Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

12. Жауапкершілік және міндет сезіміне тәрбиелеу.

12.1. Азаматтың жауапкершілігі және міндеті.

12.2. Экологиялық жауапкершілігі

12.3. Экономикалық жауапкершілігі

Негізгі түсініктер: міндет, жауапкершілік, экологиялық мәдениет, экономикалық мәдениет.

12.1. Азаматтың жауапкершілігі және міндеті.

Жауапкершілік –бұл қоғамда немесе ұжымда қабылданған жеке тұлғаның алға қойған мақсатын және нормасын іске асыру нәтижесіндегі іс-әрекеті.Жеке жауапкершілік адамның ортақ жұмысқа деген ортақтық сезімін оның істелінбеген міндетінің жоқ болуын туғызады.Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандарттары азаматтың жауапкершілігін қалыптастыру мектеп бітірушінің ең маңызды құзереттілігі болып орнатылады.Әлбетте, адамның жауапкершілігі өзінің ар-ұяты алдында оның қоғамдағы жауапкершілігі алдында көрінеді. Тұлғаның азаматтық қасиеті оның орындауы ,бұл адамның жауапкершілігі және міндет сезімінің деңгейі орындауына байланысты.

Адамның қоғам алдында жауапкершілігінің шекарасы тарихи өзгерісте болады.Қоғам қанша демократиялық болса, тұлға соған қарай еркін болады , ол өзінің және басқа адамдар алдында өзінің тұлғалық жауапкершілігін қалыптастыруды талап етеді.Еркін адам қоғамның күйзеліссіз, тұрақты дамуына колдау көрсете алады, тек қана қоғам алдында ол өзінің жауапкершілігін толығымен сезіну керек және өз еркімен қоғамның талаптарын орындау керек

Міндет-этиканың маңызды санатының бірі,нақты адамның жеке талаптарын адамгершілік талаптарына айналдырады ол барлық адамдарға қатысты болады.Сонымен, міндет қоғамдық қажеттілігін адамгершілік талаптарында көрсетеді.Міндет егерде қоғамның моральдық талаптары қоғамның мүшелеріне бағытталса, тұлғаның қоғамға деген қарым-қатынасын көрсетеді.Қоғамның өзінің мүшелеріне деген талаптары адамдардың бір-біріне моральдық талаптары және т.б.нақты міндеттің мазмұнын ашады.Әр адам өзінің негізгі моральдық міндетін, азаматтығын,қамқор әке, дос және т.б екенін мойындау керек. “Міндеттілік-адамның тілектерін асқақтататын жалғыз тәрбиелік мектеп.Әр адам бірінші көзқараспен қарағанда қол жетпейтін,ақылға сыймайтын нәрсені, міндеті бұйырғандай үстеу,рухтың айбынын көрсетеді.Тек рухтың айбыны міндетті ұғындырады ”(В.А.Сухомлинский).

Жауапкершілік пен міндет бір-бірімен тығыз байланыста,адамның ар-намыс сезіміне негізделеді.Жауапкершіліктің қатал анықтамасының өлшемі мен айқындауына қарағанда міндет айқынырақ болып келеді. “Азаматтық ой, сезім, үрей, азаматтық міндет, азаматтық жауапкершілік-бұл адамның ар-намыс сезімінің негізі.” (В.А.Сухомлинский).Жауапкершілік және міндет сезімдерінің қалыптасуы мектептің маңызды тәрбиелілік міндетін көрсетеді.

12.2. Экологиялық жауапкершілігі

Бүкіл адамзат алдындағы нақты тұлғаның жауапкершілігінің бір түрі-бұл экологиялық тәрбие мұнда экологиялық мәдениеттің қалыптасуына тәрбиелеу қарастырылады.Экологиялық мәдениет табиғатқа деген қарым-қатынасының адамгершілігін, оның өміріне ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық ретінде жуапкершілік сезімі; табиғат ресурстарына ұқыптылық;әлеуметтік-экономикалық есептерді қоршаған ортаға залалсыз шеше алуды енгізеді.

Экологиялық мәдениет төмендегідей принциптерді негіздейді.

1.Үйлесімді қатар өмір сүру және адамның дамуын және табиғат қоғамдық өмірдің және мемлекеттің құндылығын көрсетеді.

2.Адам ерекше емес,тек бірлестіктің мүшесі ретінде жанды және жансыз өмірді біріктіруші болып мойындалады.Адамда ойдың бар болуы табиғат теңдігін ұстап тұруды және адамды биологиялық түр ретінде жеткізеді.