Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Семинар сратары.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
220.67 Кб
Скачать

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.ХҮІІІ ғ. аяғындағы ұлт-азаттық көтерілістер

2.ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер

3.ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық көтерілістер

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

1. Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты еңбегіндегі “Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс” атты тарауын оқу.

2. С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” тарихи мемуарлық романы бойынша ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси жағдайын бағалау, конспект жасау.

Реферат тақырыбы:

  1. Сырым Датұлы – батыр, қолбасшы, шешен

  2. Махамбет Өтемісұлы-көтеріліс көсемі

  3. Кенесары Қасымұлы тұлғасының тарихи әдебиеттердегі бейнесі

  4. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс және қазақ интеллигенциясы

5.Әліби Жангелдин - ұлт-азаттық көтеріліс басшысы

Әдебиеттер:

  1. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарында А.,1994

  2. Вяткин М. Батыр Сырым – М.-Л., 1947; Алматы, 1999.

  3. Казахско – русские отношения в 18-19 вв. Сборник документов и материалов. А., 1964

  4. Қасымбаев Ж.Қ. Кенесары хан А.,1995

  5. Қасымбаев Ж.Қ. Кенесары хан саясатшы және қолбасшы. А.,1993

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Семинар сабағына дайындықты мәселенің тарихнамасын зерттеуден бастау керек, өйткені халық бұқарасының XVIIІ - XIX ғасырларда патша үкіметіне деген наразылығының бай тарихы бар.

Бірінші сұрақта Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтерілісінің сипатын анықтай отырып, барлық азаттық қозғалыстардың екі жақты болғандығын айту керек. Бір жағынан олар отаршылдыққа қарсы бағытта болса, екінші жағынан жергілікті ақсүйектерге де қарсы болды. Көтеріліс барысын, оның жетекшісінің ұстанған позициясын, генерал-губернатор Игельстром басқарған Орынбор әкімшілігінің Кіші жүз оқиғаларына қатысып, патша үкіметінің хандық билікті жоюға арналған табыссыз әрекеттеріне сипаттама беру керек. Көтерілістің кезеңдеріне толық сипаттама беріп, Сырым тарихи тұлға ретінде қарастыру қажет. С. Датұлы қандай әлеуметтік топтардың күшіне сүйенді? Соңында осы көтерілістің жеңілу себептеріне талдау жасау керек.

Екінші сұрақта: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған және Жоламан Тіленшіұлы және Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістердің себептеріне, сипатына тоқталыңыз. Оның қозғаушы күштері кімдер болды, ерекшеліктері неде? Соңында көтерілістің жеңілу себебіне, тарихи маңызына назар аударыңыздар. XIX ғасырдың 20 жылдары Орта Жүзде сыртқы округтер құрылып басқарудың жаңа жүйесі енгізілгендігіне байланысты Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күресі басталды. Сонымен қатар, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Көтібарұлы батауымен болған Сыр, Арал бойындағы қазақтардың қатысуымен болған көтерілістердің де тарихи маңызы зор. Нақты деректер арқылы аталған көтерілістерді талқылау үшін студенттерге тапсырма берілу керек.

Үшінші мәселеде Қазақстан І дүниежүзілік соғыс жылдарында және 1916 жылғы оқиғалардың себептері мен сылтауы қандай болды, негізгі ошақтары мен оның жетекшілері кімдер болды деген сұрақтарға жауап іздейміз. 1916 жылдың 25 маусымындағы патша Жарлығына байланысты түрлі әлеуметтік топтардың қатынасы қандай болды? Ұлт зиялыларының бұл оқиғаларға көзқарасын салыстыра отырып сипаттаңыз.

8 Семинар: ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН