Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Семинар сратары.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
220.67 Кб
Скачать

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.Монғол империясының қалыптасуы және Шыңғыс ханның әскери жорықтары

2.Монғол дәуірінен кейінгі Қазақстан территориясындағы мемлекеттік бірлестіктер (саяси тарихы, қоғамдық жүйесі, этникалық құрамы).

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

1. Э.Х. Даванның «Чингизхан – как полководец и его наследие» атты еңбегіне аннотация беру.

2. Кескін картадан монғол шапқыншылығында қиратылған қалалар және қазақ жерінде құрылған ұлыстарды белгілету.

3. Рефераттар жазу. Тақырыбы: «Шыңғысхан тұлғасы», «Темір портреті».

Әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы 4 томдық. А., 1996

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1993

  1. Әбдәкімұлы Ә.Қазақстан тарихы А.,1997

  2. Қазақтың көне тарихы А.,1993

  3. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы қазақстан А., 1996

  4. Султанов Т.И. Поднятие на белой кошме. Потомки Чингиз хана.А.,2001

  5. Хара Даван Э. Чингис хан как полководец и его наследие. А., 1992

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Берілген тақырыпты семинар сабағында талқылауға байланысты деректер жеткілікті, студенттер монографиялық еңбектермен дайындалуға мүмкіндіктері бар.

Бірінші сұраққа дайындалуда ең алдымен парсы, араб және қытай деректерімен біз Қазақстанның моңғол шапқыншылығы дәуіріне дейінгі кезеңін қарастыруымыз қажет. Деректерді талдау барысында Қазақстан моңғол шапқыншылығы қарсаңында әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары деңгейінде тұрғанын айта кету керек. Сонымен қатар Шыңғыс хан туралы жарық көрген тарихи дерек көздеріне сүйене отырып зерделеуді қажет етеді. Шыңғыс ханның саяси тұлғасын сипаттай келе, монғол империясының құрылуы туралы қарастырылады. Сонымен қатар Шыңғыс ханның заңдар жинағын талдау керек. Монғолдардың қазақ жерін жаулау жорықтары, яғни «Отырар апаты», шапқыншылық зардаптары, қиратылған қалалар сабақ барысында айтылмақ.

Екінші сұраққа дайындалуда студенттер мына мәселелерге көңіл бөлулері қажет: Алтын Орданың негізін қалаған кім, бұл мемлекеттің этникалық құрамы, территориясы, саяси даму ерекшеліктері қандай болды? Не себептен Алтын Орда мемлекеті кішігірім ұлыстарға бөліне бастады? Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттердің Қазақ хандығы құрылғанға дейін қазақ халқының этногенезіне тигізген әсері, оладың территориясы мен саяси қатынастар жүйесі, жер иелену формалары мен шаруашылық қатынастары ерекшеліктерін сипаттау үшін тапсырмалар беріледі.

5 Семинар: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ (XV-XVIII ғғ.)

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1.Қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясаты

2.Қазақ хандығы: қоғамдық-саяси, экономикалық дамуы.

3.Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

1.Қазақ хандарының саяси тұлғасына баяндамалар жазу.

2.Кескін картадан қазақ хандығының территориясын белгіле; Қазақ жүздерінің орналасу ретін көрсет.

3.Қазақ хандарының билік ету кестесін жасау.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы., 4томдық, 2 том.

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1993

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы А.,1997

  2. Қазақтың көне тарихы А.,1993

  3. Жалайыр Қадырғали. Шежірелер жинағы.А.,1997

  4. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ және хандар шежіресі. А.,1991

  5. Құрбанғали Халид. Тауарих Хамса А.,1992