гумилев еңбектерінің танымалдығы қазіргі Ресейде және басқа да кейбір посткеңестік мемлекеттерде, мәселен, Қазақстанда таралуы үлкен құбылыс. Ал, Батыста әлі жеткілікті зерттеле қойған жоқ, осының өзі Гумилев мұраларының таралуына байланысты көптеген мәселелерді тудырады».

Біз осы теорияға неғұрлым тәптіштей тоқталуға тырысамыз. Этногенездің негізі халық болып табылады, яғни, этнос неғұрлым кең мағынасында этникалық қауымдастық, (тайпа, халық, ұлт) деп аталады. Этнос ұғымының негізгі мәнін анықтауда Гумилев алдымен, этникалық қауымдастықтың ландшафтқа бейімделуінің белсенді формасы болып табылатын мінез-құлық стереотипін ажырата көрсетеді. Осы ландшафтың әр түрлілігі антропосфераның әр түрлілігін тудырудың басты себебі болмақ, – дейді Гумилев.

Этностардың өзара қарым-қатынасы комплиментарлықты (өзара ұнату немесе ұнатпау (антипатия), «өз» және «бөтенге» жіктелушілік) Гумилевше жағымды, жағымсыз және бейтарап деп жіктеуге әкеледі. Біріншісі өзінің серігін ешқандай өзгеріссіз, сол қалпында қабылдап, ұнатуды білдіреді. Бұл топта симбиоз (екі немесе одан да көп этностардың біріге өмір сүруі, әрі олардың өздерінің экологиялық мекендері болады) және инкорпорация болуы мүмкін.

Симбиозды орнықтыру үшін елестету мен ерік-жігер қажет. Ал, бұл қасиеттер этногенездің акматикалық фазасымен, яғни этностың жастық кезеңімен сәйкеседі, – дейді Гумилев. Мысал ретінде, Еуропадағы әр түрлі этностар қатар өмір сүріп жатқан ғұндар мемлекетін келтіреді. Бұған харизматикалық көсем Аттиланың рөлі басым болды ма дейміз. Себебі оның өлімінен кейін бірден мемлекет те құлады.

Екінші объектіні қайта құруға немесе жоюға ұмтылатын есепсіз антипатия. Бұл ретте химерлердің (бір экологиялық мекенде екі немесе одан да көп этностардың болуы) болуы мүмкін. Гумилевтің сөзінше химерлерде отан жоқ. Этникалық химерлер өте агрессиялы, олар өзгерісті жағдайға аса бейім, идеологияда емес, алайда саяси және экономикалық жағынан жиі жеңіске жетеді. Химерлер антижүйенің пайда болуына (псевдоэтникалық тұтастықты құрайтын теориялар қисынды) қолайлы орта қалыптастырады. Антижүйе принципі – жалған, ол химерлерде үнемі кездеседі. Антижүйенің классикалық мысалы ретінде, Гумилев Ұйғыр мемлекетінің күйреуіне жеткізген манихейлікті атайды.

Соңында үшіншісі бейқамдықпен келетін төзімділік, бұл көршілерге деген тұтынушылық қатынасты білдіреді. Егер этностың соңы осы немесе басқадай деректер арқылы дәйектелетін болса, онда олардың бастауын тарихи зерттеудің дәстүрлі әдісімен анықтау өте қиынға соғады. Гумилевтің этногенез теориясы бұл мәселенің болашағын ашады. Жаңа этностың пайда болуының шешуші факторы пассионарлықты жаңаша әдіс бойынша орнықтыру болады. Яғни, биосфераның жанды заттық энергиясының (тірі ағзалардан тұратын және антиэнтропиялық қасиеттерді иеленген жердің қабығы) қысқа мерзімді серпіліс, дүмпу нәтижесінде пайда болады. «Дүмпулердің» белгілері мутация, яғни, микромутация болуы да мүмкін. Мутация ареалдың барлығын емес, тек аз ғана мөлшеріне тиесілі болады, – деп көрсетеді Гумилев. Осылайша, ғарыштық сәуле тек аздаған адамдарды ғана қуаттандырып, оларға ерекше құштарлық, яғни, пассионарлық береді. Пассионарлық бұл тек қана құштарлық емес. Пассионарлық дүмпу табиғаттың құбылысы бола отырып, адамдарды қызмет түріне, әлеуметтік тегі мен мәртебесіне қарамастан қамти алады. Пассионарлық бұл – ерекше тұлғалар, дарын иелері мен ерекше белсенді ұлы адамдар. Жоғары пассионарлы қасиет иесі деп Гумилев: адал, отансүйгіш, шығармашылық дарын иесі, сол сияқты әлемді өзгертуге құштар, әр түрлі деңгейдегі қанағаттанбаушылыққа, әділдік пен шындыққа ұмтылатындарды атайды. Алайда, жекелеген пассионарлы тұлғалар ұлы істерді жеке атқармайды, қоғамдағы жоғары пассионарлық ұмтылыс пассионарлық қуатты туғызады. Сол пассионарлық қуаттылық этногенездегі жүйе байланысын ұстап, оны тұрақты шығармашылық актпен қамтамасыз етеді. Ал, пассионарлықтың мөлшерден тыс артуы қоғамдағы аса беймазалықтың тууына (акматикалық фаза) себеп болады.

Бұл жерде Л.Н.Гумилевтің пассионарлық қайырымдылық пен зұлымдыққа деген немқұрайлыққа қарсы күш-қуаттың көрсеткіші, –деген ойының маңыздылығы байқалады.

Әдебиеттер:

  1. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. -М., 1989. -С.44.

  2. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. -Л., 1989. -С. 106.

  3. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. -Л., 1990. -С.246.

  4. Гумилев Л.Н. «Тысячелетие вокруг Каспия». -М., 1993. -С. 86.

  5. Гумилев Л.Н. Поиски вымышленного царства. -С. 279.

  6. Гумилев Л. Н. Қиял патшалығын іздеу: «Пірәдар Иоанның Мемлекеті» туралы аңыз /Ауд. Ә. Жүзбаева, П. Бейсенов. - Алматы: Балауса, 1991.

  7. Гумилев Л.Н. Хунны в Азии и Европе. ИД «Кочевниии». -Алматы, 2003.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этностың жастық кезеңі

  2. Пассионарлық түсінігі

  3. Этностың пассионарлығы

Дәріс № 11

Дәріс тақырыбы: Л.Н.Гумилевтің этногенез теориясы түсініктері

Дәріс жоспары:

  1. Этнологиядағы бейімделу

  2. Этнос және биосфера

  3. Субэтнос, суперэтнос, этникалық дәстүр

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Этникалық жүйенің динамикалық жағдайы (статикалық жағдайға немесе этникалық гомеостазға қарама-қарсы) бұл жағдай тұтастай алғанда былайша сипатталады:

а) демографиялық және миграциялық белсенділіктің жоғарылауы, аумақты кеңейтуге ұмтылу;

б) қалыптасқан мінез-құлықтың өзгермелілігі (әрбір соңғы ұрпақ қандай да бір деңгейде алдыңғыларына ұқсамайды, яғни, «әке мен бала тартысы»);

в) ландшафт ортасының қайта өзгеруі, оның өз қажеттілігіне ыңғайлануы;

г) қоғамдық мінез-құлық императивтерінің ауысымы;

д) әлеуметтік-саяси институттардың құрылуы;

е) бөтен идеяларды белсенді игеру және өз идеясын насихаттау;

ж) қандай да бір шынайы немесе мифтік оқиғадан уақыт желісін алып тастау.

