Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Семинар сратары.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
220.67 Кб
Скачать

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1. «КСРО құрамындағы Қазақстанның 40-жылдар қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық- саяси дамуы.

2. Қазақстан ұлы Отан соғысы жылдарында:

а) Қазақстанның майданға көмегі. в) Қазақстан майданның маңызды тылы.

3.КСРО-ның қираған аудандарын қалпына келтірудегі Қазақстанның үлесі.

4.Қазақстан IV бесжылдық жылдарында.

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

  1. Б.Момышұлының «Соғыс психологиясы» еңбегін конспектілеу

  2. ҰОС жылдарындағы мәдениет пен өнер байланысты эссе жазу

Әдебиеттер:

  1. Казахстан в период Великой Отечественной войны.А-1971

  2. Қазақстан тарихы 5-томдық, Астана, 2010

  3. Қазақстан тарихы. Очерк: А., 1993

  4. Әбдәкімұлы Ә.Қазақстан тарихы А.,1997

  5. Очерки и истории народного хозяйство Казахской ССР, А 1963. Том 3.

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Бірінші сұраққа жауапты Ұлы Отан Соғысы қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуына сипаттама беруден бастаған дұрыс. Бұл кезде бұрынғы патшалы Ресейдің отары болғандақтан экономикалық жағынан артта қалушылықты біршама деңгейде жойылған болатын. Қазақстанда осы кезеңдегі ауыр күйзелістердің нәтижелерін де көрсету керек: аштықтық, саяси қуғын – сүргіннің салдарынан демографиялық картада жергілікті халық санының тез арада кему процесі жүрді. Бірінші сұраққа жауапты былай аяқтауға болады: қиыншылықтарға қарамастан Қазақстан Ұлы Отан соғысына белсене қатысты.

Екінші сұрақ бойынша Қазақстанның фашистік Германияны талқандаудағы үлкен үлесін көрсетуге болады. Осы мақсатты қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерен ерліктерін әңгімелей отырып, құжаттар жинағындағы цифрлар мен фактілерді келтіріп, Қазақстан территориясында қорғаныс бойынша жүргізілген іс- шараларды сипаттау қажет:

а/ Соғысқа қажетті өнімдер өндірілетін мекемелерді майдан зонасынан эвакуациялау:

2/Эвакуацияланған бейбіт түрғындарды орналастыру:

б/Қазақстан территориясында әскери жасақтар құру:

Жауапты жалғастыру барысында Қазақстандықтардың дүние жүзілік және ұлы Отан Соғысының ірі шайқастарына қатысқандықтары жайлы / Москва үшін шайқас, Ленинград блокадасы, Сталинград шайқасы, Курск шайқасы/, олардың оккупацияланған территориялардағы партизан қозғалысына қатысқандықтарын әңгімелеп, қазақстандық батырларды атау керек.

Өз жауаптарыңды қорытындыларда КСРО республикаларының халық шаруашылығын қалпына келтірудегі Қазақстанның қосқан үлесі жайлы мысалдар мен фактілер келтіруге болады.

Үшінші сұрақ бойынша жауапты соғыстан кейінгі жылдардағы біздің республикамыздың экономикалық жағдайына талдау жасаудан бастауымыз керек. Қазақстан экономикасына эвакуацияланған өндірістік мекемелердің әсері қандай болғанын көрсетіңіздер. Біздің өлкемізідің инфрақұрылымы қалай өзгерді

11 Семинар: ҚАЗАҚСТАН ХХ ҒАСЫРДЫҢ 50-60 ЖЫЛДАРЫНДА

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы: ХХ ғ. 50-60 жылдарындағы реформалар, олардың аяқталмау себебі.

2. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: тың мәселелері мен қорытындысы.

  1. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі. "Хрущев жылымығы".

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

  1. М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты» кітабындағы «Брежнев және Қазақстан» және «Хрущев және Қазақстан» тақырыпшаларын оқып, конспектілеу

  2. Тың игеру жылдарындағы демографиялық ахуалға талдау жасау

Реферат тақырыбы:

1. "Хрущев жылымығы" – сталинизмнің соңы мен демократияға көшу.

2. Н.С. Хрущевтің сыртқысаяси қайраткерлігі: бейбіт қатынастар мен қарусыздандырулық дипломатиясы.

