Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Семинар сратары.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
220.67 Кб
Скачать

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Бірінші сұрақта Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси даму мәселесіне тоқталыңыз. Бұл дәуірдегі шаруашылық қатынастардың тұрақтылығын атап көрсетуге болады. Дешті Қыпшақ, Жетісу территориялярында мал шаруашылығы басым болып қала берді, оның бірнеше түрі қалыптасты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Осы үшеуі қай географиялық аймақтарға тән екенін көрсетіп, айырмашылықтарын анықтаңыз.

Екінші сұрақта Жәңгір, Қасым, Есім және Тәуке хандар тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы, ішкі саяси даму ерекшеліктері қандай болды? Салқам Жәңгірдің тарихта алатын орнын айта келе, Әз Тәукенің есімі халық санасында «Жеті Жарғы» заңдар жинағымен байланыстырылып қарастырылатынын білеміз. Сыртқы саясатта Тәуке Ресей, Бұхара, Жоңғар елдерімен саяси қатынас орната білді. Оның тұсында ішкі саяси жағдай да біршама тұрақтанды. Осыны дәлелдеңіз.

Үшінші сұрақ бойынша: қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін ашып көрсету керек. Ең алдымен, қазақ халқының әдет-ғұрпы, наным сенімі жөнінде айтыңыз. Наурыз, Айт т.б. мерекелер жайлы әңгімелеу керек. Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марқасқа, Ақтамберді сияқты тұлғалардың ел тарихындағы орны туралы қарастырылады. Қазақстанның қалалық мәдениеті жөнінде де сипаттама беріңіз.

6 Семинар: РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.Қазақстанды әскери және казак отарлауы

2.1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы», 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы».

3.Қазақ жерлерінің Ресей империясы құрамына енуінің аяқталуы. Отарлау салдары.

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

Реферат тақырыптары:

1. XVIII-XIXғғ. Қазақтардың материалдық мәдениеті.

2. XVIII-XIXғғ. I жартысындағы қазақтардың салт-дәтүрлері мен әдет-ғұрыптары.

3. Билер соты феодалдық қоғамның әдеттегі құқығы ретінде.

4. Столыпиннің агралық реформасы және Қазақстан.

Әдебиеттер:

  1. Бекмаханов Е. Қазақстан 19-ғасырдың 20-40-жылдарында А.,1994

  2. Вяткин М. Батыр Сырым. А., 1996

  3. Казахско – русские отношения в 18-19 вв. Сборник документов и материалов. А., 1964

  4. ҚасымбаевЖ.Қ. Кенесары хан А.,1995

  5. Қасымбаев Ж.Қ. Кенесары хан саясатшы және қолбасшы. А.,1993

  6. Қазақстан тарихы 4-томдық, 2 том. А., 1998

  7. Қазақстан тарихы. Очерк: А., 1993

  8. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы А.,1997

  9. Қазақтың көне тарихы А.,1993

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Семинарға дайындалғанда зерттелетін тақырыптың келесі аспектілеріне көңіл бөлу керек. Бірінші сұрақты қарастырғанда, ең алдымен қазақ жерінде салынған әскери шептерге тоқтала отырып, әскери казактық отарлау cаясатын ашып көрсету қажет.

Екінші сұрақта 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес бұрынғы рулық билік жүйесін мүлдем жойып, қазақтардың жергілікті басқару негізіне нұқсан келтіргені мәлім. Сонымен қатар М.Сперанский Жарғысының қазақ даласында ағарту ісі мен медициналық білімнің дамуына жағдай жасағандығын айта келе, орта жүздің біржолата Ресей ипериясына бағыныштылық жағдайын басты назарға алу керек. 1824 жылы "Орынбор қырғыздары туралы Жарғы", Орынбор өлкесінің әкімшілік-территориялық құрылымының жүйесі туралы сұрақты қарастырғанда оның Сібір қырғыздары туралы Жарғыдан ерекшелігін көрсету керек. Приказ, Дистанция ұғымына да тоқтала кеткен жөн.

Үшінші мәселеде патша үкіметі жүргізген реформаларды талдап, оның қазақ қоғамына әсерін көрсету үшін 1867, 1868, 1886, 1891 жж. "Ережелердің" мазмұнын толық оқып білу керек. Олардың барлығы да қазақ мемлекеттілігінің негізгі атрибуттарын жоюға арналғанын айта келіп, отарлау саясатының халықтың рухани және мәдени дамуына тигізген зардаптарын нақты деректер негізінде талдау қажет.

7 Семинар: ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ - ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