Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Семинар сратары.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
220.67 Кб
Скачать

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Қазақстандағы тіл саясатының тұжырымдамасы негізгі «мемлекеттің тілдік кеңістігін құру» деген ұстанымда қарастырылады және «тілдер арасындағы функционалды байланысты анықтап, оның жанында мемлкеттік тілдің орын анықтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық-демографиялық процестер туралы мәселеде тұрғандардың санының кемуіне, республиканың ұлттық құрамындағы өзгерістерге мән беру керек. Бұл өзгерістер қандай факторлар мен себептерімен түсіндірілетіндігіне баса мән беру қажет.

Мәдени салада әлемнің барлық түкпірінен жазушыларды, ақындарды, ғалымдарды және қоғамдық, діни қайраткерлерді біріктірген 1992 ж. қыркүйектегі қазақтардың Дүниежүзілік бірінші құрылтайы ірі оқиға болды. Осы жиынның тарихи маңызына, ұлтты ұйыстырудағы орнына талдау жасау қажет.

1989 ж. 22 қыркүйекте қабылданған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қаз КСР -інің Тіл туралы" Заңын талдай келе бүгінгі таңда қоғамда туындап отырған тіл мәселесімен байланыстыра қарау шарт.

ХХ ғ. 80ж. аяғынан 90 ж басына дейінгі уақыт кезеңі бүкіл КСРО территориясында ұлттық сананың, өзінің тарихы, мәдениеті, тіліне деген қызығушылықтың өсуімен сипатталады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу құралы ретінде қазақ тілінің беделін аттыру қажеттігі туды.

1989 ж. 22 қыркүйекте қабылданған Қаз КСР Жоғары Кеңесі қабылдаған "Қаз КСР -інің Тіл туралы" Заң республикада тілдердің қызмет етуі және дамуының құқықтық негіздерін бекітті. Атаулы заң 1990 ж. 1 шілдесінен, ал оның кейбір баптары қоғамдық өмірдің барлық саласына бірте бірте орнығу арқылы бірнеше жыл ішінде заңды күшіне енетін болып белгіленді.

Бұл - Қазақстанның барлық тұрғындарының ұлттық мәдениетінің үйлесімді дамуына алғышарттар жасайды, әрбір ұлттың дамуы үшін тең мүмкіндік береді, туған және мемлекеттік тілінде сондай-ақ ұлтаралық қатынас тілінде сөйлей алатын полилингвистикалық тұлғаның қалыптасуына алғышарттар жасайды. Заңда бекітілген тәрбиелеу және оқыту тілін таңдау бостандығына берілген құқық, мемлекеттің тілдік белгілері бойынша ұлттық мәдени орталықтарды, қоғамдарды және т.б бірлестіктерді құруға ықпал ету міндеті, соңғыларға кең көлемдегі құқықтар беру ұлттық топтардың өзіндік болмысын сақтап қалуына себін тигізді. Осылайша, Қазақстан аумағында жоғары деңгейде дамыған саяси -этникалық өркениеттің құрылуы басталды.