Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

2.3 Әрекетшілдік және тілдесудегі жетілу

«Әрекетшілдік»деп адамның жеке немесе басқа да адамдармен бірігіп жасайтын барлық алуан түрлі істері деп түсінеміз. Адам іс-әрекеті мен оның жетілуі арасындағы тікелей байланыс бұрыннан көзге түскен. Іс-әрекет процесі кезінде адамның тұлға жетілуінің деңгейін көрсететін қоршаған ортаға деген қарым қатынасы қалыптасып, жетіліп отырады. Сондықтан «әрекетшілдік-жетілу» жүйесіндегі байланыс әрекеттілігі көп нәрседен, соның ішінде табиғат факторларынан, әрекетшілдік ұйымдастыруы мен бағытынан тәуелді.

Ойын материалды құндылықтар өндірісімен байланыссыз мектеп жасына дейінгі баланың өзіндік еңбек қызметінің негізгі түрін ұсынады. Мектеп жасында еңбек қызметінің осындай түрі оқу болады. Оқу процесі кезінде оқушының интелектуалды және басқа да қабілеттілігі, оның жігерлілік қасиеттері және т. б. жетіледі. Оқу мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуының негізгі механизмі.

Жеке тұлға жетілуінде қызметтің басқа да көріністері (түрлері) соның ішінде материалды құндылықтар өндірісімен байланысты түрлері өз рөлін сомдайды. Еңбек қызметінің жеке тұлға жетілуінде өз ролінің сәтті орындалуы үшін балалардың мүмкіншіліктері, бейімділігі мен қызығушылықтары ескерілуі тиіс. Ол еңбекқорлық пен еңбекке даярлығын қалыптастыру жолы болатындай ұйымдастырылуы керек. Өз кезегінде еңбекқорлық еңбек қызметінің жақсы көрсеткіштерге жетуінің негізі бола алады, жинақтала келе жеке тұлғаның алдағы жетілуі үшін жағдай жасайды.

Жеке тұлға жетілуіндегі ерекше орынды екі немесе одан да көп субъектілердің әрекеттесуі сияқты жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынасы алады. Ежелгі дәуірден біздің дәуірімізге дейінгі сансыз эксперименттер (көбіне қатысушыға қатал қарау) осындай қарым-қатынастан айырылған адамның жетілуі мүмкін еместігін дәлелдеді. Мысал ретінде жақында болған оқиғаны қарауға болады. Үнді орманында шамамен 10-12 жастағы, бала кезінде жоғалып кетіп, орманды мекендеп бой жеткен екі қыз табылды. Адамдар ортасында болған уақыт ішінде өмірлерінің соңына дейін де олар тік жүруді үйрене алмады, адамзат тілін игере алмады, адамзат тұрмысын қабылдай алмады.

3. Қазіргі тәрбие мақсаттары

3.1. Тәрбиелеу мақсаты туралы үғым

3.2. Тәрбиелеу мақсаттарының қоғамдық-тарихи шарттастырылуы

3.3. Жеке тұлға жетілуінің үйлесімді және жан-жақты құралымы(қалыптасуы)

Негізгі түсініктер: тәрбиелеу мақсаты, жетілу, қалыптасу, шарттасу, үйлесімді жетілу, жан-жақты жетілу.

3.1. Тәрбиелеу мақсаты туралы ұғым

«Мақсат(мүдде)» сөзі қызметке қол жеткізілуі тиісті сол жоспарланған нәтиже, мұратты білдіреді. «Мақсат – бұл шама келсе жүзеге асыру қажет талпыныс заты»(С. И. Ожегов). Сондықтан тәрбиелеу мақсатын жоспарланған яғни жетістікке тәрбие жұмыстары процесі арқылы талпынатын алдын ала анықталатын нәтиже деп түсінуге болады.

Тәрбиелеу мақсатының анықтамасы мен дайындалуы педагогика ғылымында маңызды мәселелерді ұсынады. Негізінде, тәрбиелеу мақсаттарын білу тәрбиешіге тәрбиелеу нәтижесі қандай болу керегі яғни, жеке тұлғаның қандай көрсеткіштері қол жеткізілуі керектігі туралы айқын және түсінікті көріністі береді. Мұндай түсінік көбірек саналы және мақсатты бола алатын қызметті тәрбиелеудің қажетті анықтамасын береді. Кез келген қызмет өзінің айқын анықталған мақсаты негізінде құрылуы керек. Бірақ мақсаттарды анықтау дәл тәрбиелеу қызметтерінде айрықша маңыздылығын иеленеді, мысалы ол адамзатпен, жеке тұлғамен және оның жетілуімен байланысты. «Сіз жаңа ғимарат салып жатқан және де оның не салғысы келгенін –шынайылық, махаббат және шындық Құдайына арналған ғибадатхана ма әлде жайлы, әдемі тұруға болатын жай үй ме, өтіп бара жатқандар көз алмай қарайтын бірақ пайдасыз салтанатты қақпа ма, әлде үнемсіз саяхатшыларды жинайтын қонақ үй ме, әлде дайындап ішіп желінетін тамақтарды пісіруге арналған ас үйі ме, әлде сирек кезедесетін заттарды сақтауға арналған музей ме немесе ақыры ешкімге керексіз ескі заттарды жинайтын сарай ма өзі білмей сұраққа жауап бере алмаған архитектор туралы не айтар едіңіз?» (К.Д.Ушинский).

Тәрбиелеу мақсаттары түсінігі мақсаттармен сәйкес тәрбиелеу мазмұны орнатылатын болғандықтан да үлкен мағынаға ие. Тәрбиелеу мазмұны өз кезегінде тәрбиелеудің әдістері мен ұйымдастыру формаларымен тығыз байланысты. Олай болса, тәрбиелеу мақсаттары арасында оның мазмұнымен, формасымен және мақсатқа жету әдістерімен ажырағысыз бірлік болады; тәрбиелеу мақсаты барлық тәрбиелеу процесінің өзекті пукнті бола алады.