Э.ж.д.ж. ондағы пассионарлық дүмпудың нәтижесінде пайда болып, табиғи сұрыптау популяциясынан жойылатын белсенді тұлға ‑ пассионарларды тудырады.

Этникалық жүйенің қарапайымдануы – этникалық жүйедегі жүйе байланысы тығыздығының, ішкі әр түрліліктің төмендеуі. Этникалық жүйе күрделілігінің шарты берілген жүйенің санымен, бастапқы мөлшерімен салыстыру арқылы анықталады (мысалы, этностағы субэтнос саны этникалық субстрат санымен салыстырғанда, пассионарлық дүмпу тимеген және гомеостазда болатын) тарихи материалдарда э.ж.қ. үнемі пссионарлықтың түсуімен және керісінше, күрделену пассионарлықтың көтерілуімен байланысты болады. Э.Ж.Қ. егер жүйеге қарқынды сыртқы әсер болса, жасанды сипат иеленуі мүмкін (геноцид, антижүйенің құрылуы).

Қарапайымдану тек берілген этникалы жүйедегі жүйеішілік мөлшердің төмендеуімен, бірақ нормадан ауытқу, бірегей оқиғаларға толы уақыт түрінде тіркелген жүйе байланысының үзілуімен ғана байланысты емес. Шындығында, ауыр жағдай этникалық жүйенің қарапайымдануына әкеледі; мәселен, сынудан кейін акматикалық фаза толықтай қалпына келе алмайды.

Э.ж.қ. шегі оның өмір сүру циклін аяқтайды. Мәселен, б.д. IV ғасырында Рим империясындағы көне римдіктер шағын субэтнос түрінде өмір сүрді. Мұны Византиялық гректер туралы айтуға болады. Шеткі қарапайымданған жүйе персистенттер сияқты өмір сүре береді немесе сыртқы әсерден күйрейді.

Этникалық жүйенің қартаюы – этникалық жүйеде пассионарлық дүмпу қарқынының жоғалуы нәтижесінде табиғи сұрыпталу арқылы популяциядан пассионарлық белгілердің бірте-бірте алшақтау үдерісі. Бұдан кейін жүйе жоғары пассионарлық өрлеу фазасынан өткен соң, пассионарлық толқыныстың ұзақ әрі біркелкі емес төмендеу үдерісі басталады. Бұл ретте бай мәдени дәстүр, орасан үлкен аумақ және мемлекеттік құрылым сақталуы мүмкін. Алайда әрекет қуатының жоғалуы жүйені этниканың қартаю жағдайына – обскурацияға әкеледі де, одан соң ол тарих сахнасынан түседі. Бұл Рим империясында, Византияда, Ежелгі Қытайда (Хань) және басқа да өркениетте кездесіп, қандай да этникалық жүйе тірі ағза секілді жастық (өсу және экспансия), кемелдену (аса белсенділік) және қартаю (төмендеу және өлу) сатыларынан өтеді деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Этностардың қартаю үдерісін жан-жақты зерттеген Л.Н. Гумилевті этногенез фазасын неғұрлым толық түрде сипаттауға әкелді.

Этникалық жүйенің күрделенуі – этникалық жүйедегі жүйе байланысы тығыздығының ұлғаюы, ішкі түрліліктің өсуі. (Жүйе күрделілігінің шарты, қараңыз (Этникалық жүйенің қарапайымдануы). Жүйенің күрделенуінің жарқын мысалы көтерілу фазасы болып табылады. Бұл фазадан өту кезінде этникалық жүйе қарапайым, алғашқы консорциядан, орасан үлкен және көпқырлы этникалық «галактика» – суперэтносқа айналады. Мәселен, б.д. VI-VIII ғасырларда арабмұсылмандармен, б.д. I-IV ғасырларда христиандармен осындай жағдай болған. Бұл неғұрлым төмен деңгейдегі субэтностар мен консорцияларға да тән үдеріс, яғни бұл ең қарапайым «тамырдан» бастау алып, әрі қарай күрделеніп, соңында құлдырайды (қарапайымдалып, жоғаладығ не сол деңгейде бірнеше жүйеге жіктеліп кетеді).

Этникалық иерархия – ландшафтпен тепе-теңдігін және басқа да этникалық жүйеге тән белгілерді онша мақсатты бағытта сақтауға ұмтылмайтын ұрпақтан ұрпаққа аса өзгеріссіз жететін этникалық жүйеге қоса бағыну. Мұның бәрі жүйедегі пассионарлық ұмтылушылық деңгейінің аса төмендігін білдіреді де, ол деңгейді нөлмен теңеуге апарады. Э.и. жағдайындағы этнос негізінен тұтастай өзара үйлесімді – өздері мен ұрпақтарын қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін еңбекке берілген, алайда өмірді өзгертуге қабілетсіз адамдардан құралады. Статикалық этностарда пассионарлық сирек кездеседі, олар өз елдерінде күш-қуат жұмсайтын мүмкіндік таппай, эмиграцияға кетеді. Мұнда субпассионарлық та сирек: олар толық бейімделу мен еңбексүйгіштікке қабілеттіліктен айырылған, ал бұл қасиеттер Э.и. кезінде аса қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этногнез түсініктері

  2. Этникалық жүйе түсініктері

  3. Этнос, этногнеез түсініктері

  4. Субэтнос және суперэтнос түсініктері

Әдебиеттер:

  1. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. -М., 1989. -С.44.

  2. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. -Л., 1989. -С. 106.

  3. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. -Л., 1990. -С.246.

  4. Гумилев Л.Н. «Тысячелетие вокруг Каспия». -М., 1993. -С. 86.

  5. Гумилев Л.Н. Поиски вымышленного царства. -С. 279.

  6. Гумилев Л. Н. Қиял патшалығын іздеу: «Пірәдар Иоанның Мемлекеті» туралы аңыз /Ауд. Ә. Жүзбаева, П. Бейсенов. - Алматы: Балауса, 1991.

  7. Гумилев Л.Н. Хунны в Азии и Европе. ИД «Кочевниии». -Алматы, 2003.

Дәріс № 12

Дәріс тақырыбы: Этникалық мәдениет теориясы.

Дәріс жоспары:

1. Этнологиядағы "мәдениет" ұғымының қолдану мәндері.

2. Этнографиядағы мәдениетті жүйелеу принциптері.

