Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Семинар сратары.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
220.67 Кб
Скачать

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау өзінің саяси-экономикалық доктринасын қайта құрушы мемлекет үшін реформаландырудың аса күрделі және ауыр бөлімдерінің бірі болды. Тұрғындардың еңбекпен қамтылуы экономиканың барлық салаларында, әсіресе кәсіпорындарда, құрылыста және ауылшаруашылығында төмендеді. 1991-1995 жылдары экономиканың салаларындағы жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық орташа мөлшерінің төмендеуі 3,7% құрады. Қазақстан Республикасының алдында әлеуметтік реформалар жүргізудің тетіктерін анықтау міндеті тұрды. ҚР еңбекпен қамтамасыз етудің бірінші бағдарламасы 1991 жылдың маусымында дайындалды және бекітілді. Мұнда әлеуметтік қорғаудың дәстүрлі қалыптарынан басқа жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы төлеу, үйрету мен білімін көтеру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шаралары қарастырылды. 1994 жылы Министрлер Кабинеті еңбекпен қамтамасыз етуге көмек беруші Қордың қаражатынан жұмысшы орындарын құруға кететін, несие беруге, қызметшілерді босатуға тоқтау салатын және басқа бір қатар қаулылар қалыданды. Республиканың барлық аймақтарында әлеуметтік реформалар баяулау болса да жүріп жатты.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік экономикалық саясатқа бағытталған. Оның негізгі бағыттары келесідей:

• өндеуші өнеркәсіптің өнім шығару деңгейінің негізгі қорларын жоғарылату;

• кәсіпкерлікті дамыту; қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын өзгерту;

• жоғары сапалы, экспортқа шығуға мүмкіндігі бар өндірісті дамыту;

• елдің экспорттық әлеуетін диверсификациялау; сапаның әлемдік стандартына көшу;

аймақтық және әлемдік экономикамен интеграциялық дамуды қамтамасыз ету; ауыл өмірін жақсартуды жан-жақты қарастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында ауылды дамыту бағдарламасы келесідей міндеттерді алдына қояды:

-ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне сараптама жасау;

-ауылдарды әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне сәйкес топтастыру;

- ауылдық округтардың экологиялық қауіпсіздігіне мониторинг жасау, жер ресурстарын бағалау;

ҚР әлеуметтік дамуы мемлекеттің экономикалық моделдеріне сәйкес негізінен зейнеткерлер өмірі деңгейімен бағаланады. Әртүрлі елдерде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері түрлі деңгейде шешіледі, сондықтан да ол ең алдымен зейнеткерді қамтамасыз етуден бастау алады. Соңғы жылдары Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалары жағымды жайттарға толы. Республикада зейнетақылық жүйесі тиімді жолмен шешіліп, зейнеткерлердің өмір деңгейін көтеруге мүмкіндік болынан болып отыр.

15 Семинар: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘДЕНИ ҮРДІСТЕРІ

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің қайта жаңғыруы.

2.ҚР тіл саясатының тұжырымдасы. «ҚР тілдер туралы» Заңы.

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

1.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (// Арқа ажары 2001, 17 ақпан) талдап, пікірін жазбаша білдіру

2.Назарбаев Н.Ә. Құшағымыз бауырларға айқара ашық (// Егеменді Қазақстан, 1992, 28 қараша) мақаласын оқып, талдау

Реферат тақырыптары:

1.Қазақстан халықтары Ассамблеясы және ҚР ұлтаралық қатынас.

2.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және қазіргі заманғы мәдени үрдістер

3.Ұлттық мәдениеттің қайта жаңғыруы

Әдебиеттер:

1.Назарбаев Н. А. Эпицентр мира. Алматы., 2001.

2.Назарбаев Н.А. Многонациональность- не недостаток, а приимущество общества. //Казахстанская правда. 2001, 25 октября.

3.Омарбеков Т. “Бірлік жоқ жерде-тірлік жоқ” //Ақиқат-1998, №2.

4.Қазақстан халықтары Ассамблеясының кезеңдері // Ақиқат. 1999, №8.

5.Формирование толерентного сознания в современном казахстанском обществе. А., 2009.