Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Семинар сратары.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
220.67 Кб
Скачать

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

ХХ ғасырдың 90 жылдары – халықаралық істердегі бұрынғы қатынастар түбірімен өзгерді. ҚР алдында халықаралық саяси жүйеде өзінің бағыт бағдарын анықтау мәселесі тұрды. ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы мамыр айында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Сыртқы саясаттың қалыптасу кезеңі төмендегі міндеттерді жүзеге асырудан басталады:

- Қазақстан Республикасының жаңа сипатын таныту;

- Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындату, ҚР-ның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету;

Әлемдік деңгейдегі шаруашылық жүргізу және экономикалық байланыстарға белсене араласу.

1991 жыл Қазақстан үшін жалпы одақтық кеңістіктен, тәуелсіз дамуға өтудің өтпелі кезеңі болды. 1991 жылғы тамыз бүлігі және Беловежье кездесуі тұтас мемлекеттің күрделі де ауыртпалывқты ыдырауының бастауы болды. ТМД құрылып, бұл сыртқы саясатта өзіндік саяси бағамының және бұрынғы кеңес Одағы республикаларымен интеграциялық процестің басталғанын көрсетті. 1992 жылы-Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа ене бастауы, интеграциялық процестің тереңдеуімен сипатталады. Әлем Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін мойындады. Еліміз халықаралық ұйымдардың мүшелігіне қабылданды. 1992 ж. қаңтарда Еуропаның қауіпсіздік және өзара көмек Ұйымына мүшелікке кірді.

Қазақстан өзінің сыртқы саясат тұжырымдамасында көрші мемлекеттермен арадағы өзара қарым-қатынасқа айқын басымдық берді. 1995 жылы 15 ақпанда сыртқы саясат мәселелеріне арналған мәжілісте еліміздің сыртқы саясатының тактикалық және стратегиялық міндеттері белгіленді. 1997 жылы 12 қарашада «Дипломатиялық қызмет туралы» ҚР Заңы қабылданды. Еліміз көрсетілген шарттарға қосылды:

  • Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу мен қысқарту туралы;

  • Орта және таяу қашықтықтағы ракеталарды жою туралы;

  • Еуропалық кәдімгі қару жарақ күштері туралы;

  • Ядролық қаруды таратпау туралы.

Қазақстан дипломатиясының алдында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • елімізде шетел инвестициясына кең өріс ашу;

  • елімізде сыртқы саясаттың қалыптасуы кезеңінен өтіп, жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттің бекіп, оны одан ары жетілдіру;

  • Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

14 Семинар: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕР

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы.

2.Экономиканың аграрлық секторының дамуы. Ауылды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

3.Әлеуметтік құрылым: зейнетақылық және тұрғын үй реформалары, денсаулық сақтаудың дамуы.

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

Реферат тақырыптары:

  1. ҚР инновациялық даму бағдарламалары

  2. Ауылды дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуы

  3. Тұрғын үй бағдарламасының негізгі бағыттары

  4. ҚР денсаулық сақтаудың кластерлік жүйесінің қалыптасуы.

Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии. Алматы., 2006.

  2. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. – Алматы, 1992

  3. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы// Ақиқат 1997, №12.

  4. Райханов Н.Ауылдағы жекешелендіру: үміт пен күдік. //Ақиқат 1993, №10.