3. Мәдени феномендер.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Латын сөзінен шыққан "мәдениет" термині әуелде жерді өңдеу, күту деген ұғымды білдірген. XVIII ғасырда неміс философтары адам еңбегімен жасалатын игіліктердің барлығын мәдениет деп түсінген. Кеңес энциклопедиялық сездігінде мәдениет туралы мынандай анықтама берілген: "Қоғамның, шығармашылық күштердің және адам қабілеттерінің белгілі тарихи дәрежеде дамуы, адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру типтері мен формалары". Жалпы "мәдениет" ұғымы жөнінде түрлі авторлар еңбектерінце 400–ден аса анықтама кездесетінін айтуға болады. Этностың бізге белгілі компоненттері – сана–сезім, мәдениет және психика. Сана–сезім туралы жоғарыда сөз еттік, енді психика, мәдениет және оның құрылымы туралы еңгімелейік,

Жалпы мәдениет үш маңызды құбылыс тұрғысынан қарастырылады. Тарихи–әлеуметтік. Мұнда ең алдымен мәдениеттің қоғамдық Функцияларына ерекше кеңіл бөлініп, оның ішкі мазмұны мен Құрылымы екінші кезекке ығыстырылады. Философиялық–антропологиялық. Зерттеушінің назары адамның мәдениет жасағыш қызметіне аударылады. Феноменологиялык. Мәдениет біздің күнделікті өмірлік тәжірибеміз ретінде қаралады.

Мәдениеттің ішкі құрылымы әрқилы: қоғамдық сананың түрлеріне сәйкес мәдениеттің өнегелік, құқықтық, саяси, діни, эстетикалық және басқа салаларын бөліп керсетуге болады. Мәдениеттің ішкі құрылымының моделі оның қызмет құрылымының, соның ішінде өндіріс және түтыну салаларына бөлінуі негізіңде жасалуы мүмкін. Сонысын, әдетте, орысша "тұрмыс мәдениеті" деп атаса, шет елдерде "өндіріс сыртыңдағы мәдениет" дейді. Десек те, көбінесе мәдениеттің ішкі құрылымын, оның объективті формаларын анықтауда мәдениет те материалдық және рухани салаларға бөлінеді. Мәдениеттің материалдық саласына еңбек құралдары, қатынас құралдары, тұрғын үй және басқа құрылыстар, киім, тамақ, мәдени өсімдіктер және үй жануарлары жатады. Денені бояу, татуировка (денені өшекейлеу) түсіру, косметика (бет–ауызды опалап, сәндеу) және парфюмерия (хош иісті заттар) мәдениеттің айрықша түрі саналады. Рухани мәдениет: білім, әдет–ғұрып, мінез, құқықтық нормаларын, өнердің және халық шығармашылығының туындыларын, діни сенімдерді қамтиды.

Рухани мәдениеттің кез келген компоненті өмірде жазу, сез, мүсін, музыкалық әуеңдер... түрінде көрініс табуға тиіс, ал мұның адамның дене еңбегінсіз іске асуы мүмкін емес екендігі түсінікгі.

Жуырда ғана адамдардың әр түрлі әлеуметтік қажеттілігін етеудегі мәдениеттің негізгі 4 өрісін бөліп керсету ұсынылды:

– өндірістік; ,

– өмірді қамтамасыз ететін;

– саяси нормативті;

– танымдық.

Мәдениеттің орындайтын көптеген функцияларының ішінде оның этникалық функциясын ерекше атаған жөн. Лдамдар қоғамында этномәдениеттік ақпараттар басқа кез келген ақпараттар сияқты, әр түрлі формада беріледі: материалдық және рухани мәдениет шығармалары арқылы, ым–ишараттар төсілімен және т.б.

Мәдениет – өзінің дамуында көп қабатты сипатқа ие. Мәдениеттің ең тұрақты компоненттері оның негізгі қанқасы, тірегі іспетті, негізгі этникалық жүгін кетереді. Мәдениеттің мұндай компоненттерін белгілеу үшін "дәстүрлер" (латынша – "передача", "предание") термині кеңінен пайдалаяылады.

Бүкіл тарихи үрдісте мәдени дәстүрлерге өте маңызды рөл бөледі. Мәдениеттік дәстүрлерде адам қызметінің бағдармалары белгіленіп отырады. Оларда әртүрлі тарихи ортақтықтардың шоғырланған, жинақталған тарихи тәжірибесі көрсетілген.

Дәстүрлердің мирасқорлық сипаты, тұрақтылығы оларды қоғамның дамуында тек кертартпалы консервативті бастау деп қарауға негіз бермейді. Біріншіден, әдетте, ескіліктің қалдықтары деп аталатын теріс дәстүрлермен қатар, жағымды және біршама бейтарап дәстүрлер өмір сүреді. Екіншіден, ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлерді, мәдениет элементтерін тарату көзінде олар өздері жаңа жағдайларға бейімделеді және сондықтан өзгеріссіз қала алмайды. Үшіншіден, қоғамда әрқашан бүрынғы ұрпақтардан қалған дәстүрлерден басқа, жаңалардың пайда болуы жүріп жатады.

"Дәстүр" ұғымы "әдет–ғұрып" ұғымымен өте тығыз байланысты. Кейде тіпті оларды бірдей деп те санайды. Алайда, біріншісінің ауқымы екіншісінен кеңірек: әдет–ғұрыптарды дәстүрлер деп санауға болады, ал барлық дестүрлер бірдей әдет–ғұрып емес. Әдет–ғұрып – этникалық ортада белгіленген. Әдетте, ол тұрмыс жүйесінде немесе отбасы–тұрмыстық қатынастарда қолданылатын төртіп ережелері. Ырым – салт жоралары компоненттерінің бірі болып саналады. Бұл – көпшілік қарым–қатынасының тарихи қалыптасқан немесе арнайы белгіленген стереотипті формалары. Әдетте, ол бір үлгіге салынған (стандартталған) іс–қимылдың қайталануын білдіреді.

Ырым–жоралар мынадай функцияларды атқарады:

1. Ішкі этникалық байланыстарды реттеу:

– этнос мүшелердің әрекетін оларды әлеуметтік институттар жүйесіне еңгізу арқыны бірлестіру;

– жеке адамның топтық нормаларды және қүндылықтарды меңгеріп алуы;

– топтық ниеттестікті, тілектестікті орнату;

– адамдардың күнделікті қарын–қатынасында пайда болатын эмоционалды (қызуқандылық) зорлануды жою, кеңіл–күйді қалпына келтіру;

– өмірлік жағдайлардың елеуметтік маңызын бекіту (туу, жыныстық жетілу, некеге тұру, үйлену, өлім).

2. Этностың мәдени тәжірибесін жинау және тапсыру этнос мәдениетінің дәл сол қабатын көбінесе дәстүрлерге, әдет–ғұрыптарға, салт–жораларға жоне ескінің қалдықтарына бай "дәстүрлі-тұрмыстық" мәдениет – "өндіріс сыртындағы" деп атап кеткен оны кесіптік (көпшіл, жекеленген) түрінен айырып қараған.

Жалпы, мәдениеттің жұмыс істеу диалектикасы мынандай: бір мезгілде адамдармен қарым–қатынас жасау құралы да, адамдардың арасын ашу құралы да бола алады. Мәдениеттің дәл осы қасиеті оның этникалық функцияларының негізінде жатыр.