3. 50-жылдарда республикадағы сыртқыэкономикалық және

4. 50-80 жылдардағы Қазақстан мәдениеті.

6. 50-80 жж. қазақстандағы миграциялық және этнодемографиялық процесстер.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы 5-томдық

  2. Қазақстан тарихы. Очерк: А., 1993

  3. Әбдәкімұлы Ә.Қазақстан тарихы А.,1997

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Бірінші сұраққа жауап беруді республиканың ХХ ғ. 50-ші жылдардың басындағы экономикалық жағдайына сипаттама беруден бастау керек. Бұл кезде елдің экономикалық жағдайы күрделі болатын, және бұл жағдайдың тек объективті қана емес, субъективті де себептері болды. Ұлы Отан соғысы жеңісін басшылық экономикалық даму модельінің дұрыстығы ретінде қарастырды. Сондқтан да соғыстан кейінгі жылдарда елдегі ауыр өндіріс салаларын жедел түрде дамытуға бағыт алынып, ал Қазақстанда бұрынғысынша тек шикізат өндіруге мән берілді. Қазақстанда ірі өндіріс мекемелерін салу туралы, мысалы қарағанды металлургиялық, Соколов-Сарыбай тауөкен комбинаты, Өскемен қорғасынө мырыш комбинатының салынғандығы жайлы айтып, Республикада темір жолдар салудың жеделдетілуінің сырын ашып, машина салудың даму деңгейін көрсету керек.

-1953 жылы қыркүйек пленумінде қабылданған аграрлық секторды дамыту бағдарламасы(бұрынғы қарыздарды өшіріп тастау, салықтарды төмендету, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын мемлекет тарапынан өсіру)

-МТС-тарды қайта ұйымдастыру реформасы

- Совхоздарды ірілендіру реформасы

Реформалардың мазмұнын талдай отырып, оларды іске асырудағы позитивтік және негативтік сәттерді көрсетіңіздер.

1957 жылғы экономиканы басқару реформасының мазмұнын ашып көрсету қажет. Берілген сұраққа жауап беруге келесі сәттерге назар аударыңыздар.Қандай мақсатта эконмиканы салалық басқару принципі территориялық басқаруға көшті .

ар 1953- жылғы КСРО*ңғы ауыл шаруашылығы дағдарысын шеше алған жоқ, 1952- жылы күзде 31 млн тонна астық өндірілсе, жыл бойы 32 млн тонна астық шығындалды. Астық мәселесі 1954- жылғы КОКП ОК ақпан-наурыз пленумында бірінші кезекке тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесін қойды.

Екінші сұрақты жан-жақты зерттеу ауыл шауашылығы мамандығында оқитын студенттер үшін тың жерлерді игееру туралы мол мағлұмат береді. Тың игеру экономикалық реформа ретінде маңызды болды ма. Тыңайғған жерлерге жұмсадған материалды, еңбек ресурстары ақталды ма. Тың игеру шаруашылық мәселелерін волюнтаристік жолмен шешудің үлгісі болғандығын көрсету керек. Оқиғалардың бұл шеңберінде Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Ж.С. Шаяхметовтың П.К. Пономаренкомен ауыстырылуы да байланысты болды.

Үшінші сұраққа жауапты республикада соғыстан кейінгі жылдары қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайды талдаудан бастау керек. Республикада соғыстан кейін де әкімшіл-әміршіл жүйе болды. Компартия қоғамның барлық саласына бақылау орнатты. КОКП-ң 20-съезіндегңі қоғамды демократияландыруға тарихи бетбұрыс жасалды. Н.С. Хрущевтің саяси бейнесі сипаттай отырып, оның қайраткерлігінің барлық жақтарына объективті баға беріңіздер ішкісаяси қадамдары әртүрлі қоғамдық қабаттармен мемлекетті бейбіт келісім жүргізуге және қарусыздандыру саясаты елдегі саяси реформалар) жеке тұлғаға табынушылықты жою, қоғамдық өмірді демократияладыру білім және мәдениет саласындағы реформалар.

12 Семинар: ҚАЗАҚСТАН ХХ ҒАСЫРДЫҢ 70-80 ЖЫЛДАРЫНДА