Егер біз этностарда қоғамдық сана болатыны туралы айтсақ, онца этникалық мәдениет пен психиканың бірлігі туралы да айтуға құқымыз бар. Егер мәдениеті тек объективті қызметке жатқызсақ, онда бір жағында оның практикалық (іс жүзіндегі) қызметі, екінші жағында психикалық қызметі тұрады. Алайда психикалық қызметтің іс жүзінде бөрі бірдей болмауына байланысты оларды ажырату үлкен меселеге айналады. Сонымен қатар этникалық және оған жақын топтық және саяси психологияның көптеген мәселелері жете зерттелмеген.

Этностың психикалық қисыны деген не? Әдетте, оны екі компоненттерімен бірдей санайды. Біріншісі жөнінен зерттеушілерде пікір–талас аз, ол қайрат, ерік–жігер ретінде анықталады. Екінші талас характердің бағыттанушылығы, негізгі өмірлік мақсаттары, болмысқа кезқарасы жөнінде.

Жеке этностық ортақтықтың сипатын (характерін) абсолютті етуге болмайды. Өйткені, сипаттың анықтаушы қырларының көпшілігі (еңбексүйгіппік, патриотизм, ерлік, мақсатқа үмтылушылық) жалпы адамзатқа тән. Басқаша айтсақ, әлеуметтік–экономикалық, географиялық және, өмір сүру қалпының ерекшелігіне қарай, еңбексүйгіштік қасиет әр-халықта тіпті де бірдей емес екені байқалады.

Сол сияқты жинақылық және дәлдік қасиеттер де әр халықта әр түрлі бой кврсетеді. Мысалы, дәлдікті немістер немесе голландықтар жоғары бағаласа, Испанияда оған салыстырмалы түрде аз мән беріледі, ал Латын Америкасы елдерінде оның бағасы бұдан да кем. Тіпті батылдықты әр халық әр түрлі білдіреді. Юмор–дың (әзіл–оспақ) да қайталанбас түрлері бар. Яғни, жалпы алғанда, әрбір этникалық орталықтың сипаты жалпы мен ерекшенің табиғи бірлігін көрсетеді.

XVIII ғасырдың басында Еуропада көпшілік жұрт ағылшыңдарды төңкеріске, өзгеріске құштар, ал француздар – кертартпа халық деп санады. Жүз жылдан кейін олардың пікірлері мүлде өзгерді. XIX ғасырдың басында барлығы немістерді құнтсыз халық, философияға, музыкаға бейім, техникаға және кәсіпшілікке қабілеттілігі шамалы халык деп санаған еді. Қабілеттілік тұрғысынан алғанда этностар арасындағы айырмашылықтар мәселесі өте күрделі проблема. Бұл нәсілшілдіктен, ұлтшылдықтан алыс емес. Кеңес галымдарының пікірінше, "Ақыл шамасы" туралы ("коэффициент ума") түсінік беретін тестер жиынтығының көмегімен жүргізілген тексерістерге сүйену негізсіз.

Кейбір мамандар этникалық характердің болатынын қарапайым сананың, ондағы есепсіз стихиялық қалыптасқан қабаттың болуымен түсіндіредіү Бұл адам меңгерген, тәрбиемен енгізілген және осы этникалық жүйеде тараған көріністер, пікірлер, дағдылар және тәртіп нормалары, ақылмен (оймен) аз бақыланатын немесе мүлде бақыланбайтын қабат.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәдениет құбылыстары

  2. Ырым жоралардың функциясы

  3. Рухани мәдениет функциясы

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.

Дәріс № 12

Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі мәдениет және жаңашылдық

Дәріс жоспары:

1. Дәстүрлі мәдениеттің негізгі қызметтері.

2. Жаңашылдықтың қоғам мәдениетіне ықпалы

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Кез келген жүйелер сияқты, этникалық ортақтықтар өз ортасы арқылы әрекеттеседі. Бұл әр этнос үшін ең алдымен табиғи орта арқылы анықталады. Табиғи шекаралар – этникалық шекаралар ролін атқарады. Географиялық орта этникалық сана–сезімде де бой көрсетеді: этникалық аумақтардың ландшафтары (көріністері) онда тұратын адамдардың санасынца "туған жер" туралы көрініс ретіңде сақталып қалады. Ландшафтың кейбір элементтері топонимикамен (географиялық атаулардың жиынтығымен) қоса этникалық бұйымдардың ерекше рәміздеріне айналады. Мысалы, орыстарда қайын, Волга өзені; украиндарда – терек; жапондықтарда – сакура, Фудзияма тауы ұлттық рәміз болып саналады. Топонимдер. Жағадағы чукчилер ездерін "ан калын" – "теңіз тұрғындары" – деп атайды, селькуптардың бір тобы – "шеин–куле" – "тайга адамдары" аталады.

Географиялық орта этносқа оның қалыптасу кезеңінде, ол өзінің табиғи "ортасына" жаңа бейімделіп, үйреніп келе жатқан кезде күштірек әсер етеді. Бұл әсіресе қоғам дамуының ерте сатыларыңда көбірек байқалады. Және де бұл үрдіс адамның табиғатпен еңбек әрекеті көзінде үздіксіз болып жатады. Бұған мынадай мысал нақты дәлел бола алады: халықтардың шаруашылығы мен көрнекті үй тұрмысы олардың географиялық ортасынан әлдеқайда тезірек өзгереді. Назар аударарлық бір жай: тұратын аумағын өзгерткенде, көшкенде этнос жоғалмайды, қайта өзінің еркешеліктерінің көпшілігін сақтайды.

Этностар адамдардың өмір сүруі үшін берілген бір географиялық ландшафтың мүмкіндігін тіпті де толық пайдаланбайды. Мұндай мүмкіңдіктердің ішінен біреуін тандап алу ең алдымен қоғамның саяси–экономикалық дамуының деңгейіне байпанысгы болады.

Мысалы, жеке меншіктену шаруашылығы кезеңінде шамамен бірдей табиғат жағдайларында жекелеген этникалық ортақтықтар кейде "өмір құралдарын" әр түрлі қолданады. Бұған мараби тайпасының – Тайланд аңшылары және жинаушыларының өмірі мысал бола алады. Өздерінен артығырақ дамыған көршілері – таялармен жүйелі экономикалық байланысы бола тұра (кейбір марабилер тіпті тая тіліне де көшкен), олар осы күнге дейін егін шаруашылығының кәдімгі негіздерімен де таныс емес. Олардың шаруашылық көсібі жинаушылық және аңшылық болды, еркектер ұзындығы 4 метрге дейін жететін найзалармен қаруланып, аң аулады, әйелдер мен балалар жидек, дала жемістерін, бал, балауыз, құрттарды жинады. Садақ ол кездегі адамдарға белгісіз еді.

Сол сияқты Оңтүстік Индияның кадар тайпасы осы күнге дейін жинаушылық кесіппен айналысады; жылдың көп уақытын олар орман жемістерін жинаумен өткізеді. Алайда кадарлар оларды едерінің қажеттілігі үшін емес, айырбас жасау мақсатында пайдаланатындықтан, базардағы сұранысқа қарай имбирь, кардамон, бал, құнды ағаш жинайды және көбінесе олар ақшалай сауда емес, тура айырбас жасайды.

Сонымен, кадарлар шаруашылығы, нарыққа бағыт алса да, өзінің жинаушылық сипатын сақтап қалды.

Мал өсіруші халықтарға келсек, олардағы шаруашылық дәстүрлерінің тұқрақтылығы жалпыға белгілі.

Ортағасырлық тарихтан белгілі болғанындай, тіпті Еуропаның және Азияның нағыз берекелі егіншілік жерлерінде хундар, монғолдар және қыпшақтар өздерінің мал өсірушілік дәстүрлерін сақтап, егістік жерлерді мал жайылымына айналдырды.

Олардың шаруашылық дәстүрлерінің өте мықты болғандығына деректер айғақ. Бұған ХVІІ–ХІХ ғасырларда Сібірге көшкен орыс қоныс аударушыларының косібі мысал бола алады, олар жаңа қоныстанған жерлерін дәстүрлі егіншілік төсілдеріне бейімдеуге орасан зор күш жұмсады.

Мысалы, XVII ғасыр мен XX ғасырдың басында оңтүстік Украинаға қоныс аударған орыс құрылысшыларының дәстүрлерін алайық. Мұнда олар жуан бөренелерден ағаш үйлер салды, ал ол кезде украиндықтар саманнан, балшықтан тұрғызынған үйлерде тұратын. Тілті кедей дегендерінің өздері қаржыларын жинап, ағашты бірнеше жүз шақырым жерлерден әкеліп, ағаш үй салуға тырысты.

Этникалық дестүрлер киімнен де көрініс береді.

Кейде мұндай дәстүрлер ауа райының қолайсыз жағдайларына сәйкес келмесе де, сақталып қалады. Мысалы, Жапониядағы айндарды алайық. Бір кезде Океаниядан келген олар Хоккайдо аралының суық климатына қарамастан, жаздыгүні жамбасқа таңылған шүберекпен (набедренная повязка) жүреді.

Сонымен, этностар этникалық ортақтықтың басқа түрлері сияқты, орталардың үш негізіі категорияларымен арақатынастар жасайды: табиғатгық, этаикалықтан тыс елеуметтік және өзіндік этникалық.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этникалық дәстүр туралы түсінігіңіз

  2. Мәдениет туралы жалпы түсінік

  3. Жаңашылдық және дәстүрлі мәдениеттің арақатынасы

Әдебиеттер:

1. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

Дәріс № 13

Дәріс тақырыбы: Этникааралық коммуникация.

Жоспар:

1. Этнотрансформациялық және этноэволюциялық үрдіс.

2. Этникалық үрдістердің түрлері.

3. Терминдік ұғымдар.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Этникалық ортақтықтар (бірліктер) – динамикалық (үдемелі, қозғалыстағы) жүйелер болып табылады және олардың езгеруі адамзаттың этникалық тарихының мәнін құрайды. Этностың бір немесе бірнеше компоненттерінің кез келген өзгерісін этникалық үрдіс ретінде бағалауға болады. Егер бұл жалпы жүйенің қиратуына өсер етпесе, онда мұндай үрдіс этностың эволюциялық езгерісін көрсетеді және эволюциялық деп аталады.

Іс жүзінде этникалық үрдістер көбінесе этникалық бірліктердің өзгеруі, яғни этностың жаңа жағдайға секіртпелі түрде өтуі ретінде белгіленеді. Бұл жағдайда бірте–бірте ету кезеңі үзіледі, этнос жаңа жағдайға өтеді, бұл этнотрансформациялық үрдіс деп аталады.

Әрбір этнос өзінің өмір сүру кезеңінде этноэволюциондық өзгерістерге душар болады және де бұл үрдіс үздіксіз жүріп жатады.

Этноэволюциялық өзгерістердің ерекше қорытындысы трансформациялық (өзгеру, ауысу) үрдісті көрсетеді.

Олар мынадан пайда болуы мүмкін:

– жеке адамдар немесе бір топ адамдар бір этностан екінші этносқа, топқа ауысқанда;

– жаңа этникалық құрынымдар пайда болғанда.

Соңғы жағдайда біз этногенетикалық үрдістерді кездестіреміз. Бұл үрдістер байырғы этникалық ортақтықтардың пайда болуың қамтамасыз етті, олар бүгінгі күнге дейін тоқтаған жоқ, алдағы уақытта да жалғаса береді.

Яғни ЭСО–ның тарихи–кезеңдік типтері – тайпа, халық, ұлт бір–бірінен ең алдымен әлеуметтік–экономикалық өлшемдері арқылы ажыратылады.

Әлем халықтарының тарихын зерттеу барысы көрсеткеңдей, өзіндік этникалық үрдістердің негізгі түр, тармақтары мыналар болады:

– этникалық бөліну;

– этногенетикалық дивергенция;

– этникалық бірлестіктер.

Бөлінудің де екі түрі бар, олар:

1. Этникалық парциация. Этнос азды–көпті бірнеше бөлімдерге бөлінеді, сонымен бірге жаңа этностардың бірде–бірі өзін бүрынғы этноспен бірдей деп санамайды.

2. Этникалық сепарация. Негізгі этностан, әдетте, оның шағын бөлігі бөлініп шығады, ол бөлік уақыт өте жеке тәуелсіз этносқа айналады.

Парциацияда бастапқы этнос өзінің өмір сүруін тоқтатады, сепарациада – сақталады (мысалы, Океаниядағы үрдістер).

Сепарацияның негізін факторлардың екі түрі құрауы мүмкін. Сондықтан мұның да екі тармагын көрсетуге болады:

– этномиграциялық сепарация, мұның негізін миграция үрдісі құрайды;

– этносаяси.

Этнопарциация нәтижесінде ежелгі орыс халқының негізінде үшін туысқан этнос пайда болды: орыс, украин, белорус, ал гермаңдықтардан – немістер, австрийлықтар және т.б. тарады.

Алгашқы қауымдық құрылыстың ыңырауынан бастап, этникалық бірлестіктерге бірігу үрдістері үстемдік ала бастайды. Бұл үрдістер төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1. Консолидация (нығаю): біршама тәуелсіз халықтардың және олардың ірі топтарының, әдетте, тілі және мәдениеті бойынша туысқан, бірыңғай, тұтас этникалық ортақтыққа қосылу үрдісі. Мәселен, төлеңгіттер, шелқандықтар, қүмандықтар, телеуіттер, т.б. бірігіп алтайлықтар тобын құрады.

2. Табиғи ассимиляция: бір–бірінен пайда болуы, мәдениеті және тілі жөнінен ажыратылатын этностардың этникалық арақатынастар үрдісі. Ассимиляцияның нәтижесінде бір этностың өкілдері іншісінін, тілін және мәдениетін меңгереді және бүрынғы этникалық белгілерінен толық айырылады.

Бұл этностардың, субэтностардың немесе шағын этникалық топтардың басқа этностың ортасына араласып, сіңіп, жеке этностықтан айрылуы болып табылады. Ұлыбританиядағы уэлльстіхтер, франдиядағы автохтонды бретандықтар және итальяндық мигрантгар осыларға жатады.

Ассимиляцияның табиғи (ерікті) және зорлықты түрлері болады. Бұл әсіресе қалаларда көбірек байқалады.

Кейбір зерттеушілер ассимиляцияны консолидацияның құрамды бөлігі деп санайды.

3. Интеграция (бірігу) – әр түрлі этностардың негізгі этникалық белгілерді сақтай отырып, этникалық мәдени байланыс орнату үрдісі. ЭСО ішінде немесе аралығында болуына байланысты этнобірігу үрдістері мыналар делінеді:

– мемлекет ішіндегі;

– мемлекетаралық.

Сонымен, этнотрансформациялық үрдістер этногенетикалық парциациядан, сепарациядан және консолидациядан құралады.

Этноэволюциалық үрдістердің негізгі түрлері – ішкі этникалық консолндация және этникаралық интеграция (бірігу).

Этникалық ассимиляцияға келсек, ассимиляцияланатын этнос үшін – бұл трансформация, ал ассимиляциялайтын этнос үшін – эволюцияның бір компоненті,

Үрдістердің көшпілііі біріктіруші сипатта болатынын ескерген жөн.

4. Адаптация (бейімделу) – адамдардың жаңа этникалық ортада өмірге бейімделуі, немесе осы ортаның экономикалық және әлеуметтік салаларында солармен өзара қатар өмір сүру.

5. Аккультурация – мәдениеттердің бір–біріне сіңісу үрдісі. Шет ел этнографиясында көбінесе аккультурация еуропеизацияның

синонимі ретінде қолданылады, өйткені Азия, Африка, Америка және Океания халықтарында еуропалық мәдениеттің элементтері, шаруашылық формалары, әлеуметтік таралу үрдістері байқалады.

6. Урбанизация – өнеркөсіпті және халықты ірі қалаларға жинақтау бағыты.

Этнографияда урбанизация қалалық мәдениеттің стандарттық типінің барлық жерде таралуының нәтижесінде қала мен село арасындағы мәдениет айырмашылықтарының жойылу үрдісін білдіреді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этникалық интеграция

  2. Этникалық консолидация

  3. Этникалық ассимиляция

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.

Дәріс № 14

Дәріс тақырыбы: Этникалық жанжалдар.

Дәріс жоспары:

1. Этникалық жанжалдардың пайда болуы.

2. Толеранттылық ұғымы.

Этнос және этникалық топтар саясаттың субьектілері.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Кез келген теориялық жүйеде оның негізгі ұғымдарына маңызды рөл беріледі. Сондықтан ұғымдық–терминологиялық ақпаратқа ерекше көңіл бөлу қажет.

Осы күні қолданылып жүрген этникалық терминологияның барлығы ежелгі гректің "этнос" деген сөзінен туындаған. Ежелгі гректерде бұл сөздің 10 шақты мағынасы болды: тайпа, топ, адамдар тобы, адамдар класы, шетел тайпасы, табын, ру тәрізді он шақты мағынада қолданыңды. Яғни: "кейбір жалпы ортақ қасиетке ие (әдет-ғұрып, қылықтар, т.б.) біркелкі жанды заттардың жиынтығы".

Бірақ бұл сөзді архаикалық кезеңдерде (Гомерден Аристотельге дейін) кебіне "топ, үйір" мағынасында қолданған болатын. Дегенмен, оның "тайпа, халық" мағыналары да кездескен. Ал біздің дәуірімізге дейінгі V–IV ғасырларда осы мағына үстемдік алды. Соңғы бірнеше ғасырларда терминнің "грек емес тайпа" мағынасын қолдануға бейімділік байқалды.

Орта ғасырларда бұл сез (кобінесе Библияларда) көпше "кісілер", "адамдар" мағынасында қолданылған.

XIX ғасырда ғалымдар іс жүзінде, халықтарды нақты зерттей отырып, ұлт, нәсіл, тайпа терминдерін пайдалаңды. Біртіндеп ғылыми әдебиеттерге "этнос", "этникалық" сөздері ене бастады.

Этнос теориясын талдауды орыс этнографиясында қолға алған Қиыр Шығыс университетінің оқытушысы С. М. Широкогоров (1887–1939) болды. Ол бұл мәселені "Место этнографии среди и классификация этносов" (Владивосток, 1922), "Этнос. Исследоввания основных принципов изменения этнических и этнографических явлений" (Шанхай, 1923), "О тунгусах" (Лондон, 1935), "Этнография и этнология" (Берлин, 1937) атгы еңбектеріне арқау етіп, этностың типологиялық белгілерін көрсетуге тырысты.

КСРО–да 1940–1950 жылдары көптомдық "Әлем халықтары" атты кітап шығаруға дайындық жүргізілді. Нәтижесінде этнос ұғымынан және одан туындаған категорияларды талдауға арналған бірсыпыра арнайы мақалалар жарық көрді.

Осы кезден бастап "этникалық" термині іс жүзінде еліміздегі (бүрынғы КСРО) ғылыми әдебиетке ене бастады. Бұл тұрғыда П.И. Кушнер, Л.Н. Гумилев, М.Н. Левин, Р.Ф. Итс, В.И. Козлов, Ю.В. Бромлей, С.А. Токарев, Н.Н. Чебоксаров, С.И. Бруктың еңбектерін атап айтуға болады.

"Этнос" сөзінен туындаған сөздердің ішінде әсіресе айқын, кең аоалғаны – "этникалық ортақтық" ұғымы. Әдетте, "этаостың" мәні "халык," дегеннен гөрі, осы алдыңғы ұғымға кебірек келіңкірейді. Яғни, этностар немесе халықтар – адамзаттың этникалық жіктелуінін негізгі бірлігі деуге болады.

Ұлт сияқты тарихи құрылымдарды белгілеу үшін қогамдық–саяси әдебиеттерде әлеуметтік–этникалық ортақтастық ұғымы жиірек қолданыла бастады. 1970 жылы КСРО ҒА Хабаршысында жарық көрген "Этнос және этноәлеуметтік организм" мақаласында Ю В. Бромлей этнос ұғымының тар және кең мағынасын ажырату үшін "этникос" және "этноәлеуметтік организм" деген жаңа терминдер ұсынды.

Біздің әдебиеттерде сол сияқты "этникалық топ" термині пайдаланылады, баламалары: не этностың ішкі бөлегі, немесе – басқа жағдайларда – этностың "сынықтары".

"Этнос" сөзінің өзі және оның топтары бір мағынада қолданылмайды. Еліміздің әдебиеттерінде әуелден ол сез халық мағынасында ("әлем халықтары") қолданылды. Мұнда оның көп сандық мағына беретіні ескерілді.

Шет ел әдебиетінде көп уақыт бойы этникалық бірліктерді салыстырмалы түрде адамдардың шағын жиынтықтары деп түсінген көзқарас басым болды. Мұнда "этникалық топ" термині жиі қолданылды.

Ғылыми әдебиеттерден осыған ұқсас "этнисити" терминін де кездестіруге болады. Бұл термин кейде "этникалық топ" ұғымымен арақатынаста болады, тіпті кей кезде онымен бір мағыналас деп саналады. Шетел әдебиетінде ірі қоғамдар "ұлт" ретінде түсіндірілді. Жуырда ғана "этнотопқа" балама ретінде "этникалық популяция" термині ұсынылды.

Этникалық топтардың негізгі ерекшеліктерін аңықтағанда, олардың пайда болуының ортақ факторы баса айтылады. Әйтсе де, мұның астарында тарихи тағдырлардың ортақтығы деген түсінік жатқанын аңғару қиын емес.

Соңғы уақытта Л. Н. Гумилевтің этностар – биологиялық бірліктер, популяциялар немесе небір мутация салдарынан пайда оолатың жүйелер деген пікірі кепшілікке белгілі болды.

Алайда, жалпы алғанда, біздің мамандарымыздың арасында этносты әлеуметтік құбылыс ретінде түсінетін көзқарас көбірек аңгарылды. Сонымен бірге этностың басты белгілері мен құрылымдық бірлікгерінің арасында айырмашылықтар да аз емес. Мысалы этностың басты белгілері әр ғылыми еңбекте әр түрлі көрсетілген:

Кушнер: тіл және мәдениет;

Чебоксаров: тіл, мәдениет, аумақ;

Козлов: тіл, мәдениет, аумақ, этникалық сана–сезім;

Чистов: тіл, мәдениет, аумақ, этникалық сана–сезім, психикалық құрыныстың ерекшеліктері;

Шелепов: тіл, мәдениет, этникалық сана–сезім, психикалық құрылыстың ерекшеліктері, пайда болуының ортақтығы;

Токарев: тіл, мәдениет, аумақ, этникалық сана–сезім, психикалық құрылыстың ерекшеліктері, мемлекеттік бұйым. С. А. Токарев бұл белгілердің бірде–бірі міндетті емес деп ескертеді. Ю. В. Бромлей болса, этностарды әлеуметтік–экономикалық факторлармен тығыз байланысқан тұтас жүйелер деп санайды. Этникалық категорияларды анықтаудағы және сипаттаудағы шетелдің және біздің ғыными әдебиетіміздегі пікір алалығы қандай себептерден туындаған?

Бұған жауапты мынадан іздеу керек: этникалық терминология көбінесе объективті шындықтың әр түрлі құбылыстарын көрсетуге пайдаланылады. Бір жағдайда ол биологиялық ортақтықты (популяциялар), екіншісінде биологиялық (несілдік) және әлеуметтік ортақтықты, үшіншісінде тек қана әлеуметтік ортақтықты білдіреді. Сонымен бірге үшінші жағдайда не өлемнің барлық халқы, немесе тек қана архаикалық даму сатысында тұрғандар деген ұғымды мегзейді. Біздің міндетіміз этностар иерахиясы мен оның негізгі формаларын аңықтау, яғни этностардың типологиясы болғандықтан, бұл проблеманың тағы бір ерекшелігімен танысуымыз қажет.

Адамзат бірыңғай, біртұтас биологиялық түр (Хомо сапиенс) болып, жалпы әлеуметтік зандар бойынша дами отырып, көптеген топтарға бөлінеді. Мұндай топтар, әдетте, адамдардың ортақтастыгы (бірлігі) деп аталады. Осы ортақтастықтардың қайсыбір категориясы этнос болып табылады.

Біз осы "ортақтастық" (бірлік) терминіне қандай мағына, мән береміз? Орыс және көптеген басқа тілдерде бұл сөз бір мағынамен шектелмейді:

1. Құбылыстардың бір немесе бірнеше белгі бойынша бірдейлігі, ұқсастығы.

2. Тығыз байланыс, тұтастық, бірлестік (одақ). Адамдардың ортақтастығын сипаттағанда мұны міндетті түрде есте үстау керек, өйткені жер шарында бүрын да болған, қазірде әр мөлшерде толып жатқан осындай құрылымдар жетерлік: екі адамнан бүкіл адамзатқа дейін. Және олардың жай жіктелуі іс жүзінде шексіз.

Өйткені адамдар арасындағы әр алуан байланыстарды еске алсақ, белгілі бір мезгілде бірнеше ортақтастықта болады. Ол ортақтастыктар ездерінің көлемімен де, сипат–мінөзімен де, байланыстарының қарқындылығымен де бір–біріне ұқсамайды:

– партия мүшесі;

– студент, 12–топ, Солтүстік Қазақстан мелшекеттікуниверситеті;

– Жұмабаев (отбасы, ру мүшесі);

– самолет жолаушысы;

– қазақ (украин);

– Қазақстанда тұрады (қазақстандық);

– ақсары (қараторы);

– археолог;

– оқытушы.

Яғни адамдар ортақтастығының негізгі түрлерін сипаттай отырып, мынадай ортақтастықтардың бар екенін көрсетуге болады:

– әлеуметтік;

– биологиялық;

– уақытша;

– тұрақты (орнықты);

– тұқым қуалаушылық;

– тығыз;

– бытырауық;

– шағын;

– үлкен (ірі).

Кейде әлеуметтік құрылымдардың ішіңде ерекше категория ретінде "тарихи ортақтастықтар" беліп көрсетіледі. Сонымен қатар, барлық елеуметтік құбылыстардың, соның ішінде әлеуметтік ортақ тастықтардың тарихи үрдістер барысында құрылатыны баршаға белгілі. Және халықтарды тарихи және тарихқа дейінгіге (прототарих) бөлу қисынсыз. Іс жүзіңде бұл "тарихи" халықты "тарихқа дейінгіге" Қарсы қою,

Қазіргі кезде жіктеудің мұндай варнанты тек шетел ғылымына тән делініп жүр. Жалпы ескеретін жай: популяция – иерархиялық құбьыыс. Бұл иерархияның негізі – үй, ал оНың жоғары дәрежесі – бүкіл адамзат кейде популяция – түр ретінде сипатгалады). Адамдар ортақтастығының бүкіл күрделі иерархиясында ерекше орынды этностар алады. Жоғарыңа айтқанымыздай, орыс тілінде "¥л ұғымға әлем халықтары деген ұғымда "халық" сөзі сәйкес келеді. Алайда өлем халықтары деген сөз тіркесі бірсыпыра адамдар ортақтастықтарын қамтиды. Және этнос термині бұл құрылымдардың жалпы "рулық" атауларына сәйкес келеді.

Этносты адамдардың басқа ортақтастарының ортасынан қалай ажыратып алуға болады? Бұл орайда: жалпы немесе ортақ топтық айрықша белгілеріне сүйенеміз. Бұл туралы жоғарыда этностың анықтамасын бергенде айтгық және белгілі белгілерін көрсеттік:

Этнос дегеніміз – белгілі аумақта тарихи қалыптасқан, тілінде, мәдениетінде, психикасында, сана–сезіміңде тұқрақты ерекшеліктері бар адамдар жиынтығы.

Ең алдымен мынаған назар аударамыз: кез келген этнос (тайпа, жұрт, халық, ұлт) өзінің атын біледі. Атсыз, атаусыз этаос жоқ және болған емес. Бұл атау ғылым тілінде этноним (халықтар атауының жиынтығы) термині арқылы белгіленеді.

Этнонимдердің пайда болу мәселесіне келсек, біз ең алдымен "этнонимдер" және "экзоэтнонимдер" терминдерін қарастырамыз. Біріншілері, әдетте, әжептеуір тұқрақты, екіншілері, әр уақытта өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы: "дойч" эндоэтнонимі; экзоэтнонимдер: орысша – "немцы", французша – "алеман", ағылшынша – "джемен", итальянша – "тедеско", финше – "саксаляйнен", сербше – "шваб". Сөйлеу тілінде саяси немесе өкімшілік құрылымында тұратын адамдарды атау үшін атаудың басқа түрі – "полигонимдер" қолданылады. Мәселен, Бельгия халқы – "бельгийліктер", француз халқы – "француздар" (гаскоңдықтар, бреттер...) деп аталады.

Кейде топтың атауы өздері тұратын аумақтарға сәйкес туындайды. Бұл жағдайда ол топоним болады. Мысалы: ондүстіктер, солтүстік қазақстандықтар, семейліктер, қостанайлықтар, жамбылдықтар, еділдіктер, оралдықтар, шығыс еуропалықтар, сомалиліктер (мемлекет емес, жарты арал тұрғындары, этнос өкіліне жатпайды).

Этнонимдер, полигонимдер, топонимдер өздерінің тұқрақтылығымен ерекшеленеді. Мемлекет тұрғындары (азаматтары) одан сырт жерде өмір сүргенде, әдетте, өз полигонимін сақтамайды, екінші ұрпағында азаматгық мұрагерлік болмайды. Топонимдер де осындай: Сібірден көшіп келген орыс сібірліктердің балалары орыс деп аталады. Полигонимнің этаонимге және этнонимнің полигонимге айналатыны да болады.

Конфессионимдермен (дінге сәйкес) және лингвонимдармен (тілге байланысты халықтың атауы) шатастырмау керек. БіоаК олар өзара бірін–бірі ауыстыруы мүмкін. Мысалы: "праовославный" – орыс мағынасында пайдаланылады.

Сонымен, этнонимнің ерекше белгісі – тұқрақтылығы. Ал бұл турақтылық бір топ адамдардың белгілі тарихи даму жолын өтіп, белгілі бір атауға ие болғанын, ат, атау этнос мүшелерінің сана-сезімінің ескенін, олар ездерін халықтардың, тайпалардың бірі екенін сөзінгенін көрсетеді.

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.

Дәріс № 15

Дәріс тақырыбы: Этникалық жанжалдардың типологиясы мен динамикасы.

Жоспар:

  1. Конфессиялық жанжалдардың пайда болуы мен себептері

  2. Мәдени әртүрліліктің қоғамға тұрақтылығына ықпалы

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Бүгінгі таңда әлемде этникалық және этносаралық процестердің күрделенуі байқалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мәдени немесе дінге қатысты оқиғалар этникалық сипат алуда.

Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. [1, 176 б.]

Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады.

Консолидациятіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі.

Ассимиляциякөбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы.

Интеграциятілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б. [2, 26-25 б.]

Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті — ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, дүниежүзілік деңгейде де көп этносты және көп конфессиялы елдер қатарына жатады.

Тәуелсіз Қазақстанның реформаторлық практикалық дәуірінің кезеңі 90-жылдардың ортасынан бастап мемлекеттік саясаттың ұлтаралық ынтымақтастық пен ішкі тұрақтылыққа қарай бағдар ұстауға көшумен сипатталады.

Үкіметтің мәдени саясаты 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тиесілігін қалыптастыру концепциясын ұсынды. 1995 жылдың наурыз айында ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Осыған байланысты тіл мен білім, мәдени мұраларды сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарымен үйлесімділік, миграция мәселелері мен сыртқы байланыстар, ұлттық саясат концепцияларын дайындау, сонымен қатар, ұлттық мәдени орталықтар мен кіші ассамблеялар істері мен мәселелері жөнінде комиссиялар құрылды. Елімізде біртұтас әлеуметтік мәдени кеңістік қалыптастыру азаматтық идентификация мәселесін күн тәртібіне қойды.

Бұл мәселенің туындау буыны қатпаған жас мемлекетіміздің геосаяси және ішкі этномәдени мәселелерімен байланысты болды. Белгілі американдық ғалым С.Хантингтон болашақтағы өркениеттер қақтығысы барысында ыдырайтын мемлекеттер қатарына — Түркия, Мексика және Ресейді жатқызады. Бұл дезинтеграцияның себебі ретінде геосаяси жағдайымен қатар ішкі мәдени өртектілігі айтылады.

Бұл теорияға сүйенер болсақ американдықтың назарынан тыс қалған Қазақстан бұл қақтығыстың ең қауіпті аймағында тұр. Егер біз қазақтарды ресми түрде түрік өркениетінің құрамдас бөлігі деп қарастырар болсақ, оның территориясын оңтүстіктен ислам әлемі, оңтүстік-шығысынан конфуциандық және солтүстік-батысынан православиелік суперөркениеттер қоршап жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының I сессиясында ұлттық мәселенің шешімін халықтар арасындағы татулық пен сенімді нығайту арқылы табуға болатынын, біздің басты бағытымыз ымыраға келтіретін жолдарды іздестіру және біріктіретін бастамаларды нығайту арқылы барлық ұлттық топтарды дамыту ісіне негізделуге тиіс екенін атап көрсетті.

Ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлі ұлттық топтар мүддесін ескеруге байланысты. Ең бастысы — осы мүдделердің үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы өте күрделі. Ол өз тарапынан саяси жағдайға ықпалын тигізбей қоймайды.

Бүгінгі танда республикадағы этносаяси жағдай көптеген көрсеткіштер бойынша біршама тұрақты болып саналады. Алайда, этностар арасындағы қарым-қатынастар өзгеріп отырады, этникалық саясатты жүзеге асыру барысында осы жағдайды ескерген жөн. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу процесінде өзгеру ерекшелігін осы қатынастардың эволюциясынан айқын көруге болды. Егер еліміздің егемендікке ие болған алғашқы кезенінде ұлтаралық қарым-қатынасты шиеленістіруге қайтсе де әсері болатын этникалық сана-сезімнің өсуі байқалса, ұлтшыл және империялық көзқарастар пайда болып, нығая түссе, мемлекетті этнизациялау тенденциясы пайда болса, кейінгі кезеңдерде, мысалы Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылып, 1995 жылы Мемлекеттің Негізгі Заңы — Конституциясы қабылданғаннан кейін, этностар қарым-қатынастары мәселесінде оң өзгерістер айқындала бастады.

Қазақстандағы тұрақтылықтың сенімді кепілі-барлық қазақстандықтарға тән қасиет: төзімділік пен сыйласымдық сезімін одан әрі тереңдету және олардың заңды бірінші орынға қойып, кез-келген топтық шамшылдықтан жоғары тұрулары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі этникалық даму

  2. Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі

  3. этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.